53
Мемлекеттік жалау көгілдір түсті, ұзындығы – 2 метр, ені
– 1 метр. Жалаудың ортасында шұғылалы Күн бейнеленген.
Оның астында – қыран құс. Жалаудың сол жағында ұлттық
өрнек бар. Жалаудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды»,-
дейді қазақ. Мемлекеттер елтаңбасында өсімдіктер немесе
жануарлар мен құстар суреттеледі. Мысалы, Австралияда
– түйеқұс, Ресейде – екі басты бүркіт, Қазақстанда – аңыз
пырақтары. Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ бейнеленген,
айнала уықтар шаншылған, оны пырақтардың қанаттары
көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз, ал
төмен жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның
авторлары :
Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
2006 жылы қаңтардың 7-де қабылданып, 11-де жаңа
әнұран алғашқы рет орындалды. Әнұранның сөзін жазған
– Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, ал, әні
–
Шәмші Қалдаяқовтікі.
Тапсырмалар:
- мәтіннің мазмұнын айту;
- мәтінде берілген мәлімет әр Қазақстан азаматына
керекті, неліктен?
- әңұранды айтып бер.
Қызықты мәлімет алуға арналған тапсырмалар:
І. «Хабар» арнасы, «Мысырлық ұлы адамдар»
бағдарламасы, «Ел-Арна»-«Азамат» жастар Парламенті»,
«Қазақстан»-«Көкпар»
бағдарламасы
- не туралы;
- бір
бағдарламаның мазмұнын айту;
- өз пікірін айту.
Диалог құру дағдыларын тексеруге арналған
тапсырмалар:
І. Досымен үй жануарлары туралы әңгімелеу, өз пікірін
айту;
54
ІІ. Серуенде сыныптасымен қызықты кітап, қала, отбасы
туралы әңгімелеу, өз пікірін айту.
Монолог құру дағдыларын тексеруге арналған
тапсырмалар:
І. Сүйікті
пәні туралы әңгімелеу;
ІІ. Отбасының ұнайтын салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу.
Жазбаша тіл дамыту дағдыларын тексеруге арналған
тапсырмалар:
І. Сіз Ресейдегі досыңыздан хат алдыңыз. Жауап беріп хат
жазыңыз: қала өмірі, өзіңіз туралы.
II. ҰБТ-ға арналған тестілердегі мәтіндермен жұмыс 5
тақырып бойынша берілген : 1) «Қазақстан Республикасы –
тәуелсіз ел», 2) «Қазақстан Республикасының географиялық
орны», 3) «Қазақстанның
мәдениеті, өнері», 4) «Елтану»,
5) «Қоршаған орта».
11-сыныпта сабақты «разминка» ретінде тақырыптар
бойынша сұрақтармен бастаймын. Мысалы:
Қазақстан – тәуелсіз ел
1. Бұқаралық ақпарат құралдары.
2. Қазақстан ұлттық валютасы қай жылы енгізілген?
3. Елтаңбаның түсі қандай?
4. Елтаңбаның бес бұрышты жұлдызы ненің белгісі?
5. Елбасының «Қазақстан
–
2030» жолдауы жарияланған
жыл.
6. «Невада-Семей» қозғалысының президенті.
7. ҚР Мемлекеттік жаңа әнұран сөзінің авторлары.
8. Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі?
9. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары.
10. ҚР рәміздері қабылданған жыл.
11. Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
12. Қазақстан елінің ақшасы.
13. ҚР Конституция күні.
14. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?