Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет15/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

52
мағыналық жағын да көрсете алатын арнайы анықтағыш құрал 
бола алады. 
Ал енді негізгі мәселе – осы құрылымды тіл үйренушіге мең-
герту. Бұл құрылымды меңгерту үшін біз арнайы алгоритм құру-
ды ұсынамыз. Сөйлемнің әрбір жаңа элементі сөйлемнің жалпы 
құрылымы  негізінде  алгоритмдеу  әдісі  бойынша  меңгеріледі. 
Сөйлемнің құрылымы бір ғана сөзден тұратын субстантивті сөй-
лемдерден  бастап  әрі  қарай  адъективті,  етістікті,  адвербиалды 
түйіндерді түсіндіру арқылы жүзеге асады. 
Біздің  ұсынысымызда  әрбір  жаңа  сөз  белгілі  бір  коммуника-
тивтік міндетті шешуге қабілетті синткасема, яғни мағыналы сөй-
лем ретінде меңгеріледі. Сондықтан меңгерілуге ұсынылатын ең 
алашқы  (N)  сөз  (S)  сөйлеммен  тең  дәрежеде.  Мұндағы  N  –  зат 
есімнен  немесе  жіктеу  есімдігінен  болған,  бір  сөзден  тұратын 
субстантивті сөйлем. Мысалы: Мен. Сен. Кітаптар. ... Бұдан әрі 
бір сөзден тұратын субстантивті сөйлем (А) анықтауышпен күр-
деленіп, S = А1N немесе S = А2(О2)N модельді сөйлемдер құрай 
алады. Мұндағы (А) анықтауыш: сын есімнен, есептік және рет-
тік сан есімнен болған (А1) сапалық анықтауыш немесе ілік септік 
тұлғалы зат есім және жіктеу есімдігінен болған (А2(О2)) меншік-
ті  анықтауыш.  Мысалы:  Жақсы  студент.  Әдемі  қыз.  Үлкен  үй. 
Менің әкем. Алматының көшесі. 
Жай сөйлем құрылымын меңгеруге арналған негізгі алгоритм-
дік  жүйе  іштей  қадамдарға  бөлініп,  әр  қадам  арнайы  жаттығу-
лармен бекітіледі. Негізгі алгоритмдік жүйенің келесі қадамы екі 
негізді жай сөйлемдерді: баяндауышы есім сөзден болған, одан 
кейін  баяндауышы  етістіктен  болған  жай  сөйлемдерді  меңгеру-
мен  ұласады.  Баяндауышы  есім  сөзден  болған  жай  сөйлемдер 
төмендегідей алгоритмдік жүйемен беріледі:
1) NV модельді жалаң сөйлем, сөйлемнің N – субъектісі сілтеу 
есімдігінен, V – предикаты зат есімнен болған сөйлемдер: Бұл – 
Сәуле. Анау қалам. Бұлар студенттер.;
2) сөйлемнің N – субъектісі сілтеу есімдігінен, зат есімнен, V – 
предикаты сын есім + зат есімнен немесе тәуелдеулі зат есімнен 
болған сөйлемдер: Бұл жақсы студент. Аналар менің достарым.;


53
3)  сөйлемнің  N  –  субъектісі  жіктеу  есімдігі,  тәуелдеулі  зат 
есімнен, ілік септігі + зат есімнен, V – предикаты зат есім, сын 
есімнен болған сөйлемдер: Мен студентпін. Сіздің әкеңіз дәрігер 
ме? Менің ағам жақсы жігіт. т.с.с.; 
4)  сөйлемнің  N  –  субъектісі  жіктеу  есімдіктері  немесе  адам 
аттары  мен  тәуелдеулі  туыс  атаулары,  V  –  предикаты  шығыс 
септігіндегі  ел,  жер,  қала  атауларын  білдіретін  жалқы  есімдер-
ден болған сөйлемдер: Мен Жаркенттенмін. Сіздің досыңыз қай 
жерден? Ғалым Қарағандыдан.; 
5)  сөйлемнің  N  –  субъектісі  жіктеу  есімдіктері  немесе  адам 
аттары  мен  тәуелдеулі  туыс  атаулары,  V  –  предикаты  бесінші 
объек ті  жалғауын  қабылдаған  сан  есімдер,  есімдік  немесе  зат 
есімдерден  болған  сөйлемдер  меңгеріледі:  Мен  жиырмадамын. 
Сіз нешедесіз? Менің үлкен ағам ауылда.;  
6) келесі қадамда баяндауышы етістіктерден болған жай сөй-
лемдермен  жұмыс  істелінеді.  Етістік  негізді  сөйлемдер  етістік-
тің шақ формаларын меңгеруден басталады да, оның сөйлемнің 
Adv.  пысықтауыш  мүшесімен  қабыса  байланысу  ерекшелігі 
түсіндіріліп,  моделі  беріледі.  Етістік  негізді  жай  сөйлемді  мең-
геру  үдерісіндегі  ең  маңызды  мәселе  етістіктің  объектілерді 
меңгеру  алгоритмі  болып  табылады.  Сөйлемнің  объектілерінің 
берілу тәртібі: О5 – алгоритмі;  О4 – алгоритмі;  О3 – алгоритмі;  
О6 – алгоритмі;  О7 – алгоритмі. Әр объектіні ұсыну барысында 
оның анықтауыш мүшесімен (объектінің анықтауыш мүшесі мен 
субъек тінің анықтауыш мүшесі ұқсас екені ескеріледі) бірге жай 
сөйлемнің толық модельдері қоса беріліп отырады. 
N
V;
O
54367
V;
O
54367
A
N A
Мысалы: Менде сөздік бар. Мен Қазақ университетінде қазақ 
тілін оқимын. Келесі жылы саяхатқа Түркияға бармақпыз. Маған 
кітап керек. Біз Қазақстанға Кореядан екі ай бұрын келдік. 


54
Қазақ тіліндегі жай сөйлемдердің құрылымын меңгеру үдері-
сінің алгоритмі сөйлемді кіші құрылымдарға бөлшектеп кезеңдік 
меңгеруге қол жеткізеді. Егер сөйлем функционалдық тұрғыдан 
қарастырылатын болса, кез келген коммуникативтік актіге жаңа 
қатысушыны сөйлем құрылымымен еркін жұмыс істей білуге үй-
ретуге болады. Олар алдымен жай сөйлемдерден бастап, әрі қа-
рай  толымды  жайылма  жай  сөйлем,  жалғастырушы  кезеңдерде 
шылаулардың көмегімен құрмалас сөйлемдер құрылымын еркін 
игере алады. 
Қолданылған әдебиеттер:
1. Теньер Л. Основы структурного синтаксиса. – М.: Прогресс, 
1988. – 656 с.
2.  Нуршаихова  Ж.А.  Алгоритмизированный  синтаксис.                              
– Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 294 с.
Хомский Н. Аспекты теории синтаксиса. – М.: Изд. МГУ, 1972


55
Н.Төленбергенова
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
 Дипломатия институтының профессоры,п.ғ.к.
Ересек аудиторияның тілдік коммуникативтік 
құзыреттілігін жетілдірудің өзекті мәселелері
Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін сапалы оқыту 
әдістемелері қарастырылады. Автор мемлекеттік қызметшілердің 
тілдік құзыреттілігін жетілдірудің әдіс-тәсілдерін ұсынады. 
Сонымен қатар мақалада мемлекеттік қызметшінің тілдік құ-
зыреттілігін арттыратын материалдармен жұмыс істеу әдістеме-
лері көрсетілген. 
Тірек сөздер: сапалы оқыту, әдістеме, тілдік құзыреттілік
Аннотация
В статье рассматриваются современные методики качествен-
ного обучения государственному языку. Автор предлагает новые 
подходы обучения, методические рекомендации по совершенст-
вованию языковой компетенции государственного служащего.
Ключевые слова: качественное обучение, методика, языковая 
компетенция 
Abstract
The paper reviews modern methods of quality teaching of the official 
language. The author proposes new ways of teaching, guidelines to 
improve the linguistic competence of the civil servant.
Keywords: quality teaching, techniques, language competence
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  кәсіби 
мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» 
Ұлт жоспары, ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау