123
- абыройлы міндет
Қызметіңіздің маңыздылығы неде?
- Патриоттық парыз.
- Асқақ мұраттарға адал қызмет.
- Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өз
үле сін қосу.
Қызметкердің бойындағы қасиеттері?
Cауатты
Тәрбиелі
Білімді
Үш тілділік
Сыпайы
Шешен сөйлеу мәдениеті
Сонымен, мемлекеттік қызметте жүру –
ең абыройлы, ең мәртебелі жарқын жол.
Біздің орталықта да рухани жаңғыру ба-
рысында «Әдемі сөйле» атты шешендік
шеберлік мектебі жобасы іске асырылуда
(5 жылдық).
3-Фильмнен үзінді
көру
«Раунд Робин»
әдісі
Мақсаты:Сабаққа
өзінің сабақтан
сөздік қорларына
қосқан шешендік
сөздерді пайдалану
арқылы бір сөзбен
жеткізу.
Көрсетілген үзіндідегі айтылған қанатты
сөздерді мағынасын, қазіргі уақытқа сай
мысал келтіру.
Ақ түйенің қарны жарылған күн – қуа-
ныш, мереке
Мысалы: (Елімізде ЭКСПО ашылуы ақ
түйенің қарны жарылған күн болды.
Елімізде ЭКСПО ашылуы қуанышты күн
болды; Астананың 20 жылдығы – қуаныш-
ты мереке).
Халқым үшін жаным құрбан - патриот-
тық сезім, еліңе адал қызмет ету.
124
Қорытынды сөз:
(2 мин)
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты тыңдау-
шыларға көркем фильмдерді көрсете оты-
рып шешен сөйлеудің мәнерін ұғындыру,
тапқырлықпен және көркем сөздермен
сөйлеуге машықтандыру, сөйлеу мәдение-
тін жетілдіру жолдарын көрсету болды.
Оқыту процесін жеделдету және жетіл-
діру үшін сабақта техникалық құралдарды,
соның ішінде бейнефильмдерді пайдала-
нудың дидактика тұрғысынан маңызы зор.
Менің ойымша, бейнефильмдер тіл үй-
ренушінің тыңдап, түсіну, есте сақтау
қабілеттерін дамытуға, және сол түсін-
гендерін ауызша шешендік сөздермен
баян дауға арналатын тіл құралы.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәти-
жесінде тыңдаушылар өздері меңгерген
қанатты сөздерді шебер қолдануға дағды-
ландыру.
Сондықтан мен сабағымда ой толғаныс,
диалог құру, РаундРобин әдістерін қол-
дандым.
Осы фильмнің үзінділері арқылы өз ой-
ларын шебер, еркін және шешендік сөз-
дерді, мақалдарды тыңдата отырып, тіл
байлықтарын жетілдіруді, дамытуды көз-
дедім.
Тіл – халық тарихы, тіл - ұлттық қазына,
тіл өз халқымыздың рухани байлығы, өт-
кені мен болашағы.
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз бе-
рекелі болсын! Дамуымыз жедел, келеше-
гіміз кемел болсын!
125
Гүлнұр Құрманғалиева
Шығыс Қазақстан облысы
Тілдер жөніндегі басқармасы
Шығыс Қазақстан лингвистикалық
орталығының оқытушысы
Сабақтың тақы-
рыбы:
Сөйлеу әрекеттеріне дағдыландырудың
тиімді құралы – топтық жұмысты ересек-
тер арасында ұйымдастыру.
Сабақтың лекси-
калық тақырыбы:
«Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді»
Сабақтың грам-
матикалық тақы-
рыбы:
Тұрақты тіркестер
Деңгейі:
С 1 жоғары деңгей
Сабақтың түрі:
Панорамалық сабақ
Сабақтың мақса-
ты:
Қазақ тілін үйретуде топтық жұмысты
дұрыс ұйымдастыру әдістемесімен та-
ныстыру арқылы қатысушыларға тіл үй-
ренушінің өтілген материалды тиянақты
меңгеруіне, тақырып төңірегінде ойын
еркін, жатық жеткізуіне, тыңдаушының
шығармашылық ізденістерін арттыруына
машықтандыру жолдарымен таныстыру.
Сабақта қолданы-
латын әдіс-тәсіл-
дер:
Топтастыру, ой шақыру, рефлексивті
сұрақтар, миға шабуыл, кері байланыс.
Көрнекілігі:
Үлестірмелі материалдар, бейнеролик,
суреттер, смайликтер, слайдтар.
Лексикалық мини-
мум:
Замана дерті, тастанды бала, тағдыр тау-
қыметі, ананың зары, баз кешу, адами құн-
дылық, жетім бала, өзекті мәселе, қамқор-
лықсыз қалу, қайтыс болу, толық
126
жетім, ана мейірімі, бауырына баспау, тағ-
дырдың талқысы, зардап шегу, зиянды
әдет, адамның бұзылуы, кері кету, дүниеге
келу, кемтар бала, қадамын ойлау, от басу,
қыршыннан қию, бас тарту.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
(1 мин)
1. Ой шақыру
(3 мин)
Бейнеролик
көрсету.
Мақсаты: Тіл үй-
ренушілерге бей-
нероликті көрсету
арқылы тақырып-
ты ашу, пікірта-
ласқа бағыттау.
Құрметті әріптестер! Бүгінгі семинарға
қош келдіңіздер!
Менің әдістемелік тақырыбым: Сөйлеу
әре кет теріне дағдыландырудың тиім-
ді құра лы – топтық жұмысты ере сек тер
арасын да ұйымдастыру.
Лексикалық тақырып: «Бала жүрегі
мейірім ділікті сүйеді». Жоғары деңгей.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін үйретуде
топтық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру
әдістемесімен таныстыру арқылы қаты-
сушыларға тіл үйренушінің өтілген ма-
териалды тиянақты меңгеруіне, тақырып
төңірегінде ойын еркін, жатық жеткізуіне,
тыңдаушының шығармашылық ізденіс те-
рін арттыруына машықтандыру жолдарын
көрсету.
Экранға зер салыңыздар!
127
Ф.Оңғарсынова Жетімнің монологы
Жетекші сұрақтар:
1. Бұл бейнеролик қандай мақсатта көр-
сетілді деп ойлайсыздар?
2. Осы мәселенің бүгінгі күнде маңыз-
дылығы қандай?
3. Бүгінгі қоғамда мұндай жағдайлар не-
ге көбейді?
Соңғы кездері елімізді «жаңа туған бала-
сын жолда тастап кетті, қоқысқа лақтырып
кетті» деген жаңалықтар дүр сілкіндірді.
Жаңа ғана бой түзеген бойжеткендеріміз
бен кейбір жас аналарымыз өз туған ба-
лаларынан кез келген жолмен баз кешіп
жатыр. Ендеше, бүгінгі «Бала жүрегі
мейірім ділікті сүйеді» атты пікірталасы-
мыз тастанды балалар тағдыры мәселесін
көтеруге арналады. Тыңдаушылардың са-
палы білім алуына ықпал ету үшін топтық
жұмыстарды қолданамыз. Сабақ соңын-
да топ аралық және жеке бағалау жүр-
гізілетіндіктен, әрбір топ мүшесінің бер-
ген жауабына мұқият болыңыздар.
Әрбір топ сағат тілінің бағытымен тап-
сыр маларға жауап береді.
2. Топқа бөлу:
Таратылған қима
қағаздардағы
тұрақты тіркес-
терді құрастыру
арқылы тыңдау-
шылар топтасты-
рылады.
(3 мин)
Тыңдаушылар «Алтын сандыққа» салын-
ған қима қағаздарын таңдап алады.
№ 1 топ: «
Алпыс екі – тамыры – боса-
ды
» –
мейірімі түсті
.
№ 2 топ: «
Ат тонын – ала - қашу
» -
жауап кершіліктен қашу
.
№3 топ: «
Кең – дүние – тар болу
» -
дүние-
ден түңілу
.
128
3. «ПОПС» форму-
ласы:
Әрбір топ мүшесі
«ПОПС» формула-
сын пайдалана
оты рып идея тіз-
бек терін дамыта-
ды.
Мақсаты: Нәти-
желі ұсыныстар
беру арқылы
идеяның туында-
уы, ойды күрде-
лендіріп, болжам
жасау, ой толғау.
(5 мин)
«Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана ба-
баларымыз жетім-жесірін жылатпаған.
Тұл жетім қылған тағдырға дауа бар ма,
ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала
көп. Осындай мәселенің тууына себепкер
болатын жағдайлар туралы ойымызды өр-
бітейік.
-
№1 топ:
«Тастанды, жетім балалар-
дың көбеюі сол баланы тапқан ананың
сана-сезіміне, біліміне байланысты»
.
-
№2 топ:
«Тастанды, жетім балалар-
дың көбеюі сол сол елдің экономикасына
тікелей байланысты»
.
-
№3 топ:
«Тастанды, жетім балалар-
дың көбеюі сол баланы тапқан ананың
тұрмыс жағдайына байланысты».
1.
Бірінші тыңдаушы «Менің ойымша,
...» 2.
Екінші тыңдаушы «Себебі мен оны
былай түсіндіремін … »
3.
Үшінші тыңдаушы «Оны мен мына
фактілермен, мысалдармен дәлелдей ала-
мын … » 4.
Төртінші тыңдаушы «Осыған
байланысты мен мынадай қорытынды
шешімге келдім ...
129
4. Мәтінді оқып
шығып, беріл-
ген тапсырманы
орын дау.
(1 мин)
«Пирами-
далық талқылау»
әдісін пайдалана
отырып, оп мүше-
лері бағдарлама
қатысушылары
ретінде өз пікір-
лерін жеке жазып,
ортада талқылап,
ортақ пікір қалып-
тастырады.
Мақсаты: Қаты-
сушылардың
берілген проблема-
ны шешу жолдары
туралы идеялар
ұсынуы арқылы
ойды күрделендіру,
болжам жасау, ой
толғау.
(3 мин)
Адами құндылықтардың орны мен реті
ауы сып бара жатқан бұл заманда елімізде-
гі жетім балалар санының жоғары болуы
өзекті мәселе болып отыр. Жетімін жылат-
паған, жесірін еліне қайтармаған, бала-
лар үйін қажет етпеген еліміздің бүгінгі
жағдайы тым басқа. Жалпы Қазақстан Рес-
публикасы бойынша 2016 жылғы мәлімет-
тер бойын ша жетім балаларға және ата-ана-
ның қарауынсыз қалған баларға арналған
188 балалар үйі жұмыс жасайды. Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министр-
лігі балалардың құқықтарын қорғау коми-
тетінің 2015 жылы жасаған баяндамасына
сүйенсек, елімізде 32362 жетім және ата-
ана сының қамқорлығынсыз қалған бала-
лар тіркелген. Бұл балалардың барлығы то-
лық жетім емес, көпшілігінен ата-аналары
бас тартқан немесе балаларына құқықтары
шектелген. Барлық балалар үйінде тәрбие-
ленушілердің 82 пайызының ата-анала-
ры тірі, қалған 18 пайызының бір немесе
ата-анасының екеуі де қайтыс болғандар.
Демек, 6000-ға жуық баланы толық жетім-
дер деп айтуға болады деген сөз.
(«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журна-
лы №3)
Мәтінде берілген статистикалық
мә ліметтерді басшылыққа ала отырып
1) «Бүгінгі заманның дертіне айналып
отырған тастанды балаларды азайту
үшін қандай ұсыныстар айтар едіңіз-
дер?» атты сауалға біздің бүгінгі
«Сырла-
су» бағдарламасына психолог ғалымдар
тобы арнайы келіп отыр екен. Олай болса,
сөз сіздерге беріледі.
130
- Осы мәселе бойынша заңгерлер тобына
сөз беріледі.
- Ендеше келесі сөз кезегі тілшілерге
беріледі.
2) Ұлттық құндылық пен отбасы құн-
дылығының қазіргі қоғамдағы көрінісі
қандай?
Әрбір бағдарламаға қатысушы топ бір-бір
сөйлеммен түйін жасайды.
5. «Эссе»
жазу.
Мақсаты: Белсен-
ді түрде шығар-
машылықпен
жұмыс жүргізуге,
болжам жасауға
негіз қаланады.
(10 мин)
Эссе жазу тәртібі
бойынша тірек сөз-
дер ретінде әрбір
суретке сөз тірке-
стері беріледі.
Мұстафа Аңсағанның анимациялық
суреттерін пайдалана отырып, әр топ бес
минуттық эссе жазады және топ болып
қорғайды. Эссені аталмыш тақырыптағы
белгілі бір тұрақты тіркеспен қорытынды-
лау ұсынылады.
- ана мейірімі,
- бауырына баспау,
- тағдырдың талқысы,
- маскүнемдіктің зардабы,
- тастанды бала.
- зиянды әдет
- адамның бұзылуы,
131
- кері кету,
- дүниеге келу,
- кемтар бала
- қадамын ойлау
- от басу
- тастап кету
- қыршыннан қию
- бас тарту
Әрине, ана есімі ардақты да қасиетті. Ана
махаббаты мен жылуынсыз – мына өмір
жетім. Осындай киелі «ана» есімін кірлетіп
жүрген кейбір безбүйрек аналарымыз қоға-
мымызда жоғалады деген сенім білдірейік.
Ұлттық құндылықтарымызды, оның ішін-
де отбасы құндылықтарын рухани, ұлттық
санамызды, дәстүрлерімізді қайта жаңғыр-
ту арқылы дамыған ел болатынымызға се-
неміз. «Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді,
бала ата-анасымен бақытты».
6.
«Бағалау пара-
ғы» таратылады.
Мақсаты: Бір-
бірімен қарым-қа-
тынас жасай
отырып, рефлек-
сивті ойлау, өз-
гені және өзін-өзі
бағалау дағдысын
қалыптастыруға,
сараптама жасау-
ға ықпал етеді.
(5 мин)
Әрбір топ өзара бір-біріне баға беріп ке-
теді. Бағалау 5 балдық жүйеде жүргізіледі.
(Топтар өзара талқылау жасап, бағалау
парағын талдайды).
132
7. Рефлексия:
Смайликтер
арқылы – кері
байланыс жасау.
Мақсаты:
Субъектілердің
өзіндік басқару
қабілеттерін
дамытуға, өз әре-
кеттерінің (та-
нымдық, білімдік,
қарым-қатына-
стық) нәтижелі
болуына, олардың
өз жауапкершілі-
гін арттыруға
бағытталады.
Орындалып өткен
әрекеттің нәти-
жесін зерттеу
көзделеді.
(1 мин)
- керегімді алдым.
- түсінбедім.
- талқылау керек.
Не ұнады? Не ұнамады? Стикерге жазып
суреттерге жапсырып кету керек.
Қорытынды сөз:
(2 мин)
Біздің бүгінгі мақсатымыз қазақ тілін үй-
ретуде топтық жұмысты дұрыс ұйымда-
стыру әдістемесімен таныстыру арқылы
қатысушыларға тіл үйренушінің өтілген
материалды тиянақты меңгеруіне, тақы-
рып төңірегінде ойын еркін, жатық жет-
кізуіне, тыңдаушының шығармашылық
ізденістерін
арттыруына
машықтан-
дыру жолдарын көрсету болатын.
Өз де рі ңіз ге белгілі С1 – жоғары деңгей-
дегі тілді қолданушы әр түрлі тақырып-
тарда қиын мәтіндерді түсіне алады, жа-
сырын мағынаны ажырата біледі, жоғары
133
қарқында бірден тез сөйлейді. Тіл қолда-
нушы ауызекі сөйлеу тілі элементтері мен
түрлі тұрақты тіркестерді тани алады,
күр делі тақырыпқа құрылған мәтіндердің
маңызды мәселелерін нақтылап, қосым-
ша талқылаулар, тұжырымдар, тиісті мы-
салдар арқылы түйіндей отырып, анық та
нақты жеткізе алуы керек.
Біздің жалпы барлық сабақтарымыз мо-
дульдік технологияға негізделген. Бүгінгі
көрсетілген пікірталас сабағы қорытын-
ды сабақ үлгісінде ұйымдастырылды. Са-
бақты қызықты етіп өткізу, оқыту үрдісін
тартымды етіп, қорытынды сабақтарды
ұйымдастыру мәселесін шешу жолында
ойымызға келетін ең негізгі жолдардың
бірі – ойын технологияларының ішіндегі
іскери ойындарды қолдану. Оқытушы өз
пәнінің теориясын қаншалық жетік біл-
се де, оның ісінің нәтижелі болуының ең
басты кепілі – әдіс - тәсілдерінің дұрыс
таңдалуы, тиімді жұмыс түрлерінің жүр-
гізілуі.
134
Сондықтан
ересектерді оқытуда іскери
ойындарды дұрыс қолдану педагогикалық
шеберлікті, ізденіс пен шығармашылықты,
алдына айқын мақсат қоя біліп, оған жету-
дің жолдарын жан - жақты ойластыра алу-
ды, сонымен қатар психологиялық білімді
де талап етеді.
Бүгінгі сабағымда мынадай әдіс-тәсілдер
қол дан дым: олар Ресей профессоры ойлап
тапқан «ПОПС формуласы, оқытудың ин-
терактивті әдістерінің бірі «Миға шабуыл»
әдісі, пирамидалық талқылау әдіс те рі, топ-
тас тыру, ой шақыру, рефлексивті сұрақ тар т.б.
Сабақ соңында бағалау парағы таратылып
өзін-өзі және өзгені бағалау әрекеті жаса-
лып, кері байланыс арқылы сабақ нәтиже-
сін зерттеу көзделді.
Іскери ойындар көбінесе қорытынды са-
бақта жинақталған білімдерін көрсетуде
қолданылатын болғандықтан, сабақты топ-
тық жұмыс арқылы ұйымдастыру тиімді
деп ойлаймын.
Мазмұны
Аңдату................................................................................................3
I бөлім
Е.Тілешов. Қазақ тілін үйренудің ең бастапқы сөздік қоры: сөз
таңдаудың қағидаттары, халықаралық тәжірибелер және негізгі
лексикалық минимумды игерту........................................................6
К. Жақсылықова. Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту
мәселесі.............................................................................................12
Қ.Төлекеев. Оқыту орталықтарының кешегісі, бүгіні,
ертеңгісі.............................................................................................21
А.Әбдіхалықов. Ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту
әдіснамасын стандарттау және жүйелеу мәселесі........................25
Қ.Балабеков. Мемлекеттік тілді оқытуда тиімді әдістерді
қолдану жолдары ............................................................................36
Ж. Ізтұяқ. Жаңа инновациялық технологияларды оқыту
үдерісіне енгізу және оның тиімділігі ..........................................39
Ж.Елесбаева. Мемлекеттік тілді оқытудағы интерактивті
әдіс-тәсілдер ....................................................................................45
Г.Мұсаева. Қазақ тіліндегі жай сөйлем құрылымын
меңгерту............................................................................................50
Н.Төленбергенова. Ересек аудиторияның тілдік
коммуникативтік құзыреттілігін жетілдірудің өзекті
мәселелері ........................................................................................55
II бөлім
Ә.Жүнісбек. Кірме таңбалардың морфологиялық
талданымы .......................................................................................70
А.Жүндібаева. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын
инновациялық технологиялар .......................................................76
А.Ботабаева. Ересектерді мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі:
жетістіктер мен нәтижелер ............................................................80
Тәжірибелік сабақтар
А.Сағатова. Қазақ тілі сабақтарын ойын әдісін пайдалану
арқылы тиімді ұйымдастыру...........................................................87
А.Әменова. Қарым-қатынас, танысу, амандасу............................92
А.Мурсалимова. Қазақ тілін оқытуда жағдаяттық
тапсырмаларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері.....................101
Б.Шөкеева. Мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру..............113
Л.Әбілмәжінова. Сөйлеу әрекетін машықтандыруда көркем
фильмдерді қолда...........................................................................119
Г.Құрманғалиева. Сөйлеу әрекеттеріне дағдыландырудың
тиімді құралы – топтық жұмысты ересек тыңдаушылар
арасында дұрыс ұйымдастыру......................................................125
Редакторы: М. Шіменбаева
Компьютерлік нұсқасын дайындаған: С.Баубекова
Редакцияның мекенжайы
Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы,
Сауран көшесі, 7 А,
Тел: 8 (7172) 40-83-67
Tilortalyk@mail.ru
Терілуге берілген күні 13.10.2017
Басуға қол қойған күні 17.10.2017
Пішімі 60х84 1/16
Шартты баспа табағы 8,0
Таралымы 50 дана
Достарыңызбен бөлісу: |