106
Жадыра МАКСИМҚЫЗЫ,
Орал қаласындағы
№ 21 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.
ТӨЛ СӨЗ БЕН ТӨЛЕУ СӨЗ
Сабақтың мақсаты: 1) Төл сөз бен төлеу сөзді бекіту;
2) оқушылардың ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
3) қазақ халқының өнерін дәріптей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, әуендер, портреттер, бейне-
көріністер, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. үй тапсырмасын тексеру. «Өнер сайысы» мәтіні
бойынша сұрақтарға жауап беру:
1. «Азия дауысы» фестивалі қашан, қайда өтті? 2. Оның
ұйымдастырушылары кімдер еді? 3. Бұл фестивальда қан-
дай жүлде берілген? 4. «Алтын домбыра» жүлдегері кім?
5. 1996 жылы «Азия дауысы» фестивалінің бас жүлдегері
кім болды? 6. 2001 жылы және 2003 жылы осы фестивальдің
жүлделі ІІІ орын иегерлері кімдер болды? 7. «Азия дауысы»
фестивалі елімізде неше жыл бойы өтті? 8. Қазіргі уақытта
Қазақстанда қандай өнер сайыстары өтіп тұрады?
ІІІ. Төл сөз және төлеу сөз ережесін сұрақ-жауап
арқылы ауызша қайталау
ІV. Деңгейлік тапсырмаларды тақтада орындау.
ІІІ деңгей. Сөйлемдердің тыныс белгілерін қойыңыз.
ІІ деңгей. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
І деңгей. Төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырыңыз.
1) Өнер зерттеушісі А.В.Затаевич ... қазақ әншілерінен
шетелде өнер көрсеткен тұңғыш адам деген болатын.
2) ... Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім деген
107
сөздері дәл айтылған.
3) ... Әміре әншіліктің ақыны деп жазды.
4) ... Әміре дауысы сұлу да көркем, күшті тенор еді деп
жазды.
V. Интерактивті тақтамен жұмыс. Ауызша сынақ –
«Өнер адамдарының сауалдары».
Құлақтан кіріп, көңілді алсын. Бойды билеп, ойды
алсын. Слайд
«Ән – көңілдің ажары» тыңдалым слайды арқылы
оқушылар әуен авторын, орындаушысын анықтайды.
VІ. Әндердің шығу тарихы туралы «Таныстырылым
рәсімін» қорғау (защита презентации).
«Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихы (жеке
шығармашылық жұмыс). Слайд – көрсетілім – бейнекөрініс.
«Менің Қазақстаным» әні туралы Шәмші Қалдаяқов
былай деген: «Ақмоланы «Целиноград» атап, сол жақтағы
5 облысты 1 өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып
жүрген кез еді. Қазақ жері осылайша бөлшектеніп жатқанда,
оның асқақтығын жырлайтын ән қажеттігін сездім. Содан
Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған осы ән
жарық көрді». 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы
Республика алаңында бостандық аңсаған жастар осы әнді
орындау арқылы өз арманын білдірген еді.
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
VІІ. «Құстар» әнінің шығу тарихы (жеке
шығармашылық жұмыс) Слайд – көрсетілім – бейнекөрініс.
VІІІ. «Жақсыгүл» әнінің шығу тарихы туралы ( жеке
шығармашылық жұмыс).
ІХ. Бекіту. Көрсетілімдер бойынша сұрақтарға жауап
беру. Топтық жазба жұмыс.
І топ.
1. Бұл таныстыру рәсімі не туралы? 2. Әннің сөзін жазған
және әуенін шығарған кім? 3. Әннің шығуына себепкер
108
болған қай қала? 4. Қай жылы халқымыз бұл әнді Алматыда
Республика алаңында шырқады? 5. Қазір бұл ән қандай
мәртебеге ие болды?
ІІ топ.
1. Бұл таныстыру рәсімі не туралы? 2. Әннің сөзін жазған
және әуенін шығарған кім? 3. Әннің шығуына себепкер
болған кім? 4. Шәмші Қалдаяқовтың достарын атаңыз.
5. Шәмші өз қолтаңбасын қандай кітапқа қалдырды?
ІІI топ.
1. Бұл таныстыру рәсімі не туралы? 2. Әннің сөзін жазған
және әуенін шығарған кім? 3. Әннің шығуына себепкер
болған не? 4. Сазгер бұл әннің әуенін қайда отырғанда
ойлайды? 5. Бейне көріністе әннің шығу тарихы туралы кім
баяндады?
Х. Бағалау.
ХІ. үйге тапсырма: «Жақсыгүл» әнінің тарихы туралы
мәтіннен төл сөздерді төлеу сөздерге айналдыру, әнді жаттау.
Райхан ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА,
Павлодар қаласындағы
«Дарынды балаларға арналған
№8 лицей-мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР
СӨЙЛЕТЕДІ
(9-сынып)
Сабақтың
мақсаты:
септеулік
шылаулардың
семантикалық және функционалдық қызметін ашып,
түсіндіру. Сөздік қорды дамыту, дұрыс, сауатты сөйлей
109
білуге үйрету. Уақыттың қадірін біліп, оны дұрыс пайдалана
білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: кеспе қағаздар, оқулық, Абай
аудармалары. Түрі: дәстүрлі сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,
іздену, қайталау.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру.
1. Сұрақ-жауап әдісі бойынша ой қозғау.
- Сендердің бос уақыттарың көп пе? Аз ба?
- Адамның күнделікті бос уақыты болу керек пе?
2. Оқушылардың ой-пікірлерін қорыта келіп, назарларын
тақтада жазылған сөйлемдерге аудару.
Уақыт алтыннан да қымбат. Сондықтан уақытыңды
босқа өткізбей, ең қажетті нәрселер үшін қолдан.
3. Грамматикалық тақырыпқа көшу. Сөйлемдердегі асты
сызылған шылау сөздерге назар аударту.
4. Шылау сөздер дегеніміз не? Түрлері қандай?
5. Септеулік шылаулар туралы не білетіндерін сұрау.
6. Бүгін септеуліктер туралы толығырақ қарастырамыз.
7. Топтарға тапсырмалар беру.
1-тапсырма. Бос орынға керекті қосымшаны қойыңыз.
1. Таң атқан... кейін ұйықтамау керек. 2. Шоқан Уәлиханов
жиырма... жуық кітап жазған. 3. Мектепке барған... бері не
үйрендің? 4. Ол кеш.. қарай үй тапсырмасын орындады.
5. Сабақты түнде оқыған... гөрі таңертең оқыған пайдалы.
2-тапсырма. Бос орынға керекті септеулікті қойыңыз.
1. Менің ағам Абай .... үлкен ақын болғысы келеді.
2. Мен түске .... бұл кітапты оқып бітіремін. 3. Мен үш
жылдан ... қазақ тілін үйреніп жүрмін.4. Мен Ұлы Отан
соғысы ... шығарма жаздым. 5. Мен сабақтан ... кітапханаға
барамын.
3-тапсырма. Төмендегі аралас сөздерден сөйлем
құраңыз.
1. Мен Абай туралы көп нәрсе үйрендім.
сияқты кітаптан оқып білдім.
Достарыңызбен бөлісу: |