28
29
3 PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.
Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық //
NIS- PEARSON.
4 Оқу сауаттылығы бағдарламасы. Мұғалімнің
жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
5
Основные
результаты
международного
исследования PISA-2012. Астана: НЦОСО, 2013.
6 PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал.
Астана, 2013. 73-97-б.
Развитие функциональной грамотности
учащихся
Автор этой статьи написал о развитии
функциональной грамотности и критерии оценки
грамотности, приводит результаты исследования,
пути формирования функциональной грамотности на
уроках, а также, требованиях к уровню подготовки
учащихся.
Ключевые слова: функциональная грамотность,
оценки уровня грамотности, результат, требование.
The development of functional literacy of pupils
The author of this article wrote about the development
of functional literacy and literacy assessment criteria, the
results of research, the way of formation of functional
literacy at lessons, requirements for the level of training
of students.
Key words: functional literacy, to estimate levels of
literacy, result, requirement.
Р.ШӘКІРОВА,
№18 жалпы орта білім
беру мектебі.
Ж.А.ҚАРАЕВ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫң
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Ж.А.Қараев технологиясы дамыта оқыту идеясын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді: оқушының ойлауын,
елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін,
білім сапасын дамытады. Әр оқушының кемінде
мемлекеттік (стандарттық) деңгейге сәйкес білім
алуына кепілдік береді.
Түйін сөздер: технология, дамыта оқыту,
мемлекеттік тіл.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша
оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде
қалыптастыру – заман талабы.
Оқушыларымыздың білімдерін 6-7-сыныптардан
бастап бақылау жасай отырып, профессор Қараев
Жауынбайдың «Деңгейлік саралау технологиясын»
таңдап алдық. Мұндағы мақсатымыз – өз бетімен
дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе
білетін, белсенді, білімді оқушыны тәрбиелеу.
Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені
ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын,
ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына
көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік
30
31
(стандарттық) деңгейге сәйкес білім алуына кепілдік
береді.
Деңгейлік саралау технологиясы окушының да,
мұғалімнің де белсенді шығармашылық кызметін
дамытуға бағытталған.
Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар арқылы
оқушы тек қана міндетті деңгейдегі тапсырмаларды
орындап қана қоймай, бірнеше деңгейдегі
тапсырмаларды орындап, өз кабілетін көрсете алады.
Енді осы деңгейлерді аңықтап алайық:
I деңгей – минималды қалыпты оқушы деңгейі,
II деңгей – алгоритмдік деңгей;
III деңгей – жалпы ойлауды қажет ететін, танымдық
іздену (эвристикалық) деңгей, бұл деңгейде оқушы
өзі тұжырым жасайды (сөздікті пайдаланып, мәтін
аударады, сөзжұмбақ, ребус шешеді);
IV деңгей – шығармашылык деңгей.
Енді осы деңгейлік тапсырмалар беру үлгісін
6-сыныпта өткізілген «Сан есімді қайталау» деген
сабақта көрейік.
Сабақтың мақсаты:
1) оқушылардың сан есімнен алған білімдерін
тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық
тұрғыда тексеру;
2) тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін
дамыту;
3)
орындалатын
жұмыстар
арқылы
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, тест.
Көрнекіліктер:суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен – қазақтың тілімін,
Беретін көп білімім.
Достасатын сендермен
Жақсы пәннің бірімін.
Үйретем тіл заңдарын,
Сөзіме құлақ сал бәрін,
Менімен тез іске асар
Ойға алған арманың.
- Міне, балалар, туған тіліміз – қазақ тілі ұжымдық
оқыту арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындау
барысында өтпек.
Сыныпты білім деңгейіне қарай 3 топқа бөлу:
І топ («Өте жақсы» оқитын оқушылар);
ІІ топ («Жақсы» оқитын оқушылар);
ІІІ топ («Орташа» оқитын оқушылар).
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
Көрнекі-бейнелеп ойлау. Мына жазба карточкаға
қарап, сөз табын табыңдар.
Антоним
Буын
Сан есім
Жалғау
Бастауыш
ә) «Топтастыру» әдісі бойынша сан есімдерден
білетін ұғымдарыңды жаз.
32
33
1) есептік; 3) жинақтық; 5) бөлшектік;
2) реттік; 4) топтық; 6) болжалдық.
б) Топтармен жұмыс.
Білім деңгейіне қарай әр топқа тапсырмалар беру.
Деңгейден деңгейге көшкен сайын тасырмалар да
күрделене түседі.
І деңгей
І топ. 1-тапсырма. Сөйлем ішінен сан есімдерді
тауып, кұрамына, мағынасына қарай ажырат.
1941 жылы 22 маусымда неміс фашистері
тұтқиылдан елімізге шабуыл жасады.
2-тапсырма. Реттік сан есім дегеніміз не? Реттік
сан есімнің цифрмен берілгендегі жазылуы туралы
айтындар.
II топ. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің сөздерін
тиісті орнына қойып, құрастыр.
1. Сом, ақшаң, жүз, болғанша, жолдасың, болсын,
жүз.
2. Тілін, жұрттың, біл, жеті,
3. Түрлі, білім, жеті, біл.
2-тапсырма. Болжалдық сан есім, оның жасалу
жолдары туралы айтыңдар.
III топ. 1-тапсырма. Сөйлем ішінен сан есімді
тап. Майдан даласына миллиондаған қыз-жігіттер
аттанды.
2-тапсырма. Сан есім дегеніміз не? Сан есімді
қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.
II деңгей
1 топ. 1-тапсырма. Берілген есептік сан есімдер-
ден реттік, топтау, болжалдық сан есімдер жасап,
сөзбен жазыңдар.
6, 10, 105, 35, 636, 482, 1991, 2004, 10205, 1965.
2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді оқып, көп
нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қой, талда.
1. Жаздың ... күні
Қыстың ... күнін асырар.
2.... жасар бала алыстан келсе,
... қария сәлем берер.
3.... аяқтыда бота тату,
... аяқтыда бажа тату.
II топ. 1-тапсырма. Ребусты шешіңдер.
(Қолдың суреті)
5 1-дей
(ағаштың суреті) ,
, , , ,
Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем
құрастыр.
Жеті-сегіз, он үштерде, алпыстай, ондаған, жиырма
шақты.
III топ. 1-тапсырма. Жаңылтпашты оқып, айтыңдар.
Сан есімдерді қатыстырып, өздерің жаңылтпаш
құрастырыңдар.
Заттың санын, ретін,
мөлшерін білдіреді
Құрамына қарай:
дара, күрделі
Қанша, неше,
нешеу, нешінші?
Мағынасына қарай:
Сан есім
Достарыңызбен бөлісу: |