4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
ол білім алмау не тек негізгі орта білім алу ықтималдығын арттырады. Оған қоса, ол теңсіздікті
арттырады, себебі әлеуметтік қауқарсыз отбасылардан шыққан білім алушылардың бөлігі жоғары
ықтималдық дәрежесімен оқуда артта қалып қояды және, демек, басқа оқушылармен
салыстырғанда, екінші жылға қалады. Одан басқа, білім алушылар әдетте қайтадан оқуды
үлгерімін жақсарту мүмкіндігі сияқты емес, ал жеке жаза және әлеуметтік стигма сияқты
қабылдайды және әрі қарай оқу үшін уәждемесін жоғалтуы мүмкін. Мектеп оқу жүйелері үшін
қайтадан оқытудың тікелей шығыстары тым жоғары, себебі бұл қосымша оқу жылын ұсынуды
және еңбек нарығына бір жылға кеш шығуды білдіреді. Бельгияда, Нидерландыда, Португалияда
және Испанияда қайтадан оқытудың тікелей шығыстары бастауыш және орта білімге жұмсалатын
жылдық шығыстардың 8% астам құрайды (ЭЫДҰ, 2014а).
Мектеп объектілері, жабдық және оқу материалдары кеңінен қолданылады
Мектеп объектілері мектептердің көбісінде жыл бойы күнде-күнде кеңінен қолданылады.
Бірнеше ауысыммен оқу, сыныптан тыс шаралар және жазғы демалыстар мектеп ғимараттарының
бос тұратын уақыты мүлдем болмайтынын білдіреді. Мектептерді үлкен залдармен, цехтармен,
спортзалдарымен және алаңдармен (кейде тіпті бассейндермен) жарақтандырудың кеңестік
дәстүрі білім алушыларға әртүрлі нысандарда қызмет көрсететін ұйым сияқты мектептің
маңыздылығын арттырады.
Ақпараттық-коммуникалық технологиялар (АКТ) сабақ беру және оқу процесінде белсенді
қолданылады. Қазақстан үкіметі 21-ғасырдың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес ел мектептерін
заманауи цифрлық ресурстармен жабдықтау бойынша орасан зор реформаны іске асыруда.
Электрондық оқу бағдарламасы аясында мектептер компьютерлік жабдықты және бағдарламалық
қамсыздандыруды, интерактивті сыныптар үшін жабдықты алған болатын. Мультимедиялық
құралдарды, емтихандық бағдарламалық қамсыздандыруды, энциклопедияларды және көптеген
веб-ресурстарды қоса алғанда, жаңа цифрлық ресурстарды пайдалану үшін оқу бағдарламалары
қабылдануда. Осы Шолуды даярлау барысында сарапшылардың барған бірнеше мектебі
мақтанышпен өздерінің интерактивті кабинеттерін (мысалы, интерактивті тақтаны) көрсетіп,
мұғалімдердің оқу процесінде осы ресурстарды қалай пайдаланатынын айтты.
Ресми оқу уақыты елеулі ауытқушылықтарсыз іске асырылады және көптеген сыныптан
тыс шаралармен толықтырылады
Ресми оқу уақыты елеулі ауытқушылықтарсыз іске асырылады
Мектептердің тәуліктің тиісті уақытында білім алушыларды оқыту үшін болжамды оқу
уақытын қамтамасыз етуде бостандығы бар. Егер оқушылар науқас болып сабақтан қалса, олар өз
мұғалімімен қосымша сабақтарға қатысады. Оқушылар да, мұғалімдер де, егер де оқушылар
мектепке дәлелді себеппен, мысалы, науқас бойынша келмей қалса, қосымша сабақтарға бара
алатынын сарапшыларға айтты. Кейбір мектептерде келмей қалған мұғалімдердің сабақтарын
ауыстыратын мұғалімдер бар. Олардың болуы сыныптар бойынша пәндерге байланысты болады,
себебі пән-мұғалімдері аталған мамандық бойынша дипломдары бар пәндерді оқытуда шектелген
болуы мүмкін. Бірнеше ауысыммен жұмыс істейтін мектептерде директорлар сабақ кестесін
түзетіп, қандай сыныптардың бірінші, екінші немесе кейбір жағдайларда, үшінші ауысымда
оқитынын шеше алады. Бұл директорларға мұғалімдердің қалауын және білім алушылардың
жасын ескеруге мүмкіндік береді. Нормативтік талаптарға сәйкес 1-сыныптың оқушылары бірінші
ауысымда оқуға тиіс, және, әдеттегідей, барлық бастауыш сыныптар бірінші ауысымда оқиды,
бірақ сарапшылар белгілегендей, мектеп деңгейінде ауысым кестесіне қатысты басқа да шешімдер
қабылданған еді.
Қазақстанда сабақтар оқушылардың тәртібіне не мұғалімнің болмауына байланысты уақыт
жоғалтпай, бір тәртіппен өткізіледі. TIMSS-2011 қатысқан мектеп директорларының жауаптарына
сәйкес, Қазақстанда, зерттеуге қатысқан барлық басқа елдермен салыстырғанда, мектептегі
тәртіппен байланысты проблемалардың ең төмен деңгейі белгіленеді (Муллис және басқалар,
2012). 4-сынып оқушыларының тек 10% және 8-сынып оқушыларының 56% директорлары
«шамалы» не «орташа» проблемаларының барын белгілеген мектептерде оқыған, бұл барлық
4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
елдер бойынша орта көрсеткішпен салыстырғанда, тиісінше 40% және 84% құрайды. Сондай-ақ
PISA-2012 деректері ЭЫДҰ елдеріндегі орта
көрсеткішпен салыстырғанда,
айтарлықтай төменірек
оқу уақытын төмендететін жаман тәртібінің ұқсас төмен деңгейін белгіледі (4.4-сурет).
4.4-
сурет Қазақстанда сыныпта жаман мінез-құлық таныту жиілігі (2012 жыл)
Ескертпе: Бұл сурет PISA-2012 аясында жоғарыда көрсетілген құбылыс «ешқашан не өте сирек кезде» орын алғаны
(ақшыл көгілдір) не «кейбір сабақтарда», мысалы, математика сабақтарында орын алғаны (қара көк) туралы жауап берген
білім алушылардың үлесін бейнелейді.
Дереккөз: ЭЫДҰ, PISA-2012 деректері
Мұғалімдер мен мектеп басшыларының арасында ынтымақтастықтың басым рухы
қолайлы оқу ортасымен бірге Қазақстан мектептерінде жақсы ахуалдың жасалуына әкеледі.
Мектеп ахуалы – бұл тым тиянақсыз тұжырымдама: оны барлығы мойындайды, бірақ өзгерту
қиын (Андерсон, 1982). Алайда мектептегі ахуал білім алушылардың арасындағы қатынастармен
және оқу жетістіктерімен қатты түзетіледі деген жалпы танылған пікір бар (Коен және басқалар,
2009). Соңғы ғылыми зерттеулерде мектеп ахуалының төрт өлшемі айқындалған, олар білім
алушылардың жетістіктерімен тура пропорционалды түрде байланысты: қатаң оқу мақсаттарында
көрініс табатын оқу табыстарына бөлінетін назар; барлық білім алушылар үшін оқу
бағдарламасын тиімді жүзеге асыратын мұғалімдер; жақсы оқығысы келетін оқушылар; ата-
аналардың қолдауы. Атап айтқанда, қауымдастығы белсенді қатысатын және мұғалімдер арасында
ынтымақтастығы зор мектептер білім алушылардың оқу жетістіктеріне ықпал етеді. Мектеп
ахуалының екі басқа өлшемі, ретсіз орта және жиі кезде қатыгез мінез-құлық білім алушылардың
оқу жетістіктерінің төмендеуіне септігін тигізеді (Муллис
және басқалар, 2012).