Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет7/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

23
қазыналық кәсіпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің № 1545 қаулысы шығып орталық өз жұмысын баста-
ды. «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республика-
лық үйлестіру – әдістемелік орталығы» осылайша ашылды. Ал 
облыстардағы оқыту орталықтарын ашу жөнінде не бір қаулы, не-
месе жарғы таппадық. Біздің сүйенетіндеріміз Қазақстан Респуб-
ликасының Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімовтің тапсырмасы, 
ҚР Премьер-Министрі Д.Ахметовтің 2006 жылғы 30 маусымдағы 
кеңесте  берілген  №24-5/007-425  хаттамасына  сәйкес  және  Пре-
мьер-Министр кеңсе басшысы А. Тлеубердиннің 2006 жыл ғы 7 
қыр  күйектегі №24-5/007-425 (3-тармақ) хаттамасына сәйкес, Қа-
зақстан  Республикасы  Конституциясының  7-ші  және  93-бапта-
рын орындау мақсатында және облыс әкімінің қаулысы негізінде 
ашылдық. Соңғы кездері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
ұлттық бюросы, Тексеру комиссиялары, Прокуратуралардың тек-
серіс барысында қашан, қалай, қайтып деген сұрақтардың астына 
алғанда мына заң бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз деп көр-
сететін құжатымыз жоқ. Мәселен, орталықтардың нормативтік- 
құқықтық  құжаттары  болмағандықтан,  қызметтік  мәні  дұрыс 
анық талмады. Орталықтар Мәдениет және спорт министрлігінің 
ұсы нысымен құрылса да, ҚР «Мәдениет туралы» заңында тілдің 
мәдени құндылық екені көрсетілмеген. Мәдениет және спорт ми-
нистрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс коми-
тетіне Мемлекеттік бағдарламаның бірінші және үшінші бағыт-
тарының нысаналы индикаторларының орындалуы туралы есеп 
беріп отырсақ та, Комитетпен тікелей құқықтық байланысымыз 
жоқ. Бұл мәселелер министрліктің және Тіл комитеті басшыла-
рының алдында бірнеше рет көтерілген болатын, алайда шешімін 
таппады.  Республикадағы  оқыту  орталықтарының  меншіктік 
ұйымдық-құқықтық  нысандары  әртүрлі:  мәселен,  мемлекеттік 
коммуналдық  қазыналық  кәсіпорын;  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестік;  коммуналдық  мемлекеттік  мекеме.  Орталықтардың 
меншіктік ұйымдық-құқықтық нысандарының әртүрлі болуынан, 
оларға қойылатын талаптар да бірдей емес.  
Орталықтардың ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылымын, жұ-
мыс тәртібін реттейтін құжаттар (регламент), біліктілік талаптары 


24
туралы бекітілген нормативтік-құқықтық құжат жоқ. Оқыту орта-
лықтарының құрылуына тек хаттамалық шешімдер ғана негіз бо-
лып отыр, ары қарай жұмысын реттейтін ресми құжат жоқ (қаулы).
Болашақта:
- Мәдениет және спорт министрлігі немесе Тіл комитетінің заң-
герлерінен құрылған комиссия оқыту орталықтарының құрылы-
мы туралы нормативтік құжаттарды анықтап, дұрыс шешімін та-
уып берсе;
- Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым ми-
нистрлігі  бірлесе  отырып,  оқыту  орталықтары  педагогтарының 
біліктілігін арттыру және аттестаттау мәселелерін шешу жолда-
рын қарастырса;
-  Ересектерге  тілдерді  оқыту  орталықтарының  ұйымдық-құ-
қық тық  нысаны,  құрылымы,  қызметтік  мәні,  функционалдық 
міндеттері, біліктілік талаптары бойынша республика деңгейінде 
Типтік ереже (типовые правила) бекітілсе.
- «Ш. Шаяхметов атындағы орталық заңды тұлға ретінде құ-
рылғандықтан,  қалған  орталықтар  неге  осы  орталықтың  фили-
алы  болмасқа.  Аталған  мәселелерді  үйлестіріп,  бір  жолға  қою 
–  Тілдерді  дамыту  және  қоғамдық  саяси  жұмыс  комитетінің                             
«Ш. Шаях метов атындағы Тілдерді дамытудың үйлестіру – әдіс-
темелік орталығына» жүктелсе деген ұсынысымыз бар.
Сөз соңында оқыту орталықтарының директорларына тағы бір 
айтар ұсынысым бұл ұсынысты 11 жыл бойы айтып келемін Ор-
талықтардың меншіктік ұйымдық-құқықтық  нысанын мүмкіндік 
болса, Коммуналдық-мемлекеттік мекеме қылып қайта құрсаңыз-
дар, себебі жекешелендірудің екінші кезеңінде Орталықтарымыз-
дың  жағдайы  алдыңғы,  былтырғы  жылдардағыдай  қайталануы 
мүмкін.
Мемлекеттік  бағдарламада  көзделген  нысаналы  индикатор-
ларды орындау бағытында үлкен жұмыс атқарып жатқан оқыту 
орталықтарының  қызметін  заңдық  тұрғыда  реттейтін  норма-
тивтік-құқықтық  құжаттардың  қабылдануына  ықпал  етерсіздер 
деген үмітпен сөзімді аяқтаймын.


25
   А.Т.Әбдіхалықов
                    ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту 
          жөніндегі басқармасы
                        Тест тапсырмаларын қалыптастыруды
                   ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік
              зертханасының меңгерушісі
Ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту әдіснамасын 
стандарттау және жүйелеу мәселесі: ҚАЗТЕСТ тәжірибесі
нәтижелер, статистика
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 
2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының 
(бұдан  әрі  –  Мемлекеттік  бағдарлама)  мемлекеттік  тілді  меңге-
рудің басым бағытын іске асыру үшін мемлекеттік тілді меңгер-
ген елдегі ересек тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай 80%-
ға  және  2020  жылға  қарай  95%-ға  арттыру  міндеті  қойылған. 
Аталған үлесті Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ 
тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырудың 
нәтижелері арқылы анықтау белгіленген. ҚАЗТЕСТ жүйесі 2006 
жылдан бастау алады, 2008 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүйені дамыту мен енгізу 
тұжырымдамасы қабылданды. Жүйенің негізгі бағыты күнделік-
ті әлеуметтік ортада азаматтардың қазақ тілін қолдана білу дәре-
жесін  анықтау,  яғни  қазақ  тілінің  функционалдық  қолданысын 
бағалау. Тілдің күнделікті тұрмыста қолданылу дәрежесін баға-
лау арқылы тіл меңгерудің көлемін білу әлемде кең етек жайған. 
Атап айтсақ, ағылшын тілін білудің деңгейін анықтайтын IELTS 
– (Ағылшын тілінен халықаралық тестілеу жүйесі), TOEFL (Ше-
тел тілі ретінде ағылшын тілінен тест) жүйелері, орыс тілі бойын-
ша TРКИ – (Шетел тілі ретінде орыс тілінен тест) жүйесі және 
тағы басқа да жүйелер мен тестілеу бағдарламалары қолданыста. 
Барлығының негізгі бағыттары ¬ тіл үйренушінің сол тілдердегі 
ақпараттарды тыңдап немесе естіп түсіну, оқи білу мен сол тілде 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау