Жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары a бөлімі: басшылық



жүктеу 0,64 Mb.
бет1/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#8056
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 2 қазандағы  
№ 676 бұйрығына    
3-қосымша       
Жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына
арналған аккредиттеу стандарттары
A БӨЛІМІ: БАСШЫЛЫҚ





Өлшенетін критерийлер

1.0. ҰЙЫМНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
Этикалық қағида ұйым қызметінің бағытын және шешім қабылдау үдерісін анықтайды.

1.1

Медициналық ұйымының мақсаты немесе міндетін тұжырымдау персоналдың көмегімен және мүдделі тараптардың ұсынымдарын ескере отырып, басшылықты жүзеге асырады және ұйымды дамытуды жоспарлау және бағыттарын айқындау үшін негіз болып табылады.

1.2

Медициналық ұйымда шешім қабылдау және қызметкерлердің мінез-құлқы қағидаларын анықтауда басшылыққа алатын белгілі этикалық норманың кешені бар.

1.3

Медициналық ұйым медициналық ұйым мен пациенттерге қызмет көрсетуге қатысты мәселелерді қамтитын этикалық ережелерді әзірлейді.

1.4

Персонал этика және деонтология мәселелері бойынша үнемі оқудан өтіп отырады.

1.5

Медициналық ұйымда этикалық нормалардың бұзылу фактілерін анықтау, талдау және шаралар қабылдау үдерісі енгізілді.

2.0. БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда оның құқықтық статусы мен жауапкершілігіне сәйкес тиімді басқару жүзеге асырылады.

2.1

Ұйым басшылығының міндеттеріне мыналар кіреді:
1) этикалық нормаларды анықтау және қарау;
2) ұйымның стратегиялық, шұғыл жоспарларын, сондай-ақ медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету жоспарын келісу және бекіту;
3) бюджетті бекіту және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ұйымды тиісті ресурстармен қамтамасыз ету;
4) стратегиялық және шұғыл жоспарлар нәтижелерінің жетістіктерін бағалау және мониторингілеу;
5) құрылымдық бөлімшелер басшыларын тағайындау, бекіту және қызмет тиімділігін бағалау.

2.2

Медициналық ұйым Қазақстан Республикасының конституциялық және құқықтық қағидаларына сәйкес жұмыс істейді және оның талапқа сай құқықты белгілейтін құжаттары бар, соның ішінде:
1) әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі;
2) жарғы (қағида);
3) СТН, БСН

2.3

Басшылық ұйым өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сәйкес, мынадай жолдармен жүзеге асырады:
1) мемлекеттік органдардың бұйрықтарын алу, қарау және орындау;
2) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер пакетін уақтылы жаңарту;
3) оларды мүдделі тұлғаларға жеткізу бойынша пәрменді әрекеттерді қабылдау;
4) медициналық мекеменің персоналы үшін нормативтік құқықтық актілер базасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2.4

Медициналық ұйым жұртшылыққа мынадай ақпарат береді:
1) көрсетілетін қызметтер және оларды алу талаптары туралы;
2) қызметтер және көрсетілетін қызметтерге ықпал етуі мүмкін қабылданатын шешімдер туралы;
3) көрсетілетін қызметтер сапасы және қол жеткізілген нәтижелер туралы.

3.0. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ ЖОСПАРЛАУ
Ұйым өз қызметтерін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жоспарлайды және айқын басымдылықпен жүзеге асырады.

3.1

Басшылықтың персоналмен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп әзірлеген стратегиялық даму жоспарында медициналық ұйымның миссиясын жүзеге асыру мақсаттары, міндеттері, стратегиялары жазылады.

3.2

Стратегиялық жоспар:
1) ұйым мақсаты мен этикалық нормаларына;
2) қызмет көрсетілетін тұрғындардың қажеттіліктеріне;
3) пациенттерден/отбасылар мен жұртшылықтан алынған пікірлерді талдауға;
4) көрсетілетін медициналық қызметтердің сандық және сапалық көрсеткіштеріне;
5) Үкімет стратегияларына, денсаулық сақтау басымдықтарына;
6) ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде күтілетін нәтижелерге (бағалау индикаторлары) негізделеді.

3.3

Кешендік жылдық жоспар медициналық ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерімен келісіліп әзірленген:
1) стратегиялық жоспарға сәйкес;
2) тікелей басымдықтарды қарастыра отырып;
3) барлық қызметтер бойынша міндеттер мен жоспарларды қамти отырып;
4) штатты толықтыруды, жоспарланған әрекеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қаржылық және материалдық ресурстарды айқындайды.

3.4

Медициналық ұйым және оның құрылымдық бөлімшелері іс-шаралардың мақсаттары мен жоспарына сәйкес жылдық жоспарды іске асыруда қол жеткізілген прогресті жүйелі түрде салыстырады:
1) мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейі;
2) жоспарланған әрекеттерді орындау;
3) ресурстық қолдау сәйкестігі;
4) жоспарланған мерзімдердің орындалуы;
5) іске аспаған міндеттер мен мәселелер;
6) бұдан әрі жоспарланған қадамдар.

3.5

Ішкі аудит қызметі жылдық жоспармен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелерге талдау жүргізеді, ақпарат бұдан әрі іс-қимылды жоспарлау үшін медициналық ұйымның басшысына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұсынылады.

3.6

Жылдық жоспардағы іс-шараларға қатысты шешімдер персоналға хабарланып, бірге талқыланады және қажеттілігіне қарай тиісті сыртқы қызметтерге беріледі.

4.0. ЖАЛПЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда басқару мен есеп берудің нақты құрылымы бар. Басқаруды білікті менеджерлер жүзеге асырады.

4.1

Медициналық ұйымның басшысы мыналар үшін жауапты болып табылады және есеп береді:
1) қауіпті басқару және сапаны арттыру, инфекциялық бақылау, денсаулықты сақтау/ еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қоса алғанда барлық шұғыл мәселелер;
2) басшылық органы және жоғары тұрған мемлекеттік органдар алдында клиникалық, басқару және қаржылық қызмет туралы есептілік;
3) бақылау және реттеуші органдардан алынған кез-келген хабарландыруға ден қою.

4.2

Медициналық ұйым басшысының білімі, біліктілігі, еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар.

4.3

Медициналық ұйым басшысының лауазымдық нұсқаулығында оның құқықтары мен міндеттері айқындалған.

4.4

Ұйым басшысы жұмысының тиімділігі медициналық ұйымның жетістіктерімен бағаланады және орындалған іс-шаралардың есебі басшылық ететін ұйымға ұсынылады.

4.5

Әрбір құрылымдық бөлімшенің функциялары мен өкілеттіктері құрылымдық бөлімше туралы ережеде әрбір қызметкердің міндеттері көрсетіле отырып айқын белгіленген, ақпарат қызметкерлердің назарына жеткізілген.

4.6

Медициналық ұйымның әрбір бөлімшесін осы бөлімшені басқару үшін қойылатын біліктілік талаптар мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес басшы басқарады.

4.7

Медициналық ұйымның басшысы:
1) клиникалық қызмет көрсетуге жауап береді;
2) белсенді терапия, анестезия және шұғыл медициналық көмек саласында құжатты түрде расталған өкілеттіктері бар;
3) жедел және шұғыл медициналық көмек саласында тәжірибесі бар.

4.8

Медициналық ұйымның клиникалық қызметіне жауапты тұлғалар:
1) клиникалық практиканы жоспарлауды және бағалауды;
2) медициналық ұйымның басшысы және басқа бөлімшелердің меңгерушілеріне клиникалық мәселелер бойынша консультациялар жүргізуді;
3) клиникалық емдеу стандарттарының мониторингін;
4) бақылау және персоналға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

4.9

Медициналық ұйымның басшысы клиникалық практикаға мыналар арқылы жауап береді:
1) пациенттердің шақыру картасына клиникалық аудит және қызмет көлемдеріне, ішкі тәртіп ережелері мен клиникалық хаттамаларға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін емдеу және күтімге бағалау жүргізу;
2) басқа медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен және қабылдаушы ауруханалардағы клиникалық персоналмен байланыс жасау;
3) ұйым персоналының оқытуға және кәсіби өсуіне көмек көрсету.

4.10

Ұйымдастыру құрылымы:
1) құжат түрінде ресімделген және схема түрінде берілген;
2) ұйымның мақсаттарына, міндеттері мен функцияларына сәйкес келеді;
3) персоналдың бағыныстылығы құрылымын анық көрсетеді;
4) бөлімдер мен қызметтерді жоспарлау және қызмет көрсетуді үйлестіруге көмек көрсетеді.

4.11

Ұйымның құрылымы жүйелі түрде қаралып отырады және ұйымның персоналы мен тиісті тұлғалардың назарына уақтылы жеткізіледі.

4.12

Медициналық ұйым сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару органдары мен басқа медициналық ұйымдарға жоспарлар мен стратегиясын ұсына отырып, өз жұмысын және қызметін келіседі.

5.0. ҚАУІПТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ САПАНЫ АРТТЫРУ
Медициналық ұйым болу ықтимал қауіптерді барынша аз мөлшерге төмендетеді, тұрақты түрде оларға мониторинг және бағалау жүргізеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

5.1

Медициналық ұйымдарға арналған қауіптерді басқару жоспары:
1) стратегиялық жоспардан; клиникалық көрсеткіштерді талдау нәтижелерінен, пациенттердің пікірлері мен жағымсыз оқиғаларды талдау нәтижелерінен; инфекциялық бақылау қызметінен; персоналмен толықтыру және ресурстармен қамтамасыз етуді талдау нәтижелерінен; қоршаған ортаның жай-күйін талдау нәтижелерінен алынған ақпаратқа негізделген;
2) олардың ықтималдылығы және денсаулыққа келтірілген зияны мен материалдық шығыны салдарларының тұрғысынан барлық қауіптерді анықтайды, бағалайды және басымдықтары бойынша орналастырады;
3) осындай қауіптерді басқару стратегиясын қамтиды;
4) қолда бар және персонал арасында танысу үшін таратылады.
Ескерту:
Қауіптерді басқару жоспарына саясат, қауіпті бағалау критерийі, қауіпті басқару міндеттері мен функциялары, қажетті кадрларды даярлау, сәйкестендірілген қауіптер тізімін: стратегиялық және қауіп-қатер, қаржылық пайдалану – қауіптер тізілімі немесе қауіптер және олардың деңгейінің талдамасы бар осындай құжат, мүдделі тараптарға ақпаратты беру процесін қосқанда қауіптермен жұмыс жоспарларына немесе негізгі қауіптерді бақылау бойынша шараларға қатысты қорытындылар сияқты элементтерді кіргізуге болады.

5.2

Медициналық ұйым өз қызметкерлерін:
1) қаупі бар оқиғаларды анықтау, бағалау және олар туралы хабарлау;
2) әлеуетті қаупі бар оқиғаларды басқару;
3) инфекцияның алдын алу немесе бақылау;
4) жабдықтар мен материалдарды қауіпсіз пайдалану;
5) адамдар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздік әдісі арқылы қауіптерді төмендету ережелеріне үйретеді.

5.3

Қауіптерді басқару жоспары оның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексеріледі және қайта қаралады:
1) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу жолымен;
2) белгілі қауіптерді қайта қарау;
3) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу және белгілі қауіптерді қайта қарау процесінде алынған нәтижелерді пайдаланып қауіптерді басқару жоспарына өзгерістер енгізу.

5.4

Медициналық ұйымда құрамына мыналар кіретін медициналық қызметтер сапасын арттырудың үздіксіз жүйесі бар:
1) медициналық ұйымның барлық бөлімшелерінің қатысуы;
2) жоғары қаупі бар, ауқымды, қымбат тұратын немесе проблемалы процестерді, көрсетілетін қызмет сапасын бақылау бойынша медициналық ұйымның басымдықтарын анықтау және оларды пациенттердің талаптарын ескере отырып толықтыру;
3) мониторинг және аудит мәліметтерін жинау, талдау және бағалау;
4) басшылық пен қызметкерлерді ақпараттандыру.

5.5

Жыл сайынғы сапаны арттыру жоспары:
1) құрылымдық бөлімшелер бастықтарымен бірге әзірленеді;
2) сапаны бақылау бойынша іс-шараларды, іс-қимылдар жоспарын, олардың мақсаттары мен жетістіктерінің әдістерін толық белгілейді;
3) аудит жүргізу, сапалық көрсеткіштер бойынша мәліметтер жинау кестесін белгілейді;
4) жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдерін белгілейді.

5.6

Сапаны арттыру жоспарына мониторинг, есептілік және бағалау кіреді:
1) мысалы, күту уақыты, қайталанған сырқаттанушылық және емдеуге жатқызу деңгейі, дәрілік заттарды тағайындаудағы қателіктер, инфекциялар мен жазатайым оқиғалар, басымды аурулар және негізгі процестер бойынша емдеу нәтижелігінің көрсеткіштері;
2) пациент пен оның отбасына көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттануы.

5.7

Құрылымдық бөлімшелер басшылары:
1) тиісті көрсеткіштердің мониторингі;
2) стандарттарды, саясаттарды, рәсімдерді, клиникалық хаттамалар мен қағидаларды орындау мониторингі;
3) пациенттер мен олардың отбасыларының тарапынан түскен шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарастыру;
4) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту бойынша жобаларды қоса алғанда сапаны арттыру бойынша жоспарды іске асыруға жауап береді.

5.8

Сапаны бақылау жөніндегі ішкі қызмет:
1) сапаны қамтамасыз ету шаралары бойынша есеп алады;
2) жиналған деректерді талдайды, оларды бағыттары бойынша жіктемелейді;
3) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен ұйым басшыларының алдында есеп береді.

5.9

Сапаны жақсарту туралы ақпарат және есептер өндірістік немесе клиникалық кездесулер мен конференцияларда талқыланады. Ұйымның қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен ұйым басшылары сапаны жақсарту саласында нақты әрекеттер бойынша шешімдер қабылдауға қатысады.

5.10

Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын және бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкестігін бағалау мақсатында медициналық ұйымдарда:
1) уәкілетті тұлға/сарапшылар тобы;
2) жеткілікті мөлшерде бар клиникалық хаттамаларды пайдаланудың клиникалық аудитін белгіленген кестелеріне сәйкес аудит жүргізіледі.

5.11

Клиникалық аудит және клиникалық оқиғаларды шолу нәтижелері:
1) тиісті комиссиялардың жұмысында, кеңестерде немесе конференцияларда талқыланады;
2) медициналық көмек көрсету процестерін жақсарту үшін пайдаланылады;
3) сапаны арттыру бағдарламасын орындау бойынша жазбаша есептерге енгізіледі.

5.12

Сапаны арттыру іс-шаралары жоспарланған, тиісті шаралар мен әрекеттер қабылданған, әрекеттер тиімділігі бағаланған. Персонал, клиенттер/пациенттер бағалау нәтижелері туралы хабардар етілген.

5.13

Өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде персонал құжатталған саясаттар мен рәсімдерді сақтайды.

5.14

Басшылық бекіткен саясаттар мен рәсімдер:
1) жыл сайын жаңартылады;
2) персоналдың қатысуымен әзірленеді;
жұмыс орындарында персоналға қолжетімді.


B БӨЛІМІ: «РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ» 



6.0. ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымның қаржылық ресурстары мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсету үшін басқарылады және бақыланады.

6.1

Басшылық жыл сайын:
1) медициналық ұйымның қаржылық-экономикалық блогы дайындаған;
2) медициналық ұйымның персоналының қатысуымен;
3) болжамдалатын кірістер мен шығыстар сметаларына негізделген;
4) жылдық жоспардың міндеттері мен жоспарланып отырған іс-шараларының негізінде қаржылық-шаруашылық қызметтің жоспарын бекітеді.

6.2

Медициналық ұйымның қаржылық қызметінің қағидалары мен рәсімдері бухгалтерлік есеп нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес құжатталады және мыналарды қамтиды:
1) төлемдерді көрсету және төлемдерді төлеу шұғылдығы;
2) бухгалтерлік есеп;
3) жабдықтарды сатып алу және қаражатты жұмсау бойынша өкілеттіктер, өкілеттіктерді беру рәсімі;
4) сақтандыру;
5) активтерді басқару.

6.3

Бухгалтерлік есеп кірістер мен шығыстардың барлық көздері туралы нақты қаржылық ақпаратқа негізделген, және шешімдер қабылдау үшін уақтылы және нақты қаржылық есептерді қамтамасыз етеді.

6.4

Кіріс,шығыс және қызметтерге жұмсалатын шығындар бюджетпен салыстырылып жүйелі түрде қадағаланып отырады және медициналық ұйымның басшылығына ай сайынғы қаржылық есептер түрінде тапсырылып отырады.

6.5

Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесі жұмыс істейді.

6.6

Сыртқы қаржылық аудит НҚА сәйкес жүргізіледі.

6.7

Медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі:
1) бағалардың прейскуранты бар;
2) бағалар жұмсалған шығындардың негізінде есептелген;
3) ақылы қызметтерге төлемдер ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

6.8

Бекітілген ақылы қызметтердің тізімі және олардың бағалары халық үшін қолжетімді.

6.9

Медициналық ұйым мыналарды анықтау үшін ақылы қызметтерге жүйелі түрде аудит жүргізеді:
1) бағалары талапқа сай, ал шығындар мен төлемдер құжат түрінде ресімделген процестерге сәйкес жүзеге асырылады;
2) ақылы қызметтерден түскен қаржы мақсатты тағайындау бойынша НҚА сәйкес пайдаланылады.

6.10

Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, зейнетақы қорына аударымдар және басқа міндетті аударымдар:
1) уақтылы жүзеге асырылады
2) еңбекке ақы және медициналық ұйымның қызметкерлеріне берілетін сыйақының бекітілген құрылымына негізделген.

6.11

Есептер уақтылы салық органдары мен мемлекеттік статистика органдарына жіберіледі.

7.0. АҚПАРАТТЫҚ БАСҚАРУ
Ұйым ақпараттық қажеттіліктері мен міндеттерін қанағаттандыру мақсатында өз ақпаратын жүйелі түрде басқарады және оны қорғайды.

7.1

Ұйым төмендегі іс-шараларды іске асырушы тұлғалардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында өзінің ақпараттық жүйелерін жоспарлайды, әзірлейді және енгізеді:
1) тасымалдау/жеткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
2) клиникалық қызметтер көрсетеді;
3) ұйымдарды басқарады;
4) ұйым қызметтерін пайдаланады.

7.2

Медициналық ұйымда оның қызметін басқару бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе бар, ол мыналарды қамтиды:
1) әрбір бөлімнің қажеттіліктеріне сәйкес келетін компьютерлер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттері бар;
2) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) ағымдағы шығындарды басқару;
4) бағдарламалық қамтамасыз етуді қажетті жаңарту ресімдері;
5) ағымдағы техникалық қызмет көрсету;
6) персоналды оқыту.

7.3

Медициналық ұйым мынадай жолдармен ақпараттың құпиялылығын, қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді:
1) персоналдың аса маңызды ақпаратқа қолжетімділігінен қорғау деңгейін орнату;
2) жеке ақпаратты жарияламау және құпиялылықты сақтау туралы персоналды оқыту;
3) құпия, оның ішінде пациент туралы ақпаратқа қолжетімділікті шектеу.

7.4

Ақпараттық қорғаудың құжатталған ресімдерін персонал пайдаланады және олар мыналарды қамтиды:
1) файлдардың резервтік көшірмелерін құру;
2) резервтік көшірмелерді сақтау;
3) төтенше жағдайлар кезінде мәліметтерді қалпына келтіру.

7.5

Клиниканың персоналында кәсіби міндеттерін атқару үшін Интернет-ресурстарға және телекоммуникациялық технологияларға қолжетімділік бар.

7.6

Персонал денсаулық сақтаудағы жетістіктер мен озық технологиялар туралы ақпаратты мынадай жолдармен ала алады:
1) жаңартылған медициналық ақпаратты, медициналық жабдықты пайдалану нұсқаулықтарын, дәрілік препараттар бойынша дерекқорды кітапханада немесе басқа қолжетімді орындардан;
2) кәсіби конференцияларға, семинарлар мен оқу бағдарламаларына қатысу.

7.7

Медициналық ұйым құжаттарды басқарудың стандарттық процесін пайдаланады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) сақтау мерзімі көрсетілген, бекітілген істер номенклатурасы;
2) барлық бөлімшедегі файл/папкалар бірыңғай номенклатураға тіркеледі;
3) құжаттар номенклатурасына сәйкес папкаларда сақталады.

7.8

Қажетті өлшемдер мен нұсқаулықтардың шегінен тыс көрсетілетін қызметтерді анықтау жолымен қауіптерді басқару процесін қолдау үшін ақпараттық жүйе мыналарды біріктіруге және жаңартуға мүмкіндік береді:
1) саясаттар және рәсімдерді;
2) клиникалық нұсқаулар және хаттамаларды.

7.9

Медициналық ұйымда әрбір шақыру бойынша барлық қажетті мәліметтер енгізіледі, олар мыналарды қамтиды:
1) шақыру орны;
2) қайта шақыру бойынша ақпарат;
3) шақыру себебі;
4) пациент және шақырушы бойынша ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты, жасы);
5) орындауға жіберілген бригада бойынша мәліметтер;
6) қажет кезде басқа ұйымдармен/органдармен әрекеттестік.

7.10

Ұйымның қызметін реттеуші ішкі құжаттар:
1) жауапты тұлға бекітіп қол қойылған;
2) енгізу және қолданыс мерзімінің күні бар;
3) қажеттілігіне қарай жаңартылады;
4) жауапты тұлғалармен уақтылы орындалуы бақыланады.

7.11

Пациенттер туралы медициналық жазбалар:
1) жоғалудан, жойылудан, қателер жіберуден және құқықсыз қолжетімділіктен немесе пайдаланудан қорғалған;
2) тек уәкілеттелген персоналға қолжетімді;
3) қолжетімділігі қолайлы, бірақ құпиялылығы сақталады;
4) ғимараттан арнайы рұқсатсыз шығарылмауы тиіс.

7.12

Медициналық құжаттама НҚА белгілеген тәртіппен мұрағатталады:
1) құжаттарды мұрағатқа беру кезінде мұрағаттау бойынша жазбаша рәсімге сәйкес;
2) мұрағат жұмысын ұйымдастыру бойынша жауапты тұлға тағайындалған;
3) мұрағат бөлмесі техникалық жағдайы қажетті деңгейде, бөгде тұлғалардың қолжетімділігінен қорғалған және стеллаждармен (шкафтармен) жабдықталған;
4) амбулаториялық картасы көшірмелері сұрату бойынша тек белгілі адамдарға беріледі.

8.0. АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ
Адами ресурстарды тиімді жоспарлау және басқару персоналдың еңбек өнімділігін арттырады және медициналық ұйымның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің құралы болып табылады.

8.1

Медициналық ұйымда мыналарды анықтау үшін құжатталған үдеріс пайдаланылады:
1) жоспарланған қызметтер мен жұмыс көлемдерін орындау; қажетті персоналды толықтыру деңгейі;
2) қажетті жұмыс өтілі мен тәжірибе деңгейі;
3) персонал бейіндері және лауазымдарының неғұрлым тиімді және ұтымды құрылымдары.

8.2

Медициналық ұйым штатты басқару бойынша саясат пен рәсімді әзірлейді, оған медициналық көмек көрсету бойынша қойылған міндеттерді орындау мақсатында білікті штатты тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, біліктілігін жоғарлату және оларды талдау кіреді.

8.3

Мамандардың қолжетімділігі және персоналдың кәсіби дағдысының құрылымы:
1) әрбір бөлімшенің функцияларына сәйкес келеді;
2) жоспарлау кезінде жыл сайын немесе қажеттілік бойынша қайта қаралады.

8.4

Барлық штаттық лауазымдарға нұсқаулар әзірленген, оларды медициналық ұйымның басшысы бекіткен. Лауазымдық нұсқаулар әрбір қызметкерге қолжетімді және олар мыналарды қамтиды:
1) штаттық лауазыммен айналысуға қажетті біліктілік, дағды, дайындық, жұмыс тәжірибесі;
2) лауазымдық міндеттер;
3) есептілік;
4) қайта қарау мерзімдері.

8.5

Лауазымға тағайындау/қабылдау бекітілген тәртіпке сәйкес мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) қызметкер мен ұйым арасында келісімшартқа қол қою;
2) лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес;
3) еңбек заңнамасына сәйкес және жұмысқа орналасу үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

8.6

Клиникалық практикаға жіберілген маманды жұмысқа тағайындау/қабылдауға дейін медициналық ұйым:
1) оның клиникалық білімдері мен біліктілігіне бағалау жүргізеді;
2) тапсырылған алғашқы құжаттамаға тексеру жүргізеді (дипломдар, сертификаттар);
3) қызметтік тізім, еңбек өтілі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жеке істі толтырады.

8.7

Әрбір қызметкерде өз нұсқаулығының қол қойылған түпнұсқасы болады, оның көшірмесі кадрлар бөлімінде сақталады.

8.8

Әрбір қызметкер медициналық ұйыммен, оның мақсаттары және міндеттерімен, сондай-ақ лауазыммен таныстырудың құжатталған бағдарламасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерімен танысу үшін нұсқаудан өтеді.

8.9

Медициналық ұйымдағы персонал мынадай жолдармен сәйкестендіріледі:
1) арнайы медициналық киіммен жүру;
2) техникалық қызметкерлерге арналған арнайы киімдер;
3) тегі, аты-жөні, әкесінің аты және атқаратын қызметі көрсетілген бейдждер.

8.10

Медициналық ұйымда мыналарды тексеру үшін жыл сайын жүргізілетін мамандардың жұмыс нәтижелерін бағалау рәсімі бар:
1) лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
2) біліктілікті арттыруды жақсартуды және талаптарды қажет ететін басымды жақтарды, салаларды анықтау;
3) рәсім құжатталады және қызметкер мен бөлім басшысы қол қояды;
4) жеке іске тігіледі.

8.11

Медициналық ұйымда үздіксіз біліктілікті жоғарлату саясатын жүзеге асыру үшін барлық клиникалық персоналдың қызметіне мониторинг жүргізу механизмі жұмыс істейді, ол мыналарды қамтиды:
1) өз құзыретін сақтау үшін клиникалық персоналдың үздіксіз жеткілікті клиникалық практикасы бар екеніне мониторинг жүргізу;
2) қосымша тәлімгерлік, оқыту немесе басқа ресімдер арқылы персонал құзыретіне байланысты проблемаларға ден қою;
3) клиникалық персонал клиникалық қызметпен өз өкілеттіктері мен құзыреті шеңберінде айналысатынына мониторинг жүргізу;
4) қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреті туралы мәліметтерді жүйелі тексеру.

8.12

Медициналық ұйымның талаптарына сәйкес мыналардың негізінде мамандардың біліктілігін жоғарлату бойынша бюджет және жылдық жоспар жасалады:
1) қызметкерлерді қосымша даярлауға қажеттіліктерді талдау;
2) қызметтер көрсетуге байланысты медициналық ұйымның қажеттіктерін талдау.

8.13

Медициналық ұйымда үздіксіз кәсіби білім саясаты бар және ол мыналарды көздейді:
1) жүйелі түрде мамандардың біліктілігін жоғарлату (бес жылда бір реттен кем емес);
2) біліктілікті жоғарлату курсы үшін қосымша ақы төлеу.

8.14

Оқыту туралы жазбаларды қосқанда ұйымның әрбір қызметкері туралы толық құжатталған ақпарат бар, ол құпиялы болып есептеледі және күзетілетін орында сақталады.

8.15

Медициналық ұйымда себепсіз жұмысқа келмеу және кадрлардың тұрақтамауы сияқты негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізіледі, олардың нәтижелерін жақсарту үшін пайдаланылады.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау