2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
мүдделі тұрғындарды тартуға көмектесуі мүмкін. Алайда, жергілікті деңгейдегі кадрлық әлеуеттің
жеткіліксіздігі теңсіздік пен тиімсіздіктің артуына әкелуі мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, орталық
атқарушы органдар не істерін білмеуі мүмкін, ал жергілікті атқарушы органдар оны қалай істеуге
болатынын білмеуі мүмкін (Берд, 1995).
Бюджетаралық трансферттер жергілікті қажеттіліктер үшін жеткіліксіз – бұл шара тек
аздап теңестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Бюджетаралық трансферттер негізінен жергілікті қажеттіліктердің шектеулі есебімен
белгіленген келісімге тіреледі
Соңғы 15 жылда Қазақстан бюджетаралық қатынастарды жетілдіру үшін едәуір реформалар
жүргізді, мысалы, бюджеттік процестерді және шығындар бойынша міндеттерді нақтылау, бірақ
едәуір талаптар мектептерде ресурстарды пайдалануды анағұрлым тиімді және әділ басқаруға
кедергі келтіруді жалғастыруда. Проблемалы мәселелердің бірі бюджетаралық трансферттерді
есептеу кезінде бюджеттік келіссөздердің маңыздылығы және қосалқы ұлттық деңгейде білімге
бюджетті анықтау болып қалуды. Бюджетаралық трансферттер барлық салалар бойынша
индикаторлар мен коэффициенттердің ұзын тізімі бойынша есептелетін жергілікті бюджеттердің
болжанатын шығындары мен табыстарын ескеретін формулалардың күрделі жиынтығын
пайдалана отырып есептеледі (Қазақстан Республикасының Үкіметі, 2010). Алайда, осы жалпы
сипаттағы трансферттерде білім үшін арнайы бөлінген үлес жоқ, ал тиісті бюджеттік келіссөздер
қаражаттың оңтайлы бөлінбеуімен аяқталады, себебі әлеуетті табыстар мен шығындарға
қажеттіліктердің объективті индикаторларына аз көңіл бөлінеді. Білімге жергілікті деңгейде
бюджетті қалыптастыру, басты түрде, мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлері
бюджеттік өтінімдерінде өз табыстарын төмендетіп, шығындарын жоғарылататын келіссөздерді
өткізуден тұрады. Дегенмен, заңнамалық нормалар осы келіссөздерде маңызды рөл атқарады,
себебі олар жергілікті атқарушы органдардың құқығы бар білімді қаржыландыру көлемдерін
анықтайды, алайда, қаржыландырудың осы көлемдері бұрын бекітілгендей, жергілікті білім
қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін.
Бюджетаралық трансферттер мен бюджеттік процеске қатысты басқа да проблемалы
мәселелер көтеріледі. Бхуйян (2010) айтқандай, қосалқы ұлттық атқарушы органдар ресурстарды
пайдалану саласында дербестіктің шектеулі дәрежесіне ие, себебі бюджетаралық трансферттер
үнемі болжанбайды және жылдан жылға өзгеруі мүмкін. Махмұтова (2006) бар бюджетаралық
қатынастардың алты қосымша кемшілігін атап көрсетті:
i) барлық деңгейлерде бюджеттердің
жеткілісіз тиімді жоспарлануы мен болжануы,
ii) жергілікті бюджеттерде табыстардың тұрақты
көздерінің жетіспеуі,
iii) жергілікті деңгейде бюджетті атқару үшін төмен ынталандыру,
iv)теңестірудің әлсіз тетіктері,
v) жергілікті деңгейде мемлекеттік активтерді нашар басқару,
vi)жергілікті бюджетті атқару мен бақылаудың тиімсіз мониторингі.
Тең қаржыландырмау елде бір оқушыға арналған шығындардағы үлкен айырмашылыққа әкеледі
Бюджетаралық трансферттер қосалқы ұлттық органдар арасындағы және, сәйкесінше,
мектептер арасындағы бір оқушы басына білімге шығындарды теңестіруге жеткіліксіз әсер
беретінінің кейбір белгілері бар. Жоғарыда сипатталғандай, бір оқушы басына арналған есептегі
шығындар да Алматы қаласында ел бойынша орташа деңгейден төмен 39%-дан Солтүстік
Қазақстан облысында ел бойынша орташа деңгейден жоғары 50%-ға дейін әртүрлі облыстарда
қатты ерекшеленеді (2.4-суретті қараңыз). Бір оқушы басына шығындардағы үлкен айырмашылық
аудандар арасында да байқалады. ҚР БҒМ сұратуы бойынша ЮНИСЕФ бүкіл Қазақстан бойынша
175 мектепті қаржыландыру туралы есеп дайындады. Қорытынды есепте бір облыстың аудандары
арасында және бір ауданға жататын түрі мен көлемі бірдей мектептер арасында бір оқушы басына
шығындардағы маңызды айырмашылықтар көрсетілген (ЮНИСЕФ, 2012).
Кейбір қосалқы ұлттық органдар басқаларға қарағанда, білімге ресурстарды көбірек
бағыттайды және бір оқушы басына шығындар бүкіл ел бойынша бірдей болмауы тиіс болса да,
бар айырмашылықтар қызметтерді көрсету құнына әрқашан байланысты болмайды.
Алдағы есепте
ЭЫДҰ бір оқушы басына шығындар мен қызмет көрсету құны арасында корреляция орнатуға