Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет4/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

 

3.13.  Жұмыс  беруші  қызметкерге  жұмыс  берушінің  алдағы  уақытта  болатын  басқа 



жерге көшуі туралы екі ай бұрын кешіктірмей жазбаша хабарлауы тиіс.  

3.14.  Жұмыс  беруші  қызметкердің  еңбек  міндеттерін  орындауға  байланысты 

өндірістік  жарақаттануына,  кәсіптік  ауруға  шалдығуына  немесе  өндіріске  қатысы  жоқ 

денсаулығына  өзге  де  зақым  келуіне  байланысты,  медициналық  қорытынды  негізінде 

еңбекке  қабілеттілігі  қалпына  келгенше  немесе  мүгедектік белгіленгенге дейін  не  кәсіби 

еңбекке  жарамдылығынан  айрылуы  белгіленгенше,  оны  анағұрлым  жеңіл  жұмысқа 

уақытша  ауыстыруға  немесе  негізгі  лауазымы  бойынша  жалақысын  сақтай  отырып 

жұмыстан босатуға міндетті. 

3.15.  Жұмыс  беруші  қызметкерді  қайта  ұйымдастырумен  немесе  экономикалық, 

технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайының өзгеруіне және (немесе) 

жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы 

өзгерістерге  байланысты  болған  еңбек  жағдайларының  өзгеруі  туралы,  оның  тиісті 

мамандығы  немесе  кәсібіне, біліктілігіне  сәйкес  жұмысын  жалғастырған  кезде  бір  айдан 

кешіктірмей жазбаша ескертуге міндетті. 

3.16.  Еңбек  шартын  ҚР  ЕК  52-бабының  1-тармағы  1)  және  2)  тармақшаларымен 

көзделген  негіздемелер  бойынша  (ұйымды  тарату,  штатты  немесе  қызметкерлер  санын 

қысқарту) бұзған кезде, жұмыс беруші қызметкерді еңбек шартын бұзу туралы кемінде бір 

ай  бұрын  жазбаша  ескертуі  тиіс.  Қызметкердің  жазбаша  келісімімен  еңбек  шартын  бұзу 

ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.  

3.17.  Еңбек  шартын  ҚР  ЕК  52-бабының  1-тармағы  4)  тармақшасымен  көзделген 

негіздеме  бойынша  бұзу,  құрамында  қызметкерлердің  өкілі  қатысатын  аттестаттау 

комиссиясының  шешіміне  негізделуі  тиіс.  Қызметкерлерді  аттестациядан  өткізу  тәртібі, 

шарттары мен мерзімділігі білім саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен анықталады. 

3.18.  «Қазақстан  Республикасындағы  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  туралы»  ҚР 

Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен еңбек шартын бұзуға оған 

лауазымдық  айлық  мөлшерінде  өтемақы  төлеп,  еңбек  шартын  бұзу  күніне  дейін  кемінде 

бір  ай  бұрын  ескертіп,  ҚР  ЕК  52-бабының  1-тармағы  24)  тармақшасымен  көзделген 

негіздеме бойынша (зейнеткерлік жасқа жету) жол беріледі. 

 

IV. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты  

 

4.1.  Тараптар  қызметкерлердің  жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақыты  мәселелерін 

реттеу  кезінде  педагог  қызметкерлер  үшін  жалақының  (лауазымдық  айлықтың) 

ставкасына  аптасына  кемінде  36  сағат  жұмыс  уақытының  қысқартылған  ұзақтығы 

белгіленетініне негізделеді. 

4.1.1.


 

Педагог  қызметкерлердің  жұмыс  уақытының  нақты  ұзақтығы  жалақының 

ставкасына  белгіленген  педагогикалық  жұмыс  сағаттарының  нормаларын,  оқу 

жүктемесінің көлемдерін, оларға қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының 

режимі  туралы  Ережеге  (№4  қосымша)  сәйкес  ішкі  еңбек  тәртіптемесінің  ережелерімен 

және Жарғымен жүктелген қосымша міндеттерді орындауды ескеріп белгіленеді.  

4.1.2.

 

Қызметкерлердің  жұмыс  уақыты  колледждің  ішкі  еңбек  тәртіптемесінің 



Ержелерімен,  КК  дәлелді  пікірін  ескеріп  жұмыс  берушімен  бекітілген  оқу  кестесімен, 

жылдық  күнтізбелік  оқу  кестесімен,  сондай-ақ  еңбек  шартының  жағдайларымен, 

қызметкерлердің  лауазымдық  нұсқауларымен  және  оларға  колледждің  Жарғысымен 

жүктелген міндеттемелермен анықталады. 

4.1.3.

 

Басқарушы  қызметкерлер,  басшылық,  әкімшілік  және  көмекші  персонал 



қатарындағы қызметкерлер үшін аптасына 40 сағат жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы 

белгіленеді. 

4.1.4. Педагог қызметкерлерге және негізгі жұмысымен қатар оқытушылық жұмыс 

атқаратын  басқа  да  қызметкерлерге  жаңа  оқу  жылына  оқу  жүктемесі  кәсіподақ 

комитетінің пікірін ескеріп колледждің директорымен белгіленеді.  



 

4.2.  Колледж  негізгі  жұмыс  орындары  болып  табылатын  оқытушыларға  жаңа  оқу 



жылына  арналған  педагогикалық  жүктемені  белгілеу  кезінде,  әдетте,  оқу  топтарындағы 

оның  көлемі  мен  пәндерді  беру  бірізділігі  мүмкіндігінше  сақталады.  Оқытушыларға  оқу 

жылының  басында  белгіленген  педагогикалық  жүктеменің  көлемі  ағымдағы  оқу  жылы 

ішінде  әкімшіліктің  бастамасымен,  сондай-ақ  осы  бөлімнің  9-т.көрсетілген  жағдайларды 

қоспағанда, оны келесі оқу жылына белгілеу кезінде азайтылмайды. 

Оқытушылардың  педагогикалық  жүктемесінің  көлемі  жалақының  ставкасына 

сағаттар нормасынан көп немесе аз көлемде тек олардың жазбаша келісімімен белгіленеді.  

4.3.  Колледжде  негізгі  жұмысымен  қатар  қоса  жұмыс  атқаратын  тұлғаларға 

(басшыларды  қосқанда),  сондай-ақ  педагог,  басқарушы  және  басқа  ұйымдардың 

қызметкерлеріне (білім басқармалары органдарының және оқу-әдістемелік кабинеттердің 

қызметкерлерін  қосқанда)  кәсіподақ  комитетінің  дәлелді  пікірін  ескеріп  және  егер, 

колледж негізгі жұмыс орындары болып табылатын оқытушылар жалақының кемінде бір 

ставкасы көлемінде өз мамандығы бойынша оқытушылық жұмыспен қамтамасыз етілген 

болса, оқытушылық жұмыс беріледі. 

4.4.  Оқу  жылының  басында  бала  үш  жасқа  толғанға  дейін  оның  күтіміне 

байланысты еңбек демалысындағы немесе өзге демалыстағы педагог қызметкерлерге оқу 

жүктемесі  жалпы  негіздемеде  оны  кезекті  оқу  жылына  бөлу  кезінде  белгіленеді,  содан 

кейін    аталған  қызметкерлердің  тиісті  еңбек  демалыстарында    болу  мерзімінде  оны 

орындау үшін басқа оқытушыларға беріледі.                                            

4.5. Оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріне жоспарланбайды.  

4.6.  Оқу  жылы  ішінде  оқытушының  педагогикалық  жүктемесін  еңбек  шартында 

немесе колледж директорының бұйрығында келісілген жүктемемен салыстырғанда азайту 

немесе көбейту: 

а) тараптардың өзара келісімі  бойынша

б) мына жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен: 

-  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары  бойынша  сағат  санын  азайту;  сыныптар, 

топтар санын қысқартуы;  

-  өндірістік  қажеттілікке  байланысты,  орнында  уақытша  болмаған  қызметкерді 

алмастыру үшін педагогикалық жүктеменің көлемін уақытша көбейтуі (мұндай жағдайда 

көбейтілген  педагогикалық  жүктемесін  орындау  ұзақтылығы  қызметкердің  келісімінсіз 

күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы қажет); 

-  жұмыс  бос  тұрып  қалғанда,  ауа  райы  жағдайларына  байланысты  сабақтарды 

тоқтату кезінде қызметкерлерге басқа жұмыстың тапсырылуы;   

-  бұрын  осы  оқу  жүктемесін  орындаған  оқытушының  жұмысқа  қайтадан  келуі 

(жеке еңбек дауын қарайтын органның шешімі бойынша); 

- бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысын үзген 

немесе осы демалыс аяқталғаннан кейін әйелді жұмысқа қабылдауы мүмкін.  

Жұмыс  берішінің  бастамасы  бойынша  «б»  тармақшасында  көрсетілген 

жағдайларда оқу жүктемесін өзгерту үшін қызметкердің келісімі талап етілмейді.  

4.7. Колледжде толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы :  

- қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша

- жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы бар (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) 

ата-ананың  біреуінің  (қамқоршының,  тәрбиешінің,  заңды  өкілдің),  сондай-ақ 

медициналық  қорытындыға  сәйкес  отбасының  науқас  мүшесінің  күтімін  жүзеге  асырып 

отырған тұлғаның өтініші бойынша белгіленеді. 

4.8.  Сабақ  кестесін  құру  сабақтар  арасында  мүмкіндігінше  үзіліс  жіберілмей, 

оқытушының жұмыс уақытын тиімді пайдалануын ескере отырып жүзеге асырылады.  

Оқытушыларға,  мүмкіндігінше,  әдістемелік  жұмыс  үшін  және  егер  оның  кемінде 

бір  ставка  оқу  жүктемесі  болса,  біліктілігін  арттыру  үшін  аптасына  бір  бос  күн 

қарастырылады.  




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау