102
жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ
елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.
Түрі: интеграциялық сабақ (қазақ тілі, тарих, география).
Әдісі: сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі топшамалар
(тест сұрақтары). Пәнаралық байланыс: география,
әдебиет, тарих, орыс тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылар өздеріне бұрыннан таныс материалдарға,
өткен сабақтардан алған мәліметтерге сүйене отырып,
мынадай сұрақтарға жауап береді:
1. Қазақстанда ең алғашқы қалалар қашан пайда болған?
2. Ежелгі қалалар қалай пайда болған?
3. Қалалардың көбі қандай жерлерге салынған?
4. Ертедегі қалалардың сыр-сипатын кімдер ашып береді?
5. Көне қалаларымыз қазір бар ма?
ІІІ. үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабағымызда үйге
тапсырма ретінде көне қалалар бойынша деректер жинап,
шағын зерттеу жұмысын жүргізуді тапсырғанбыз. Енді соны
тыңдап алайық.
1-оқушы: Тараз қаласы (слайд көмегімен)
2-оқушы: Отырар қаласы (слайд көмегімен)
3-оқушы: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін жатқа
оқиды.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!
Мағжан ақын еліне, жеріне деген нағыз шынайы
103
перзенттік сезімін осы жолдар арқылы жеткізді. Ол Алашын
алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері,
қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір
кіндіктен таралды деп таныған.
Бүгінгі сабақта Қазақстан Республикасының тарихи,
туристік қаласы – Түркістан қаласымен жақынырақ
танысамыз.
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Жібек
жолындағы – Иассы, кейіннен Түркістан атанған, 1500
жылдық тарихы бар қала. Түркістан қаласы қазақ халқының
тарихымен тығыз байланысты.
(Тарих пәнінің мұғалімі қаланың пайда болу тарихы,
осы жерден шыққан ұлы адамдар, мәдениеттің дамуы мен
өркендеуі туралы ақпарат береді).
(География пәнінің мұғалімі қаланың орналасу аймағы,
климаты, табиғаты, халық саны, т.с.с. мәліметтер береді).
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: - Түркістан – еліміздің
рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп
барып, зиярат қылатын құтты, қасиетті мекені. Түркістан –
қала, Түркістан қалалық әкімдігінің орталығы, темір жол
стансасы.Облыс орталығы – Шымкент қаласынан солтүстік-
батысқа қарай 225 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағын
ала, Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан. Іргесі
б.з.500 жылы қаланып, Түркі халықтарының орталығы болып
келеді. Қалада білім беру, мәдени мекемелерінен Қожа Ахмет
Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Қазақстан-Ресей гуманитарлық университетінің филиалы.
Арыстан баб кесенесі, Укаш ана бейіті, Гаухар ана бейіті,
Тайқазан фонтаны бар. Түркістан қаласымен халықаралық
маңызы бар Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді (слайд
арқылы көрсетіледі).
Жаңа сөздер: Қасиетті жер – священная земля;
Рухани орталық – духовный центр;
104
Саяси орталық – политический центр;
Кесене – мавзолей;
Көне – древний.
(Оқушылар хормен қазақшасын оқиды).
Сергіту сәті: Сөздік қорымызды дамыту мақсатында осы
жаңа сөздерді пайдалана отырып диалог құрастырамыз.
- Әр халықтың қандай жері, мекені бар?
- Әр халықтың қадір тұтар қасиетті жері,бас иер мекені
бар.
- Түркістан, Тараз, Отырар қандай қалалар?
- Бұлар – көне қалалар.
- Түркістан қай халықтың рухани орталығы?
- Түркістан – бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы.
- Қандай әлемге әйгілі ескерткіштерді білесің?
- Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Таразда
Айша бибі кесенесі бар.
Грамматикалық тақырып:
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің түрлері?
Етістіктің неше шағы бар?
Келер шақ – қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден
кейін болатынын білдіреді. Келер шақтың 3 түрі бар:
Болжалды келер
шақ
Мақсатты келер шақ
Ауыспалы
келер шақ
Іс-қимылдың
келешекте
болатынын дәл
көрсетпей, болжай
ғана білдіреді.
Іс-қимылдың
келешекте мақсат
етіле орындалатынын
білдіреді.
Алдағы
уақытта
болатын іс-
қимылды
білдіреді.
Етістік + (-ар,
-ер, -р)+ жіктік
жалғауы.
Етістік+ (-мақ, -мек,-
пақ, - пек, -бақ,
-бек)+ (-шы,-ші) +
жіктік жалғауы.
Етістік+ (-а,
-е, -й) + жіктік
жалғауы.
Ежелгі Отырар қаласының орнын көруге барармыз.
Жазғы демалыста достарыммен Түркістан қаласына
бармақшымын.
105
Ертең Тараз қаласындағы Айша бибі кесенесін көруге
барамыз.
Түркістан қаласы орта ғасырда саяси орталық болған.
Біз келешекте Түркістан қаласына саяхатқа барамыз.
(Берілген
сөйлемдерге
толық
синтаксистік,
грамматикалық талдау жасалады).
Венн диаграммасы
Отырар Түркістан
Тест жұмысы:
1. Етістік дегеніміз не?
а) заттың атын білдіреді;
ә) заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді;
б) заттың ретін, қатарын білдіреді.
2. Етістіктің неше шағы бар?
а) 4; ә) 7; б) 3.
3. Түркістан қаласындағы сәулет өнерінің ең озық
үлгісі:
а) Айша бибі кесенесі; ә) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі;
б) Қарахан кесенесі.
4. Түркістан қандай қала?
а) тарихи, туристік; ә) жаңа, жас;
б) ядролық сынақтар жүргізілді.
5. Келер шақ формасында тұрған етістік:
а) көреді; ә) көрді; б) болған.
«Insert» стратегиясы.
Не білемін? Не білдім?
Не білгім келеді?
үйге тапсырма: 1- жаттығу. Мәтінін мазмұндау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |