Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет19/34
Дата30.05.2018
өлшемі2,18 Kb.
#18520
түріЛитература
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34

72
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Роза БЕКЕШОВА,
Көкшетау қаласындағы                                          
№8 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
СөЗ ҚОРЫНДА – ҚАЗАҚТЫҢ 
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  қазақтың  ұлттық 
тағамдары туралы мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру, сөз 
қорын  байыту,  еркін  сөйлеу  қабілетін  дамыту,  қосымша 
мәліметті  тыңдап,  сұрақтарға  жауап  беру,  ой-өрістерін 
кеңейту;  дамытушылық  –  оқушылардың  шағын  ғылыми 
жұмыстарын  қорғау,  слайд  арқылы  тағамның  түрлерін 
біліп,сұрақтарға  жауап  беру;  тәрбиелік  –  қазақ  халқы 
асты  өте  жоғары  бағалаған  және  қастерлей  білген.  Асқа 
байланысты салт-дәстүрлерді, ырымдарды   біліп, сыйлауға 
үйрету.
Түрі:  жаңа  тақырыпты  меңгеру.  Әдісі:  сұрақ-жауап, 
оқушылардың  шағын  ғылыми  жобаларын  қорғау, 
интерактивтік  тақтаны  қолдану.  Көрнекілігі:  баннер, 
интерактивтік тақта.
Сабақтың эпиграфы: Ас – адамның арқауы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. Өткен сабақтың тақырыбы қандай?
2. Шеберлер не үшін таласқан?
3. Диқанның үйі қандай үй?
4. Қазақтың үйі қандай үй?


73
Қазақ елінің жеті ғаламатының бірі – киіз үй.
5. Киіз үй туралы не білесіңдер?
6. Киіз үйдің төрінде қандай аспап ілулі тұрған?
7. Домбыра туралы не білесіңдер?
8. Домбыраны қай кезде естуге болады?
9. Қонақ туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
10. Қазақ қонақты қалай қарсы алған? 
Қазақ қонақты қарсы алып, бай дастархан жайған.
Қазақ  халқы  дәмді,  жақсы  тағамдарын  өздері  жемей, 
қонаққа әдейі сақтаған.
ІІІ. Жаңа тақырыпты талдау:
Бүгінгі  сабақтың  тақырыбы:  Қазақтың  ұлттық 
тағамдары. (І слайд)
Мақсаты: мәтін оқу, слайд көру арқылы ұлттық тағамдар 
туралы өз ой-өрістерімізді кеңейтеміз, тағаммен байланысты 
салт-дәстүрлер, ырымдар, мақал-мәтелдерді білеміз.
Ас – адамның арқауы (ІІ слайд)
Оны қалай түсінеміз? (өз ойларын ортаға салу)
Мұғалім:  -  Қазақ  халқы  асты  өте  жоғары  бағалаған  әрі 
қастерлей  білген.  Халқымыз  тамақтың  орнын  тіршілікке 
қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Қалай 
айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен 
бағалаудың жолын, оны дәмді етіп әзірлеудің де көзін, кезін, 
ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен 
жайсаңдарды  құрметтеу  де,  өздерінің  мырзалық,  өнегелі 
қасиеттерін  білдіру  де,  ел  дәулеті  мен  қарым-қабілетін, 
түсінігін  танытуда  да,  қазақтың  кең  дастарханы  арқылы, 
яғни, қонақасы арқылы көрсеткен.
Қазақ  қонақасы  беруде  қонақ  таңдауды,  басқа  ұлт,  дін 
өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып, ашық қабақ 
танытқан,  достық  көңілін  көрсеткен.  Шаршағандарына, 
мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.
1. Жаңа сөздермен жұмыс (ІІІ слайд):


74
а) оқу;       ә) морфологиялық талдау:
ұлттық  дастархан  –  бұл  не?  Сөз  тіркесі  (есім  с.т,  б.т-
қабысу)
қазы-қарта, жал-жая – қосарланған қос сөз;
қазақ қанында – сөз тіркесі (есім с.т, б.т-қабысу)
қандай  сөздерді  тасымалдауға  болмайды?  (бір  буынды: 
нан, құрт)
б) синоним келтіру (ІV слайд):
зат-нәрсе, дүние, бұйым, мүлік, жасау, жиһаз.
Тамақ-ас,  тағам,  ырыс,  несібе,  дәм-тұз,  ас-су,  қорек, 
нәрем.
Қарт-егде, кәрі,мосқал, кексе, жасамыс, қартаң.
Сыйлау  –  құрметтеу,  қадірлеу,  қасиеттеу,  қастерлеу, 
әспеттеу, құндау.
в) антоним келтіру (V слайд):
Қарт – жас.
г) омоним келтіру.
Бас – зат есім, етістік.
Полисемия.
Бас – судың басы – (бұлақ);
таудың басы – (шың)
сөздің басы – (сәлем)
ғ) есте сақтау қабілетін дамыту (жаңа сөздерді меңгеру) 
(VІ слайд).
2. Мәтінді тізбектеп оқу.
3. Сұрақ-жауап құрастыру.
Қазақ  халқы нені жоғары бағалаған?
Ұлттық тағамдар неше түрге бөлінеді?
Негізгі ұлттық тағам не?
Бас кімге тартылады?
Қонақжайлылық қандай қасиет? 
(оқушылар сұрақ-жауапты әрі қарай жалғастырады).
4. Оқушылар  мәтінді іштей оқиды.


75
5.  Қазақтың  ұлттық  тағамдары  туралы  не  білдік? 
(білгендерін айтып беру).
ІV. Қолдану.
Оқулықтың 41-бетіндегі 1-тапсырманы ауызша орындау.
Сөйлемдерді толықтыру.  Ет тағамдары:  ....
Сүт тағамдары: .... т.б.
Бауырсақ сөзіне фонетикалық талдау жасау.  
Сөйлемді  талдау:  1.  сөйлемнің  түрі;  2.  синтаксистік 
талдау; 3. сөз құрамына талдау; 4. сөз тіркестерінің байланысу 
тәсілдерін ажырату.
Ең  құрметті  қонақтарға,  жасы  үлкен  қарттарға  бас 
тартылады.
(жай,  хабарлы  сөйлем,  тұрлаулы  мүшелеріне  қарай 
–  жақты,  толымды,  тұрлаусыз  мүшелеріне  қарай  – 
жайылма).
1. бас тартылады – етістікті сөз тіркес, байланысу тәсілі 
– қиысу.
2.  ең  құрметті  қонақтарға  –  есім  сөз  тіркес,  байланысу 
тәсілі – қабысу.
3. қонақтарға тартылады – етістікті сөз тіркес, байланысу 
тәсілі – меңгеру.
4.  жасы  үлкен  қарттарға  –  есім  сөз  тіркес,  байланысу 
тәсілі – қабысу.
- Қазақтың ұлттық тағамдарының неше түрі бар?
- Нан қандай ас?
Оқушылардың  дайындаған  шағын  ғылыми  жобаларын 
тыңдап, сұрақтарға жауап беру.
Нан тағамдары. (VІІ-Х слайд)
Сүт тағамдары. (ХІ-ХVІІ слайд)
Ет тағамдары. (ХVІІІ-ХХІІ слайд)
Қазақ ыдыстарына да ерекше мән берген. Сырттан келген 
кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы 
сынап,  бағасын  берген.  Сондықтан  қазіргі  кезде  де  қонақ 


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау