Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет21/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35

76
терең ашып көрсетсе де, авторлық түйін сөзінде, не себепті 
екені  белгісіз  бұл  пікірін  шегіне  жеткізбей  іркіп  қалған. 
«Абылайдан соң арада тура екі жүз он жыл өткенде, қазақ 
елі тәуелсіз мемлекет болып, жасыл туы көк жүзінде қайта 
желбіреді»  деген  қорытындысын  романның  идеялық-
эстетикалық  тұрғысымен  байланыстырып,  жалғай  түспей, 
қарапайым қысыр кеңеске бұрылып кеткен.
  «Дарабоз»  роман-дилогиясының  дүниеге  келуі  тағы  да 
сол тәуелсіздік тауқыметінен туып отыр. Бүгінгі бұқаралық 
ақпарат  құралдарын  оқыған  кісіге  тәуелсіздікке  қол 
жеткізгенімізден оны қорғау одан да қиын екен ғой дегізеді. 
Сол  алаңдаушылық  «Дарабоз»  романының  өнбойынан, 
өткір, өтімді сөз, ақ жүрек жүйесінен айқын сезіліп отырады.
Әдебиет  құдіреттілігі 

  көркем  сөздің,  оның  иесінің    
жаны  мен  қаны  ұлт  рухынан  жаратылғанында.  Не  заман 
тусын, айтқан сөзі халық сұранысына, халық тілегіне сәйкес 
келеді. 
Жоғарыда 
талданған 
ірі 
тарихи 
шығарма, 
Қабдеш  Жұмаділовтің  «Дарабоз»  роман-дилогиясы  - 
тәуелсіздігіміздің  кешелі-бүгінгі  тауқыметінен  туған 
дүниелер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Н.Т.Жұмаділова.  Қабдеш  Жұмаділов  романдарының 
поэтикасы. А., 2009, 129-б.
2. Б.С.Рақымов.Тарихи жырлардың поэтикасы. А., 2000, 
63-б.
3.  Ш.Елеукенов.  Тоқсаныншы  жылдардың  романдарын 
қайта  парақтағанда.  Мақала.  «Жұлдыз»  жұрналы  №4.  А., 
2010. 
4.  Мұқаш  Қожахметұлы.  «Дәуіріміздің  дарабоз 
жазушысы». Мақала. «Қазақ әдебиеті», №11, 2010.


77
Білім негізі – бастауышта
Сәуле ӘУЕСБАЕВА,
Қарағанды қаласындағы
№88 жалпы орта білім 
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
КӨКТЕМГЕ ҚАТЫСТЫ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС 
ТүРЛЕРІ
(3-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ халқының салт-
дәстүрлерімен  таныстыру,  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды 
қайталап, фонетикалық талдау жасай білу, өтілген сөздерді, 
сөз тіркестерін қайталап толықтыру. Сөздерді дұрыс айтып, 
сурет бойынша сөз тіркестерін, сөйлемдер мен сұрақтарды 
дұрыс  құрастырып,  жауап  бере  алу; 
дамытушылық  – 
тақырып  бойынша  сөздік  қорын  байыта  отырып,  өз  ойын 
жеткізе алуға, диалогтік сөйлеуге дағдыландыру, танымдық 
қабілетін  арттыру,  шығармашылық  іске  жұмылдыру; 
тәрбиелік:  ұлттық  дәстүрімізді  танып-білуге  баулу,  тілге 
құрмет көрсету, қоршаған ортаны аялауға баулу.
Көрнекілік: көктемге байланысты суреттелген кадрлер, 
қазан суреті, наурыз көжеге керекті жеті заттың жеке-жеке 
жазылған аттары, Н.Тілендиевтің күйлері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың бір-бірімен сәлемдесу көрінісі.
- Наурыз құтты болсын!


78
- Өмір жасың ұзақ болсын!
- Ұлыс күні құтты болсын!
- Төрт түлік ақты болсын!
- Ұлыс береке берсін!
-  Пәле-жала  жерге  енсін!-  деп  құттықтап,  ұлдар  қолда-
сып, төс соғыстырады. Қыздар болса құшақтасады.
Мұғалім:  -  Сәлемдесу  «Өмір  тірегім  –  төсім,  тіршілік 
көзім – екі қолым аман-сау болсын!» - дегенді білдіреді. 
- Жарайсыңдар, балалар! Отырыңдар.
ІІІ. Жұппен жұмыс.
Тапсырма:  «Көктем»  тақырыбына  диалог  құрастырып 
жүргізу.
Оқушылардың құрастырған диалогтарынан үзінділер:
- Қазір жылдың қандай мезгілі?
- Қазір - көктем айы.
- Көктем айларын атаңдар.
- Көктемнің айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
- Қазір қандай ай?
- Қазір - наурыз айы.
- Саған көктем айы ұнай ма?
- Иә, маған көктем ұнайды.
- Көктем айы несімен ұнайды?
- Күн жылынады, құстар ұшып келеді. 
- Көктем айында тағы қандай өзгерістер болады?
- Жер беті жылынып, көгеріп шөп шығады, өзендерде мұз 
бұзылады, мейрамдар болады.
- Көктемде қандай мерекелер болады?
-  Сегізінші  наурыз 
– 
халықаралық  әйелдер  күні,  наурыз 
мерекесі  -  Ұлыстың  ұлы  күні,  1  мамыр  –  Халықаралық 
ынтымақтастық  күні,  тоғызыншы  мамыр  –  Жеңіс  күні 
тойланады.
- Бүгін 
– 
наурыздың қай күні?


79
- Бүгін 
– 
наурыздың он төрті.
Мұғалім: - Балалар, дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнді 
жазыңдар. Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушылар
- Наурыз.
- Көктем келді.
- Көктем.
ІV. Ойын 
– 
«Жүзден 
– 
жүйрік...»
Мақсаты:  әр  қатардан  үш  оқушы  тақтаға  шығып, 
көктемге байланысты сөздер жазады. Кім көп, дұрыс жазса, 
сол жеңімпаз болады. Қалған оқушылар орындарында осы 
жұмысты орындайды.
V.    Фонетикалық  талдау.  Көктем,  құстар,  наурыз 
сөздерін талдау.
VІ. Суретті диафильмді көрсету.
Мақсаты:  тақтадағы  сөздерді  пайдаланып,  әрбір  кадрге 
(суретке)  сөйлем  құрастыру.  Оқушылар  сөйлемдерді 
ауызша  құрастырып,  жазбаша  тақтаға,  дәптерге  жазады. 
Құрастырылған мәтінді оқып, ат қою. 
Көктем келді
Көктем  келді.  Күн  жылынды.  Құстар  ұшып  келді.  Қар 
еріп  жатыр.  Сайлар  суға  толды.  Өзендерде  сең  бұзылды. 
Мал  төлдеді.  Көктемде  егін  егеді.  Бәйшешектер  гүлдейді. 
Көктем – жақсы жыл мезгілі.
VІІ. Сергіту сәті.
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Қыз қуу, асық ату, бәйге, ұшты-ұшты, ...
«Ұшты-ұшты»  ойыны  және  «Жорға  биі»  оқушыларды 
жақсы сергітті.
VІІ. Диалог жүргізу.
- Мұғалім, Дархан қайда бара жатыр?
- Дархан, сен қайда кеттің?


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау