Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің «25» ақпан
2016 жылғы №42
қаулысымен бекітілген
«Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты ведомстволары жоқ.
3. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Желтоқсан көшесі,
№ 20 А үй, пошталық индексі 160012.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
2) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басшылығымен жүктеген міндеттер.
16. Функциялары:
1) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
2) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
4) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеру;
5) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
7) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
8) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлеу және бекiту;
10) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;
11) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;
12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты беру;
13) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;
14) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамамен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен және облыс әкімімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің қаулыларының және (немесе) әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобасын дайындауға қатысу;
2) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыруға, олардан «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының орындалуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзіреті шегінде тексеруді және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандарын жүзеге асыруға;
4) комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
5) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, уәкілетті жергілікті атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
6) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдауға;
7) қолданыстағы заңнамамен көрсетілген өзге де құқықтар мен міндеттер.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып табылады.
21. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастастырады және басқарады;
2) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) барлық мемлекеттік органдарда, қазақстандық және шетелдік қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүддесін ұсынады;
6) Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан наразылық келтіруге және талап қою жөнінде шешімдер қабылдайды;
7) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімдігі, әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
8) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
9) келісім-шарттар жасасады;
10) сенімхаттар береді;
11) банкте шоттар ашады;
12) өзінің құзыреті шегінде «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне қатысты, орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
13) «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне және берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
15) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
«Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
24. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |