126
3
Өмір-
тіршілік
және
уақыт.
Поэзияға
тоқталу.
12 1. Зар заман ақындары.
2. Дулат Бабатайұлы.
«Өскен-өнген жеріңіз».
3. Сал-серілер поэзиясы.
«Ақбұлақ».
4. «Замана».
5. Ән айтайық: «ГауҺар
тас», «Ақбақай».
6. «ГауҺар тас»,
«Ақбақай».
7. Біржан сал.
8. «Жамбас сипар».
9. Ақан сері.
10. Сабақтас сөйлемнің
түрлері.
11. Сабақтас сөйлемнің
түрлері.
12. Нәтиже сабақ.
4
Халқы-
мыз –
қонақ-
шыл
Қазақ халқының
қонақжайлылы-
ғын, туыс
атауларының
ерекшеліктерін
білу, қонақ күту
дәстүріне көңіл
аудару
1. Қазақ – қонақжай
халық.
2. Туыс атаулары.
Болжалды келер шақ.
3. Табақ тарту.
4. Қонақ үй.
5. Төлеген Айбергенов
«Бір тойым бар».
6. Нәтиже сабақ.
5
Өнер
жүйрік-
тері.
Қоғам
қайраткерлері,
ақын-
жазушыла-
рының өмір-
баянымен,
шығармала-
рымен танысу.
1. Әбділда Тәжібаев.
2. Әбділда Тәжібаев.
3. Ғали Орманов.
4. Ғали Орманов.
5. Жұбан Молдағалиев.
6. Жұбан Молдағалиев.
7. Мұзафар Әлімбаев.
8. Мұзафар Әлімбаев.
9. Әбдіжәміл Нұрпейісов.
10. Әбдіжәміл Нұрпейісов.
11. Шерхан Мұртаза.
12. Шерхан Мұртаза.
13. Төл сөз бен автор сөзі.
14. Нәтиже сабақ.
15. Нәтиже сабақ.
127
6
Бұл
далада
өскен
жанда
жоқ
арман!
Табиғат туралы
жазылған
шығармаларға
тоқталу.
«Абай жолы»,
«Көкшетау»,
тағы басқа
шығармалар-
дың үзінділерін
оқып, мәнерлеп
жатқа оқу.
1. Ш.Уәлиханов.
«Ыстықкөл күнделіктері».
2. Мұхтар Әуезов-
суреткер.
3. Мұхтар Әуезов-
суреткер.
4. С.Сейфуллин.
«Көкшетау».
5. І.Жансүгіров.
«Гималай».
6. Нәтиже сабақ.
7
«Жалға-
сады дәс-
түрім»
«Абай жолы»
романынан
дәстүрді көрсе-
тетін үзіндіге
тоқталу, сахна-
лық көрініс
жасау.
1. М.Әуезов. «Абай жолы».
2 М.Әуезов. «Абай жолы».
3. Сахналық көрініс.
4. Сахналық көрініс.
8
Наурыз
– шығыс
халықта-
рының
ұлы
мейрамы.
Оқушыларды
шығармашы-
лыққа баулу,
өз өлеңдері,
өнерлері болса,
ортаға салу.
1. Мәшһұр-Жүсіп
Көпейұлы. «Наурыз»
2. Жүрегімнен жыр
жазамын.
9
Ердің
анасы
– елдің
анасы.
Ғабит
Мүсірепов,
Мұхтар
Шахановтың
ана тақырыбына
жазылған
шығармаларына
тоқталу.
1. Ғ.Мүсірепов. «Ананың
арашасы»
2. Ғ.Мүсірепов. «Ананың
арашасы»
3. М.Шаханов. «Төрт ана»
4. М. Шаханов. «Төрт ана»
5. Ән үйренейік
6. Нәтиже сабақ
10
Татулық-
табылмас
бақыт.
Шығармалар
жазу, әндерді
жатқа білу.
1. Қасым Аманжолов.
«Дариға, сол қыз».
2. Б.Момышұлы. «Баукеңнің
нақыл сөздерінен».
3. Ж.Молдағалиев.
«Тек қана туған жерден
айырмағай».
4. М.Шаханов.
5. Нәтиже сабақ.
6. Нәтиже сабақ.
7. Нәтиже сабақ.
8. Қорытынды.
9. Қорытынды.
68
128
ІІІ. І жарты жылдықта жүргізілген жұмыстарға шолу.
2011 жылғы оқу жылына «Тілге құрмет-елге қызмет»
тәжірибелік алаңға 10 оқушы келді.Алдыңғы оқу жылынан
Сериков Ерғанат басқа қалаға кетсе, екінші тоқсанда Естай
Бинұра басқа мектепке ауысып кетті. Сонымен оқушы
саны – 9, бір оқушы – Байменов Темірлан қосылды. Оқу
жылының басында жаңадан күнтізбелік жоспар құрылды.
І тоқсанда 18 сағат жүргізілді. Салыстыру ретінде 10 «г»
сыныбы алынды. Балалармен сөздік, диктант жұмыстары
жүргізілді. Сабақ жоспары бойынша Абайдың қара сөзінен
алып, оқушылармен пікірталас жүргіздік. Жиырма бірінші,
жиырма үшінші қара сөзін талдай отырып, қазіргі өмірмен
байланыстырып, қорытындыға келдік. «Зар заман», «Сазгер-
әншілер» шығармаларымен таныстық. Оларға әдеби талдау
жүргіздік. Сабақта Төлеген Бибінұр, Естай Бинұр, Өтенияз
Жеңіс жақсы жұмыс істесе, ұлты басқа оқушылардан
Ткачева Дина өте жоғары білімін көрсетті.Төмендегі суретте
сабақ үстіндегі оқушы жұмыстары көрсетілуде.
2-тоқсан бойынша 21 сабақ өтті. Бұл «Қазақ халқы –
қонақшыл» модулі бойынша өткен сабақтар. Сабақ бойынша
оқушылар жаңа сөздерді игерді. «Қонақ» сөзіне байланысты
сөз тіркестерін білді. «Қырықтың бірі – қыдыр», «қонақты
қусаң құт, ырыс қашады», «қонақпен еріп құт, ырыс
келеді», «арнайы қонақ», «құдайы қонақ», «қыдырма
қонақ», «қылғыма қонақ» сөз тіркестерінің мән-мағынасын
ашты. Қонақ сөзіне байланысты мақал-мәтелдермен таныс
болды. «
Қонақ бір қонса-құт, екі қонса-жұт», «Құтты
қонақ келсе, қой егіз табады», т.б. мақалдарды тақырып
етіп, өз ойларын жазды. Сонымен қатар туыс атауларын
толық қамтыдық, онда бұрынғы білетін туыс атауларына
жаңа туыс атауларын қоса біліп, ерекшеліктеріне тоқталдық.
Мысалы: жиеншар,күшік күйеу,ілік, жекжат,кіндік шеше.
Мақал-мәтелдерді тиісті орнында қолданып, жатқа білуді
міндеттедік.
129
«Өз жұртың – күншіл, нағашы жұртың – сыншыл,
қайын жұртың – міншіл келеді», «Туысы бірдің – уысы
бір», «Құдаңды құдайдай сыйла», «Жиен назары жаман».
Сонымен қатар грамматикаға да тоқталдық.Қазақ халқының
бір ерекшелігі кісіні күткенде табақ тарту рәсімінің
ерекшелігіне көңіл бөлдік.
2-тоқсанда ата-аналар жиналысында Ткачева Дина
өзінің жобасы бойынша сөйледі. «Тыйым сөздердің тәрбиелік
ерекшелігі» туралы айтты. Дина қажетті материалды
жинақтап, өз ойын толық жеткізді.1-тоқсанның есебі
бойынша өткен педагогикалық кеңесте өзім эксперимент
бойынша есеп бердім. Мынандай ұсыныс жасалды:
- Оқушыларды мемлекеттік тілде барлық іс-шараға
тарту;
- Оқушылар отырған сыныпта басқа пәндерде
мемлекеттік тілде кейбір сабақ кезеңдерін енгізу.
Сонымен қатар кездесетін қиындықтар туралы айтылды.
Мұнда сабақ кестесінің қолайсыздығы, сабақ өткізу
үшін жоспарланған жоспардың, істің толық іске аспауы,
толығырақ айтса, электронды оқулықтарды қолдануда
техникалық жабдықтың жоқтығы туралы айтып өттім.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты мектепте
«Тәуелсіздіктің белестері» атты ашық тәрбие сабақтарын
өткіздік.Ашық тәрбие сағатына 10-11-сынып оқушылары
қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Сабақты өткізуде мынандай оқулықтарды негізге ала
отырып, сабақ өткіземін.
Ш.Г.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, «Қазақ тілі», А., 2002 жыл,
Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия (1,2,3) томдары,
Қазақ әдебиеті энциклопедиясы. Сабаққа материалдарды
өзім дайындаймын немесе оқушылар интернеттен іздеп,
тауып әкеледі. Сабақ мұғалімнің ізденісін қажет етеді.
IV. Эксперименттің болашағы және күтілетін нәтиже:
• Қазақ тілінің салаларына жекелей тоқталып, тереңдете
игереді;
Достарыңызбен бөлісу: |