Қарабаева Ханшайым Әбдутәліпқызы



жүктеу 171,22 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі171,22 Kb.
#312

Қарабаева Ханшайым Әбдутәліпқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к.

«Лингвоарна» орталығының директоры

Алматы қаласы
ӘДІС КІЛТІ – ІЗДЕНІС
Кілт сөздер: қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, дендей оқыту әдісі, қазақ тілінің грамматикасы, әдістеме терминдер, лексико-грамматикалық құрылы.
ХХІ ғасырда қазақ тілі шет тілдерімен бәсекеге түсе бастады. Орыс, ағылшын тілдері сияқты халықаралық деңгейде қолданылатын беделі зор тілдермен бәсекеге түсу қазақ тілі үшін оңай түспеуде. Алайда, бір қарағанда тіліміздің болашағына қауіп төндіретіндей көрінетін осы бір бәсекелестіктің біз үшін пайдалы тұстары да баршылық. Ең алдымен, бәсекелестік – күш сынасып, сайысқа түсу, өнер таластыру. Осы тұрғыдан алғанда, мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ тілі сөздік қоры, сөздік құрамы және адам ойын бедерлі суреттей алатын икемділігі жағынан да өзге тілдердің қай-қайсысынан да қалыс қалмайды. Тіл мамандарының мұны мойындағаны, ғылыми негізде дәлелдегені қашан. Демек, қазақ тілі - ретін тауып баптап, керегімізге жарата білсек, берер мәуесі мол қазына.

Бүгінгі қоғамдағы тілдер бәсекесі спорттағы эстафета жарысына ұқсайды. Межелі мәрені кім қалай өтеді? Тіл үйренушіміздің бабы қандай, үйретушіміз қандай амал жасауда деген сауалдар сұранады.

Біле білсек, қазір тіліміздің жаңа серпін алуына зор мүмкіндік жасалып отырған кез бұл. Әйтпесе, осыдан жиырма жыл бұрын қазақ тілін үйренейін деп келген шетелдікті қайдан көріп едік? Шетелдік емес, өз студенттеріміздің арасында өз еркімен қазақ тілін үйренгісі келетіні, сізбен қазақ тілінде сөйлескісі келетіні көп пе еді? Алайда, заман өзгерді. Бізге тілеулес, тілімізге жанашыр, тіпті тілімізге сүйіспеншілігі оянғандар қаншама. Олай болса, шын мәнінде қазақ тілі үшін қам жейтін болсақ, пайдасы бар белсенді әрекетке «жатқан қалар, шапқан озар» деп, бар іскерлігімізді, білімімізді, қарым-қабілетімізді жұмсайтын кез.

«Қазақстан -2050» Стратегиясында елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», - деп атап көрсетті. Бүгінгі тіл мәселесіне қатысты мемлекет саясатының түпкі мақсатын «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы, ағылшын тілін меңгеру еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» - деп айшықтады. Сол арқылы алдыңғы қатарлы 30 мемлекет сапынан көрінуі тиіс қазақ елінің мемлекеттік тілі де әлем таныған халықаралық тілдер қатарынан орын алуы Қазақстанның Тіл саясатындағы маңызды басым бағыттарының бірі ретінде нақтыланып отыр.

Олай болса, мемлекеттік тілді оқытуды соны технология, үздік әдістеме негізінде жүйелі жүргізу – заман талабы, қоғам үшін стратегиялық маңызы бар әлеуметтік-саяси жоба. Елбасы көрсеткен межеде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды атқаруына жол ашатын заманауи технология, ғылыми-практикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіру және оларды тіл үйрету үдерісінде іс жүзінде қолдану бағытындағы жүйелі жұмыс маңызды заманауи қадамдардың жасалуын қажет етеді. Сол арқылы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, екінші тіл ретінде және шет тілі ретінде оқытудың жаңа сапалық көрсеткішіне қол жеткізіліп қана қоймай, ең бастысы, оның мемлекеттік мүддеге сәйкес қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған үлесінің еселене түсуіне жол ашылмақ.

Бұл ретте халықаралық деңгейде қолданылатын ағылшын, орыс тілдерін оқыту тәжірибесінен аларымыз мол. Мәселен, әлемдік тәжірибеде тіл оқыту тіл үйренушінің коммуникативтік деңгейін анықтайтын өлшемдер негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан қазақ тілін Қазақстан азаматтарына мемлекеттік тіл ретінде, шетелдіктерге шет тілі ретінде оқыту барысында тілді деңгейлік оқытудың дүниежүзілік жетістіктері ескеріліп, қазақ тілін меңгеру деңгейін, әдістерін айқындау практикасын жетілдіру сапалық тұрғыда тиімді болмақ.

Қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаушы, ұлы реформатор
А. Байтұрсынұлы 1928 жылы «Жаңа мектеп» журналында «Қай әдіс жақсы» деген атпен мақала жариялаған. Содан бері ғасырға жуық уақыт өтсе де,
А. Байтұрсынұлының мақаласына арқау болған мәселе өзектілігін жоймаған. Керісінше бүгінгі қазақ тілі мамандары үшін де күн тәртібіндегі аса бір маңызды, күрделі мәселелер қатарында саналып отыр. Әрине, Ахмет Байтұрсынұлының әдіс туралы көпшілікке ой салып, пікір айтудағы мақсаты мен біздің бүгінгі мақсатымыз арасында елеулі айырмашылықтар бар. Соған қарамастан, А. Байтұрсынұлының әдіс және оның ерекшелігі туралы айтқандары қайталап оқыған сайын әрқайсымызға тың ой салары хақ.

Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов: «Әдіс керекшіліктен шығады» дейді. Олай болса, бүгін біздің әдіс туралы тағы да қайталап сөз етуіміз де сол «керекшіліктен» туындап отыр. Ол – мемлекеттік тілді білуге мүдделі Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге тіл үйрету саласында сапалы қызмет көрсетумен байланысты туындап отырған қажеттілік. Сапалы қызметтің кепілі – тіл үйретудің ұтымды әдістерін іздеп табу, қажет болған жағдайда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын тың әдіс түрін жасап қолдану және оны өзгелерге үйрете отырып, білікті әдіскерлерді даярлау.

Қай әдіс тиімді? Оның жақсы-жаманын қалай ажыратпақпыз десек, оған Ахмет Байтұрсынұлы « ... әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген. Және өз ойын Лев Толстойдың: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір әдісті ғана болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу; керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу», -деген сөздерімен толықтыра түседі.

Демек, қандай әдіс болмасын, оның жұмсалатын орны болады. Орнымен жұмсалған әдіс жақсы нәтиже берсе, орынсыз жұмсалған тамаша әдістің өзі сәтсіз болуы мүмкін. Сондықтан А. Байтұрсынұлының мақаласында келтірілген Л. Толстой сөзімен: Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - дейміз. Демек, әдіс оқытушыға – көмек. Ол – шеберліктің кепілі. Өз заманымыздың тұрғысынан алғанда бәсекелестікке қабілеттіліктің белгісі, материалдық игіліктің көзі деп түсінген жөн.

Тіл үйрету барысында көмек боларлық әдіс-тәсілдерді сұрыптай отырып қолданамыз. Сұрыптап алу дегеніміздің мәні тіліміздің ерекшелігін ескеру. Оның себебін Ахмет Байтұрсынұлы сөзімен айтар болсақ: «бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс, екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін». Қазақ тілін үйрету барысында сол анықталған әдістердің қай-қайсын қолданып жүрміз? Қайдан не іздейміз? Кімнен қалай үйренбекпіз?

Интернет жүйесінде берілген статистистикалық мәліметтерге сүйенсек, шет тілдерін оның ішінде ағылшын тілін оқып үйрену үшін қолданылатын әдіс түрлерінің жалпы саны елуді еңсеріп тастаған. Және сайт жасаушылардың айтуынша бұл нақты мәлімет емес, көрсеткіш саны бұдан да көп болуы мүмкін деп ескертеді [1]. Демек үйренерлік нәрсе жеткілікті. Оларды оқып үйрене отырып, қазақ тілін үйретуде өзімізге көмек боларлық әдіс-тәсілдерімізді сұрыптап алу. Сұрыптап алу дегеніміздің мәні тіліміздің ерекшелігін ескеру. Олай болатын себебін Ахмет Байтұрсынұлы сөзімен айтар болсақ: «бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс, екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда бірне жақсы болған ... әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды» [2]. Қазақ тілін үйрету барысында сол анықталған әдістердің қай-қайсын қолданып жүрміз?

Сонымен интернет желісі арқылы тіл мамандары мен әдіскерлеріне бұрыннан танымал:

Грамматика-аударма әдісі (Грамматика-переводной метод)

Лексика-аударма әдісі (Лексико-переводной метод)

Коммуникативті әдіс (Коммуникативный метод)

Жеделдете оқыту әдісі (Интенсивные методы)

Табиғи әдіс (Натуральный метод)

сияқты әдіс түрлерімен қатар, тіл үйрету саласындағы әдіскер зерттеуші мамандары бірнеше авторлық әдістер туралы да құнды мәліметтер табуға болады. Олар:



Китайгородская әдісі

Коменский әдісі

Денис Рунов әдісі

Драгункин әдісі

Вотинов әдісі

Лозанов әдісі

Палмер әдісі

Уэст әдісі және т.б.

Демек, қазақ тілін үйретуші мамандар үшін үлгі боларлық әдіс түрлері жеткілікті. Тек оларды меңгеру үшін шығармашылық ізденіс қажет. Бұл мақалада аталған әдіс-тәсілдерге кеңінен тоқталып, талдау жасау мақсаты көзделмейді. Дегенмен де бүгінгі таңда біршама жақсы нәтиже беріп, тіл үйренушілердің сұранысына жауап беріп жүрген әдіске тоқталып өткен жөн болар. Мысалы, соңғы кездері жекелеген тіл үйрету орталықтарында қолданылып жүрген әдіс түрі «Метод полного погружения» деп аталады. Әдіс атауының қазақша баламасы ресми қолданысқа түспеген. Соған қарамастан, өз тарапымнан әдіс атауын қазақ тілінде қолдану мақсатын көздеп, ізденуге тура келді. Нәтижесінде қазақ тілінде бұрыннан қолданылатын дендеу сөзіне таңдау түсті. Қазақ тілінде «ден» лексемасының қатысуымен жасалған ден қою, дендеп кету тіркестері тілімізде пәрменді қолданылады. «Синонимдер сөздігінде» дендеу сөзінің меңдеу, жеңу, иықтау, асқындау сияқты синонимдік қатарлары берілген. Олардың негізгі мағынасы «үстемдік алып күшею, басымдық көрсету» деп түсіндіріледі [3]. Осы тұрғыдан алған дендеу лексемасы «Метод полного погружения» әдісінің қазақша баламсын жасауға мейлінше дәл беруге әлеуеті толық жеткілікті, құрылымы қарапайым әрі айтуға да жеңіл болғандықтан, өз мақалаларымда қолданып, дендей оқыту, дендей оқыту әдісі немесе қысқартып дендеу әдісі түріндегі нұсқалары қолданылды.

Сонымен шет тілдерін оқыту барысында қолданылатын танымал әдістердің бірі саналатын дендеу әдісінің тарихына қысқаша тоқталып өтейік.

Дендеу әдісінің Берлиц әдісі деп аталатын варианты да қолданылады. Бұл эпонимнің жасалуына негіз болған неміс және американдық лингвист, Максимилиан Дельфиниус Берлиц (1852-1921) есімі еді. Зерттеушілер Берлицті шет тілін үйретудің әдісінің негізін қалаушы әрі дендеу әдісімен тіл үйрететін халықаралық мектеп жүйесінің негізін қалаған педагог деп біледі.

Максимилиан Берлиц 1852 жылы Шварцвальдте оқытушылар отбасында туылып, 1870 жылдары АҚШ-қа қоныс аударған көрінеді. 1872 жылдары неміс, француз тілдерінен жеке сабақтар берумен айналысады. 1878 жыл АҚШ-та шет тілдерін үйретумен айналысыатын алғашқы мектеп ашып, өз методикасын енгізеді. Шындығында, дендеу әдісінің қалыптасуына бір кездейсоқ оқиға себеп болған көрінеді. Бір күні Берлиц ауырып қалып, француз тілі сабағын өткізуді Николас Джоули атты француз әріптесіне тапсырады. Алайда, әріптесі ағылшын тілін мүлдем білмейтін болып шығады. Соған қарамастан, тек француз тілінде өтілген сабақ ағылшын балаларына қатты ұнап қалыпты-мыс. Бұл әдістің жақсы нәтиже беретініне көзі жеткен Берлиц 1880 жылы және бір мектеп ашады. Көп кешікпей Берлиц мектептері АҚШ-тың барлық жерлерінде, кейін шетелдерде ашыла бастайды. 1900 жылы Париждегі дүниежүзілік жәрмеңкеде Берлиц әдісі ресми түрде жұртшылыққа таныстырылады. ХХ ғасырдың басында Берлиц мектептері Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында да ашылған көрінеді. Тарихи деректер Берлицтің ІІ Николайға ағылшын тілін үйреткендігі туралы айтады.

1878 жылы "Международное общество школ Берлица" ("The Berlitz Schools of Languages") компаниясының негізі қаланып, профессор Берлицтің алғашқы кітабы жарияланады, онда жаңа тәсілдің негізгі қағидалары, тіл үйрету кезеңдері (цикл), грамматиканы үйрету барысында қолданылатын «біртіндеп құрау» ("постепенного построения") әдісі баяндалады. Алайда Берлицтің әлемдік деңгейде танымал болуына себеп болған нәрсе: бейфилологтар конгресіне қатысушы біреудің «берлиц жаңалағы» туралы көлемді мақала жасауы болыпты. Осы жағдай жаңа әдістің кеңінен танылуына ұйытқы болыпты. Дендеу әдісінің негізгі қағидалары ретінде мыналар аталады:

- бірінші, ең әуелі сөйлеу дағдысы үйретіледі, содан соң ғана оқу, жазу дағдыларын меңгертуге ден қойылады;

- екінші, лексика мен грамматика әңгімелесу барысында, демек табиғи жағдайда, қызықты әңгіме айту барысында үйретіледі;

- үшінші, тілді жақсы білетіндер ғана оқытушы бола алады;

- төртінші, тіл үйренушілер белсенді жұмыс жасайды;

- тіл үйренушінің ана тілі, аударма мүлдем қолданылмайды.

Максимилиан Берлиц мектебінде оқитындарға қойылатын басты және негізгі шарт – тіл үйренушінің ана тіліне аударма жасамау. Мұндағы мақсат тіл үйренушіні жаңа тілде ойлауға дағдыландыру. Сондықтан ана тілінің ықпалын мейлінше болдырмауға күш салынған. Өне бойы аудармаға иек артқан тіл үйренуші ана тіліндегі сөздердің нақты баламасын жаңа тілден іздеумен болады. Шындығында, әр тілдегі сөздердің баламалары бір-бірен дөп келе беруі неғайбыл. Мысалы: Ботагөз деген адам есімін орыс тіліне дәлме дәл аудару қазақ тіліндегі көркемдікті жоғалтып алады. Сондықтан аударманы болдырмау жаңа тілдегі сөздер мен оның мағыналық иірімдерін тез қабылдауға мүмкіндік береді.

Берлиц әдісімен оқытудың өзіндік жүйеге немесе сатыға негізделген. Оның бірінші сатысы кіріспе деп аталады. Кіріспе сатысында тіл үйренуші жаңа ұғымдармен танысады. Сөздер мен сөз тіркестерінің мән-мағынасын түсініп, ажырата бастайды. Ешкімнің көмегінсіз оларды қажетіне қарай өзі қолдана бастайды. Бұл практика сатысы болмақ.

Берлиц әдісі негізінде ХХ ғасырдың қырықыншы жылдары болгар лингвисі Лозанов әдісі жасалды. Аталған әдіс бойынша тіл үйрену «тез әрі терең» деген қағиданы ұстана отырып жүзеге асырылады. Тіл үйренуші үшін арнайы орта жасалып, санаулы күннің ішінде айтарлық нәтижеге қол жеткізіледі. Міне, сондықтан бұл әдіс түрлі шет тілдерін оқытуда қолданылатынын байқадық. Атап айтқанда түрік тілінің (Алматыдағы «Томер» орталығы), неміс тілі (Берлиндегі «Хатнак шуле» тіл мектебінде) шетелдіктер үшін осы әдіс бойынша оқытылады. Бүгінде қазақ тілін оқыту үшін де дендеу әдісі қолданыла бастады. Белгілі бір тілді үйрету немесе үйрену барысында арнайы орта қалыптастыра отырып, сол ортада белгілі бір тілге (біздің жағдайымызда қазақ тіліне) ғана үстемдік беріп, таң ертеңнен кешке дейін атқарылатын іс-әрекет, жасалатын қарым-қатынас тек қана осы тіл негізінде жүзеге асырылатындықтан, ол тіл адамдардың ой-сезімін меңдеп алады. Сондықтан бұл әдіс дендеу әдісі деп аталуға әбден лайық.

Зерттеушілердің айтуына қарағанда, дендеу әдісінің кемшіліктері де баршылық. Атап айтқанда, бұл әдіске (толық дендеу барысында) негізделген сабақ барысында тіл үйретуші мен үйренуші бір ғана тілде сөйлеседі. Ана тілінің немесе басқа бір дәнекер тілдің көмегіне жүгінбейді. Сондықтан психологиялық қиындықтарға да тап болады. Түсінсе де, түсінбесе де барға қанағат етуге мәжбүр болады. Тілдік деңгейі шамалас адамдардың ішінен әртістік қабілетпен ерекшелінітіндері ғана белгілі бір деңгейде жақсы нәтижелер көрсетеді. Дегенмен олардың өзі де тығырыққа тірелетін көрінеді. Оның басты себебі өз ойларын, пікірін еркін жеткізе алмау, ұсынылған материалдар жетімсіз, өздігінен сөйлем құрастыру мүмкіндіктері шектеулі, грамматикалық материалдар қарастырылмаған.

Кейбір тіл мамандары дендеу әдісі бір қарағанда грамматика мен аудармаға негізделген әдістің қарама-қарсы шешімі. Грамматика және аударма әдісі тілге жалпылама, таза теориялық түсініктеме беруге негізделеді деп санайды. Сондықтан белгілі бір мөлшерде лексикалық және грамматикалық материалдардың қатар беріліп отыруы тиімді болмақ. Тіл үйрету жұмысы тек бір ғана әдіс тәсіл емес, ыңғайына қарай бірнеше әдіс тәсілдің қосындысы бола алады. Мысалы: дендеу +грамматика +аударма. Әрине бұл ретте топтың ерекшеліктеріне қарай сабақ ұйымдастырылады. Сабақтың ұзақтығы, оған қатысушылардың жас ерекшелігі назарда болады. Мысалы жеделдетілген дендеу сабақтарының ұзақтығы әдетте күніне 5-8 сағаттан 1-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Бұл ретте тіл үйренуші міндетті түрде негізгі оқуынан не жұмысынан қол үзуге мәжбүр болады. Әрине тұтынушының сұранысына қарай бұл мерзімге өзгерістер енгізуге болады. Әдіске негізделген сабақ барысында грамматикалық әрі лексикалық қоры бола тұра, сөйлеу дағдысы қалыптаспаған, өзгелердене естігенін түсіне алмай қиналатын ересектер, немесе балалар мен жасөспірімдер қатысқанда не істеу керек. Әдіскердің мақсаты аталған және өзге де ерекшеліктерді болжай отырып, әрекет ете алуында.

Әдетте, қазақ тілі де өзге тілдерді үйрету барысында қолданылатын классикалық үлгі болып табылатын грамматика-аударма, лексика-аударма әдістері негізінде үйретіліп келді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары практикалық кафедраларда негізінен осы әдіс түрлеріне көбіне ден қойылды. Басты себеп, бұл әдістердің ұзақ жылдар бойы орыс және ағылшын, неміс тілдерін үйрету барысында кеңінен қолданылуында еді. Өйткені қазақ тілі теориясының ғылыми тұрғыда зерттелуі жақсы жолға қойылғанмен, оны шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытудың қажеттілігі болмағандықтан, оның методикасын жан-жақты зерттеп, ғылыми жолға салу, осыған сәйкес маман даярлау ісі кенжелеп қалған болатын. Сондықтан орыс тілді аудиториядағы қазақ тілін үйрету өзіміз шет тілін оқып үйрену барысында қолданып, дағдыланып қалған классикалық үлгіні басшылыққа алу негізінде жүзеге асырылды. Сонымен қазақ тілін үйрету негізінен белгілі бір грамматикалық тақырыпты меңгерту, соған байланысты жазбаша, ауызша жаттығу тапсырмаларын орындату, жаңа сөздерді беріп, оларды жаттатуға негізделді. Осылайша тілдің теориялық негіздерін үйретуге көңіл көп бөлініп, уақыт та көп жұмсалды. Нәтижесінде, тіл үйренуші қазақ тілі жалғауларының аты мен затын білсе де, сөздік қоры біршама түзілсе де, ондағы сөздерді байланыстыруға келгенде, қиналып жатты. Сондықтан да тіл үйренушілеріміздің көбінде «қазақ тілі толып жатқан қосымшалардан тұратын тіл, оның қайсысын қай кезде қолдану керектігін білу мүмкін емес» деген пікірлер де қалыптасып үлгерді.

Кейін келе грамматикалық тақырыптарымыз лексикалық тақырыптарды меңгертумен алмастырыла бастады. Оның мәнісі – белгілі бір мәтінді оқыту, оны аударту, сөздік жасату, мәтін бойынша жаттығулар орындату, оны мазмұндату сияқты жұмыс түрлерін орындату. Мәтін тақырыптары елтану бағытында іріктелді.

Әрине, бұл екі әдіс түрлері бүгінде де кеңінен қолданылуда. Өз тарапымыздан оны түрлендіріп, кейде кезек қолданып жүрген жағдаймыз да бар. Мұны шығарылып жатқан оқулықтардың құрылымынан да, қолданыстағы бағдарламалардың мазмұнынан да аңғаруға болады. Кейде қазақ тілі оқытушылары өзді-өзі кездесе қалғанда немесе алқалы жиындарда бас қосқанда да «Сіздер грамматиканы қолданасыздар ма?» немесе «Біз тек мәтінмен жұмыс істейміз, сіздер ше?», «Біз грамматиканы мәтінге байланысты, онда кездесетін кейбір грамматикалық үлгілерден оқытушымыз қателіктер жіберіп алып жатқанда ғана қолданамыз, ал сіздер ше?» деген сауалдар ауанынан аңғаруға болады.

Бұған берер жауабымыз: әрине, грамматиканы мақсатқа сай орнымен, шақтап, ықшамдап берудің артықшылығы жоқ. Тіпті аса қажет болып тұратын жерлері де бар. Бұл ретте бірнеше жағдайлардың ескерілгені дұрыс болмақ. Атап айтқанда, ең алдымен тіл үйренушінің мақсатын білу – маңызды. Ол үшін өзара кеңесе отырып, жоспар жасап алған орынды болмақ. Олай дейтін себебіміз, тек қана ауызекі сөйлеуді меңгергісі келетіндер де немесе грамматиканы тереңірек білу арқылы қазақша сөйлеу дағдысын жетілдіргісі келетіндер де кездеседі. Мәселен, орыс мектебінде оқитын оқушылар қазақ тілінен тест тапсыру үшін грамматиканы білуді қажет етсе, мекеме қызметкерлерінің біразы қазақ тілін жақсы білгенімен, сауатты жазу үшін грамматикалық біліктілігін пысықтап алғанды жөн көреді және т.с.с.

Екіншіден, қазақ тілін үйрету барысында тіл үйренушінің жас ерекшелігі ескеріле отырып, жоспар жасалуы тиіс. Бұл да істің соңғы нәтижесіне игі ықпал ететін маңызды тактиканың бірі. Қазақ тілін үйренушілер қатарында балабақша жасындағылар мен зейнеттік жасқа таяп қалғандар да кездеседі. Оларға грамматиканы үйрету тиімді бола ала ма? Ойланайық. Бұл ретте табиғи әдісті пайдаланған ұтымды емес пе? Ересектеріміздің мамандығы филология саласынан тым алшақ болса, онда не істемекпіз?

Үшіншіден, тіл үйренуші қазақ тілін қай деңгейде меңгерген? Оны анықтаудың тиімді тетіктері бар? Оны қалай қолдануға болады?

Төртіншіден, тіл үйренуге бөлінген уақыт грамматикалық материалдарды түгел қамтуға мүмкіндік бере ме? Уақыт шектеулі болғанда грамматикалық материалдарды қалай сұрыптап беруге болады?

Бесіншіден, грамматикалық материалдарды іріктеу барысында қандай қағидаттар басшылыққа алынады?

Міне, осы сияқты сұрақтар әр сабағымыздың мазмұны туралы ойлануға, сол арқылы тиімді жоспар жасауға, жоспарға сай әдіс түрлерін тағдап қолдануға мүмкіндік береді.

Жалпы грамматикалық минимумды білу мемлекеттің бүгінгі тіл саясатының өзінен туындап отырған қажеттілік. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өз функциясын абыройлы атқару үшін қоғамның әр саласында қызмет істейтін мамандар мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жүргізуге, сол арқылы өздерінің кәсіби маман екендіктерін танытуға тырысуы оның азаматтық ұстанымының бір көрінісіне айналуы тиіс. Өздеріңізге белгілі Үкімет тарапынан бекітілген ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген шетелдіктердің тілдік біліктіліген анықтауға негізделген. Және бұл шара өркениетті елдердің барлығында қолданылады. Міне, осы жүйе бойынша жасалған тест тапсырмаларының елеулі бөлігі лексика-грамматикалық тапсырмалардан тұрады. Демек, осы тұрғыдан келгенде, грамматикалық материалдар да назардан тыс қалмауы керек.

Сонымен қатар қазақ тілінің өзіндік табиғаты тіл үйренушінің грамматиканың ең қарапайым, ең маңызды түрлерін меңгеруге мүдделі етеді. Бұның мәнісі неде? Айталық, қазақ тілін үйренушілердің дені орыс тілділер. Ал, шетелдіктер негізінен ағылшын тілін меңгергендер болып кездеседі. Сондықтан олар қазақ тілін үйрену барысында оны өз ана тілімен немесе ағылшын, орыс тілдері сияқты дәнекер тілдермен салыстыра отыра үйренеді. Демек, олар саналы түрде болсын, бейсаналы түрде болсын лексика-аударма әдісіне сүйене отырып, өз ойын жеткізуге тырысады. Олай болса, мәселен, ағылшын тілінде ең бірінші кезекте үйретілетін модальді форма деп аталатын үлгіні қазақша қалай беруге болады деген заңды сұрақ туындайды. Өйткені бұл форманы жасауға ұйытқы болатын сөздер екі тілдің де лексикалық минимумдарына енген. Ал, қазақ тілін үйренушілер үшін жасалған минимум ішінде оларды таба алмайсыз. Ол неліктен? Сонда тіл үйренуші орыс тілді болса, өзі жиі қолданатын «хотеть», «уметь», «мочь» сөздерінің баламасын қазақша қалай бермек? Тәжірибе көрсетіп жүргендей, орта мектепті, жоғары оқу орындарын бітірген тіл үйренушілеріміздің көбі «Қазақша сөйлей аласыз ба?», «Не үшін үйренгіңіз келеді?» деген сұрақтарды жалпы түсінгенімен, оларға жауап беру барысында «Я хочу ...», «Я умею ... » деген сөздердің қазақша аудармасын таба алмай қиналып жататынын көреміз. Өйткені қазақ тілінде жоғарыда келтірілген сөздердің тура баламасы болатын жеке сөздер жоқ. Ол мынадай:

-ғы


-гі

ЕТ(түб.) + -қы + ТЖ келу

-кі

немесе


-айын

-ейін


ЕТ(түб.)+ -айық деп еді +ЖЖ

-ейік
күрделі лексико-грамматикалық тіркес арқылы беріледі. Және бұл сияқты лексико-грамматикалық тіркес арқылы берілетін белгілі бір ұғымды білдіретін сөздердің қатары бірлі-жарым ғана емес, елеулі десек болады. Ал, оларды лексикалық минимум сөздіктерде беру қарастырылмаған.

Мұндай тіркестерді лексико-грамматикалық құрылым, лексико-грамматикалық тіркес, лексико-грамматикалық конструкция сияқты бірнеше вариантта атап жүрміз. Кейде осы құрылым негізінде үйрету жолын формула әдісі деп шартты түрде атауға болады.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін үйрету барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, мақсатқа сай оларды орынды қолдана білу ізденіс, тәжірибе, шеберлікті қажет етеді.


Пайдаланған әдебиет:


  1. http://filolingvia. сom.

  2. А. Байтұрсынұлы. Шығармалар жинағы. – Алматы, «Ел-шежіре», 2013. 3-том. -382 б.

  3. Синонимдер сөздігі. /құраст.: Болғанбайұлы Ә./. –Алматы, «Дайк-пресс», 2001. -311 б.

  4. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 2012. http://www.inform.kz/kaz/article.

жүктеу 171,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау