Мәдібаева қанипаш қайсақызы



жүктеу 1,9 Mb.
бет20/22
Дата17.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#27023
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

3-бөлім бойынша тұжырым

Диссертациялық еңбектің “ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысу үрдісі” атты үшінші бөлімінде қазақ әдебиетінің


ХІХ ғасырдағы жазба дәстүрі, оның туып, қалыптасу жөндері нақтылы әдеби мұра фактісі негізінде қазіргі уақыттың таным, өлшем өрісі деңгейінде бірнеше мәнде қарастырылып, зерттеу мәселелері айғақтала түсті.

Бөлімнің бірінші тарауында Ыбырай Алтынсариннің қазақтың жаңа жазба әдебиетін қалыптастырудағы тарихи орны кейінгі кезеңде толыға түскен ыбырайтану ілімі нәтижелері негізінде жетілдіре отырып зерттелді.

Ыбырай Алтынсарин – ана тілінің құнарын, құндылығын шебер, шешен тілмен асыра түскен сөз зергері. Ол халықтың сөйлеу тіліндегі шешендікті, ұсталықты жазба тілге көшіріп, жазбашаға түсірді. Шұбарланып, кітаби тілдің шырмауында қалған туған тіліне жан беріп, дем салған рухани дауагер.

Қазақ әдебиетіндегі Ыбырай дәстүрі арнайы зерттелуі қажет. Қайсыбір жөнде ол да Абай шығармашылығына да ықпал жасаған тарихи тұлға есебінде танылуы тиіс.

Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясындағы” сөз қолданыс, стиль, жаңа жанрлар қазақтың жаңа жазба әдебиетінің, әдеби тілінің бар саласында да жалғасын тапты.

Қазақтың ауызша әдеби тілі дәстүрлі қалыптар мен шектеулі баяндауларға, белгілі бір шарттылықтарға тұсалып жатар тұсы мол еді. Ыбырай Алтынсарин қара сөздің жаңа тынысын ашты. Дәстүрлі құрылымдар құрсауындағы жанды, сұлу тілдің сәнін келтірудің тәсілдерін ол ана тілінің өзінен тапты. Өзі үлгі еткен орыс, еуропа әдебиетіндегі үрдіс-үлгіні қазақ тілінің жаратылыс заңдылығына емін-еркін енгізді.

Ы. Алтынсарин қазақтың жаңа жазба әдебиетіндегі диалог үлгілерін аударма шығармалары негізінде қалыптастырды. Қазақ сөзінің авудармамен келген жаңа өрісін ашты.

Ыбырай Алтынсарин қазақ тілін өркениет тілі болу мүмкіндігі шектелген тарихи саяси құрсаудан құтқаруда орасан зор еңбек жасады.

Ыбырай қазақтың таза жазба тілін, жаңа әдеби тілін халық тарихының белгілі бір рухани сергелдеңге түскен уақытында жасап, қалыптастырудың тарихи миссиясын атқарды.

Оның шығармашылық мұрат, ағартушылық қызметі, қайраткерлік тұлғасы жайлы әлі де айта түсіп, аша беретін, дамыта зерттелуі қажет мәселе аз емес.

“Шариат ул-ислам” еңбегінің тілі тілші, филолог ғалымдар тарапынан арнайы зерттелуі қажет. Ыбырай орнықтырған жазба тілдегі шығыстық, ортағасырлық түріктік, ХІХ ғасырдағы кітаби тілдің үлесі қазіргі күнге шейінгі зерттеулерде қозғалған жоқ деуге болады.

Ыбырайтанудың қазақ тілінде газет шығару тәжірибесі де журналистика тарихынан қағаберіс қалып келе жатқан мәселе. Ыбырай Алтынсарин жаңа жазба тіл жасауда ана тілдің ғылыми заңдылықтарын танып, біліп, оның негізгі қисындарын өзінің тіл үйрету оқу құралдарында ғылыми жөнде жүйелеп, сол қисындарды мақсатты түрде шығармашылықпен кәдеге асырды.

3.2 “Абайдың жаңа жаза әдеби тіл стилін қалыптастыру жөндері” атты тарауда абайтану ілімінің Абайдың тіл өнері, сөз өрнегі жайлы бағыттағы зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға түсіре отырып, мәселенің қазіргі кезеңдегі көкейтесті жайларын айғақтай түсу көзделді.

Абайдың тіл байыту, сөз жасау, ой сөзін құрай шеберлігі ХІХ ғасырдағы, Абай өмір сүрген кезеңдегі сан-салалы, түрлі үлгі, стильдегі сөз өнерінің аясында, дәуірлік тарихи жағдаяттар фонында әлі де қарастыра түсуге зәру.

Абай және ХІХ ғасырдағы әдебиет, жазба тіл, жазба әдебиет, жаңа жазба әдебиет негізінде әлі де жинақтап, жүйелеп, жетілдіре түсуді күтетін мәселе аз емес.

Абайдың әбден кемелденген кезінде ХІХ ғасыр аясында қазақ руханиятында кітаби ақындар да болды. ХІХ ғасырда қазақтың ауызша өмір сүріп келген байырғы әдеби тілі, сонымен бірге кітаби әдеби тіл, әрі жаңа туып қалыптасқан жаңа жазба әдеби тіл, жазба әдебиет тілі қатар жасап, өрістеді.

Қолданыс аясы сан тарау әдеби тілдің бар ерекшелігі, шарты Абайда болған жоқ. Абай – қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің бір парасы – жаңа жазба әдебиет тілінің қалыптасып, дамуындағы тарихи тұлға.

Жазба әдеби тілге қара сөздің де қатысы болғанымен, тұтас мәндегі әдеби тілдің түзілуінде Абаймен тұстас қилы мәндегі жазба еңбектер туғызған Ыбырай Алтынсариннің үлесі басымдау.

Абай әдеби тілдің бір арнасы қазақтың көркем әдебиет тілін жаңа сапаға көтерді.

Ежелгі әдебиет, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасыр әдебиет үлгілерін зерттеу нәтижелері бұл мәнде нақтылы дәлел, дәйек болып отыр.

Абайдың қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуындағы тарихи орны
ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиет, поэзия тілін қалыптастырған өлшеусіз еңбегінің өзімен-ақ ортаймайды.

Абай дәуірінде қазақтың ХХ ғасырда кең өріс ашқан жаңа жазба әдеби тілі әлі де бар сипатымен толығып, орныққан жоқ еді, негізінен ол әдеби тіл жазба әдебиеттің жаңа жанрлық үлгі, стильдік өзгешелігі есебінде ғана жасағандығы – тарихи шындық.

Абай және жаңа жазба әдебиет, жазба тіл мәселесі Абайдың ақындық айналасы – әсіресе, оның Шығыс әдебиеті мен Батыс өркениетінен сіңіргенінен де айрықша сабақтастықта қарастырылуы қажет.

Абайдың өлең жасау тәсілінің, шеберлік сырының, Абайдағы сөз жасамның, тіл кестесінің түп-төркін тамыры, Абайдың ақындық қуаты жайлы абайтану ілімінің ұзақ тарихындағы тарихи орны жайлы және бір ой қозғау барысында, абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерін айқындай түсудің мүмкіндік көкжиегі кеңи түсті.

Абайдағы дін, дүниетаным жайы, Абай қарасөздерінің жанрлық мәселелерінде де тың тұстан түрен салуды күтіп жатқан дүниелерге барлау жасау барысында кейінгі кезеңде қозғалып отырған, абайтану тарихындағы ақтаңдақтардың ғылыми айналымға түсу жөніне өзіндік ой қостық.

Абайдағы дін жайы ұшан-теңіз әлем. Абай Алланы сүюді, Алланы тану жолындағы адам баласының түйсік аласапыранын өлеңде де, қара сөзде де үздіксіз қозғады. Оның дүниетаным шеңбері жайлы кесім айту – алынбайтын алыс асу. Абайдың өлең сөзі мен қара сөзін толтырған, дүние жаратылыс жайлы толғаныстарын тоғайтып отырған, толықтырып отырған қайнар көздерді табуға ұмтылу, Абайдың адамзат даналығынан алғаны мен қосқанын әдеби мұра негізінде ажыратып ашу – жалғасын таба беретін үлкен міндет.

Абай қара сөздерінің жан-жақты мәні уақыт озған сайын жаратылыс сырын аша түсіп отыр. Абай ақындығының айналасы, Абай және Шығыс, Абай және Батыс әдебиеті мәселелері арнайы тараушаларда қарастырылды.

ХІХ ғасыр әдебиетіне, соның ішінде Абай шығармашылығына Шығыс әдебиеті үлгілерінің ықпалы жайлы нақтылы зерттеу, теориялық негіздемелерге қазақ әдебиеттану ғылымы әлі де зәру.

Шығыс әдебиеті үлгілерінің Абай поэзиясының сөздік қорын байытудағы орны, Абайдың өлең өлшемін жасаудағы шығыстық үлгі, тәрбие-мораль философиясының әсері, Абайдың эстетикалық танымындағы шығыстық ұстанымдар жайы абайтануда белгілі бір дәрежеде зерттеліп келе жатқанымен, ол пікірлер түрлі саяси қысталаңның, уақыттың тезіне түскені де шындық. Абайдың Шығыстан алғаны орасан мол қазына, Шығыс мәдениеті Абай шығармашылығының ғұмыр бойғы құнарлы азығы болды. Осы жөнде ғылыми негіздемелеуді күтіп жатқан қисындар, өзекті мәселелер бар.

Абайдың Шығыс классиктерінен қазақ әдебиетіне енгізген өлең өрнегіндегі жаңалықтар “Білімдіден шыққан сөз”, “Келдік талай жерге енді” өлеңдерінде айқын.

Абай көп қолданды делінетін “ғаруз” өлшемі жайлы зерттеушілер пікірі әр қилы. Осы өлшемнің қазақ әдебиетіндегі үлгісін арнайы қарастырудың қажеттілігі айқын. Абайдың Шығыс ықпалымен ықпалынан туған шығармаларының үлкен бір арнасы – оның дидактикалық поэзиясы. Абай “қара сөздеріндегі” кітаби тілге тән синтаксистік ерекшеліктер де Абай шығармаларындағы Шығыс әсерінің бір көрінісі.

Абай ақындығының бастауында халық әдебиетімен бірге Шығыс әдебиетінің ықпалы аса зор болды. Абай Шығыс поэзиясының әсерімен алғашқы өлеңдерін жазды. Мұхтар Әуезовтің атап көрсеткеніндей, ол бала кезде құлашын сермеген шығыстық жағалаудан өмірінің ақырына шейін қол үзген жоқ. Әуелгі сырт қызығушылық, жай еліктеушілік бірте-бірте Абай поэзиясының бар жаратылысымен тұтасып кеткен, оның ақындық қуаты адамзаттық көркемдік биікке көтеріп әкеткен кең өрісті, құнарлы әлемге айналды.

Осы негізде Абайдың Шығысы әлі де зерттеуге зәру. Абай ақындығындағы араб поэзиясының әсері, парсы өлеңі және Абай, ортағасырлық түрік әдебиетінің, жазба тілдің Абай шығармашылығындағы көрінісі әлі де зерттелуі қажет. Абайдың дінтануы, дүниетанымы, исламиятқа қатысы, сопылық поэзия мен оның Абай поэзиясына қатысы жайлы танымда Шығыстың орны басым.

“Абай ақындығына орыс, еуропа әдебиетінің әсері” атты тараушада абайтануда ілгеріден қозғалып келе жатқан Абай және ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті, қазақ әдебиетіндегі еуропа, орыс үлгісі жайлы мәселелер негізделе түсті.

Абайдың ақындық, ойшылдық, сыншылдық алымында орыс әдебиетінің әсер-ықпалы зор. Абай поэзиясын зерттеуде ғалым-теоретиктер, абайтанушылар негіздеген таным бағытында жаңа тұжырымдамалар жасаудың мол мүмкіндігі бар.

ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет түрі, стилі жағынан ХІХ ғасырға шейінгі және сол тұстағы дәстүрлі әдебиет үлгілерінен көп өзгешелік, ерекшелікпен қалыптасқан әдебиет болды. Сол үлгі, өзгешеліктің негізгі түрлері Абай шығармаларында туып, қалыптасты. Орыс, еуропа үлгісі Абай шығармасының бар түрінде кездеседі.

Абайдың “Көлеңке басын ұзартып” өлеңінде де орыс әдебиетінің ықпалы айқын. М. Әуезов бұл өлеңнің табиғат жайында реалистік дәстүрмен әрі суретшілдікпен туғызған шығармалар қатарында жаңа сапада бөлекше көрінетіндігін, орыс классикалық поэзиясы дәстүрінен ауысқан ірі ерекшелік барын атап айтты. Табиғат көркін ақын көлденеңнен көрмейді, дүние суретін өз көңілімен шарпыстыра, матастыра жырлайды дейді.

Орыс әдебиетінің ықпалы Абайдың аударма өлеңдерінде айқын. Абай автормен жарыса отырып, қазақ өлеңінде жаңа түр ашты.

Қажым Жұмалиевтің Абайдағы сөзжасамның түпнегіз, қайнар көзі араб, парсыда емес, орыс әдебиеті, орыс тілінің негізінде жатыр деген пікірі құндылығы ортаймайтын орынды, орнықты ғылыми тұжырым.

Абай орыс әдебиетінің образ жасау, ой беру әдісін ұтымды пайдаланды. Абай белгілі бір дәрежеде құрылымдық әдіс, тәсілін де үлгі етті.

Абайдың ақындық табиғатына Шығыс та, Батыс та өз сәулесін түсірді. Абайдың орыс әдебиетіне көз салып, құлаш ұруының тарихи алғышарттары абайтануда көп қозғалды. Соған қарамастан қайсыбір тарихи әлеуметтік себептер ұзақ жылдар бойы абайтанудың ғылыми айналымында қамтылмай қалды.

Диссертацияда осы мәселелер нақтылы зерттеулерге сүйене отырылып айқындала түсті.

Жұмыстың 3 бөлім 2 тарауының 3 тараушасында Абай ақындығының абайтану ілімінде теолриялық негізделу тарихы, оның қазақ өлеңін танып, ашудағы құндылық сипаты айғақтала түсті.

Абайдың өлеңі, Абайдың шығармашылық әлемі жайлы абайтану тарихында құнды ғылыми негіздемелер жасаған абайтанушы ғалымдар еңбегінің қазақ әдебиеттану ғылымындағы мәнін уақыт көшінде айтып, ашып отыру, жаңартып, жарқырата ілгері оздырып отыру – ғылым мүддесі.

Жұмыста абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері айқындала түсті. Абайдың ғылыми өмірбаянын толықтыру, Абай шығармаларының жанрлық даралық сипаттары, тіл кестесі, текстологиялық мәселелері, Абай аудармаларының әдеби үлгі-үрдісі, Абай ақындығының айналасы, Абайдағы дін, дүниетаным, мораль философиясы, т.б. мәселелер әлі де ілгері оздырып зерттеуді күтеді.

Абайтанудың басында көрегендікпен айтылған ойтүрткі, ойарна еңбектер абайтанудың ұзақ жылдар бойы негізгі зерттеу мәселелерінде ұстаным болып отырғанмен, аталмады. Сол себепті де абайтану тарихын фактография деңгейінен (белгілібір кезеңдерде қажет болған – Қ.М.) көтеріп, әр кезең, әр зерттеушінің таным, пайымын бүгінгі ғылыми айналымға қосып отыру парыз.

Сол кезде абайтанудағы іргелі еңбектердің ғылыми мәні уақыт деңгейімен айғақталып, ашыла түсті.

ХІХ ғасыр әдебиетін қазақ әдебиеттану ғылымының бүгінгі алымы, деңгейінде, түрлі саяси қысталаңнан арылған ендігі еркін ой кезеңінде сол әдебиеттің зерттелу тарихындағы құнды нәтижелерді тұтастай ғылыми айналымға қосып, ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерін көркемдік дәстүр, тарихи негіз, кезеңдік жаңа алымдары жөнінен жан-жақты, біртұтас аяда зерттеуді дамытудың уақыт ұсынған қажеттілігі.

ХІХ ғасырдан жеткен әдеби мұра – сан жанрлы, даму бағыттарының тарихи-әлеуметтік фоны күрделі, танылу тарихы қайшылыққа толы үлкен рухани құндылық.

ХІХ ғасырдың әдебиетін, әдебиет үлгілерін (айтыс, тарихи жыр, қисса өлең, ән өлең, зар заман өлең, жаңа жазба лирика) мейлінше тұтас қамтып отырып, сол үлгілердің туу себептерін, даму өрісін, дәстүрлі сипаттары мен даралық өзгешеліктерін, ХІХ ғасыр әдебиетінің ауыз әдебиеті, ауызша әдебиет, жазбаша, жазба әдебиет нұсқалары есебіндегі шығармашылық жаратылысын, ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің тілдік, стильдік, жанрлық ерекшелік-даралығын дәуірлік сабақтастықта қарастыруды дамыта түсудің қажеттілігі соңғы 15 жыл көлемінде жоғары мектепте ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқыту барысында айқындала түсті.

Қилы кезеңде, уақыт ағынының тереңіне үңілуге жағдай болмаған кезеңдерде ХІХ ғасыр әдебиетінің айқын өзгешеліктері жеткілікті зерттеліп болды дей алмаймыз. Еңбекте мүмкіндігінше осы ұғымдарға қатысты арғы-бергідегі түйін-тұжырымдарды жинақтап, жүйелеу, мәселенің теориялық түзілімін айқындай беру мақсатында іргелі зерттеулер жүргізу қажеттілігін көрсету жөнінде өзіндік пайымымызды ұсынуды көздедік.

ХІХ ғасыр әдебиетін игеру бағытында зерттеуде нақтылы зәру мәселелерге назар аударылды. ХІХ ғасырдағы әдеби мұраны А. Байтұрсынов, М. Әуезов,


Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздық, Қ. Өмірәлиев, т.б. ғалымдардың ауыз әдебиеті, ауызша әдебиет нұсқалары, жазбаша, жазба, жаңа жазба әдебиет мәніндегі таныту ұстанымдарын нақтылы әдеби түр, әдеби бағыт негізінде айқындай түсу мәселесі қозғалды.

Абайдың өлең түріндегі, ұйқастағы шығыстық үлгілерді айқындай түсу;

Ыбырай Алтынсариннің ХІХ ғасырдағы жаңа жазба тілдің қалыптасуындағы тарихи еңбегі белгілі болғанымен, жазба тілдегі
Ы. Алтынсарин орнықтырған шығыстық, ортағасырлық түріктік,
ХІХ ғасырдағы кітаби тілдің сөз үлгісі, синтаксистік оралымдары жайлы қазіргі күнге шейінгі зерттеулерде мүлде қозғалған жоқ деуге болады.

Осы орайда, әсіресе, Ыбырай Алтынсариннің “Шариат-ул ислам” атты оқу құралының тілі филолог ғалымдар тарапынан қарастырылуы керек.

Қазақтың ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиеті, жазба әдеби тілі мәселелерінде Ыбырай Алтынсарин Абаймен лайықты түрде қатар аталып келе жатқанымен, олардың тіліндегі, жаңа жазба тіл стиліндегі ұқсастық, өзгешеліктер, айырым белгілер мүлде қарастырылған жоқ. Алтынсарин – Абай мәселесінде шығармашылық ықпал, дәуір туғызған ортақ көркем сипаттар жалпы идеяларды ғана айтудың ығында қалып қоюмен келе жатыр.

Осы жөнде айғақталуға сұранып тұрған біршама қисындарға назар аударылды.

Жалпы, зерттеу барысында қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы даму өрісі мен теориялық негізделу тарихы мүмкіндігінше тұтас қамтылу мәні ыңғайында әрбір нақтылы әдеби түр, үлгі, жанрға қатысты өзіндік көкейтесті мәселелер айқындалып отырды.


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау