27
Еңбек нарығы – экономика жағдайын кӛрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту
кӛлемі мен динамикасын, жұмыссыздық сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демографиялық және
басқа да кӛрсеткіштерінің құрылымын байқатады.
3 сҧрақ. Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Нарықтық
экономикаға кӛшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін
тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей
әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі кӛтеріледі, әрбір жұмыс орнының
бағасы бағасы ӛседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшееді. Еңбек нарығында ӛте
қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Нарық еңбектің жоғарғы
шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты еңбек нарығынан
ӛзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік
құқықтың және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық-құжаттық
реңінен сақтануда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай
нарығы болмай тұр. Мысалы, кӛмір және тау-кен ӛндіру, мұнай ӛңдеу аудандарында ерлер
еңбегі басымдау. Себебі, мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған,
осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.
2 тақырып. Еңбек нарығы туралы тҥсінік. Еңбек нарығының басқа да ресурстардың
нарығымен ӛзара әрекеттесуі.
Дәріс мақсаты: еңбек нарығы жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы қарым-
қатынастар толық туындайтын нарықтық экономиканың органикалық құрамды бӛлігі ретінде.
Дәріс жоспары:
1. Еңбек туралы жалпы түсінік
2. Еңбек экономиканың басқа ғылымдармен байланысы
3. Елдің еңбек ресурстары және еңбек әлуеті
1 сҧрақ. Адамның және оны қоршаған ортаның даму жолында еңбектің рӛлі орасан.
Фридрих Энгельс тұжырымдағандай «Адамды адам еткен еңбек». Еңбек адамның ӛз ӛміріне
қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасауға бағытталған саналы іс-әрекеті. Табиғат
байлығы еңбек процесі арқылы адамның қажеттілігін қанағаттандырарлық игілікке
айналдырады. Ӛндіріс процесінде адамдар тек қана табиғатпен байланысып қана қоймай, бір-
біріне ӛзара қарым-қатынас қоғамдық еңбек түрі болып табылады. Адамдардың саналы
бағыттарын еңбек ету әрекеті оны ұйымдастыруды талап етеді. Еңбекті ұйымдастыру жалпы
түрде ӛндіріске қатысушылардың пайдалы байланыстармен қатынастарын орнату болып
табылады.
Еңбек экономикасы ғылымы еңбекті қоғамдық және техникалық ұйымдастыру
заңдылықтарын зерттейді. Қоғам дамуының әр сатысында ӛзіндік арнайы қоғамдық еңбектер
қалыптасып отырады. Материалдық құндылықтарды ӛндіру үшін адамдар қоғамды еңбек
байланыстарына қатынасады. Бұлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық формада да ӛзіндік
ерекше тәсілдермен орындалады (еңбек бӛлінісі, еңбек операциясы, еңбек тәртібі). Ӛндіріс
тұрақты болу үшін еңбек күшін ұдайы ӛндіру қажет.
2 сҧрақ. Еңбекті кӛптеген ғылымдар зерттейді. Олардың әрқайсысы зерттейтін ӛзіндік
ерекшелігі, мәні шеңберінде жүргізіледі. Еңбекке байланысты ғылымдар да шартты түрде 3-
ке бӛлінеді:
1.Әлеуметік-экономикалық: еңбек экономикасы, еңбек социологиясы, еңбек статистикасы,
еңбекті нормалау;
28
2. Биологиялық: еңбек физиологиясы, еңбек гигиенасы, еңбек психологиясы;
3. Құқықтық: еңбек құқығы, еңбекті қорғау.
Еңбек социологиясы дегеніміз еңбек процесін әлеуметтік жағдайы мен факторларға
байланыстырып қарайды. Қызметкерлердің еңбек ету әрекеті, олардың ӛндірістік белсенділігі
нақты ӛндірістік техникалық жағдайға ғана байланысты болып қоймай, кӛбіне ӛндірістік
ұжымның басшылар мен қосшылардың қарым-қатынасы және ӛндірістік-техникалық
қатынастың тыс жатырған басқа да факторлар қатарына байланысты. Бұл факторларды есепке
алу, еңбекті дұрыс ұйымдастырудың және оны біртіндеп бірінші ӛмір қажеттілігіне
айналуының қажетті шарты болып табылады.
Еңбекті қорғау дегеніміз құқықтық шараларын ӛз қалпына елеулі орын алады. Ал
мемлекеттік органдар белгіленген еңбекті қорғау нормативтер мен талаптарын және қауіпсіздік
техникасын сақтау еңбекті дұрыс ұйымдастырудың және оның тиімділігін арттырудың алғы
шарты. Аталған қоғамдық және табиғи ғылымдар еңбектің жеке салаларын зерттейді. Еңбек
экономикасы осы ғылымның түйген түйіні еңбек саласында шаруашылық саясаттың нақты
әдісін құру үшін елек екшейді, соттайды. Еңбек экономикасы бірқатар экономикалық
ғылымдармен тығыз байланысты. Салалық және атқарымдық экономикалық ғылымдар да еңбек
сұрақтармен анықталады. Еңбек адамның ӛз қажетіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат
заттарының түрін ӛзгертуге және оны ӛз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай
істелінетін қызметі, қоғамның ӛмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік табиғи
шарттары. Еңбек адамның ӛзін қалыптастыруда шешуші рӛл атқарады.
Жұмысшы күші дегеніміз адамның еңбекке қабілеті және рухани күштердің жиынтығы.
Адам соның арқасында материалдық және рухани игіліктерді ӛндіреді. Қай кезде болса да,
еңбекке жарамды адам еңбек етуге тиіс болатын. Егер еңбек етпейтін болса, олар арамтамақ
болып есептелінген. Ӛз еңбегімен табыс зейнетті болады. Еңбектенбей табылған табыс
жұғымсыз деп саналған.
Еңбекті мӛлшерлеу дегеніміз мыңдаған жылдар бойы қоғамның тӛменгі қатарындағы
адамдар, тәулігіне 12-15 сағат жұмыс істеп тапқан материалдық игілігі үшін алынған шамалы
сый ақысын қанағат етті. Ал ғылым мен мәдениет шіркеу қызметкерлері және кӛпес балалары
ғана айналысқан. Қоғамның талабына қарай еңбек те әр тарапқа бӛлінген.
3 сҧрақ. Халықтың бір бӛлігі мен қоғамның және халықтың қажеттілігін қанағаттандырып,
материалды игіліктер ӛндіріледі. Осы игіліктерді ӛндірушілер еңбек ӛндірушілер еңбек
ресурстарын құрайды. Халықтың құрамын еңбекке қабілетті және қабілетсіз деп бӛлеміз.
Еңбек ресурстары нақты және потенциалды жұмысшылар деп атайды. Себебі, оларға
экономикада еңбекпен қамтылған және еңбекпен қамтылмаған, бірақ жұмыс істей алады.
Халықты еңбек ресурстарына жатқызу жас айырмашылықтары арқылы анықталады. Белгілі бір
жасқа жеткенде және белгілі бір жастан асқанда еңбекке жарамсыздар құрамына енеді.
Экономикада халықты «экономикаға белсенді халық», «экономикаға қатысатын халық» немесе
«еңбек нарығындағы халық» болып бӛлінеді. Экономикалық белсенді халық құрамына:
жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және жұмыс іздеушілер кіреді. Тағы бір түсінік
«Азаматтық экономикалық белсенді халық» құрамына әскери қызметтегілер кірмейді.
Еңбекке қабілеттілер жас ерекшеліктері бойынша 18-ден жоғары және ер адамдар – 63,
әйелдер – 58 жас аралығындағы адамды жатқызамыз. 18-ге дейінгі жастағылар еңбек
кодексіне кӛрсететін белгілі бір жеңілдіктермен қарастырылады. Еңбек кодексінің 165
статьясында 1 бабында 18-ге дейінгі жасӛспірімділерді жұмысқа қабылдау, ауыр ой
қызметтерін талап етпейтін, сонымен бірге 14-16 жасқа дейін 24 сағаттық еңбек күнімен 16-18
жасқа дейін аптасына 36 сағат еңбекпен қамтылуы мүмкін. Сонымен бірге, оларға сағатына сай
толық емес еңбекақы тӛленеді. Еңбек ресурстары 2 категорияға бӛлінеді:
1. еңбек жасындағы жұмыс істейтін еңбекке қабілетті адамдар;
2. еңбекке қабілетті жас мӛлшері бойынша шектелген кіші және жоғары жастағы адамдар
(жұмыс істейтін жасӛспірімдер мен жұмыс істейтін зейнеткерлер).