49
A) Он үшінші; Ә) Бесеу; Б) Жүз;
В) Екі жарым; Г) Бес-бестен.
18. Сын есімнің салыстырмалы шырайын
анықтаңыз:
A) Ауылдық; Ә) Ауыспалы; Б) Тәжірибесіз;
В) Әдемілеу; Г) Күзгі.
19. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз:
A) Кішкене төбешік; Ә) Адамның мінезі;
Б) Биіктеу төбе; В) Таулы жер;
Г) Ұзын ағаш.
20. Болжалдық сан есімді табыңыз:
A) Бес-бестен; Ә) Сағат бесте;
Б) Бесінші орын; В) Беске таман; Г) Бес адам.
Синтаксис.
І. «Жай сөйлем» тақырып бойынша тірек-схема құрастыр.
Мысалдар келтір.
ІІ. 1. Жаңбыр жауып тұр, бірақ ...
2. Не бор жоқ , не ...
3. Саша қазір қыдырмайды, өйткені ...
Тапсырмалар:
- сөйлемдерді аяқта;
- сөйлемдердің түрін анықта;
- талдау жаса.
ІІІ. «Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша
тірек-схема құрастырып толық жауап бер.
IV. 1 .... (қашан?) , оқушылар үйіне кетеді.
2 .... (қашан?) , университетке түседі.
3 .... (қашан?) , балалар далаға шықты.
Тапсырмалар:
- сөйлемдерді толықтыр;
- сөйлемдердің түрін анықта;
- талдау жаса.
Синтаксис. Тест.
50
1. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз:
A) Оқу басталатын уақыт та жетті. Ә) Күн шықты.
Б) Мұғалім көңілді. В) Мектеп тап-таза. Г) Таң атты.
2. Жай сөйлемнің қай түріне жататынын көрсетіңіз:
Балалар кітапханаға кірді.
A) Жақты; Ә) Жақсыз; Б) Атаулы; В) Толымсыз; Г) Жалаң.
3. Толымды сөйлемді табыңыз:
A) Абай Тоғжанмен қимай қоштасты.
Ә) – Қайда барасың? Б) – Ертең театрға барасыз ба?
В) Ертең келеді. Г) Өзеннен аулаймыз.
4. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз:
A) Толымды сөйлем; Ә) Себеп-салдар;
Б) Мезгіл бағыныңқы; В) Жай сөйлем;
Г) Мақсат бағыныңқы.
5. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз:
A) Қайда барасыз?
Ә) Баяу ескен қоңыр жел.
Б) Сабақтан кешігуге болмайды.
В) Мен бүгін киноға барамын.
Г) Отан-оттан да ыстық .
6. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз:
A) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр
жауады.
Ә) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады.
Б) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті.
В) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
Г) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып
жүр.
7. Жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтаңыз:
Дала боран.
A) Атаулы; Ә) Жайылма; Б) Жалаң;
В) Жақсыз; Г) Толымсыз.
8. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты анықтаңыз:
51
A) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Ә) Қыс келгенмен, қар жаумады.
Б) Мен барғанша, ол театрға кетіп қалды.
В) Екі қолы дірілдеп, Оспан үйге кірді.
Г) Сабақ оқымай, бес алмайсың.
9. Сөйлемді толықтырыңыз: Қазақстанның тұңғыш
Елбасы-...
A) Қ.Тоқаев; Ә) Т.Әубәкіров; Б) И.Тасмағамбетов;
В) Н.Назарбаев; Г) Д.Қонаев.
10. Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз:
- Иә, білемін.
A) Толымды; Ә) Жақты; Б) Атаулы;
В) Толымсыз; Г) Жақсыз.
11. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз:
A) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін біз бірнеше
дүкендерді араладық.
Ә) Мен барғанша ол кетіп қалды.
Б) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
В) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
Г) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.
12. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз:
A) Мен әлі отырмын. Ә) Айнала жап-жасыл екен.
Б) Мен ояумын. В) Көктем. Г) Таң атып келеді.
13. Астана қаласы тамаша деп таңқалды келген
досым. Осы сөйлемге қатысты сызбаны табыңыз:
A) Автор сөзі: «Төл сөз?»- автор сөзі.
Ә) «Төл сөз?»- автор сөзі.
Б) Автор сөзі: «Төл сөз?».
В) «Төл сөз!»- автор сөзі.
Г) «Төл сөз,- автор сөзі - төл сөз?».
14. Бастауышы болмайтын сөйлем түрін анықтаңыз:
A) Жалаң; Ә) Толымсыз; Б) Жақсыз;
В) Атаулы; Г) Жақты.
52
15. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем
түрін табыңыз:
A) Жайылма; Ә) Жақсыз; Б) Жалаң;
В) Толымсыз; Г) Толымды.
16. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз:
A) Алма, сен бізге келесің бе?
Ә) Мен бүгін сағат жетіде тұрдым.
Б) Айнаның үйі ауылда.
В) Құдияр үйге келді.
Г) Автобусқа бір бала кірді.
17. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді
табыңыз:
A) Не мақсатпен? Ә) Не себепті? Б) Қашанға дейін?
В) Неліктен? Г) Неге?
18. Бастауыш нені білдіретінін табыңыз:
A) Іс-әрекетті;
Ә) Баяндауышта айтылған іс-әрекеттің иесін;
Б) Қимыл-әрекеттің сынын;
В) Заттың белгісін; Г) Заттың сынын.
19. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз:
A) Сәттілік тілейміз үлкен осынау шараға біз.
Ә) Біз осынау үлкен шараға сәттілік тілейміз.
Б) Тілейміз үлкен сәттілік осынау шараға біз.
В) Біз осынау үлкен шараға тілейміз сәттілік .
Г) Үлкен осынау шараға сәттілік тілейміз біз.
20. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын
анықтаңыз: Ол жақсы оқыса, университетке түседі.
A) Шартты; Ә) Мезгіл; Б) Себеп;
В) Мақсат; Г) Қарсылықты.
Мәтіндермен жұмыс.
Қазақстанның рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992
жылы қаңтардың 26-сында бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |