34
35
Бес түп алма
«Бестік» алғандікі.
Төрт түп алма
«Төрттік» алғандікі.
«Төрттік» алған
Бес түп алма алмайды.
«Бестік» алған
Төрт түп алма алмайды.
2-тапсырма. Дара, күрделі сан есімдерді бөлек-
бөлек жаз.
Жүзінші, жетпіс бес, екі, кырық шақты, отыздай,
төртеу.
III деңгей
I топ. 1-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Сюжетті суретке қарап, сурет мазмұнына лайық
шағын әңгіме құрастырыңдар (сан есімдерді
қатыстыру).
II топ. 1-тапсырма. Тест. Сан есімдердің
қайсысының жазылғаны дұрыс.
а) 2004-жыл;
ә) 2004 жыл.
а) V том;
ә) V том.
а) 7-сынып;
ә) 7 сынып.
а) 10-даған;
ә) 10 даған.
III топ. 1-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Кәделі мүше.
2. Ел ордасы.
3. Ас атасы.
4. «Кет» сөзінің антонимі.
5. Нәрестенің төсегі.
6. Киім ілетін зат.
7. Сөздің көркі.
III. Сабақты қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма. Оқыған көркем шығармалар-
дан сан есімге 5 сөйлем жазып келу.
V. Білімдерін бағалау.
Ж.А.Қараев технологиясы бойынша оқытуда
оқушы жаңа білімді өзі меңгере отырып, әр түрлі
деңгейдегі тапсырмаларды орындайды. Оқушының
себеп, іскерлік, ес, ақыл-ой дамуына әсер ету
нәтижесінде білім сапасы көтеріледі, өзін-өзі
дамытуға себеп болады. Бағалау және бақылау іс-
әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі түрі өзгереді.
с
а
н
е
с
і
м
36
37
Қорыта айтқанда осы технологияның идеяларын
жүйелі түрде қолға алсақ, оқушыларымыз жыл
аяғында өткізілетін сынақтарға ауызша да, жазбаша
да дайын болары сөзсіз.
Әдебиеттер:
1 Құлмамбетова Б., Ысанова А., Исинғарина М.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы, «Білім»,
2000.
2 Қадашева Қ.«Жаңаша жаңғыртып оқытудың
ғылыми-әдістемелік
негіздері,
өзге
тілді
дәрісханадағы қазақ тілі». Алматы, 2001.
Резюме
Разноуровневое
обучение
по
технологии
Ж.К.Караева дает возможность осуществить идею
развивающего обучения: развивает мышление,
воспоминание, память, прилежание, активность
учащихся, повышает качество знаний. Позволяет
каждому ученику получить знания соответствующие
государственному стандарту.
Ключевые слова: технология, развивающее
обучение, государственный язык.
Rezume
The leveled teaching gives the possibility to realize the
idea of developing education:it develops the mentality,
imagination, memory and activity of students; it raises
the guality of knowledge and permints everyone to get
the knowledge corresponding to the state standards.
Key words: technology, the developing training,
a state language.
Тіл дамыту жолдары
ӘОЖ 37.013 С.АХМЕТЖАНОВА,
Ерсін Мұқашев атындағы
жалпы білім беру орта мектебі.
Павлодар облысы,
Май ауданы,
Көктөбе ауылы.
СӨЗДІК ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫң ТІЛІН ДАМЫТУ
Мақалада өзге тілді мектептегі қазақ тілі сабағын
жүргізудегі басты мәселенің бірі – тіл дамыту
мәселесінің шешімі – сөздік жұмысы екені айтылған.
Түйін сөздер: сөздік жұмысы, тіл дамыту,
мемлекеттік тіл, ауызекі сөйлеу.
«... Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің
міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана
отырып дамыту. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі
кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен
жалғастыра береміз» - деді өз Жолдауында Елбасы.
Қазіргі кезде қазақ тілін үйретудегі басты кемшілік
– тіл үйренушіні мемлекеттік тілде сөйлете алмай
отыруымызда болып отыр. Өзге ұлтқа қазақ тілін
оқыту оңай жұмыс емес. Ал тілді үйрету отбасынан,
бала-бақшадан, мектептен басталатыны барлығымызға
мәлім.
Орыс тілді мектептегі қазақ тілі сабағын жүргізудегі
мәселенің бірі – тіл дамыту. Оқушылардың қазақ тілінің
үйренуі – танымдық үдеріс, соның нәтижесінде олар
38
39
ана тілінен басқа тілді меңгере алады. Тілді үйретуде
қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту,
оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе
алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес. Оқу материалын
оқушыларға түсіндіру, ол туралы мәліметтер беру –
мұғалімнің міндеті. Сондықтан қазақ тілін меңгертуде
сөздік жұмысының орны ерекше.
Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны
жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін
сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-
ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға мүмкіндік береді,
сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға,
шығарма жазуға көмектеседі.
Сөздік жұмысының ерекшелігі: тіл дамытудың
басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық
салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-
мәтелдер, т.б. білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар
сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.
Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен
тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық
құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға,
сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар
арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге
мүмкіндік береді.
Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны
дәл ойлауға үйретеді, оның шығармашылық қабілетін
арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының
бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы
– қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның
байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік
жұмысын жүргізудің маңызы зор. Сөз байлығының
аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша,
дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан
сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні
зор.
Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып
кеңітсе, екіншіден, үйренген сөздерін қатесіз, сауатты
жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден, сөзді үйрену
арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді.
Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді
орындауды қажет етеді:
1. Балалардың сөздік қорын байыту, яғни, белгілі бір
сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету.
2. Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану
аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен
салыстыру арқылы жаңа контекстке пайдалану.
3. Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық
категориясын бақылау арқылы үйрету.
4. Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді
пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту,
өмірмен байланыстыра жүргізу.
5. Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау
жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.
6. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына
әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді
қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.
7. Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау,
яғни, әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда
мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.
Сөздік қорды байытудың негізгі көзі – оқулықтағы
мәтін, жаттығулар, тапсырмалар және мұғалімнің сөзі.
сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны
ауыз әдебиет үлгілерінен мақал-мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.