Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет32/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

122
Мәтінді оқып беру. Не туралы айтылған?
Балаларға оқыту.
Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойдыру.
Түсінігін әңгімелету.
Ербол  –  сенің  құрдасың.  Ол  мектепте  оқиды.  Ербол 
оқитын  мектеп  –  үш  қабатты,  жаңа  мектеп.  Мектеп 
үлкен әрі жарық. Ол Жеңіс даңғылында орналасқан. Ербол 
мектепке  үлкен  ықыласпен  барады.  Ербол  үшін  мектеп 
өмірі – балалық шақтың есте қаларлық кезі. Ол мектепте 
сыныптастарымен,  құрбы-құрдастарымен  кездеседі. 
Олармен бірге оқып-үйреніп, көп білуге ұмтылады.
Ербол үшін мектеп өмірі – ұмытылмас шақ.
VI. Дәптермен  жұмыс. Бос орынға керек сөзді қой.
1. Кітап  ... қазына. 2. Кітап – ғылым, тілсіз ... . 3. Қына 
тасқа бітеді,  ... басқа бітеді. 4. Білімдінің алды  ... ,  Білімсіздің 
түбі  ... . 5. Біліп тұрсаң да, ... ... .
VII. Сергіту сәті. Сөздік ойын – «Жалғасын тап»
1.  Есть  –  бар,  (Узкий  –  тар.)  2.  Дорожка  –  алаша,  (Как 
ребенок – балаша.) 3. Развиваться – даму (Гореть – жану.) 4. 
Молоко – сүт  (Жди – күт.) 5. Работа – іс, (Зубы – тіс.) 6. Бить 
– ұру, (Установить  – құру)
VIII. үй тапсырмасы: 1) мәтінді әңгімелеу; 2) сөздерді 
жаттау;  3)  құрдас,  мектеп  сөздеріне  фонетикалық  талдау 
жасау.
IX. Сабақты бекіту, қорытындылау.
Лотерея  сұрақтары:  1.  «Мектеп»  деген  сөз  қай  тілден 
шыққан?  2.  «Мектеп»  сөзі  қандай  ұғымды  білдіреді?  3. 
Алғашқы  қоңырау  қашан  соғылады?  4.  Оқушының  басты 
міндеті не? 5. Біздің мектебіміз қай көшеде орналасқан? 6. 
Сенің мектебің қандай? 7. Өз мектебіңнің  тарихы туралы не 
білесің? 8. Мектебіңнің директоры кім?
X. Бағалау.
XI. «Мектеп өмірі» әнін тыңдау.


123
Сыныптан тыс сабақ
Қызғалдақ НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ,
Астана қаласындағы 
№32 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – СӨЙЛЕУ 
ШЕБЕРЛІГІНЕН БАЙҚАЛАДЫ
Мақсаты:  алдыңғы  өткен  материалдар  негізіне  сүйене 
отырып,  жоспар  құру,  оқушылардың  білімдерін  тереңдету 
мақсатында  қолданатын  әдебиеттер  көлемін  көбейту.
Оқушылардың тіл байлығын және шығармашылық деңгейін 
арттыру.Орыс  тілді  мектептердегі  мемлекеттік  тілде 
сөйлейтін, басқаға үлгі болатын ортаны құру.
  Міндеттері:    а)  жас  ұрпақтың    бойынан  ұлттық  сана-
сезімді  оятып,  ұлттық  дүние  танымын  байыту,  халық 
тағылымдарын бойына сіңгізу; ә) оқыту мен тәрбие берудегі 
танымдық материалдарды орынды пайдалану; б) танымдық 
материалдар  арқылы  оқушылардың  халқымыздың  салт-
дәстүріне,  ұлттық  дүниетанымына,  мәдениетіне,  тарихына 
деген сүйіспеншілігін арттыру; в) оқушылардың қоғамда тіл 
мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін қалыптастыру.
3.  Өзектілігі:  ата-дәстүрімізді,  әдеби  мұраларымызды 
үлгі етіп, ортаға тарату.
4.  Күтілетін  нәтиже:  оқушылар  аталған  тарихи 
тұлғалардың  ерекшелігін,  олардың  еңбектерін,  әдеби 
шығармаларды жан-жақты оқып, танып біледі, мемлекеттік 
тілдің деңгейін көтеруге, терең игеруге ұмтылады, әр түрлі 
іс-шараларға атсалысады.
  5.  Жүзеге  асырудың  түрі:  а)  берілген  шығармаларды 
еркін  түсініп,  өз  ойларын  жеткізе  білетін  оқушыларға 
танымдық материалдардың көлемін ұлғайту; ә) электрондық 


124
оқулықтарды  пайдалану;  б)  аудио-бейне  жазбаларын 
қолдану;  в)  Қазақфильм  үзінділерін  мүмкіндік  болса  көру; 
г) қазақ драмалық театр қойылымдарына бару; е) қазақ тілі 
грамматикасын  тереңдете  беру;  д)  оқушылардың  сөйлеу 
стилін қалыптастыру.
 6. Тиімді жақтары:
  а)  Оқушылар  қазақ  тілінің  грамматикасын  тереңдете 
игереді және практикада қолдану мақсатында мазмұндама, 
шығарма  жазады.Әдеби  шығармалардан  үзінділер,  халық 
ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жан-жақты  қамти  отырып, 
оқушылар танысады, өзіндік ерекшелігін біледі, ойлау мен 
сөйлеу қабілеттерін көркем жеткізуге үйренеді.
ә)  Мұғалім  жан-жақты  ізденеді,  құрылған  жоспар 
бойынша  материалдар  жинақтайды,  шығармашылық 
жұмыспен  айналысады,  жұмысының  қорытындысын 
оқушылардан көреді.
б)  Ата-аналар  балаларына  көмекке  келеді,  сол  арқылы 
өздері де ізденеді, мемлекеттік тілдің дамуына атсалысады.
Факультативтің міндеті:
Оқушыларға тіл мен әдебиеттен тереңдете білім беру;
Курстың  мақсатымен  таныстырып,  оқушыларды 
шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
Әдеби  мұралардан  нәр  алып,    салт-дәстүрді,  мақал-
мәтелді, көркем сөзді меңгерген, адамгершілік қасиеті бар, 
отбасын, отанын сүйетін тұлғаны әкелу.
Берілген 
материалдардың 
тақырыбын 
түсіну,тіл 
байлығымызды  күнделікті  өмірде  қолдана  білу,  сауатты 
жазу, жобаларға, байқауларға қатысып, нәтижесін көру.
2011-2012 оқу жылына жоспарды мына модульді негіз ете 
отырып құрастырдым.Сабақ жоспары 10 модульдан тұрады.
Жалпы сағат саны - 68. Олар;
•  «Тіл жоқ жерде- халық жоқ».


125
•  Нағыз адамның белгісі – кісілік.
•  Өмір-тіршілік және уақыт.
•  Халқымыз – қонақшыл.
•  Өнер жүйріктері.
•  Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
•  «Жалғасады дәстүрім...»
•  Наурыз – шығыс халықтарының мейрамы.
•  Ердің анасы - елдің анасы.
•  Татулық – табылмас бақыт.
Әр  модульға  керекті  материалдар  әр  түрлі  оқулықтан, 
әдеби  шығармалардың  жиынтығынан  топтастырылды.
Шығармаларды  тақырыпқа  байланысты  таңдап  алдым.
Сонымен  қатар  оқушылардың  сауаттылығын  дамыту 
мақсатында грамматиканы да өткізіп отырамын.
ІІ. «Тілге құрмет - елге қызмет» жобасы бойынша қазақ 
тілі  мен  әдебиеті  пәнінен  факультатив  курсына  арналған 
күнтізбелік жоспар.
1
  «Тіл 
жоқ 
жерде 
– халық      
жоқ »
Тіл туралы 
мақал-
мәтелдерге 
тоқталу. Қазақ 
тілі туралы 
мәлімет беру.
Грамматика: 
сингармонизм 
заңы.
3
1. Мақал – сөздің мәйегі.
2. Қазақ тілі туралы 
қысқаша мәлімет.
3. Прогрессивті, 
регрессивті ассимиляция.
2
Нағыз 
адамның 
белгісі – 
кісілік.
Адамгершілік 
туралы 
ойтолғау.
Әл Фараби 
еңбектеріне 
тоқталу.  
Абайдың 
қара сөзі.
Грамматика: 
сөйлем 
мүшелерінің 
орын тәртібі.
5
1. Көне дәуір әдебиеті.
2. Ғұлама тұлға.
3. Абайды тыңдасақ.
4. Сөйлем мүшелерінің 
орын тәртібі.


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау