Абай облысы Білім басқармасының Көкпекті білім беру бөлімінің Қ



жүктеу 27,25 Kb.
бет1/2
Дата25.10.2023
өлшемі27,25 Kb.
#44024
түріБағдарламасы
  1   2
Тәрбие жұмысының есебі 2022-2023


Абай облысы Білім басқармасының Көкпекті білім беру бөлімінің «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысының есебі

Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.


Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.
Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізіледі.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Қыркүйек айы – Білім айы, қазан айы Алаш азаматтарын ұлықтау айы деп аталды. Бұл айлардың басты басымдығы -қыркүйекте Тілдер күні мен Отбасы күніне, қазан айында мұғалімдер мен қарттар күні, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы, Р.Бағланованың 100 жылдығына берілді.


Тәрбиенің «Жаңақазақстандық паториотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағытында оқушыларымыз Ата Заң күніне сурет көрмесі, бейнероликтер әзірлеп, эссе жазды. Құқықтық мәдениет тарапында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы жүзеге асты. Акция барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рөлдік ойындар, кеңес беру сағаттары өткізілді. Мектеп көшесінің бойына жаяу жүргінші белгілері қойылды. Мектептегі мінез-құлық ережелері таныстырылып, ата-аналармен келісімшартқа қол қойылды. Ата-аналармен Көкпекті ІІБ учаскелік инспекторы және Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша инспектормен бірлескен жиналыс ұйымдастырылды. Сонымсен бірге құзырлы орган қызметкерлері оқушылармен де түсіндіріу-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
«Қылмыссыз балалық шақ» айлығы барысында «Бос уақытты тиімді пайдалану» күні, «Рухани бай елдің ұрпағымын» эссе сайысы, «Абай бол!» профилактикалық шарасы өткізілді. Қыркүйек және қазан айларында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу шаралары өткізілді.
Ұлттық тәрбие бағытында «Тәуелсіздік тірегі-мемлекеттік тіл» тақырыбында мәнерлеп оқу, тәрбие сағаттары, «Ахмет-сөз көсемі», «Менің Қазақстаным» сурет көрмесі, «Тәуелсіздік жаршысы» атты челлендж шаралары өтілді. «Мектепке жол» акциясы аясында ауыл кәсіпкерлері, мектеп ұжымы және жекелеген азаматтар 220000 теңге көлемінде оқушыларымызға кеңсе тауарларын, мектеп және спорт формаларын сыйға тартты.
Қарттар күніне «Менің сүйікті атам мен әжем» бейнороликтер байқауы, «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Биылғы жылдың атаулы күндері, оның ішінде Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылды.
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған аудандық сайыста оқушыларымыз «Бесеудің хаты» драмасынан үзәндә сахналаудан 2-орынды иемденді.
Еңбек және экологиялық тәрбие бағытында «Күз кереметі» қолөнер байқауы, «Менің әуестік әлемім» фотоколлажы, «Мектебім-мақтанышым» тақырыбында суреттер салынды.
Дене тәрбиесі саласы бойынша ата-аналармен «Толағай» отбасылық сайысы өтті.
Мектеп медбикесі «Жас ағзаға пайдалы кеңестермен» бөлісіп, шылым шегуге қарсылық күніне акция, «Зиянды әдеттерге жол жоқ де» атты сынып сағатын өткізді.
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Отбасыммен кітап оқу» шарасы, спорттық ойындар жарысы, робототехникадан пайдалы сағаттары жоспарланып, жүзеге асты.
Қараша айында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» айлығы жыл сайын мектебімізде жеке жоспармен өткізіледі.
Шара барысында «Біз бақытты баламыз» сурет көрмесі, «Балалық шақты бірге қорғайық», «Біз бақытты баламыз» атты сынып сағаттары, Көкпекті ІІД қызметкерлерімен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар: алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізілді. Акция аясында «Түнгі көшедегі балалар» рейді ұйымдастырылды.
Төл теңгеміз күніне орай «Теңге-Тәуелсіздік келбеті», «Төл теңгенің тарихы» тақырыбында сынып сағаттары, танымдық сағаттар өткізілді.
Мектеп парламентінің Еріктілер фракциясы мүшелері жалғызбасты ардагер ұстазымызға қолқабыс жасады.
Бастауыш сыныптар арасында «Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең» тақырыбында сынып сағаттары, дөңгелек үстел өткізілді.
Оқушылардың эстетикалық қабілеттерін дамыту мақсатында «Туған өлкем-туған ауылым» тақырыбында сурет көрмесі қойылды.
«Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігінде қабырға газеті конкурсы, эссе байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына «Ұлы даланың ұландары» зяиткерлік сайыстары, сынып сағаттары өтті.
«Үштік одақ: ата-ана, бала-мектеп» апталығы аясында «Баланың бас ұстазы-ата-ана» ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар апта бойы оқушылардың сабағына қатысты.
Ұжым ынтымақтастығын қалыптастыру мақсатында 2-10-сынып оқушылары арасында «Үздік сынып» байқауы өткізілді.
Мектеп медбикесі мен ОДА қызметкері бірлесіп 8-10-сынып оқушыларын «ЖҚТБ – жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі» атты ақпараттық сағатпен қамтыды.
Дебат клубының мүшелерімен Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік-орындалған арман», «Үш тілді білу талабы заманның, қазақ тілін білу міндет қазақстандық әр адамның» атты дебат клубы отырыстары болды.
Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-ел тірегі» сынып сағаттары, «Тәуелсіздік-тұғырым» тәрбие сағаттары, «Патриот болу-парызың» атты ерлік сағаттары, «Тәуелсіздік туы астында» патриоттық ән байқауы, «Мен үшін Тәуелсіздік деген не?» челленджі, «Болашақтағы Қазақстан» эссе байқауы, «Тәуелсіздіктің 31 шыңы» сынып сағаттары, «Тәуелсіздік-тұғырым» дөңгелек үстелі, қазақ күресінен спорт шебері Арғынов Ерзат Жеңісқазыұлымен кездесу, сурет көрмесі өткізілді.
Б.Момышұлына арналған патриоттық сағаттар жоспарланып, 5-10-сынып ұлдарымен ерлік сағаты өтті.
Мектебіміздің дарынды спортшысы, таэквондошысы Дәулетхан Нұртас Президент пен облыс әкімі шыршасына қатысты. Желтоқсанның 27-сі күні аудан әкімі Д.Т. Оразбаевтың жаңа жылдық шырша мерекесіне 7 оқушымыз қатысып қайтты.
5-10-сыныптар аралығында мектеп бөлмелерін жаңажылдық безендіру сайысы өтті. Қамқорлық кеңесі тарапынан орын алған сыныптарға қаржылай сый берілді.
Жаңажылдық мерекеге қарай бастауыш, орта және жоғары буындарда Жаңа жыл мерекесі аталып өтті. Демеушілер оқушыларымызға тәттілер сыйлады.
Жаңажылдық каникул уақытында «Жаңажылдық ең үздік салаттар», «Жаңажылдық ең үздік бейнеролик» сайыстары ұйымдастырылды.
Ақпан айында «Бақытты отбасы-зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында әңгіме-кеңес жүргізіліп, ата-аналарға жадынамалар таратылды. Еңбе кпен экономикалық тәрбие беру мақсатында еңбек адамдары туралы бейнерепортаж жасалып, түрлі мамандық иелерінің қызметі туралы шығарма, эссе жазылды. Зияткерлік тәрбие барысында «ІТ – келешегі кемел сала» атты дөңгелек үстел өткізілді. Наурыз айы «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті» айдарымен өтті. Бұл айда «Алғыс айту» күні, 8 наурыз-Халықаралық Әйелдер күні, 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шаралар жоспарланды. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне медбике мен СВА қызметкерлері бірлесіп ақпараттық сағат ұйымдастырды.
Сәуір айында Ауған соғысы жауынгерлерінің ерлігі ұлықталып, сынып сағаттары өткізілді. «Ұлттық киім-ұрпаққа мұра» атты сән апталығы, «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» атты бейнероликтер сайысы өтті. Отбасылық тәрбиені насихаттау мақсатында «Отбасыммен бірге өткізген күндерім», «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылды.
Мамыр айы «Ұлттық бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық» тақырыбымен өтті. Бұл айда «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы, «Жас сарбаздар шеруі», «Тағдырыңның кілті-өз қолыңда», «Оқырмандар отбасы», «Пластик ыдыстардың пайдасы мен зияны» «Ынтымағы жарасқан – туған өлкем Қазақстан» тақырыбында шаралар өтілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаңтар айының басындағы шаралар қашықтан өткізілді.
2-10-сынып оқушыларымен қашықтан Б.Айтуов, А. Бекбосыновпен «Адалдық сағаттары», «Парасаттылық ұғымын қалай түсінесіз?» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.
Мектеп медбикесі «Адам ағзасына алкогольдік ішімдіктің, темекінің және насыбайдың зияны» тақырыбында кеңес сағатында зиянды әдеттер жайлы, «Ертежүктіліктің салдары» тәрбие сағатында осы тақырыптағы мәселелер айтылды, талқылау ұйымдастырды.
Барлық сыныпта «Ақиқат-адалдық бастауы» сынып сағаттарында оқушылармен адалдық жайлы пікір алмасылды.
1-4-сыныптарда «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» тәрбие сағаттары өткізілді.
16 қаңтар Д.А. Қонаевтың 110 жылдығына орай «Ғасырдың дара перзенті» тақырыбында сынып сағаттарында дара тұлға туралы мәліметтер беріліп, ұлы тұлға туралы жан-жақты түсінік қалыптастырылды.
Қожа Ахмет Яссауиге арналған «Яссауи хикметтері-даналықтың қайнар бұлағы» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Мектеп парламентінің еріктілері жалғызбасты ауыл тұрғынының ауласын қардан тазалауға болысты.
Дебат клубы мүшелерімен «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер» талқыланды.
Оқушылар құқықбұзушылығының алдын алу мақсатында «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында сынып сағаттарында оқушылармен өзекті мәселеге қатысты ақпараттық-танымдық, түсіндіру жұмыстары,
«Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты әңгіме-сұқбаттар жүргізілді, сынып сағаттарында ақпарат берілді. «Балалар қылмысы: ұрлық пен бопсалау» тақырыбында сынып сағаттары, «Құқықтық нормалар мен ережелер» атты ақпараттық сағаттары өтті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Халықаралық кітап сыйлау акциясы өтті. Кітапханаға 14 кітап сыйға берілді.
15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне орай 8-10-сынып оқушыларымен ерлік сағаттары, сынып сағаттары өткізілді.
1 Наурыз – Алғыс айту күніне «Алтын жүрек» челленджіне қатысты, Алғыс айтқан бейнероликтерін жолдады. «Алғыс-жүректің естелігі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп парламенті Алғыс айту күніне құттықтаулар жасады.
8 Наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Қыз көрікті көрінер біліммен», «Қыз сыны» сайыстары ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар демеушілер тарапынан сыйлықтарға ие болды.
Оқушылардың бойында қайырымдылық пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру үшін 14 наурызда Қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеден түскен 29000 теңге ДЦП дертіне шалдыққан баланың есепшотына жіберілді.
Шаңғы спортынан өткен аудандық сайыста мектебіміздің жас шаңғышылары 1-орынды иемденді. Қазақ күресінен өткен аудандық турнирде оқушыларымыз жүлделі 2,3-орындарды иемденді.
Ұлық мерекеміз Наурызға орай Ептілік пен шымырлық күнінде оқушыларымыз ұлттық ойындарда бәсекеге түсті. «Ұлттық киімді насихаттаймыз» атты айлық барысында мектеп ұжымы мен оқушылар былтырғы оқу жылында бастау алған ұлттық киім кию үрдісін жалғастырды.
Наурыз мерекесіне мектепішілік мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушылар көрініс көрсетіп, ұлттық ән, би тамашаланды. Әр сынып кабинетінде ұлық мерекеге дастархан жайылды.
Наурыз мерекесіне наурыз туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу челленджіне қатысты.
Мектеп асханасында 17 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілуде. Мектепішілік, аудандық есепке оқушылар тіркелмеген.
Мектеп бойынша асханада буфеттік және ыстық тамақ қызметі көрсетіледі. Қызыл Жұлдыз бен Өрнек ауылдарынан 7 оқушы тасымалданады.

жүктеу 27,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау