Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет6/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

 

11 


- кітапхана қызметкерлеріне оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмысы үшін  - 

30 % .  


5.6.2.

 

Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы:  



- педагог қызметкерлерге топ жетекшілігі үшін  – 25 %; 

-  қазақ,  орыс  және  басқа  тілдер  бойынша  дәптерлерді  және  жазбаша  жұмыстарды 

тексергені  үшін  -    25  %,  математика,  химия,  физика,  биология,  шет  тілі,  стенография, 

сызу,құрастыру, техникалық механика бойынша – 20 %; 

-  білім  ұйымдарында  оқытылуға  жажатын  даму  мүмкіндіктері  шектеулі,  ақыл-ой 

дамуы шектеулі балалармен жұмыс үшін– 40 %;  

5.6.3. Өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы:  

- өндірістік оқыту шеберлеріне - 100 %; 

5.6.4.

 

Ауыр  (аса  ауыр)  жұмыстарда  және  еңбек  жағдайлары  зиянды  (ерекше 



зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда істейтін қызметкерлерге қосымша ақы: 

- қызметшілер мен жұмысшыларға - 30 %; 

-  дезинфекциялаушы  заттарды  қолданып,  өндірістік  және  қызметтік  орындарды 

тазалаушыларға - 20 %; 

- дәретханаларды жинау кезінде дезинфекциялаушы заттарды қолданып, өндірістік 

және қызметтік орындарды тазалаушыларға - 30 %. 

5.7. Ауыр (аса ауыр) жұмыстарда және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) 

және  қауіпті  (ерекше  қауіпті)  жұмыстарда  істейтін,  қосымша  ақы  алуға  құқылы 

қызметкерлер  тізімі  тараптармен  анықталды  және  осы  ұжымдық  шарттың  №6 

Қосымшасында көрсетілген.  

5.8.  Тараптар  сабақ  беретін  оқытушылар  мен  басқа  педагог  қызметкерлердің  оқу 

жүктемесін қызметтерді қоса атқаратын немесе қызмет көрсету аймағының кеңеюі ретінде 

көбейтуді  қарастырмайтын  болып  келісті.  Аталған  тұлғалардың  нақты  оқу  жүктемесін 

көбейту,  барлық  құқықтық  салдарларымен  жұмысты  қоса  атқару  ретінде  қаралады. 

Нормативтен  тыс  оқу  жүктемесі  қоса  атқару  жағдайындағы  жұмыс  туралы  еңбек 

шартымен ресімделеді. 

5.9.  Тараптар,  кабинеттерді  (зертханалар,  шеберханалар)  меңгеру  үшін  төленетін 

қосымша  ақы,  білім  беру  ұйымдарының  комиссияларымен  жыл  сайын  тамыздың  20-нан 

30-ы  аралығында  өткізілетін  оларды  аттестаттау  нәтижесі  бойынша  тағайындалады  деп 

келісті.  Кабинеттерді  (зертханаларды,  шеберханаларды)  аттестаттау  нәтижелері 

басшының  бұйрығымен  ресімделеді.  Егер,  оқу  жылының  басында  аттестаттау 

өткізілмеген  болса,  онда  қосымша  ақыны  тағайындау  өткен  аттестаттау  нәтижесі 

бойынша жүргізіледі.  

5.10.


 

Тараптар,  ҚР  Үкіметінің  2015  жылдың  31-желтоқсанындағы  №  1193 

қаулысымен  белгіленген  төмендегі  көтерме,  қосымша  және  үстеме  ақылардың  сомасы, 

педагог қызметкерлердің нақты оқу жүктемесіне барабар төленеді деп келісті. 

5.11.

 

Тараптар,  оқушылардың  күзгі,  қысқы,  көктемгі  және  жазғы  каникулдары 



кезінде  жұмыс  уақыты  үшін  педагог  қызметкерлерге  еңбектеріне  ақы  төлеу,  каникул 

басталғанға  дейін  болған  тарифтеу  кезінде  белгіленген  жалақы  есебінен  төленеді  деп 

ұйғарды. 

5.12.  Штаттық  лауазымсыз  (оқытушылар,  шеберлер,  қосымша  білім  беру 

педагогтары)  педагогикалық  жұмысты  атқаратын  педагог  қызметкерлерге  жаңа  оқу 

жылының  басында  тарифтеу  тізімі  жасалады  және  бекітіледі.  Тарифтеу  тізімдері  білім 

беру  ұйымы  басшысының  бұйрығымен,  оларға  бастауыш  кәсіподақ  ұйымы  кәсіподақ 

комитетінің  өкілін  міндетті  түрде  қосып  құрылған  тарифтеу  комиссияларымен 

дайындалады.  

5.13. Жұмыс беруші қызметкерге жалақы, еңбек демалысының ақысын, жұмыстан 

шығару кезіндегі төлемдер мен соның ішінде жұмыс тоқтаған жағдайда оған тиесілі басқа 

да төлемдердің белгіленген мерзімін бұзған кезде,  ҚР заңнамаларын негізге ала отырып, 




 

12 


әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін міндеттемелерді орындау күніне өсімақысымен 

төлейді. 

5.14.  Жұмыс  беруші  өзіне  ай  сайын  қызметкерлерге  жалақы  төлеу  күні,  әрбір 

қызметкерге  оған  тиесілі  жалақының  құрамдас  бөлігі  туралы,  ұсталынған  ақшаның 

мөлшері  мен  негіздеменің,  соның  ішінде  аударылатын  міндетті  зейнетақы  жарналары, 

төленуге тиісті жалпы сома туралы жазбаша түрде хабарлауға міндеттеме алады. 

5.15.  Жұмыс  беруші  өзіне  қаржыландыру  жоспары  бойынша  тиісті  мемлекеттік 

мекемені  қамтамасыз  етуге  көзделген  қаражаттарды  үнемдеу  есебінен  немесе 

қызметкерлердің  лауазымдық  айлықтарына  үстеме  ақылар  белгілеу  және  материалдық 

көмек  көрсету,  сыйлықақылар  төлеу  ережесімен  (№7  қосымша)  белгіленген  тәртіпте, 

қазыналық  кәсіпорындар  үшін  бекітілген  смета  бойынша  материалдық  көмек  көрсетуге, 

дербес  қосымша  ақылар  тағайындауға,  қызметкерлерді  сыйақымен  қамтамасыз  етуге 

міндеттеме қабылдайды.  

5.16. Еңбекке ақы төлеуді өзгерту :  

-  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтілін  көбейткен  кезде  -  егер  құжаттар  ұйымда 

болса,  тиісті  өтілге  жеткен  күннен  бастап  немесе  жалақы  ставкасының  (айлықтың) 

мөлшерін көбейтуге құқық беретін өтіл туралы құжатты ұсынған күннен бастап;  

-  білім  туралы  құжатты  қалпына  келтіру  немесе  білім алған  кезде-  тиісті  құжатты 

ұсынған күннен бастап; 

- «Еңбек сіңірген» құрметті атағы берілген кезде – берілген күннен бастап;  

- ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері берілген кезде – Қазақстан 

Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау 

жөніндегі Комитет Алқасы немесе Төралқаның диплом беру туралы шешімі шығарылған 

күннен бастап жүргізіледі. 

5.17.  Қызметкердің  жыл  сайынғы  немесе  басқа  еңбек  демалысында  болған 

мерзімінде  жалақы  (лауазымдық  айлығының)  ставкасын  және  (немесе)  еңбекақысын 

өзгертуге құқығы болған кезде, сондай-ақ оның  уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде 

еңбекақының  анағұрлым  жоғары  разрядының  ставкасы  мөлшеріне  негізделіп  жалақыны 

төлеу еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен 

бастап жүзеге асырылады.  

5.18.  Тараптар  жалақылары  нормативтік  оқу  жүктемесімен  анықталатын 

оқытушылардың,  тәрбиешілердің,  басқа  қызметкерлердің  тарифтік  тізімдері  мен  оқу 

жүктемесі  нормативтік  құқықтық  актілермен  және  білім  стандарттарымен  сәйкес 

топтардың белгіленген шектеулі топтасуын ескеріп анықталатынына келісті.  

5.19.  Жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  күнделікті  жұмысты  бөлімдерге  бөлу 

жағдайында қызметкерге БЛА-тан 30% мөлшерінде өтемақылық төлем тағайындалады.  

5.20.  Тараптар  қызметкерлерге  берілген  мүліктер  мен  құндылықтарды  сақтауды 

қамтамасыз  етпегені  үшін  толық  жеке  материалдық  жауапкершілік  туралы  шарт  жасау 

мүмкін  болатын  қызметкерлермен  орындалатын  немесе  айналысатын  лауазымдар  мен 

жұмыстар тізіміне мынадай қызметкерлер кіреді деп келісті: 

- білім ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;  

- шаруашылық меңгерушісі; 

- кассир; 

- жабдықтаушы; 

- қойма меңгерушісі; 

- қоймашы; 

- кітапхана меңгерушісі (кітапханашы); 

- кабинет және зертхана меңгерушісі; 

- мейірбике. 

5.21. Осы шарттың тараптарымен қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі 

туралы типтік шартты жұмыс берушінің актімен бекіту үшін келісілді ( № 8 қосымша). 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау