52
53
әдептілік сезім өзге біреудің жанын жараламауды, адамға
қуаныш әкеле алатынын түсінуі және басқа біреудің
жанын жараламауды және басқа біреудің уайым қайғысына
ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әр уақытта қоғамға,
басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі
жақсы – әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.
Адамгершіліктің тағы да негізгі белгілерінің бірі - өзі
үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-
намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын
болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның
бірі боласың»,- дейді Абай. «Досыңа достық – қарыз іс,
дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам әр уақытта
өзгенің жақсылығын бағалай біледі. Арлы адам – ардақты
адам. Қазақтар ар үшін өз өмірлерін қиды. Олай болса,
халқымыздың тәрбие құндылықтарының ішінде «ар»,
«намыс» өте жоғары бағаланады.
Адамгершілік қасиеттің жоғарғы түрі – ар-ұят сақтау.
Халық мақалдарында жастарды сабырлы, адал, арлы
азамат болуға үндеп отырады. Халқымыз «Жаным –
арымның садағасы», «Өлімнен ұят күшті» деп, ар-ожданды
қастерлеген, оны адамгершіліктің туы қып көтерген, арды
жаннан да қымбат қасиет деп есептейді.
Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның
кісілігінен тәлім алу- әрбір баланың парызы. Үлкен кісінің
алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп
құрметтеу, көңіліне қарау – атадан балаға ауысқан тамаша
дәстүр. Кісі өзін сыйлата білу үшін өзінің кісілік дәрежесін
биікке көтеріп, адамгершілік көрсете білуге тиіс.
Қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке,
имандылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойды.
Ер балаларды қос қолдап сәлем беруге, қыз балаларды
ибалық жасап, үлкендерге жол беруге, олардың алдын
кесіп өтпеуге тәрбиеледі. «Сіз – сыпайылық, сен-
анайылық», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені»,
«Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды,
сыпайы сүйкімді» деген қағидалар балаға айтыла береді.
Қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екендігін
ескеруіміз керек. Сондықтан қыз балаға үлкен жауапкершілік
жүгі артылады.
Оны «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым- үйде, қылығы
– түзде» деген мақал- мәтелдерден көруге болады.
Адамгершілік қасиеттің белгілері - қайырымдылық
пен достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық,
достық пен қастық қарама – қайшы қасиеттер болса да,
егіздің сыңарындай қатар айтылады. «Ел қамын жеген
ер» деп халыққа жақсылық жасаған адамды дәріптесе,
«Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы - ай мен күндей, әлемге
бірдей», «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші» деген
нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын
абзал азамат екенін дәлелдейді.
Адам өз өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында
адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын
үйренеді. Адамгершілік-қоғамдық өмірдің заңдылығына
сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге
негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін
моральдық ұғым. Адамгершілік адамның адамды
құрметтеуінен, оған сенуінен, шыншыл болу әрекеттерінен
байқалады.
Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек
осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы
тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның
адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары
54
55
арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола
алмайды.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде
алдымызға қойған мақсатымыздың бірі – қоғамға пайдалы,
үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру
жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу
осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды
міндеттейді. Тәрбие мен оқу – егіз деген сөз бар. «Тәрбие
бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген
дана халқымыздың нақыл сөзіне сүйенеміз.
Н.ДҮЙСЕНБЕКОВА,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы
орта мектеп.
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
ОҚУШЫНЫң СЫН ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТА
ОТЫРЫП, СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бүгінгі ұстаз міндеті – оқушыларға ХХI ғасырда табысты
еңбек етуіне жол салатын білім мен дағдыны игеруге
көмектесу. Осы мақсатта оқытуда жаңа педагогикалық
технологияларды енгізу қазіргі кезде әр мұғалімнің басты
міндеті болса керек. Өйткені болашақта бізге заман талабына
сай қалыптан тыс ойлай білетін, әр түрлі жағдайларға
қарай бейімделіп, шұғыл шешімдер қабылдай алатын,
шығармашыл,белсенді тұлғалар ауадай қажет. Оқытуда
тек жалаң білім берумен ғана шектелмей, баланың жеке
қасиеттерін, қабілеттерін дамыта отырып оқытуға ұмтылу
қажет. Мұғалім өз жұмысында алдындағы оқушылардың
санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, зерттеп, өзі
де жұмысын өзгерте отырып, оны үйлестіре білуі қажет деп
есептеймін.
Менің өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау модулін
әр сабағымда қолдануымның себебі, аталған мақсат-
міндеттерден туындап жатыр деп ойлаймын. Әсіресе,
оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда бұл модульдің берері
көп. Жалпы қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер бойынша баланың
өзі ізденіп, өз бетінше білім алуы үшін әрекет жасаушы
болса, мен тек бағыттаушы, дұрыс жол нұсқаушымын,
ұйымдастырушымын.
Оқушы
мен
ұйымдастырған
сабақтарда
еркін
сөйлеп,
пікірталастарды
және
сыныптастарының пікірін тыңдап, мәселені шешу жолын
бірігіп қарастырады. Оқушы әрекеті- жай іс-әрекет емес,
тұжырым жасай білу, зерттеушілікке талпыныс. Топпен
жұмыс барысында өз ойымен өзгелердің ойына сынай қарап,
естіген, білгендерін талдап, сұрыптап, салыстырып, реттеп,
жүйелей білу. Білмегенін зерттеп, дәлелдеп, өз бетімен және
бірлесе шығармашылық жұмыс істеу. Кез келген мазмұнға
сын тұрғысынан қарап, саналы шешім қабылдай білуге
дағдылану. Мұндай жолмен ұйымдастырылған сабақтарда