20
21
2
407
√ Мәтіннің
бастапқы идеясын айқындау,
мәтіннің өзара ұйқасын немесе
құрылысының құрылымын түсіну.
√ Мәтіннің бір ғана ерекшелігіне
негізделген қайшылықтарды салыстыру
немесе анықтау.
√ Жеке тәжірибесіне және берілген
мәселеге сүйеніп, мәтін және мәтіннен тыс
мәліметтер арасында байланысты құрып,
салыстыру.
1А
335
√ Мәтін мазмұны мен күнделікті өмір
тәжірибесі арасындағы байланысты табу.
√ Таныс тақырыпқа берілген мәтіндегі
автордың басты идеясын айқындау.
√ Айшықты, таныс ақпаратты еске түсіруге
бағытталған мәтінмен жұмыс жасау.
1Б
262
√ Қарапайым,
қысқа мәтін ішінен
оқырманға таныс ақпаратты табу.
√ Қарапайым мәтінмен жұмыс жасау
(ақпараттың қайталануы, суреттер және
таныс символдар).
√ Қарама-қайшылықсыз және ауқымды
ақпаратты мәтінді интерпретациялау.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
НӘТИЖЕЛЕРІ
Оқу сауаттылығы деңгейлері бойынша PISA-
2009 зерттеуіндегі қазақстандық оқушылардың
нәтижелері:
- алтыншы деңгей біздің оқушылар үшін қиын
болды, бұл деңгейдің сұрақтарына бірде -бір білім
алушы жауап бере алмаған.
- зерттеуге қатысқан оқушылардың 0,4 пайызы
ғана бесінші деңгей тапсырмаларын орындай алды.
Бұл көрсеткіш оқушылардың логикалық ойлау
қабілеті мен таныс емес мәтіндерді бағалау, қажетті
ақпаратты тауып оны интерпретациялау біліктілі-
гінің жоқ екендігін дәлелдейді.
- оқушылардың 30,7 пайызы 1 а және 20,4%
пайызы
1b
деңгейлеріндегі
тапсырмаларды
орындай алды. Бұл деңгей тапсырмалары мәтіннің
басты тақырыбын және оның құрамында берілген
шашыраңқы ақпарат арасындағы өзара байланысты
айқындауға бағытталған. Сонымен катар, 15 жастағы
оқушылардың 7,5 пайызы бұл деңгейге де жете
алмады.
Бұл Қазақстандық оқушылардың оқу сауаттылығы
жеткілікті деңгейде дамымағандығын көрсетеді.
Біздің сынақталушылардың зерттеуде көрсеткен
төмен нәтижелері түрлі мазмұндағы, сипаттағы және
форматтағы мәтіндермен жұмыс жасаудың тиімді
әдістерін меңгеруді және мәтін ауқымын кеңейтіп,
оларға арналған тапсырмаларды әрі деңгейлеп, әрі
күрделендіруді талап етеді. Құрылымдық жағынан
кесте, сызба, диаграммасы бар мәтіндерді: «Телефон»,
«Жұмысқа қабылдау», «Ауалы шар», «Поштамен
посылкалар», «Жүгірушілер» сол күйінде беріп қана
қоймай, оларды меңгертудің интерактивті амалдары
қолданылуы тиіс. Мысалы, «Мәтін индексі» әдісі,
«Мозаика» әдісі, «Қысқа сөйлемдер» әдісі және
Графикалық органайзерлер.
PISA зерттеуінде оқу сауаттылығы ұғымын
оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабі-
леттілігі және оларға рефлексия, мәтін мазмұнын өз
мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері
мен дағдыларын қоғам өміріне белсенді араласу үшін
дамытуы деп түсінуге болады.
Зерттеу барысында мәтінді толық түсінгенін
дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері
22
23
бағаланады: мәліметті табу, мәтінді түсіндіріп
беру, мәтіннің мазмұнына немесе оның формасына
рефлексия және олардың бағасы. Мысалы, Бала мен
суретте бейнеленген арыстан.
Эзоптың мысалы
Дүниеде жасқаншақ бір шал өмір сүріпті, оның
жалғыз ұлы болыпты. Әкесі бәрінен де баласының
аң аулауға құмарлығы мен оның батылдығынан
қорқыпты. Бірде оның түсіне оның ұлын арыстан
өлтіретіні кіріпті. Түсі орындалатынынан қорқып,
әкесі ұлына өте үлкен, әсем үй салып, баласы әрқашан
көз алдында болу үшін, оны биік жерге қойыпты.
Ұлының көңілін аң аулаудан аударып, оның ынтасын
қанағаттандыру үшін әкесінің өтініші бойынша
жаңа тұрғын жайдың қабырғаларына әр түрлі
жануарлардың суреті салынып ілініпті. Олардың
бірі арыстан болыпты. Алайда бұл суреттерді қарай
жүріп, жас жігіт бойын билеген қамығуды жеңе
алмапты.
Бір күні ол қабырғалардың біріне жақындап, ондағы
арыстанға: «Аһ, сені ме, сайтанның құбыжығы! Мен
сен үшін және әкемнің оғаш түсіне бола осында, мына
түрмеге қамалдым. Сенімен не істесем екен?»,- дейді
де ол арыстанның көзін шығару үшін қабырғаны
жұдырығымен ұрады. Сөйтіп, оның тырнағының
астына тікен тұрып қалып, ол оны суырып ала
алмайды. Саусағы талаурап, қатты үлкейіп, ісіп
кетеді, қызуы көтеріліп, безгек басталады. Безгек
соншама қатты болғандықтан, жас жігіт өліп кетеді.
Арыстан тек суретте бейнеленген болғанымен,
оның әкесіне сәуегейлік етілгендей, жас жігітті
өлтіріпті.
1-сұрақ. Мысалда не туралы жазылған?
А. Баласы әкесін құрметтеуге лайық.
Ә. Әкесі баласының махаббатына ие бола алмады.
Б. Әкесі баласын сақтап қалғысы келді.
В. Баласы әкесіне бойсұнуға үйренгелі жатыр.
Сондай-ақ мәтінде берілген мағлұматты өмір
туралы өзінің көзқарастарымен байланыстырып,
дәлелдеулері бағаланады.
2-сұрақ. Қалай ойлайсыз: бейнеленген арыстан
ұлын өлтірді ме, жоқ па?
Мысалдың мағынасын қалай түсінгеніңізді
жазыңыз.
Сонымен бірге тапсырманы орындау барысында
мәтіндегі мәліметті өзге ақпарат көздерінен алған
немесе бұрыннан белгілі білімдерімен толықтыра
немесе салыстыра білуі, автордың сипаттаған
ойларынан қорытынды жасау ұсынылады.
3-сұрақ. Әңгіме екі жарым мың жылдан астам
уақыт бұрын жазылған.
Қалай ойлайсыз, әкесінің баласына деген сезімі
мен әрекеттері біздің заманға сай ма? Оның баласына
қарауын біздің заманымыздағы ата-аналардың
балаларына қарауымен салыстырыңыз. Жауабыңызды
осы әңгімеге сүйене отырып дәйектеңіз.
Сонымен әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген
мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар сұрақтар
немесе таңдау бойынша бір немесе қатар екі жауабы
болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекітулер
қалыптарында көрсетілген қиындық дәрежесі
әр түрлі сұрақтар кіреді. Сұрақтардың қалған
бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құраулары