Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет79/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
мектептің  аттестаттау  нәтижелері  оқу  жылы  бір  әр  түрлі  параллельдегі  ұпайларында 
айырмашылық  анықталды,  олар  қабілеттер  бойынша  топтасумен  немесе  мұғалімдердің 
сапасындағы  айырмашылықпен  байланысты  болуы  мүмкін  (4.4.  Кесте).  Оның  үстіне,  PISA-2012 
деректері Қазақстанда 15 жастағы оқушылардың үлкен үлесі қабілеттері бойынша топтасатынын 
көрсетеді,  ал  15  жастағы  оқушылардың  тек  2,4  пайызы  қабілеттері  бойынша  топтасу 
қолданылмайтын мектептерде оқитынын, ал мектеп директорының куәлігіне сәйкес оқушылардың 
76,7  пайызы  математика  бойынша  кейбір  немесе  барлық  сыныптарында  қабілеттері  бойынша 
топтасатын  мектептерде  оқитынын  көрсетеді  (ЭЫДҰ,  2013а).  Қабілеттер  бойынша  топтасу 
нәтижелі  оқушыларға  қосымша  артықшылықтар  бере  отырып,  бірақ  әділетсіздікті  тиімділігін 
артпай қиындата отырып, үлгерімі нашар оқушыларға тиімсіз екені анықталған (Гаморан, 2010).  
4.4-
кесте Сыныптар бойынша аттестаттауда төртінші сыныптағы балалардың ұпайларындағы 
айырмашылық
 
 
Пән  
Секция  
Математика  
Орыс тілі 
4A 
сыныбы  
91.3% 
95.0% 
4B 
сыныбы 
78.3% 
82.6% 
4C 
сыныбы  
54.0% 
54.0% 
Ескертпе: Тесттер мектепті аттестаттау уақытында жүргізілген 
Дереккөз: Мектептерге бару уақытындағы сарапшылардың бақылаулары. 
Қабілеттері  бойынша  топтастыру  бастауыш  сыныптарда  «көпжыл»  оқу  кезінде  зиянды 
болуы  мүмкін,  ол  1-ші  сыныпта  біліктілігі  азырақ  мұғалімге  бекітілген  балаларды  қолайсыз 
жағдайға  қоюы  мүмкін.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  егер  балаларды  төрт  жыл  ішінде  бір  мұғалім 
оқытатын  болса  немесе  егер,  қандай  бір  себеппен  мұғалімнің  біліктілігі  жоқ  болып  табылатын 
болса,  төрт  жыл  ішінде  осы  мұғалімде  оқитын  балалар,  бастапқыда  білікті  мұғалімге  бекітілген 
және сол осы уақытқа дейін оқытып келе жатқан оқушыларға қарағанда, сапасы төменірек білім 
алады.  
Жыныс бойынша бөлу 
Оқушыларды  белгіленген  пәндерде  жыныс  бойынша  бөлу  пәндік  кабинеттердің  тиімсіз 
пайдалануына  әкеп  соғады.  Мемлекеттік  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  5-11  сыныптарда 
оқытылатын  таңдау  бойынша  пәндерде  (еңбек,  қолөнер  және  технология)  ұлдар  мен  қыздарды 
сынып көлемін ескермей, бөлу керек. Бір жылда оқитындардың бір немесе екі сыныпы ғана бар 
мектептердегі бұл бөлу осы сыныптардағы оқушылар мен мұғалімдердың төмен қатынасына әкеп 
соғады.  Бұдан  басқа,  бұл  әдетте  қыздар  оқитын  дағдыларды  ұлдардың  үйренуіне  деген 
мүмкіндігін  шектейді.  «Ұлдарға  арналған»  пәндерді  қыздар,  ал  «қыздарға  арналған»  пәндерді 
ұлдар қабылдай алады деп сарапшыларға айтқан екен, бірақ іс жүзінде олай болмаған.  
Негізгі  мектепте  кейбір  пәндерде  жыныс  бойынша  бөлулер  оқушыларды  тең 
мүмкіндіктерден айырады. Негізгі мектепте ұлдар және қыздар ағашты өңдеу (ұлдар үшін) немесе 
пішу және тігу (қыздар үшін) сияқты пәндер бойынша біргендерлік топтарға барады. Бұған білім 
беру нормаларымен рұқсат етілген. Сарапшыларға сыныптар қыздар үшін де ұлдар үшін де ашық 
деген  екен,  алайда  оқушылар  стереотипсіз  пәндерді  таңдамайды,  бұл  бір  жыныстан  құралған 
сыныптардың  қалыптасуына  әкеп  соқтырады.  Бұл  тәжірибе  кәсіптік  таңдау  және  өмірлік 
ұстанымдар  туралы  гендерлік  стереотиптерді  ұстанады  және  ұлдар  мен  қыздарды  дағдылардың 
кең  қатарын  дамыту  мүмкіндігінен  айырады.  ЭЫДҰ-ның  көп  елдерінде  ұлдар  да  қыздар  да 
бірлескен  білім  беру  топтарында  екі  піндерді  де  оқиды.  Дегенмен  15  жастағы  оқушылардың 
үлгерімі  мен  оқу  жетісткітерінде  ұлдар  мен  қыздардың  арасында  айырмашылық  аз  (1-Тарауды), 
жыныс  бойынша  бөлу,  бәрінен  бұрын,  кәсіпті  таңдаудағы  алдын  ала  болжау  салдарынан  еңбек 
нарығындағы сәттіліктерге ықпал ететін болады, әйел жынысты оқушылар үшін төменірек еңбек 
ақысымен салалар тарапы да болуы мүмкін.   


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Оқу уақытын басқару біршама алаңдатушылық туғызады 
Мектепте бірнеше ауысымдарды  қолдану оқуға кері әсер етуі мүмкін 
Қазақстанда  қолданылатын  бірнеше  ауысымда  оқыту  ресми  оқу  уақытын  қысқартуы 
мүмкін. Екі немесе үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер бір аптаға оқу сағаттарының қажетті 
санын,  1-ші  сыныптар  үшін  24  сағаттан  бастап,  ал  11  сыныптар  үшін  39-ға  дейін  сағаттарды 
қолданумен  жоспарлау  кезінде  қиындықтарға  тап  болуы  мүмкін.  Бұл  сондай-ақ  материалды  оқу 
мен  меңгеруге  берілетін  уақытты  шектейді.  Іс  жүзінде  балалардың  көбісі  берілген  сағаттар 
санынан аз оқиды, мектепте орын жетіспейтін жерлерде кейде төрт сағат ғана оқиды. Зерттеулер 
көрсеткендей,  оқу  уақытының  ұзақтығы  оқушылар  алатын  білімдер  мен  дағдылардың  көлеміне 
ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады (Громада және Шубридж, 2015). 
Оқу күнін ұйымдастару оқуға да ықпал етуі мүмкін. Бірнеше ауысымда сабақ беру, кейде 
балаларға  зейін  қою  деңгейі  өте  төмен  кезде,  өте  ерте  немесе  тым  кешке  оқуға  тура  келеді 
(Громада  және  Шубридж,  2015).  Бірнеше  сменалармен  ауырланған  мектептерде  оқу  бастауыш 
сыныптардың  кейбір  оқушыларын  тәуекелге  тап  қылады.  Бірнеше  ауысымда  жұмыс  істейтін 
мектептердегі  екінші  ауысымда  оқитын  бастауыш  сыныптардың  оқушылары  шамамен  14:00-ден 
шамамен  20:00-ге  дейін  баруы  керек,  бұл  8-10  жастағы  балалар  үшін  орынсыз  кеш.  Бірнеше 
ауысымда жұмыс істейтін мектептердің норматвитік талаптарына сәйкес 1-ші сынып оқушылары 
тек  бірінші  ауысымда  ғана  оқи  алады,  ал  барлық  бастауыш  сыныптарда  оқитындар  екінші 
ауысымда оқуы мүмкін.  
Оқу күнтізбелігі жергілікті жағдайлар мен қажеттіліктерін ескеріп, түзетілмейді 
Мектептер  мен  жергілікті  атқарушы  органдарда  жергілікті  жағдайларға  сәйкес  оқу 
күнтізбелігін түзетуге еркіндік жоқ. Оқу күнтізбелігіне қатысты ұлттық нормалардың (оқу жылы 
басталғанда,  демалыстар  немесе  жазғы  демалыстардың  ұзақтығы)  мектептер  мен  жергілікті 
органдар  деңгейінде  жергілікті  жағдайларға  байланысты  түзетулер  енгізу  үшін  икемділігі  аз.  
Бұған  мысал  оқу  күнтізбелігіне  ықпал  ететін  климаттық  және  топографиялық  жағдайлардағы 
үлкен айырмашылық болып табылады. Дегенмен мектептер ауа-райына байланысты кей жағдайда 
жабылады,  және  бұл  егжей-тегжейлі  нормалармен  реттеледі,  икемді  оқу  күнтізбелігі  ауа  райы 
жағдайларының мектепке баруға ықпалын төмендететін еді.  
Оқу жылы тиімсіз бөлінетін шығар 
Бастауыш сыныптарда оқитын оқушылар үшін оқу уақыты жағдайы нашар отбасылардан 
шыққан  оқушылар  үшін  жеткіліксіз  шығар.  Бастауыш  мептепте  жеткіліксіз  оқу  уақыты  оқудың 
кейінгі  сатыларында  оқу  жетістіктерінің  төмен  деңгейіне  әкеп  соғуы  мүмкін.  Қазақстандағы 
балалардан  олар  екі  немесе  одан  да  көп  тілдерді  меңгеретіні,  сондай-ақ  математика  мен  табиғи 
ғылыми пәндерді қоса алғанда, басқа да пәндердің негізін үйренетіні күтіледі. TIMSS-2011 және  
PISA-2012
1
  зерттеулері  4-ші  және  8-ші  сыныптардағы  және  15  жастағы  оқушылардың  кейбір 
пәндеріне  берілген  уақыт  оқу  уақыты  және  үлгерімі  туралы  ақпарат  береді.  Сол  бір  уақытта 
уақыттың  көбеюі  өз-өзімен  оқушылар  жетістігінің  жақсаруына  кепілдік  бермейді,  ерте  оқуға 
берілген  уақыттың  жеткіліксіздігі  төмен  үлгерімнің  себебі  болуы  мүмкін.  Салыстырмалы  кесте 
мынаны көрсетті: 

  4-ші  және  8-ші  сыныптарда  математика  пәніне  жеткіліксіз  назар  аударылуы 
оқушылардың  математика  бойынша  төмен  жетістіктерге  әкелуі  мүмкін.  Нәтижесі 
жақсы  елдердегі  4-ші  сынып  оқушылармен  салыстырғанда,  Қазақстандағы  төртінші 
сынып  оқушыларда  математиканы  үйрену  мүмкіндіктері  өте  аз  (математиканы  оқу 
жылына  162  сағат  болатын  орта  дүниежүзілік  көрсеткішпен  және  208  сағат  болатын 
бірінші  орын  алатын  Сингапурмен  салыстырғанда,  жылына  140  сағат  (аптасына  4,2 
сағат).  Осылайша,  Қазақстанда  8-ші  сынып  оқушылары  жылына  117  сағат  ішінде 
математиканы  оқиды  (аптасына  3,5  сағат),  бұл  138  сағат  болған  орта  дүниежүзілік 
көрсеткіштен  төмен  және  сондай-ақ  жылына  137  сағат  болатын  төмен  бірінші  орын 
алатын  Кореядан  төмен  (Мартин  және  басқалары,  2012).  4-сыныпта  жаратылыстану 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау