Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет4/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

13
Бүгінгі  күні  мемлекеттік  тілдің  қоғамдағы  қолданыс  аясын 
кеңейту  –  мемлекеттік  саясаттың  маңызды  бөлігіне  айналып 
отыр. Соған сәйкес мемлекеттік тіл саясатының басты бағытта-
ры мен оны орындау барысында жүзеге асатын негізгі міндеттер 
айқындалған.
Соның  бірі  –  мемлекеттік  қызметшілерге  мемлекеттік  тілді 
оқытып-үйрету  курстарын  ашуды  кеңейту  және  оны  оқытудың 
жаңа технологияларын тәжірибеге енгізу. 
Еліміздің  қоғамдық-әлеуметтік  саласының  барлық  бағытын-
да қызмет істейтін маман, қазақстан азаматы, мемлекеттік тілді 
еркін меңгеріп, өмірдің кез-келген саласында, кәсіби бағытта өз 
ой-пікірлерін  қазақша  дұрыс,  түсінікті  жеткізіп,  сауатты  жаза 
білуі  қажет.  Осы  жағдайға  байланысты  қазіргі  уақытта  мемле-
кеттік  тілді  жеделдете  деңгейлеп  оқытып  үйрету  ісі  қолға  алы-
нып,  оның  оқу-әдістемелік  кешені  жасалуда.  Мемлекеттік  тілді 
деңгейлеп  оқыту  мақсаты  –  мемлекеттік  тілді  оқытып  үйретуді 
дүние жүзілік еуропалық стандарттық үлгілерге жақындастыру.
Мемлекеттік  тілді  деңгейлеп  үйрету  курсы  үйренушілердің 
кәсіби салада, өндіріс орындарында, ғылыми ортада қазақша са-
уатты сөйлеу әдебі мен мәдениетінің деңгейін жетілдіруге бағыт-
талған.  Тәжірибеде  мемлекеттік  тілді  деңгейлеп  оқыту  А2  дең-
гейіне  сәйкес  Жеткілікті  деңгей;  В1  деңгейіне  сәйкес  Базалық 
жеткілікті деңгей; В2 деңгейіне сәйкес Базалық стандартты дең-
гейді қамтиды.
Мемлекеттік тіл бойынша білімдерін тексеруге арналған диа-
гностикалық тест және жеке сұхбаттасу жұмыстары нәтижесінде 
үйренушілер үш деңгейге бөлінеді. Мемлекеттік тілді деңгейлеп 
оқыту жүйесі деңгейлік тәсілді қолданатын Қазақстан Республи-
касының ұлттық стандартына сай жүргізіледі, соған байланысты 
курс төмендегідей деңгейлер бойынша іріктеледі: 
Жеткілікті деңгей, А2 деңгейіне сәйкес – «Жалпы қазақ тілі»
• Базалық жеткілікті деңгей, В1 деңгейіне сәйкес – «Академия-
лық қазақ тілі»
• Базалық стандартты деңгей, В2 деңгейіне сәйкес – «Іскерлік 
қазақ тілі»


14
«Жалпы қазақ тілі» – А2 деңгейіне сәйкес – курсты мемлекет-
тік тілді меңгеру талаптарына сай құрастырылып, өткізілген диа-
гностикалық тест бойынша қазақ тілінен білім көрсеткіші А1 – А2 
деңгейін көрсеткен үйренушілер оқиды. Бұл бөлімде грамматика-
лық және лексикалық материалдармен, сонымен қатар төрт түрлі 
сөйлеу әрекеттері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойын-
ша үйренушілердің білім, білік және дағды деңгейлерін одан әрі 
ұштауға қажетті жұмыс (сөз тіркестерімен сөйлем, сөйлеммен диа-
лог, мәтін құрастыру және т.б.) жүйесін жүзеге асыру көзделеді. 
«Академиялық қазақ тілі» В1 деңгейіне сәйкес – курс сөйлеу 
тілінің ерекше қырын, яғни ғылыми еңбектер мен мақалалардың, 
ғылым  тілін  меңгертуді  көздейді.  Оған  абстрактылы  сөздермен 
қатар  ғылыми  терминология,  сөйлемнің  күрделі  құрылымдары, 
тілдің ғылыми публицистикалық стилі мен жазбалары тән. Ака-
демиялық  қазақ  тілі  курсы  үйренушілердің  төрт  түрлі  сөйлеу 
әрекеті бойынша тілдік дағдыларын одан әрі жетілдірумен қатар, 
академиялық міндеттерге зейін қою, оларды талдап, сыни ой еле-
гінен өткізу сияқты білігі мен дағдыларын дамытады. «Академия-
лық қазақ тілі» курсы келесідей негізгі бөлімдерді қамтиды:
Академиялық оқылым  – іздеп оқу, ішінара қарап шығып оқу 
және мұқият оқу, оқығанын сыни ой елегінен өткізу; шолу, түйін-
деме  немесе  эссе  жазу  үшін  қазақ  тіліндегі  әдебиеттерді  оқып, 
олардың ішінен өзіне қажетті ақпаратты табу, оған оны қабылдау 
және өзіне қажетті мәліметті конспектілеу сияқты білігі мен дағ-
дысын дамытуға бағытталады.
Академиялық тыңдалым – алдына қойған мақсатқа жету үшін 
дәрісті тыңдау, тыңдағанын түсініп, қабылдау және өзіне қажетті 
мәліметті конспектілеу сияқты құзыреттілігін кешенді дамытуды 
көздейді.
Академиялық жазылым – ойын жинақтап жаза білу, мәтін құрас-
тыру, академиялық эссе, баяндама, мақала жаза білу сияқты акаде-
миялық жазба тілдік білігі мен дағдысын дамытуға бағытталады. 
Академиялық айтылым (сөйлеу) – семинарлар мен іскери кез-
десулерге  қатысып,  академиялық  және  кәсіби  бағыттағы  тақы-


15
рыптарда презентация немесе баяндама жасау, пайымдау, пікірта-
лаластарда өз ойын ортаға салу сияқты құзыреттіліктерін кешенді 
дамытуды көздейді.
Академиялық сөздікқор – академиялық лексиканы жете мең-
геріп, контекст бойынша арнайы лексиканы ажырата білу білігі 
мен дағдысын дамыту. Әр түрлі ғылыми еңбектерді оқу барысын-
да арнайы ғылыми лексика мен терминологияны меңгеру арқылы 
сөздік қорын кеңейтуге бағытталады.
Курстың  негізгі  міндеттеріне  үйренушілердің  ауызша  және 
жазбаша  тілін  ғылыми  академиялық  қырынан  дамытуға  ар-
налған, оқу материалын конспектілеу, тақырып бойынша қажетті 
әдебиет терді табу, ғылыми мәтіндерді оқып, оны мазмұнын есте 
сақтау және қайта мазмұндауға машықтандыру сияқты әр түрлі 
жұмыстар жатады. 
«Іскерлік қазақ тілі» В2 деңгейіне сәйкес – қазақ тілі бойынша 
іскери қарым қатынасқа қажетті іскери кездесулерге дайындық, 
оны  өткізу,  презентация  дайындау,  іскери  хат  алмасу,  келісім-
шартқа  отыру  және  тағы  басқа  іскери,  құқықтық  құжаттарды 
құрас тыру  сияқты  қатысымдық  құзыреттілікті  дамытады.  Бұл 
курста үйренушілер іскери терминологияны меңгеріп, іс қағазда-
ры мен іскери құжаттарды сауатты толтыру білігі мен дағдысын 
және сауатты дұрыс сөйлеу тілін жетілдіреді. Бұл курста, сонымен 
қатар, үйренушілерді мемлекеттік тілде іс қағаздары мен құжат-
тарды сауатты толтыру, жазу білігі мен дағдысына машықтанды-
руға да баса назар аударылады.
Республикада мемлекеттік тілді оқытып үйретуді ұйымдасты-
ру ісінің осылай қарқынды қолға алынуы ғалым-әдіскерлер ал-
дына  оқыту  мазмұнын,  ұтымды  оқу-әдістемелік  кешенін  жасау 
қажеттігі туралы мәселе қояды.     
Ұсынып отырған мақалада мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту 
жүйесінің  негізгісі  болып  саналатын  оқу-әдістемелік  кешенінің 
мазмұны туралы мәселе сөз болмақ.
Олай болса, қазіргі міндет тілді жаңа бағытта оқыту мазмұнын 
айқындап, оның оқу-әдістемелік кешенінің моделін жасау қажет. 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау