29
қажет болады. Міне осы сөйлеу әрекеттерінің түрлері тіл меңгеру
ғылымының негізі болып табылады.
Қазіргі күні қазақ тілін меңгерудің сол халықаралық тіл мең-
геру талаптарына сәйкестендірілген 5 деңгейі анықталған. Олар:
қарапайым, базалық (негізгі), орта, ортадан жоғары және жоғары
деңгейлер. Аталған деңгейлер еуропалық тілдік портфель талапта-
рында А1, А2, В1, В2, С1 және С2 деңгейлер деп көрсетіледі. С2
деңгейі қазақ тілінде Жетік деңгей деп аталады. Аты айтып тұрған-
дай тілді жетік меңгеру талап етіледі, яғни бұл деңгейде тілді әдеби
нормада, сол тілдің өкілдерінің ойлау қабілеті деңгейінде сол тіл
бойынша ойлап, сөйлей білуді білдіреді. Әрине С2 деңгейінде тіл
меңгеруді үйрету мен оны бағалау мақсаты қойылса, онда бұл дең-
гейді де жалпы алдыңғы жүйеге қосу қиындық туғызбайды.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсат-міндеттеріне сәйкес қа-
зақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен
стандарттау үшін осы деңгейлердің негізгі талаптарын мемлекет-
тік стандарттар ретінде бекітілді. 2015 жылы стандарттар ұлттық
стандарттар мәртебесінде қайта бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Стандарттар қазіргі таңда барлық тіл оқыту орталықтары мен
орталық және атқарушы мемлекеттік органдардың қолданысы-
на енгізілді. Стандарттар қазақ тілін әр деңгейге сәйкес оқыту-
дың талаптарын анықтайды, яғни тіл үйренушінің әр деңгейдің
сабақтарын (курстарын) аяқтаған соң қандай тілдік құзіреттілік-
тері болуы қажеттігі анық жазылған. Ұлттық стандарттар қосым-
шасында қазақ тілін кім қандай деңгейде меңгеруі қажет деген
қоғамдық сұраққа жауап ретінде мемлекеттік тілді міндетті білуі
тиіс мамандықтардың, лауазымдардың және кәсіптердің тізбесі
берілген. Мемлекеттік қызмет, азаматтық қызмет және өзге де
салалар болып бөлінген мамандықтар мен лауазымдар бойынша
қазақ
тілін білу деңгейлеріне бөліп, жүйеленген.
Ұлттық стандарттардың талаптарын күнделікті қазақ тілі са-
бақтарында қалай пайдалану керек, яғни әрбір коммуникациялық
құзіреттілікке қазақ тілінің қандай тілдік құрылымы сәйкес келеді
деген сұрақтар туындайтыны анық. Қазақ тілінің оқытушылары-