Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет7/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

 

13 


5.22.  Түнгі  уақыттағы  жұмысқа,  үстеме  жұмыстарға  қосымша  ақы  бір  жарым  есе 

мөлшерде жүргізіледі.   



VI. Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, біліктіліктерін арттыру және  

кәсіптік кадрларды бекіту 

 

 



6.1.  Тараптар  жұмыспен  қамту,  қызметкерлердің  біліктіліктерін  арттыру,  жас 

мамандарға  кәсіптік  және  әлеуметтік  бейімделуде    тиімді  көмек  көрсету  саласында 

мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне жәрдемдеседі. 

 

6.2. Жұмыс беруші:  



Кәсіподақ комитетін қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы туралы 

ол  басталғанға  дейін  кемінде  бір  ай  бұрын,  ал  бұқаралық  жұмыстан  босатуға  әкеліп 

соғатын  жағдайларда,  ол  басталғанға  дейін  екі  ай  бұрын    жазбаша  нысанда  хабарлауға 

міндетті.   

Хабарламада қызметкерлер санын немесе штатты қысқарту туралы бұйрықтардың 

жобалары, қысқартылатын лауазымдар мен қызметкерлердің тізімі, бос жұмыс орындары, 

жұмысқа орналастырудың ұсынылатын нұсқалары болуы тиіс.    

Қызметкерлерді  бұқаралық  босату  жағдайында  хабарламада  әлеуметтік-

экономикалық негіздеме болуы тиіс.  

Қызметкерлер  санының  немесе  штатының  қысқартылуына  байланысты  жұмыстан 

шығару  туралы  хабарлама  алған  қызметкерлерге  жалақысын  сақтай  отырып,  жаңа 

жұмысты өзі іздеу үшін аптасына кемінде бес сағат жұмыстан бос уақыт беріледі.    

6.3. Тараптар:  

-  колледж  қызметкерлерін  бұқаралық  қысқартудың  алдын  алатын  шаралар 

әзірлеуге; 

- колледжде құрылымдық қайта құрулар жүргізу кезінде қызметкерлерді бұқаралық 

қысқартуға  жол  бермеуге  келісті.  Қызметкерлерді  бұқаралық  босату  30  күнтізбелік  күн 

ішінде 10 және одан да көп қызметкерлерді жұмыстан шығару болып табылады.  

6.4. Тараптар:   

6.4.1.  Колледждің  штаттық  кестесі  директормен  бекітілетінін  растайды. 

Қызметкерлердің  сандық  және  кәсіптік  құрамы  колледждің  функцияларын,  міндеттерін, 

жұмыс көлемдерін кепілді орындауға жеткілікті болуы тиіс.   

6.4.2.  Зейнеталды  жасындағы  қызметкерлер  (Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен  белгіленген  зейнеткерлік  жасына  дейінгі  үш  жыл)  жұмысшылардың 

штатын  немесе  санын  қысқарту  кезінде  жұмыс  орнын  сақтауға  басымды  құқыққа  ие 

болады.  

6.4.3. Қызметкерлер санын немесе штатты және тең еңбек өнімділігі мен біліктілігі 

кезінде  қысқарту  жағдайында    жұмыста  қалдыруға  басымды  құқыққа  ие  болатын 

қызметкерлер:    

- колледжде неғұрлым ұзақ уақыт жұмыс өтілі барлар; 

-  ведомстволық  үздік  белгісіне  лайықты  және  ведомстволық  наградалармен 

марапатталған құрмет атақтары барлар;  

- жұмыстың инновациялық тәсілдерін қолданушылар;  

-  егер  оқуы  (кәсіби  даярлау,  қайта  даярлау,  біліктілікті  арттыру)  қызметкер  мен 

жұмыс  берушінің  арасындағы  қосымша  еңбек  шартымен  анықталса  немесе  еңбек 

шартының талабы болып табылса, жұмысты оқумен қоса атқарып жүргендер; 

- 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер;  

- 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар.  

6.5. Жұмыс беруші: 

-  педагог  қызметкерлерді  (мамандықтар  тұрғысында)  кәсіптік  даярлауды,  қайта 

даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыруға;  

- педагог қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктіліктерін арттыруға; 




 

14 


-  қызметкерді  біліктілігін  арттыру  үшін  оқуға  жіберген  жағдайда,  оның  жұмыс 

орнын  (лауазымын),  негізгі  жұмыс  орны  бойынша  жалақысын  сақтауға,  және  егер 

қызметкер  біліктілігін  арттыру  үшін  басқа  жерге  жіберілетін болса,  онда  оған  қызметтік 

іссапарларға  жіберілетін  тұлғалар  үшін  көзделген  тәртіп  пен  мөлшерде  іссапар 

шығындарын  (тәуліктік,  оқитын  жерге  және  кері  қарай  қайту  жол  ақысы,  тұрғын  үй 

жалдау шығындары) төлеуге;  

-  жұмысымен  қатар  жоғарыдан  кейінгі  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында 

жетістікпен  оқуды  орындап  жүрген  қызметкерлерге  атқаратын  лауазымына  сәйкес  білім 

алу кезінде кепілдіктер мен өтемақылар беруге міндетті.  

VII.   Еңбек жағдайы және еңбекті қорғау  

 

7.1. Жұмыс беруші: 



7.1.1.  Қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау  кезінде  еңбекті  қорғау  талаптарымен 

таныстырады.  

Барлық  жұмысқа  қабылданушылармен,  сондай-ақ  басқа  жұмысқа  ауыстырылған 

колледждің  қызметкерлерімен  еңбекті  қорғау,  студенттердің  өмірі  мен  денсаулығын 

сақтау,  жұмысты  орындаудың  қауіпсіз  әдістері  мен  тәсілдеріне,  зардап  шеккендерге 

алғашқы көмек көрсету жөнінде оқыту мен нұсқамалық жүргізеді.  

7.1.2.  Колледж  қызметкерлерінің  таза  және  қауіпсіз  еңбек  жағдайларына 

құқықтарын,  өндірістік  жарақат  пен  қызметкерлердің  кәсіби  ауруларының  пайда  болуын 

ескертетін еңбек қауіпсіздігінің қазіргі заманғы құралдарын енгізуді қамтамасыз етеді.  

7.1.3. Кәсіподақ комитетімен бірге еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі 

ұйымдастырушылық  және  техникалық  шараларды  қосатын  еңбекті  қорғау  жөніндегі 

келісімді,  оның  орындалу  мерзімін,  орындауға  жауапты  лауазымдық  тұлғаны  әзірлейді.  

еңбекті қорғау және еңбек жағдайына бақылауды жүзеге асыруға (№ 12 қосымша). 

7.1.4. Колледждің қаражаты есебінен белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киімді, 

жеке  қорғану  құралдарын,  жуу  және  зарарсыздандыру  құралдарын  алуды  және  беруді 

қамтамасыз етеді (№ 9, 10, 11 қосымшалар). 

Жеке  қорғану  құралдарын,  арнайы  киімдер  және  аяқ  киімді  жұмыс  берушінің 

есебінен сақтауды, жууды, кептіруді және дезинфекциялауды қамтамасыз етуге.  

7.1.5.  Колледж  қызметкерлерін  еңбекті  қорғау  жөнінде  уақытында  оқытуды, 

нұсқамалықты және білімдерін тексеруді жүргізеді.    

7.1.6. Белгіленген тәртіпте қызметкерлермен болған жазатайым оқиғаларға тексеру 

жүргізеді.  

7.1.7.  Электр  қондырғылары  мен  компьютерлері  оқшаулау  кедергісін  және 

тұйықтауды өлшеуді қамтамасыз етеді.  

7.1.8.  Санитарлық  нормалармен  белгіленген  үй-жайлардағы  жылу  режимін 

қамтамасыз етеді.  

Жыл  маусымы  кезінде  кезінде  температураның  17С  дейін  және  одан  төмендеуі 

кәсіподақ  комитетінің  ұсынысымен  қызметкерлерді  жалақыларын  сақтай  отырып 

қысқартылған  жұмыс  күніне  ауыстырады.  Үй-жайлардағы  температураның  14С  дейін 

және одан төмендеуі кезінде сабақтар тоқтатылады.    

7.1.9. Қызметкерлерге олардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті 

қорғау, оларға тиесілі өтемақылар мен жеке қорғану құралдары туралы ақпарат береді.    

7.1.10.  Еңбекті  қорғау  жөніндегі  нормативтік  құжаттармен,  нұсқаулықтармен, 

колледждің  еңбекті  қорғау  жағдайына  жауапты  тұлғаның  нұсқама  журналымен 

қамтамасыз етеді.   

7.1.11.  Колледждің  кәсіподақ  комитетінің  пікірін  ескере  отырып,  әрбір  жұмыс 

орнында еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді.  

Қызметкерлердің  еңбекті  қорғау  жөніндегі  талаптарды,  ережелер  мен 

нұсқаулықтарды қадағалауын қамтамасыз етеді.  



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау