9
4.9. Сабақ өткізуден, кезекшіліктен, колледждің жоспарымен, ішкі еңбек
тәртіптемесінің ережелерімен және басқа да жергілікті құқықтық актілермен көзделген
сабақтан тыс шараларға (педагогикалық кеңес мәжілістері, ата-аналар жиналысы және
т.б.) қатысудан бос сағаттарын оқытушы өз қалауынша пайдалануға құқылы.
4.10. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тыйым салынады. Колледж
қызметкерлері демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тек ҚР ЕК көзделген
жағдайларда ғана тартылады.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа бір жарым есе мөлшерде ақы
төленеді. Қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні берілуі мүмкін. Бұл
жағдайда мереке күніндегі жұмысқа бір есе мөлшерде ақы төленеді, ал демалыс күніне
ақы төленбейді.
4.11. Қызметкерлерді еңбек шартымен, колледждің Жарғысымен, колледждің ішкі
еңбек тәртіптемесінің Ережелерімен, лауазымдық міндеттермен көзделмеген жұмыстарды
орындауға тартуға тек қызметкердің жазбаша келісімімен директордың жазбаша бұйрығы
бойынша және еңбек ақы төлеу Ережесімен көзделген тәртіпте қосымша ақы төлеу
арқылы жол беріледі.
4.12. Қысқы каникул уақыты, сондай-ақ кезекті еңбек демалысымен сәйкес
келмейтін жазғы каникул уақыты педагог және басқа қызметкерлер үшін жұмыс уақыты
болып табылады.
Осы мерзімдерде педагог қызметкерлерді жұмыс беруші, каникул басталғанға
дейін олардың оқу жүктемесінен аспайтын уақыт шегінде педагогикалық және
ұйымдастырушылық жұмыстарға тартады. Каникул кезіндегі жұмыс кестесі басшының
бұйрығымен бекітіледі.
4.13. Каникул уақытында көмекші персонал өздеріне белгіленген жұмыс уақыты
шегінде, арнайы білімді қажет етпейтін (шағын жөндеу, аумақтағы жұмыс және т.б.)
шаруашылық жұмыстарды орындауға тартылады.
4.14. Тараптар:
4.14.1. Жыл сайынғы негізгі және қосымша ақылы еңбек демалыстарын беру,
әдетте, колледждің қалыпты жұмысын және қызметкерлердің демалысы үшін қолайлы
жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігін ескеріп, күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде
екі апта бұрын жұмыс берушімен бекітілген еңбек демалысының кестесіне сәйкес жазғы
мерзімде оқу жылы аяқталғасын жүзеге асырылатынын растайды.
Еңбек демалысын бөлу, оны бөліп алу, келесі жылға толығымен немесе жартылай
ауыстыруды жұмыс беруші қызметкермен және кәсіподақ комитетімен келісіп жүзеге
асырады.
Қызметкерді еңбек демалысынан шақырту тек қызметкердің келісімімен жұмыс
берушінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
Еңбек демалысының ақысы ол басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын төленеді.
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша заңнамамен
көзделген жағдайларда, соның ішінде, егер қызметкерге сол еңбек демалысының ақысы
уақытында төленбесе немесе қызметкер еңбек демалысының басталу уақыты туралы ол
басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарланбаса, жыл сайынғы еңбек демалысы
басқа мерзімге ауыстырылады. Мұндай жағдайда қызметкер еңбек демалысын бастаудың
жаңа уақытын таңдауға құқылы.
Еңбек демалысының кестесі әрбір күнтізбе жылына жасалады және барлық
қызметкерлерге таныстырылады.
4.14.2. Педагог қызметкерлерге алты ай жұмыс уақыты өткенге дейін бірінші
жұмыс жылына жыл сайынғы еңбек демалысы берілген жағдайда, оның ұзақтығы осы
лауазымдар үшін белгіленген еңбек демалысының ұзақтығына сәйкес келіп, толық
көлемде төленуі тиіс (№ 5 қосымша).
Еңбек демалысының ұзақтығын тепе-тең жұмыс жасалған уақытқа есептеуге тек
қызметкерді жұмысты шығарған кезде ақшалай өтемақы төлеу жағдайында жол беріледі.
10
4.15. Жұмыс беруші қызметкерлерге төмендегідей жағдайларда:
- отбасында бала туылғанда – 3 күнтізбелік күнге дейін;
- жаңа мекенжайға көшуіне байланысты – 3 күнтізбелік күнге дейін;
- балаларын әскер қатарына шығарып салу үшін – 3 күнтізбелік күнге дейін;
- қызметкердің некесінің тіркелуіне байланысты (қызметкер балаларының)– 3
күнтізбелік күнге дейін;
- жақын туыстарын жерлегенде – 3-5 күнтізбелік күнге дейін;
- жұмыс жасайтын мүгедектерге - 15 күнтізбелік күнге дейін;
- жасы бойынша жұмыс жасайтын зейнеткерлерге –14 күнтізбелік күнге дейін
ақысыз демалыс беруге міндетті.
4.16. Жұмыс беруші педагог қызметкерлерге білім алушылармен бірге жұмыс
уақытында, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістер ішінде тынығу мен тамақтану
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Басқа қызметкерлер үшін тынығуға және тамақтануға
арналған уақыт ішкі еңбек тәртіптемесінің Ережелерімен белгіленеді және ұзақтығы 30
минуттан кем болмауы тиіс.
4.17. Колледж бойынша педагог қызметкерлердің кезекшілігі сабақтың басталуына
дейін 20 минут бұрын басталып және ол аяқталғасын кемінде 20 минут жалғасуы қажет.
V. Еңбек ақы төлеу және еңбек нормалары
5.1. Тараптар білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін, педагог кәсібінің
беделін арттыру мақсатында ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімінде колледж
қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жағдайын мүлтіксіз орындауды, жалақы бойынша
қарызды болдырмау және жою жөнінде шараларды жүзеге асыруды басымды бағыт
ретінде санауға келісті.
5.2. Тараптар білім ұйымы қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеуді «Азаматтық
қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың
қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193
Қаулысы негізінде жүзеге асырады.
5.3. Білім беру ұйымдарының педагог, медицина, кітапхана қызметкерлерінің
еңбектеріне ақы төлеу экономиканың тиісті салалары қызметкерлерінің ұқсас санаты үшін
белгіленген еңбекке ақы төлеу жағдайларына сәйкес, ал жұмысшылар қатарындағы
қызметкерлерге – қызметкерлердің осы санаты үшін қарастырылған разряд бойынша
жүргізіледі.
5.4.
Қызметкерлерге жалақы жұмысты орындағаны үшін ай сайын ақшалай түрде
төленеді. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс.
5.5. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және оған:
- лауазымдық айлық (тарифтік ставка);
- мемлекеттік бюджет қаражатының есебіндегі ұйымдардың қызметкерлеріне,
азаматтық қызметшілерге, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін
көтерме, үстеме ақылар мен қосымша ақылар;
- ұйымның жергілікті нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген
басқа да төлемдер қосылады.
5.6.
Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбек жағдайы үшін БЛА-тан (базалық
лауазымдық айлықтан) төмендегідей мөлшерде қосымша және үстеме ақылар
тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды:
5.6.1.
Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюі) үшін қосымша
ақы:
- педагог қызметкерлерге оқу кабинеттерін, зертханаларды, шеберханаларды, оқу-
кеңес беру пункттерін меңгергені үшін - 25 %; біріктірілген шеберханалар үшін - 30 %;