67
Қашпаңдар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап-қара түнде оянған. (М.Мақатаев)
8. Сын есімдерді қазақ, ағылшын тілдеріне аудару.
Вкусный – дәмді – tasteful;
Сладкий – тәтті – sweet;
Теплый – жылы – warm;
Холодный – суық – cold;
Горячий – ыстық – hot.
Игра со зрителями.
Мақал-мәтелдердің ішінен сын есімдерді табу.
1. Оқусыз – білім жоқ,
Білімсіз – күнің жоқ.
2. Отан оттан да ыстық.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
III. Сен – маған, мен – саған; Ты – мне, Я – тебе.
- Әр команданың қарсыластарына дайындаған
тапсырмалары бар, яғни, үй жұмысы.
Көрініс көрсету.
1. Дүкенде.
Айжан: - Сәлеметсіз бе! Мына қызыл көйлек неше теңге
тұрады?
Сатушы: - Көйлектің бағасы бес мың теңге.
Айжан: - Бағасы қымбат екен. Арзанырақ көйлек бар ма?
Сатушы: - Әрине, бар, бірақ ол сары түсті.
Айжан: - Ашып көруге бола ма?
Сатушы: - Болады, қане, киіп көріңіз.
Айжан: - Маған өлшемі қырық төртінші көйлекті
беріңізші.
Сатушы: - Кешіріңіз, бізде сіз сұраған өлшемді көйлек
жоқ, тек қырық алтыншы өлшемнен жоғары көйлектер бар.
Айжан: - Өкінішті-ақ, жарайды, көйлекті базардан
68
алармын. Аяқ киім бөлімі қай жерде, айтыңызшы.
Сатушы: - Аяқ киім бөлімі екінші қабатта орналасқан.
Айжан: - Рақмет, сау болыңыз!
Сатушы: - Сау болыңыз, келіп тұрыңыз!
2. Емханада.
Әлия: - Апа, менің тамағым ауырып тұр және қызуым
бар сияқты.
Шешесі: - Иә, Әлия, аздап қызуың бар екен. Саған
дәрігерге бару керек. Бірақ мен сенімен бара алмаймын,
себебі жұмыстан қалуға болмайды.
(Аурухана. Дәрігер ауруларды қабылдап жатыр. Әлияның
де кезегі жетті).
Әлия: - Сәлеметсіз бе!
Дәрігер: - Сәлемет пе! Атың кім? Түрің боп – боз, не
болды?
Әлия: - Атым – Әлия. Жағдайым онша емес. Ауырып
тұрмын.
Дәрігер: - Қай жерің ауырып тұр? Міне, градусникті
қолтығыңның астына салып отыр.
Әлия: - Менің тамағым ауырады және қызуым бар, өзімді
әлсіз сезініп тұрмын.
Дәрігер: - Градусникті бер, қызуың – 37,5 С
0
. Дәрі іштің
бе?
Әлия: - Жоқ.
Дәрігер: - Сенің тамағың қызарып тұр, бұл – баспа. Кеше
суық су ішіп немесе балмұздақ жедің бе?
Әлия: - Кеше бес балмұздақ жедім және күн суық болды.
Дәрігер: - Қазір мен саған рецепт беремін. Біріншіден,
дәріханаға барып, дәрі сатып ал. Тамағыңды тұзды сумен
және ас содасымен шай, балмен көбірек шәй іш. Жақсы ма?
Әлия: - Жақсы.
Дәрігер: - Әлия, бір аптадан соң тағы кел. Тез жазыл, сау
бол!
69
Әлия: - Сау болыңыз!
IV. Қонақ кәдесі – Темная лошадка.
- Бүгін біздің ойынымызға келген қонағымыз бар. Ол кісі
құр алақан келген жоқ. Сіздерге дайындаған тапсырмалары
бар. Бейнесұраққа назар аударыңыздар.
Қонақ.
- Қайырлы күн, ойынға қатысушылар. Менің аты – жөнім:
Қайдарова Нұргүл Нұрлыбайқызы. Мен лицей оқу – тәрбие
кешенінің қазақ тілі пәні мұғалімімін. Сіздерге дайындаған
екі тапсырмам бар.
Бірінші тапсырма: Әріптік диктант – Буквенный
диктант. Мәтінді түсіну, түске берілген сын есімдердің
алғашқы әріптерін ғана жазу, мысалы: қоңыр – «қ».
Буквенный диктант
Қызыл, жасыл гүлдің,
Қызыл – сары күннің,
Аппақ, таза қардың
Суреттерін салдым.
Мына бояу – күлгін,
Түсі емес пе күлдің?
Түсі – сары күздің,
Түсі – көкшіл мұздың.
Бота, іңген – бозы,
Сары – қозы.
Қап-қара анау – қарға,
Одан қара бар ма?
Аю салдым қоңыр,
Қара қоңыр – көмір.
Ақсары – өзім,
Қоңырқайы – көзім...
Қиын емес маған,
Бәрін бояй алам. (С. Оспанов)
(қ, ж, қ с, а, к, с, к, б, с, қ – қ, қ, қ, қ қ, а, қ.)
70
- Екінші тапсырма: Берілген сандардың орнына әліппе-
дегі ретіне сәйкес әріпті қойып, сөзді табу және одан
неғұрлым көп сөз құрастыру. 15, 20, 19, 37, 23, 15, 1, 13
- Назарларыңызға рахмет. Іске сәт!
Игра со зрителями.
Сын есімдердің жасалуын түсіндіру.
Мұздай, сусыз, бақытты, ақылды, көктемгі.
V. Кім тез? Гонка за лидером.
Әр командаға 12 сұрақ қойылады, команданың барлық
мүшелері жауап бере алады.
1-топ:
1. Туынды сын есім жұрнақтары.
2. Негізгі сын есімге мысал келтіріңіз.
3. Сын есімнің неше шырайы бар?
4. Жай шырайға мысал келтіріңіз.
5. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?
6. Аспаз не істейді?
7. «Ашық» сөзінің синонимі.
8. «Түс» сөзінің омонимі.
9. «Республика» сөзінен сын есім жасаңыз.
10. «Дәріхана» сөзінің түбірі.
11. Сөйлемнен сын есімді табыңыз.
Мен әдемі қалада тұрамын.
1. Салыстырмалы шырайға мысал келтіріңіз.
2-топ:
1. Туынды сын есімге мысал келтіріңіз.
2. Негізгі сын есім дегеніміз не?
3. «Жақсырақ» – сын есімнің қай шырайы?
4. Күшейтпелі шырайға мысал келтіріңіз.
5. Болмысыз сын есімге мысал келтіріңіз.
6. Дәрігер не істейді?
7. «Емхана» сөзінің түбірі.
8. «Әдемі» сөзінің синонимі.
71
9. «Қара» сөзінің омонимдері.
10. «Ұлт» сөзінен сын есім жасаңыз.
11. Сөйлемнен сын есімді табыңыз.
Бүгін қызық семинар болды.
1. Салыстырмалы шырай қалай жасалады?
III. Қорытындылау.
- Ойынымыз өз мәресіне жетіп қалды. Қорытындысы
шыққанша әсем ән тыңдаңыздар.
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Командаларды марапаттау. Бағалау.
IV. Үйге тапсырма беру.
«Сын есім. Қоғамдық қызмет көрсету» тарауын қайталау,
бақылау жұмысына дайындалу.
ТАМШЫ ТАНЫМ
Сын есімнің сыры сұлу өмірде,
Бір әдемі күйді ойнатар көңілде.
Ғашығыңа теңеу іздеп жүргенің
Тәтті үмітпен көркі ғажап өңірде!
Достарыңызбен бөлісу: |