Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет22/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

80
- Мен бұлақ басына барамын.
- Бұлақтың басына не үшін барасың?
-  Атам  «Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»,  -  деп  айтатын.  Мен 
бұлақтың көзін ашуға барамын.
- Тоқта, Дархан, бірге барамыз.
- Мұғалім, бұлақтың жанына ағаштар егу керек.
- Дұрыс, балалар.
- Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал 
кессең,  он  тал  ек»  деген  мәтел  бар.  Қоршаған  ортамызды 
аялап, қорғауымыз керек.
ІХ. Шығармашылық жұмыс.
Мақсаты:  тақтадағы  сөздердің  ішінен  наурыз  көжеге 
керекті  жеті  тағамды  тауып  алу.  Суреттелген  қазанның 
үстіне сөздерді қыстырып, наурыз көже әзірлеу.
Х. үй жұмысы.
Көктем тақырыбына сурет салу, сөйлемдер құрастыру.
ХІ. Рефлексия.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды?
- Сабақтан нені білдіңдер, не алдыңдар?
- Сабақ ұнады ма?
Бағалау. 
Мұғалім:  -  Балалар,  бүгін  біздің  сабағымызға  қатысып 
отырған  Дарханның  атасы,  құрметті  зейнеткер,  еңбек 
ардагері Жұмағұл атаға сөз берейік.
Жұмағұл  ата:  -  Балалар,  сабақтарыңа  қатысып,  риза 
болдым.  Қазақ  тілін  жақсы  меңгеріп  келе  жатқандарыңды 
көріп,  қуанып  отырмын.  Сендердің      болашақта    біздің   
тәуелсіз  мемлекетіміздің  өркендеуіне  үлкен  үлес 
қосатындарыңа сенімдімін. Сендерге батамды берейін:
Талаптарың  таудай  боп,  өнерлерің  өрлей  берсін! 
Жолдарың құтты болсын! Денсаулықтарың мықты болсын! 
Аумин!


81
Нүрила САДЕНОВА,
Астана қаласындағы
№1 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МЕКТЕП ТАҚЫРЫБЫНЫң  
СӨЗДІК ҚОРЫ
(1-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың сөздік 
қорын молайту. Өткен сабақтардағы алған білімдерін бекіту 
бойынша  сауатты  жазуға  үйрету.  Шағын  өлеңдерді  жатқа 
айту  арқылы  сөйлеу  тілін  жаттықтыру; 
дамытушылық  – 
қазақ  халық  педагогикасының  элементін  сабақта  қолдану 
арқылы  оқушылардың  ой-өрістерін  дамыту; 
тәрбиелік  –
оқушылардың өз мектебіне деген сүйіспеншілігін арттырып, 
патриоттық  сезімдерін  ояту,  өз  ортасын,  өз  Отанын  сүюге 
тәрбиелеу.
Сабақтың  міндеті:  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін 
ескере  отырып,  түрлі  әдіс-тәсілдер      қолдану  арқылы 
оқушылардың  қазақ  тіліндегі  сөздік  қорын  молайту, 
мәнерлеп оқу, ауызекі сөйлеу тіліне үйрету.
Типі:  бекіту  сабағы.  Пәнаралық  байланыс:  қазақ  ха-
лық  ауыз  әдебиеті,  бейнелеу  өнері.  Әдісі:  оқу,  жазу,  баян-
дау,  ойын,  сұрақ-жауап.  Көрнекілігі:  интерактивті  тақта, 
слайдтар, суреттер.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Қазір қандай сабақ? 
- Қазақ тілі нешінші сабақ? 
- Қай жыл мезгілі?


82
- Қай ай? 
- Аптаның қай күні?
2.  үй  тапсырмасын  пысықтау:  Көптік  жалғаулар. 
Сұраулық шылаулар. Сұрақ-жауап арқылы.
Кітап      кітап+тар
Дәптер   дәптер+лер
Қалам    қалам+дар
(Оқушылар  көрнекі  құрал  арқылы  көрсетіп  түсіндіреді. 
Мынау 
– 
кітап. Ол 
– 
бір кітап. Мынау 
– 
кітаптар. Олар көп, 
сондықтан кітаптар дейміз: кітап+тар, тар - көптік жалғау, 
т.б) 
Кітап па? Қалам ба? Оқушы ма? Мұғалім бе?
(Бұл мысалдар да сол тәсілде талданады. Өздерің білетін 
сөздерге сұраулық шылау қосылып айтылады).
Енді  өздерің  білетін  сөздерді  көп  етіп  айтыңдаршы. 
Оқушылар  өздері  білетін  сөздерге  көптік  жалғауын  қосып 
айтады. Мысалы: бала+лар, оқушы+лар, т.б 
3. Жаңа сабақ.
-  Енді,  балалар,  жаңа  сабақ  бастаймыз.  Бүгінгі 
сабағымыздың  тақырыбы  «Мектеп  тақырыбының  сөздік 
қоры».  Мектепке  байланысты  үйренген  сөздерімізді 
бекітеміз, сөйлем құрап, әңгіме айтамыз.
Дәптермен  жұмыс.  Алдымен  дәптерлеріңді  ашып, 
бүгінгі күнді, мақалды көркем етіп жазыңдар. 
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Түп - түзу отырып, 
Көркем етіп жазайық.
Желтоқсанның он бесі
Сынып жұмысы. «Оқу 

 инемен құдық қазғандай».
Мақалды  мәнерлеп  оқытамын,  оқушылар  мақалға 
байланысты  өз  шамаларынша  пікірлерін  айтады,  соңында 


83
өзім  тереңірек  түсіндіремін.  (Қазақ  халық  педагогикасына 
оқушыларды бейімдеу.) 
4. Өздік жұмыс. 
Оқушыларға ортасына мектеп, жан-жағына түрлі суреттер 
салынған бір парақ қағаздар таратылады. (№1 сурет) 
    
Мына суретке мұқият қараңыздаршы. Ортада мектептің 
суреті  салынған.  Жан-жағында  түрлі  суреттер  бар.  Сіздер 
мектептің  суретіне  мектепке  қатысы  бар  суреттермен 
қарындаш  арқылы  сызып  байланыстырасыздар  және 
олардың  атауларын  естеріңізге  түсіріңіздер,  мен  сұраған 
кезде  атап  айтасыздар  (ойланып,  жұмыс  істеуге  уақыт 
беріледі).  Ойланып,  суреттің  атын  атау  арқылы  білетін 
сөздерін  еске  түсіру.  Бірнеше  оқушы  орындарынан  тұрып 
суреттердің қазақша атауын айтып шығады.
Тақтамен жұмыс (№2 сурет).
Интерактивті  тақтадан  мектептің  суретін  шығарамын, 
енді оқушылар мектепке байланысты сөздерді айтады, мен 
тірек-сызба арқылы көрсетіп тұрамын.
Тілдерін жаттықтыру үшін суреттердің атауларын жеке-


84
жеке және хормен оқыту керек.
Шығармашылық жұмыс. 
Алдымен  өз  мектебіміз  туралы  түсірілген  шағын 
бейнефильм көрсетіледі. Мұғалімнің сөзі: «Мынау 
– 
біздің 
мектебіміз.  Мектеп  үш  қабаттан  тұрады.  Бірінші  қабатта 
асхана, дәрігер бөлмесі, ән-күй бөлмесі, би бөлмесі, екінші 
қабатта  акті  залы,  үшінші  қабатта  спорт  залы,  кітапхана 
бар. Мектебіміз кең, жарық, таза, әдемі». Осылай қысқаша 
түсіндіріп  кетемін.  «Балалар,  жаңа  сіздер  мектепке 
байланысты көптеген сөздер білетіндеріңізді көрсеттіңіздер, 
енді  мына  бейнефильмді  көргеннен  кейін  өз  мектептеріңіз 
туралы  жеке  сөйлем  құрастырып  айтыңыздаршы  (Біздің 
мектеп  үш  қабатты.  Мектебіміз  әдемі,  т.б.).  Балалар,  енді 
өз мектебі туралы кім шағын әңгіме құрастырады?» Әңгіме 
құрастырған оқушыларды тыңдау, мадақтау.
5. Поэзиялық кідіріс.
Алдын  ала  тапсырма  беру  әдісі  бойынша  оқушылар 
«Мектеп» туралы шағын тақпақтарды жатқа мәнерлеп оқиды 
(Сарарқа күйі ойнап тұрады). 
Сәлем, мектебім!
Сәлем саған, мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие 

Ой-санама еккенің. (Ә.Табылдиев).
Гүл толы қала, далада,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылды тұңғыш қоңырау. (Ә.Дүйсенбиев).
Сарғыш тартып күллі алап,
Жеміс пісті – 
Күз келді.
Шақырады мұндалап


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау