Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет34/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

130
•  Теория мен практиканы байланыстыра отырып, өз ойын 
айтуға, сөйлемді сауатты құруға машықтанады;
•  Жан-жақты  іздене  отырып,  өз  ойларын  ортаға  салуға 
үйренеді; 
Қазақ әдебиетінен:
•  Бағдарламадан тыс әдеби шығармалармен танысады;
•  Әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу және түсініп оқиды;
•  Авторлардың шығармалардағы айтатын ойын ашады;
•  Әдеби көркем сөздерді игеріп, тіл байлығын дамытады;
•  Алған білімдерін шығармашылықпен байланыстырады;
•  Әдеби  мұралардан  нәр  алып,    салт-дәстүрді,  мақал-
мәтелді,  көркем  сөзді  меңгерген,  адамгершілік  қасиеті 
бар, от басын, отанын сүйетін тұлғаны әкелу.
•  Берілген  материалдардың  тақырыбын  түсіну,тіл 
байлығымызды күнделікті өмірде қолдана білу, сауатты 
жазу, жобаларға, байқауларға қатысып, нәтижесін көру.
Қорыта  келе,  орыс  тілді  мектептерде  тілді  тереңдете 
оқытудың тиімділігі өте зор. Бұл 2017 жылғы бағдарламаның 
талабына  да  сай  келеді.  Өйткені  сол  ортада  басқаға 
үлгі  болып,  әдеби  мұрамызды  насихаттайтын  жастарды 
тәрбиелесек, бұл біздің де үлесіміз болар еді.
 Айгүл БЕКҚҰЛИЕВА,
Алматы қаласындағы
№113 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ОБьЕКТІСІ – 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Сабақтың мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік 
алғалы  21  жыл  ішіндегі  жетістіктерімен    таныстыру; 
білімділік  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
   
   
 


131
рәміздері  туралы  мағлұмат  беру.  Қазақстан  туралы 
білімдерін  кеңейту;  дамытушылық  –  сөздік  қорын 
байыту.  Тапсырмалар  орындау  арқылы  оқушылардың 
логикалық  ойлау  қабілеттерін,  есте  сақтау  қабілеттерін 
дамыту; тәрбиелік – оқушылардың туған жерге, елге деген 
сүйіспеншілік  сезімін  арттыру,  адамгершілік  қасиеттерін 
тәрбиелеу.  Отанын  сүюге,  елжандылық  қасиеттерін 
тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: мультимедия.
Сабақтың барысы: Кіріспе.
1) Қанатты сөздер Тәуелсіз ел – Қазақстан,
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағым
Көк байрағым еркінділік паш етіп,
Қыран қанат – көкке самғар жыр әнім. Ә.Ысқақбай.
1-жүргізуші: - Армысыздар, Құрметті ұстаздар! Мереке-
леріңіз құтты болсын! 
2-жүргізуші:  -  Тәуелсіздік  –  ең  басты  құндылығымыз. 
Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік.  21 жыл ішінде 
тәуелсіз  Қазақстан  елін  қалыптастырып,  нарықтың  қиын 
өткелдерінен аман өтіп келеміз. 
1-жүргізуші: 

Барша 
қазақстандықтар 
үшін 
Тәуелсіздіктің  мәні  де,  маңызы  да  айырықша.  Өйткені  біз 
Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, 
дінімізді  қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері 
қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. 
2-жүргізуші:  -  Тәуелсіздіктің  21  жылдық  тарихы  да 
өз  ерекшеліктерімен  қалды.  Біз  бүгін  атаулы  жылдарға 
тоқталмақпыз. 
1-жүргізуші: - Міне, бүгін осы мереке құрметіне 7 «Б» 
сынып  оқушыларының  қатысуымен  «Тәуелсіз  Қазақстан» 
атты сыныптан тыс сабағымызды өткіземіз. 
2-жүргізуші:  -  «Тәуелсіз  Қазақстан»  тақырыбындағы 
сыныптан тыс сабағымызды ашық деп жариялаймыз. 


132
1-оқушы:  -  Қазақстан  Жоғарғы  кеңесі  1991  жылы  16 
желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. 
Бұл  күн  –  Қазақстан  тарихына  «Тәуелсіз  Қазақстан 
Репбуликасының  туған  күні»  деп  алтын  әріптермен 
жазылды.  Сондықтан  да  16  желтоқсан  –  бүкіл  халықтық 
мереке. Бұл республиканың барлық халықтар үшін маңызды 
тарихи  оқиға  болды.  Тәуелсіздік  республиканың  барлық 
халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.
2-оқушы: - 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні,
Елдің ұлы мейрамы. 
Жаңа шыққан көктемдей, 
Жаз күніндей жайдары. 
Арымыздай тап-таза, 
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.  Т.Молдағалиев.
3-оқушы: - Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. 
Ол  –  Тәуелсіз    Қазақстан.  Мемлекеттік  тәуелсіздігімізді 
жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі 
таныды.  Біздің  еліміз  бір  қатар  аса  беделді  халықаралық 
ұйымдарға,  оның  ішінде  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына, 
Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
4-оқушы: - «Тәуелсіздік»
Өзіңдікі – Елің де,                 
Өзіңдікі – Жерің де, 
Өзіңді өзің еткен Бақ – 
Тәуелсіздік – төрінде.
Орыс, ұйғыр, неміс те
Үміт қосып жеңіске.
Жұдырықтай жұмылды
Келешегі кең іске.
Асқар тау да сенікі,
Бақша, бау да сенікі,


133
Қалтықсыз жау да  сенікі,
Қатал жау да сенікі,
Өзіңдікі – Туың да,
От пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
2-жүргізуші:  -  Тәуелсіздігімізді  алғаннан  бері  елімізде 
көптеген өзгерістер болды.
5-оқушы:  -  Егеменді  ел  болып,  халқымыз  өз  еркімен 
тұңғыш  Президентін  сайлады.  Елтаңбамызды,  Туымызды 
белгіледік.  Қазақ  тіліне  мемлекеттік  мәртебе  берілді.  1991 
жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров Ғарышқа ұшып, ұлттың 
мерейін  көтерді.  Туған  жерімізде  талай-талай  өзгерістер, 
жақсы  жаңалықтар  болып  жатыр.  Ең  Бастысы    тату-тәтті 
ынтымағы мол халқымыз бар.
6-оқушы: - «Туған өлкем».
Көгінде күн нұрын төккен, 
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем 
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем, 
Осы менің туған өлкем!
Ел еңбегі шалқып, тасқан.
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем, 
Осы менің туған өлкем!
7-оқушы: - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 
1992  жылы  Мемлекеттік  Туды  бекітті.  Тудың  авторы  – 
Шәкен Ниязбеков. Ту көк түсті. Оның себебі, бүкіл дүниеге 
көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Күн де бәрімізге ортақ. Қыран 
болса, киелі құс. Ою-өрнек, қазақ елінің танымын білдіреді. 


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау