Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет3/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

10
дегі тұрақтылығы, қайталанушылығы ол бірліктердің жиілігін қа-
лыптастырады. Тіл үйрету барысында мұғалімдер мен әдіскерлер 
әр деңгейге тән осындай жиіліктің жүйесін оқу үдерісінде пайда-
лануы қажет. Бұл тіл мен сөйлеудің арасындағы өзіндік ерекшелік-
терді аңғартуға үлкен мысал бола алмақ. Жалпы тілдік жүйе бар 
да, сөйлеу жүйесі бар. Әлгіндей жиілік сөйлеу жүйесінің көрінісі. 
Осыдан  сөйлеудің  семантикалық  жүйесі  жасалмақ.  Лексикалық 
минимум қалыптастыру барысында біз осыларға айрықша назар 
аударғанымыз жөн. Ол үшін ілгеріде аталған сөздер тізбесін жа-
саудың тәжірибелері жинақталуы қажет. 
Тіл үйренушіге сол тілдің он мыңдаған, жүз мыңдаған сөздері-
нен бірнеше жүз, бірнеше мың сөз ғана іріктелініп алынып ұсы-
нылады. Бұл тіл үйретудегі ең алғашқы, ең маңызды әдістемелік 
әрекет. Яғни, мұғалім ең алдымен нені және қаншалықты көлемде 
ұсынуды біліп алуы қажет болса, екіншіден, сол көлемді қалай үй-
ретуді түйсінуі керек. Осы екеуін жетік меңгерген адам ғана жақсы 
оқытушы, үздік әдіскер бола алады. Қазіргі кезеңде осындай лекси-
калық минимумдар анықталмағандықтан, күнделікті ауызекі тілде 
мүлдем қолданылмайтын немесе аса сирек қолданылатын сөздер 
оқулықтарымыз бен оқу құралдарымызда көптеп кездеседі. Лекси-
калық минимумға мән бермегендіктен де сол оқулықтыр мен оқу 
құралдарында қажетсіз грамматикалық материалдар, қазақ халқы-
ның  салт-дәстүрі,  тарихына  қатысты  материалдар  шамадан  тыс 
кездесіп жатады. Бұл тіл үйренушінің күнделікті қажетті лексика-
лық сұранысын ескермегендіктен туындайды. Біз міндетті лекси-
калық минимумды қалыптастыра алмасақ, қазақ тілін үйрету са-
ласындағы олқылықтарға бұдан кейінгі уақыттарда да жол беретін 
боламыз.  Сондықтан  осыны  болдырмау  үшін  төл  әдістемемізді 
жүйелі арнаға бұратын уақыт келді. 
Тілдің байлығы бар да оның қызметі бар. Біз сол байлықтың 
белгілі  бір  мөлшерін  ғана  алып  тіл  үйренушіге  ұсынамыз.  Тіл 
үйренуші  біз  үйреткенді  күнделікті  өмірде  қолдана  алса,  ол 
сол  тілдің  қызметін  пайдалана  алғаны.  Егер  оқытушылар  мен 
әдіскерлер қазақ тілін үйретуде ең жиі қолданылатын бастапқы 


11
лексикалық минимумға баса назар аударып, оны күнделікті жұ-
мыстарына  негіз  етсе,  тіл  үйретудің  де  сапалық  деңгейі  артар 
еді.  Біз  осы  жобаны  жүзеге  асыруда  ең  алдымен  ғалымдардың, 
әдіскерлердің, мұғалімдердің назарын осыған аударғымыз келді. 
Әрине,  бұл  әдіс теме  саласындағы  бұрын  белгісіз  болып  келген 
беймәлім мәселе емес. Біздің мақсатымызды белгіліні нақтылау, 
барды  ұқсату  деп  ұғынған  жөн.  Күнделікті  қажетті  лексиканы 
әр сабақта оқытушылар да ұсынып жүргенін білеміз. Оған қоса, 
«ҚАЗТЕСТ» мамандары да лексикалық минимумдар дайындаған. 
Бұл жұмыс үстіміздегі жылы Білім және ғылым министрлігінің 
тапсырысымен орыстілді мектептерге арналған кешен ауқымын-
да  да  орындалыпты.  Мұндай  бастамашы  әріптестерге  сәттілік 
тілейміз. 
Біздің орталық 2015 жылдан бастап «Қазақ сөзі» жобасын жү-
зеге асырып келеді. Бұл жобаның негізгі мақсаты қазақ тілін үй-
ренушілерге ең қарапайым деңгейде білуге тиісті бастапқы сөздік 
қорды ұсыну. Осы арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге 
болады деп ойлаймыз: 
- белсенді лексикаға тіл үйренушілердің жіті назарын аударады;
- тіл үйренудегі жүйелілікті қалыптастырады;
- тілді игерудің нәтижелі болуына бағыт береді;
- тек қажетті лексикалық бірліктерді меңгертеді;
- қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіруге үлес қосады.
Әрине,  әр  бастаманың  толықтырар  тұстары  боларын  түсі-
неміз. Мұндай бастамашылық жұмыстар көпке ортақ, сондықтан 
бұл  бағытта  болашақта  атқарылар  жұмыстарға  ғалымдардың, 
әдіскерлердің, мұғалімдердің атсалысқаны жөн. 


12
К.Б.Жақсылықова                                                                                  
Қ.И. Сәтбаев атындағы 
Қазақ ұлттық техникалық 
Зерттеу университетінің профессоры, 
педагогика ғылымдарының докторы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ 
МӘСЕЛЕСІ
Аңдатпа.  Ұсынып  отырған  мақалада  мемлекеттік  тілді  ма-
мандыққа  қатысты  деңгейлеп  оқыту  мәселесі  қарастырылады. 
Мемлекеттік  тілді  деңгейлеп  оқыту  тіл  үйренушілердің  жалпы, 
академиялық қатынас және іскери-кәсіби қатынас саласы бойын-
ша  қатысымдық  құзіреттілігін  жеткілікті,  базалық  жеткілікті, 
базалық стандартты деңгейлерде қалыптастыруға мүмкіндік бе-
реді. Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытып, меңгерту ісінің соңғы 
нәтижесі оқу-әдістемелік кешеннің жасалу сапасына тікелей бай-
ланысты. Тілді деңгейлеп оқытуда үйренушілерге берілетін білім 
мазмұны оның оқу-әдістемелік кешінінде көрініс береді. Мақала-
да тілді деңгейлеп оқыту жүйесіне арналған оқу-әдістемелік ке-
шеннің икемділік, жүйелілік, сабақтастық, түсініктілік, тиімділік, 
өзектілік, танымдылық сияқты шарттарға негізделе жасалуының 
ұтымдылығы сөз болады.
Кілт сөздер: деңгей, мемлекеттік тіл, ұлттық стандарт, жүйе, 
сапа, құзыреттілік.
Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  үкіметі  ұстанып 
отыр ған Тілдердің үштұғырлылығы саясатында мемлекеттік тіл-
дің қызметіне басымдылық беріліп отырғаны баршаға мәлім. Со-
нымен байланысты көптілді тұлғаның мемлекеттік тілді меңгеруі 
оның біліктілік сапасын көтеріп қана қоймайды, қазақша ғылым 
тілін,  ресми  іскери  қарым-қатынас  тілін  дамытып,  толыққанды 
қызмет  етуіне,  сонымен  байланысты  қоғамның  линвистикалық 
интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, елімізде адами капиталдың 
қалыптасып, жетілуіне өз үлесін қосады.


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау