Мәдібаева қанипаш қайсақызы



жүктеу 1,9 Mb.
бет1/22
Дата17.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#27023
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



МӘДІБАЕВА ҚАНИПАШ ҚАЙСАҚЫЗЫ



қазақ Әдебиетінің ХІХ ғасырдағы кӨркемдік дамуы жӘне зерттелуі

(Оқу құралы)

Алматы 2007




Мазмұны



Кіріспе 3
1 ХІХ ғасырдағы дәстүрлі әдебиет үлгілерінің жанрлық өзгеріс, даралану үрдісі. Өлең түрлері. Ауызша әдебиеттен жазбашаға ойысу 18

    1. ХІХ ғасырдағы қисса-дастандар. Нәзира дәстүрінің жандану

себептері. 49

1.2 Тарихи өлең, тарихи жырдың даралық сипаттары 66

1.3 Сал-серілік өнер. Ән өлеңдер. Өнер тұтастығы жөніндегі

ерекшелік 89

1.4 Дәстүрлі айтыс өнерінің жанрлық трансформациясы 111

1-бөлім бойынша тұжырым 131


2 Зар заман ағымының тарихилық жөннен негізделу мәселелері 135

2.1 Махамбет және зар заман әдебиеті 145

2.2 Зар замандық діни ағартушылық және Ыбырай Алтынсарин

ұстанымы 174

2.3 Зар заман поэзиясындағы әлеуметтік ортақ желілер,

шығармашылық шеберлік .. 192

2.4 ХІХ ғасырдағы аймақтық әдеби мектепті айқындау

мәселелері........................................................................................................225

2-бөлім бойынша тұжырым 228


  1. Жаңа жазба әдебиеттің қалыптасу жөндері. Шығыстық үлгі.

Еуропалық үрдіс 231

3.1 Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің қалыптасуындағы Ыбырай

Алтынсариннің тарихи орны 231

3.2 Жаңа жазба әдебиет жанрларының, жазба әдеби тіл стилінің

қалыптасуындағы Абай мектебі 245

3-бөлім бойынша тұжырым 330


Қорытынды 336
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 339


Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қай дәуірдің болмасын әдебиетін көркемдік даму жөнінен қарастыру – сол кезең әдебиетінің әрбір жеке өкілінің шығармашылық ерекшелігін, нақтылы бір ақындық топтың шығармашылық дәстүрін, белгілі бір кезеңдердің саяси бағдар, беталысын, т.б. әрқилы көркемдік негіздерді мүмкіндігінше тұтас қамтып қарастыру.

“Әр дәуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды. Олай болса, әр дәуірдің шындығын сәулелендірген шығармалар да бірін-бірі қайталамайды; тектері мен түрлері ұқсас болғанмен, Шекспир трагедиясы Мүсірепов жазған трагедиядан, Бальзак романы Әуезов романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров поэзиясынан өзге екені даусыз. Мұны да историзм принципінен қарағанда ғана аңғарамыз. Міне, осы өзгешеліктерді ажырату әрекетінің өзі жанр мәселесін тарихи тұрғыдан толғауға әкеледі.

Әр халықтың әдебиеті ол өмір сүрген тарихи дәуірлердің әр кезеңінде әр халде, әр қалыпта болып отырады. Әдеби процесс дегеніміздің өзі – осы.

Көркемдік дамудың әдеби процестен танылатын құбылыстары алуан-алуан: бірін әдеби шығарманың тақырыбынан аңғарсақ, бірін идеясынан, енді бірін адам образынан аңғарамыз. Әдеби жанрлар тағдыры да осы құбылыстарға тығыз байланысты. Мұның егжей-тегжейін күллі әдеби құбылыстарды тарихи тұрғыдан топшылау, талдау арқылы ғана білуге болады”, – дейді академик


З. Қабдолов [1, 306 б.].

ХІХ ғасыр әдебиеті қазақ әдебиеттану ғылымында жеке үлгілер, жекелеген тұлғалар шығармашылығы негізінде де; кезеңдік тұтас сипаттар жөнінен де зерттеу нысаны болып келе жатыр.

Бұл әдебиеттің жанрлық құрамы, тілдік құрылым, өлең үлгісі, әдеби әдіс-тәсіл жөні, көркемдік-тарихи негіздері қазіргі кезеңде толымды зерттеулер арнасына айналып отыр.

ХІХ ғасыр әдебиетінің қазақ әдебиеттану ғылымындағы зерттелу, зерделену нәтижелері жалпы қазақ сөз өнерінің теориялық тарихын жасауда негізгі тиянақ, тұғыр болып келе жатыр десек – асырып айту емес. Қазақ әдебиеттану ғылымының іргелі абайтану, махамбеттану, жамбылтану, айтыстану, т.б. арналары ХІХ ғасырдың әдебиет фактісі негізінде өрістеді.

Халқымыздың киелі өнері, қашанғы қадірлісі, ең астам, ең асқан байлық-қазынасы – Сөз өнері ХІХ ғасырда аспан асты, жер үстінде өзін ешкімнен артық та, кем де санамайтын, кең кеуде, ақ пейіл, ашық жүрек, жүзі нұрлы қазақ жұртын жаңа бір сырмен баурап, өзгеше бір күймен әлдиледі...

Қазақ әдебиетінің көркемдік даму өрісі бір жарым ғасырға жуық уақыттан бері ғылыми айналымда келе жатыр. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуында ХІХ ғасырдағы сөз өнері ұланғайыр мәтіндік нұсқалармен, жеке шығармашылық тұлғалардың айқын машық, тәсілімен, түрлі көркемдік бағыттардың жанрлық, стильдік өзгешеліктерімен айрықша әдеби нысан болды. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі көркем нұсқалардың жанрлық жаратылысын, тарихи негіздерін ашу, тану бағытындағы зерттеулер қазақ әдебиетінің теориялық тарихын (А. Шәріп) жасаудағы негізді, мәнді ғылыми тұжырымдамаларға ұласты.

Еңбек қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік дамуын сол әдебиеттің зерттелу тарихымен сабақтастықта ала отырып, ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерін ауыз әдебиеті, ауызша әдебиет, жазбаша (кітаби), жазба әдебиет нұсқаларының бір дәуіріндегі қатар дамып отыруы фактісі есебінде, жанр, өлеңнің түр, құрылым, көркемдік тәсіл, машық негізінде қарастырады.

Жұмыста ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін ауызшадан жазбашаға ойысу үрдісіндегі негізгі айырым белгілері, жанрлық құбылыс; өзгеру (трансформация); жазба әдеби тіл мен жазба әдебиет тілінің функционалды-стильдік өзгешеліктері мәнінде қарастырудың көкейтесті мәселелері қозғалады.

Ауызша әдебиет пен жазба әдебиет мәселелері, өлеңдік құрылымға байланысты қисындар ғылыми зерттеу еңбектер нәтижелері негізінде сараланып, өзіндік жаңа байламдар ұсынылады.

Дәстүрлі айтыс түрлері, ХІХ ғасырдағы тарихи жардың жанрлық ерекшелігі, қазақ өлеңінің типологиясына, зар замандық діни ағартушылықтың негіздеріне байланысты, ыбырайтану, абайтану, махамбеттану ілімдерінің қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелеріне байланысты, Ыбырай Алтынсарин мен Абайдың қазақтың жаңа жазба әдебиеті қалыптасуындағы тарихи орнына, бұл мәселедегі кітаби (жазбаша – Қ.М.) әдебиеттің қатысына байланысты жаңаша саралау жасалынады.

Фольклорлық шығармаларға жатқызылып жүрген қайсыбір әдебиет үлгілерінің авторы болуына байланысты ғана емес, таза фольклорлық туындыға жатқызуға “көнбейтін” басқа сипаттарын айқындай түсу мәселелеріне, әдебиеттегі фольклор дәстүрі тұрғысынан қарастыру жөніне көңіл бөлінеді.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің түрге бөлініп, классификациялануы (сыныпталу) Ш. Уәлиханов жүйелеуінен соңғы кезеңге шейінгі сыныпталулар қамтылып отырып қарастырылады.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті қазақ әдебиеттану ғылымы әр кезеңде де қызығушылық танытып, назар аударып отырған ғылыми мәні айқын қадау-қадау, әдеби дамудағы көркемдік бағыттардың тоғысқан тұсы.

Олар: 1. фольклор мен әдебиеттің, ауызша әдебиет пен жазба әдебиеттің айырым шегін теориялық жөнде негіздеу мәселелері;

2. аймақтық әдеби мектептердің дара сипаттарының теориялық сипаттамасы;

3. ақындық өнердегі дәстүршілдік пен даралық стиль, әдіс, тәсіл мәселесі;

4. әдеби байланыс, ықпалдастық мәселесі;

5. дәстүрлі әдебиет үлгілерінің өнер тұтастығы мәні, жанрлық трансформациясы;

6. әдебиетке ел күйінің, ел күйіне әдебиеттің ықпалы.

Қазақ әдебиеттану ғылымы ХІХ ғасыр әдебиетінің өлең түрлерін (айтыс өлең, тарихи жыр, ән өлең, қисса-өлең, зар заман өлең, жаңа жазба өлең, т.б.) зерттеу нысаны ете отырып, әлемдік әдебиет фонындағы жанрлық баю, жаңғыру, түлеу заңдылықтарын айқындады.

Жұмыста негізді ғылыми нәтижелердің қазақ әдебиетінің көркемдік негізін ашудағы теориялық құндылығы нақтылана түседі.

Әдебиеттің көркемдік дамуындағы басты бағыттардың ғылыми негіздеулері салыстырыла отырып сараланады. Қазақ әдебиеттану ғылымының толысып, жетіле түскен зерттеу тәсілдері мен әдістері, жаңа методологиялық ұстанымдар З. Қабдолов, С. Қирабаев, Т. Кәкішұлы, Р. Бердібай, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Н. Келімбетов, Ш. Сәтбаева, С. Негимов, Ж. Дәдебаев, Ө. Күмісбаев,


Т. Есімбеков, А. Егеубай, Қ. Әбдезұлы, Ж. Тілепов, З. Бисенғали,
З. Сейітжанов, Р. Тұрысбек, Д. Қамзабекұлы, Ө. Әбдиманұлы, А. Исмақова,
А. Шәріп, Б. Омарұлы еңбектерінде айқын көрініс тауып отыр. Жұмысты жазу барысында аталған ғалымдардың ұстанымдары ескерілді.

Мәселенің ғылыми мәндегі өзектілігі, зәрулігі айқындала түседі. Белгілі бір нақтылы әдеби көркемдік құбылыстардың өзіндік даму заңдылықтары, қазақ өлең түрлерінің өлшемі мен тіл кестесіндегі өзгеріс, жаңғырулар, жаңа сипаттар жекелеген шығармашылық тұлғалардың әдеби мұрасын айқын методологиялық ұстанымдар аясында арнайы зерттеу арқылы аша түсудің бағыттары қарастырылады.

Жұмыста қазақ әдебиеттану ғылымының ХІХ ғасырдағы сөз өнерін зерттеудің бай тәжірибесін, басты нәтижелерін ендігі зерттеу бағытымызға негіз ете отырып, қазақ әдебиеті тарихындағы күрделі шығармашылық
процесс – ауызшадан жазбаға ойысудың; фольклор мен әдебиеттің айырым белгілерін айқындаудың өзекті мәселелері, еуропалық үрдістегі жаңа жазба әдебиеттің қалыптасып, дамуындағы заман ырғағы, жаңаша сөз түзу, сөйлем құрау тәсілдері, әдебиет тарихындағы ізі айқын, бірақ арнайы зерттелуі кенжелеп отырған аймақтық әдеби мектептің даралық сипаттарын негіздеу қисындары нақтылы шығармашылық мұра, оның негізгі түрлері, жанрлары ауқымында қарастырылып, аталған мәселелердің ғылыми мәні айқындала түседі. Жұмыс барысында Абай дәуіріндегі әдеби дамудың ішкі сырларына үңіле түсу арқылы Абай және қазақ өлеңі дейтін өзекті мәселеге ой қосар, ортасын (кем тұсын – Қ.М.) толтыруға сеп болар нақтылы талдаулар жасалады.

Әдебиет тарихындағы зар замандық сарындардың тарихи негіздері жайлы танымға байланысты көкейтесті мәселелер қозғалады.

Зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары жасаған рухани құндылықты ұлықтаудың теориялық, методологиялық негіздемелеріне жүгінудің өзекті тұстары айқындала түседі.

Ұзақ жылдар бойы ғылыми өрістен қағаберіс қалған игіліктер белгілі бір дәуір әдебиетін нақтылы зерттеу барысында барынша бағытқа алынады.

Жұмыста ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті саяси ықпалмен қалыптасқан
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы, екінші жартысындағы деп жітелу жүйесінде емес, тарихи дәуір аясындағы дамуы тұтас алынып, әдебиет үлгілеріндегі байырғы әдіс, тәсіл, замана ырғағы, уақыт стилі мазмұнында, біртұтас көркемдік даму фактісі есебінде арнайы зерттеледі.

Әдебиет тарихында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті оны туғызушы айтулы тұлғалар мұрасы негізінде жан-жақты зерттеліп келе жатқаны даусыз.

Абайтанудың, махамбеттану, дулаттану, ыбырайтану ілімдерінің негізгі нәтижелері – ғылым игілігі. Жұмыста бұл ауқымды, іргелі ғылым салаларының да қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелеріне байланысты ойлар сараланады.

Зерттеуде ХІХ ғасырдағы әдеби даму бар күйі тұтастай, дәуір ырғағы, замана екпіні ыңғайында алына отырып, көркемдік сипат, өзгешелік жөнінде нақтылы әдебиет үлгілерінің түр, жанр, стиль, ағым, бағыт, әдіс, тәсіл, әдеби мектеп мәселелері негізінде арнайы қарастырылады.

Ауызша мен жазба әдебиеттің айырым белгілерін айқындау мәселелеріндегі қазақ әдебиетінің ұлттық спецификасына айрықша көңіл бөлудің жайы көтеріледі.

Арғы замандардан беріге үздіксіз дами отырып жеткен аса бай тарихы бар сөз өнеріміздің хатқа түсіп, ғылыми қисынмен саралана бастағанына бар-жоғы бір жарым ғасырдай ғана уақыт өтті.

Әлемдік сөз өнерінде сирек кездесетін ұлан-ғайыр, ұшан-теңіз көркемдік құндылығымызды тұтас игеріп, тануда, ғылыми негіздеуде бұл – қас-қағым сәттей ғана қысқа мерзім. Соның өзінде, ұлтымыздың ұлы мұрасы, саф алтындай таза рухани қазынасын сақтап қалу, саралап, салтанат құрғызу жолында сан ұрпақтың саналы саңлақтары сарқылмайтын, таусылмайтын ұлы мұраттың сан-тарау сара жолын салды. Сол үлгіде бүгінгі әдебиеттану ғылымы алуға тиіс ашылмаған көмбе мен алынбаған қамалдардың барлығының да бағыт, мекені сайрап жатыр, тек таяп барып, терңге тартып үңілуді күтеді.

Бұл диссертациялық еңбекте сол әдебиеттің туып, даму негіздері мен ғылыми мәндегі танылу тарихын уақыт талғамы аясында және бір мәрте саралап көру, сол арқылы келешек іргелі зерттеулердің бағыттарын айқындай түсу жолдары қарастырылады.

Қазақ әдебиеттану ғылымында ХІХ ғасырдағы көркемдік дәстүр үрдісін теориялық тұрғыдан түйіндеп, танытқан іргелі зерттеу еңбектердің негізгі нәтижелері мүмкіндігінше тұтас қамтыла отырып, көрнекті әдебиет тарихшысы, әдебиет теоретиктерінің ұлан-ғайыр міндетті игерудегі нақтылы нәтижелерінің методологиялық мәні айқындала түседі.

Көз ілеспес қарқынмен ілгерілеп бара жатқан қоғамдық дамуға өміртанымымыз ілесіп үлгірмей жатқан осы бір алмағайып кезеңдегі ұлтымыздың мызғымайтын құндылығы – ХІХ ғасырдағы әдеби мұрасы, рухани қанағатымызды ұрпақ зердесімен ұлықтаудың ғылыми негіздері қисындалады.



Тақырыптың зәрулігі. Қазақ әдебиеттану ғылымы, қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелерінің бірі – ХІХ ғасыр әдебиетін қазақ әдебиеттану ғылымының бүгінгі деңгейінде, түрлі саяси қысталаңнан толық арылған ендігі еркін ой кезеңінде сол әдебиеттің зерттелу тарихындағы құнды нәтижелерді тұтастай ғылыми айналымға қосып; ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерін дәстүрлі көркемдік арна; көркемдіктің тарихи негіздері, ХІХ ғасыр әдебиетінің кезеңдік жаңа алымдары жөнінен жан-жақты қарастырып, біртұтас аяда зерттеуді жетілдірудің ғылыми өрісін ұзарту.

Сол орайда ХІХ ғасырдың әдебиетін, әдебиет үлгілерін мейлінше тұтас қамтып отырып, сол үлгілердің туу себептерін, даму жөндерін, дәстүрлі сипаттары мен даралық өзгешеліктерін; ХІХ ғасыр әдебиетінің ауыз әдебиеті, ауызша әдебиет, жазбаша, жазба әдебиет нұсқалары есебіндегі шығармашылық жаратылысын; ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің тілдік, стильдік, жанрлық ерекшелік-даралығын көркемдік жөннен айқындай түсудің өзектілігі қазақ сөз өнерінің табиғатын тану жолындағы нақтылы зерттеулер мәнінде айқындала түспек.

Қазіргі кезеңде қазақ әдебиеті тарихындағы белгілі бір дәуірлердің әдебиетін тұтас, арнайы зерттеу нысанына айналдыру үрдісі өрістей түсіп отыр. Ежелгі әдебиеттің көркемдік жүйесі Н. Келімбетов [2], А. Егеубай [3] еңбектерінде ғылыми негізделді. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Р. Нұрғали [4], З. Бисенғали [5], Қ. Ергөбек [6], Д. Қамзабекұлы [203], А. Ісмақова [7],
Ө. Әбдиманұлы [8], т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылуда.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жөнінде 1942 жылғы “Қазақтың


ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер” еңбегінде Сәбит Мұқанов былай дейді:

“ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиеті жасалады.

ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарынан бастап просветительдік (мәдениетке үндеуші) әдебиет туды. ХІХ ғасырдан бұрынғы ғасырдың ешқайсысының әдебиетін біз нақ ХІХ ғасыр әдебиетіндегі кезеңді дәуірлерге жүйелей алмаймыз” [9, 5 б.].

1927 жылғы “Әдебиет тарихы” оқулығындағы зар заман ақындарына байланысты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ХІХ ғасыр әдебиетін әлеуметшілдік, ісшілдік, дін мен мәдениет иісі шыға бастаған кезеңдер аясында қарастырған. Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік сипаттарын, негізгі даму бағыттарын, көркемдік ағымдарды қарастыру әр уақытта да назарда болды.

ХІХ ғасырдан кейінгіге жеткен әдеби мұра – сан жанрлы, даму бағыттарының тарихи-әлеуметтік фоны күрделі, қайшылыққа толы аса бай мұра.

ХІХ ғасыр әдебиеті осы жөннен қазақ әдебиеттану ғылымында ілгергі Шоқан Уәлиханов зерделеулерінен күні бүгінге шейін тарихи, теориялық тұрғыда жан-жақты зерттеліп, қарастырылып келеді.

ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерін көркемдік даму жөнінен қарастыруға арналған бұл еңбекте қазақ әдебиеттану ғылымының жеке тұлғалар шығармашылығын зерттеудегі, жалпы әдеби үрдісті ғылыми жүйеге түсірудегі зерттеу нәтижелері негізге алына отырылып, белгілі бір дәрежеде әдеби мұраны көркемдік жөннен тану бағытындағы ізденістер көкжиегін кеңіте түсер көкейтесті мәселелерге көңіл бөлу көзделді.

Махамбет Өтемісұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы, Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы бағалану, танылу, басылым жөндері, қазақ әдебиеттану ғылымының ауқымды зерттеу арналарына айналып отырған махамбеттану, ыбырайтану, абайтану ілімінің тарихы, көкейтесті проблемалары назарда болды.

Абайтану ілімінің тарихы, бүгінгі деңгейі, абайтанудың ғылыми алымы ендігі ой өрісіне негізгі тірек болып отыр.

ХІХ ғасырдағы әдебиеттің жаратылыс, болмысындағы Абайдың өлшеусіз суреткерлік орны, ықпал-әсерімен ғана емес, сол дәуір, заман ақиқатының Абай ақындығының өрісін ашудағы тарихи орны жөнінен де қарастырылуы – бірімен-бірі сабақтас қисындар.

Әдеби тіл, жаңа жазба әдебиет тілі мәселелері қазақ тіл білімі ғылымында жаңа өлшемдер айқындап, ілгері озып отыр.

Әдебиеттану ғылымында қазіргі кезеңде осы мәселе кенжелеп қалып отыр. Кезінде А. Байтұрсынұлы, Ғ. Сағди, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов,


Қ. Жұбанов, т.б. ғалымдар қозғап, айрықша мән берген мәселе қазақ әдебиеттану ғылымының соңғы кезеңдердегі зерттеулерінде мүлде аз сөз болып отыр. Абайтануда Абайдың қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасуындағы орны қазіргі уақытта тілші ғалымдар тарапынан зерттелуде.

Ендігі жөнде абайтануда Абай ақындығы поэтикасына өз дәуіріндегі кітаби әдебиеттің ықпалы да арнайы зерттелуі қажет.

Б. Кенжебаев осыдан 40 жылдай бұрын әдебиеттану әлі жылжымай, дерек жинау, мұраны бастыру, т.б. деңгейден әрі аспай тұрғанын айтып қынжылса, негізсіз емес еді.

Жалпы, ұшқарылау, немесе, уақыт ағынымен тереңіне үңілуге жағдай болмаған кезеңдерде ХІХ ғасыр әдебиетінің ізі сайрап жатқан өзіндік айқын өзгешеліктері жеткілікті зерттеліп болды дей алмас едік. Еңбекте мүмкіндігінше осы ұғымдарға қатысты арғы-бергідегі түйін-тұжырымдар жинақталып, жүйеленді, мәселенің теориялық түзілімін айқындай беру жолында іргелі зерттеулер жүргізу қажеттілігі айқындалды, айтылды. Сонымен бірге мәселеге қатысты қайсыбір өзіндік пайым, түйін талқыға ұсынылды.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде дәстүрлі үлгілер жанрлық жаңа сапаға ойысты. Бұл кезде аса күрделі көркемдік процесс – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбаға ойысуы өтті. Ауызша үлгілер сақтала отырып, жазба дәстүр (орта ғасырлық) жаңғырды. Еуропа үлгісіндегі жаңа жазба әдебиет туып, қалыптаса бастады.

ХІХ ғасырдағы әдеби дамудың тарихи көркемдік негіздерін ашу


ХХ ғасырдың 30-жылдарынан былай қарай дүркін-дүркін саяси борасындардың бұрқағына ұшырап отырғанның өзінде бұл әдебиеттің басты даму бағыттары, негізгі құндылықтары айқын танылды.

Арнайы зерттеу тарихы, айқын ғылыми нәтижелері бар ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін көркемдік даму өзгешеліктері жөнінен тарихи, теориялық тұрғыда зерттеуді ілгері оздырып отыру да – көркемдік таным, талғамның үздіксіз түлеп, жетіліп отыратын сұранысынан туындайтын заңдылығына бағынатын құбылыс.

Қазіргі кезеңде ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін көркемдік даму аясында тұтас алып зерттеуге мүмкіндік туғызатын толық негіз бар. Әдеби мұра мейлінше игерілді. Бір жарым ғасырдан астам уақыттан бері жиналып, хатқа түсіп, басылым көрді. Көркемдік-теориялық зерттелу тарихы қалыптасты. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңына қарай, тоқсаныншы жылдарынан бері, әсіресе соңғы, егемендік дәуіріміздің бастауында әдеби мұраға ынта, ықылас қайта бір қызығушылықпен, құштарлықпен өрістей түсіп отыр. Ғылым ешуақытта өткеннің шынайы жетістіктерін мансұқтамайды. Ұдайы кәдесіне жаратып ілгері озар ойларға арқау етіп отырады.

Сонымен бірге белгілі бір кезеңдегі ғылым өрісі бай да байырғы сөз мұрасының бар жаратылысын тұтас ашып бере алмайды. Ілгергі ілімді жетілдіріп, келешек міндеттерді айқындай түсіп барып, ендігі заманның танымы мен алымына ұласады.

Сол орайда, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің танылу тарихын дамытуға ендігі уақыт ұстанымдары деңгейінде ой қосу – бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиетінің тарихын түзуді қазақ әдебиетінің теориялық тарихы (А. Шәріп) мәселесімен ұластырудың өзекті жайларынан сөз қозғаудың қажеттілігі айқын.

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік дамуы мен зерттелуін арнайы зерттеу нысаны етіп алудың өзектілі – сол, ілгерідегі ғылымның белгілі бір кезеңдегі көркемдік дамудың заңдылықтарын ашып, жүйелеген методологиялық мәнін мейлінше айқындай түсіп, уақыт сынынан шыңдалып өткен түбірлі ғылыми ұстанымдардың біздің ұлттық әдебиеттану ғылымымыз үшін қаншалықты мәнді екендігін, былайғы зерттеулерге негіз болар құндылығын саралап көрсету.

Қазіргі уақыт уақыт желінің екпінімен, қилы себептермен ғылыми айналымнан алынып қалған теориялық құндылығы жоғары еңбектерді игілігімізге жаратуға жол ашты.

Әрбір жаңа дәуірдің өз сұранысы, өз мұқтажы бар. Көркемдік талғамы мен таным өрісі де дамып, өзгеріп отыратын құбылыс. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы – ұлтымыздың ғажайып сөз мұрасын әлемдік көркемдік контексте тереңнен аша түсуге бағыт алып отырған ғылым. Сол негізде ХІХ ғасырдағы көркемдік дамуды іштен алып зерттеуді ілгері оздыру, жетілдіре түсудің қажеттілігі айқындала түседі.

Ұлтымыздың бірден-бір материалдық та, рухани да құндылығы есебінде мойындалған сөз мұрасының қасиеті мен қадірін ғылыми негізде ұғына түсу ендігі ұрпақ үшін де таптырмайтын олжа болуы тиіс.

Сөз туындыларымен бойын түзеп, ойын өсірген ежелгі ұлттық тәжірибе, өзін-өзі сақтау түйсігінің қанымызда қалған қасиет-таңбалары соны қажет етеді.

Сол негізде қазақ сөз өнерінің белгілі бір дәуірдегі жасау, жаңғыру тәсілдерін аша түсудің қажеттілігі мен қанағаты айқын. Қилы қисынға бастап жатқан құбылысы мол ХІХ ғасыр әдебиетіндегі өзгешеліктің барлығы қамтылып айтылды, таусылып танылды деуге болмасы даусыз.

Арқадағы, “соңғы елу жылда қазаққа татарлар арқылы жеткен өлең”


(Ш. Уәлиханов) түрін әбден сіңірген, кітаби әдебиеттің де, баитыс дүниесінің де буы бойына тараған кең құлашты, тынысы ауыр ақындық бағыттың, Шығыстағы әлеуметтік үнді, түрік дүниесінің ортағасырлық үнін тірілткен, Дулат мектебі дейтін мәселелер айқындалатын сияқты. Абайға дейінгі, Абаймен тұстас ақындықтағы бірнеше мектептің қатар өрістеу фактісін кеңінен қамтып, өлең үлгісі, сөз қолданыс, негізгі сарындар ауқымында айқындай түсуді ілгері оздыру мәселесі де пісіп-жетілгені осы зерттеу барысында айқын сезілді.

Әдеби мектеп мәселесі тек қана орындаушылық дәстүрде емес, өлеңнің өзегінде, жасалу тәсілдеріндегі аймақтық өзгешеліктерде де жатыр.

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік дамуын жалпы мәнде, поэзиялық негізгі тектер мен түр, үлгілердің жанрлық сипаттамасы, танылу, ғылыми негізделу тарихы аясында қарастыру барысында, жалпы көркемдік тенденцияларды қамтып көрсетуге ұмтылуда осындай тарау-тарау, сан-сала жалқы мәселелердің, жалпыны айғақтаудағы қажеттілігі айқындала түскенін, оларсыз, жалпы мәнде сөйлеудің мүмкін болмасына және бір тоқтадық.
ХІХ ғасырдағы әдеби даму, әлде де әлденеше, ондаған іргелі зерттеулер негізінде ашыла түспек.

Әдеби мұра әлде де заман туғызып отырған мүмкіндіктер аясында негізгі даму бағыттарын даралай түсуді қажетсінеді.

Сол негізде, ХІХ ғасыр әдебиетінің тұғырнамалық нәтижелеріне сүйене отырып, былайғы ғылыми өріс, бағыттарын нақтылы дәлел, дәйекпен айқындай түсу мәселесі – ешуақытта да өзектілігін ортайтпайтын ғылыми мұрат.

ХІХ ғасырда ұлан-ғайыр кеңістікте күн кешкен қазақ халқының рухани ұйытқысына айналған сөз өнерінің өзіндік бір ерекшелігі – ол ақындық әдеби мектеп, аймақтық әдеби мектеп үрдісі.

Орындаушылық машықтағы, өлең өрудегі даралық сипат, тарихи жаратылыс негіздері айқын аймақтық әдеби мектеп, әдеби дамудағы жергілікті ерекшеліктер, даму негіздері, көркемдік заңдылықтар аясында әлде де ашылып, нақтылана түсуге, мәселенің нақтылы методологиялық негіздемелеріне зәру. Кешенді, салыстырмалы зерттеулердің қажеттілігін, уақыты жеткенін де әдебиеттану ғылымының көкейтесті мәселелерінің бірі деп тануымыз керек.

Бұл мәселеде Жетісудағы айтыста ғана жыр үлгісі сақталып қалғанын айтқан М. Әуезов; оңтүстік, күнгейлік ақындар мектебі, Сыр сүлейлерінің жазба айтыс мектебі, оларда шығыстық негізде өрістеген нәзирашылдық жазба дәстүр, мұсылманшылық негіздері, жыршылық мектеп жайлы Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібай, Ә. Оспанұлы, Т. Тебегенов, А. Бұлдыбай, С. Дәрібайұлы,


Л. Әбдіхалықова зерттеулері; Батыстың байырғы жыраулық дәстүрде замана ыңғайында екпінді сөзге тізгін берген, азаматтық асқақ рухты ақындық мектебі, Есет, Абыл, Махамбет, Қатаған, Нұрым, т.б. жыр дүлдүлдерінің мұрасын ғылыми негізде аша түскен Қ. Жұмалиев, Ә. Дербісәлин, Қ. Сыдиықов,
Ж. Тілепов, А. Шәріп, Б. Омарұлы, т.б. ғалымдардың түйін-толғамдары; Арқадағы әдеби дәстүрдің ақындық өзгешелік, орындаушылық негіздерін айқындай түскен С. Қирабаев, М. Мағауин, А. Сейдімбек, С. Негимов; қазақ әдебиетіндегі Абайдың ақындық мектебі мәселесін зерттеуші абайтанушы ғалымдар еңбегінің нәтижесін тұтас пайдалана отырып, ілгері оздырар түйіндер аз емес.

ХІХ ғасырдағы қазақ өлең түрінің ғылыми типологиясын жасауды әрі қарай дамыту да – уақыт ұсынып отырған ендігі бағыттың б ірі. Бұл жөнде


ХІХ ғасырдағы қазақ өлеңінің – нақтылы дәуірде туған; ілгеріден жетіп баспа жүзін көрген көркем туындылардың; шығыстық нәзира дәстүрінде, аударма арқылы тараған кітаби әдебиеттің; еуропалық үрдістегі жаңа жазба, классикалық әдебиеттің қазақ әдебиетінде қайта жаңғырған жазба дәстүрді орнықтырудағы нақтылы негіздерін айқындау тәсілдерін нақтылы зерттеулер арқылы жетілдіру қажеттілігі айқын. Мәселе қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік дамуын жан-жақты негіздеу нәтижелерінің тұғырнамалық мәнінде әлде де көкейтесті жайларын, келешек бағдарларын саралай түсуді күтеді.

Қазақ әдебиеті тарихындағы М. Әуезов атап айтқан, басы Асан мен Бұхардан басталған әлеуметшілдік сарын ХІХ ғасырдың соңына таман жалпыадамзаттық деңгейдегі азаматтық үнге, азатшылдық мұраттарға ұласты. Сол негізде әдебиеттегі айқын ағым – зар заманның тарихи негізде танылуын жетілдіріп, аша түсудің өзектілігі даусыз. Зар замандық ағым қазақ әдебиетінің жаңа бір тарихи дәуіріне, қоғам дамуына қай кезеңдегіден де гөрі айқын ықпалды күш болып қосылған, жетекшілік тізгінді қолға алған кезеңіне негіз салды.

С. Мұқанов айтқандай, қазақ әдебиеті дүние әдебиетімен шын мәнінде
ХІХ ғасырда ғана араласа бастады.

ХІХ ғасырдағы әдеби тіл, жазба әдебиет, әдеби дамудағы ықпалдастық мәселелері, жанрлар трансформациясындағы Шығыс үлгісі мен Батыстың жазба үрдісі, нәзира, аударма әдебиеттің көркемдік әдіс, тәсілдері – оның қазақ өлең түріне, құрылым, өлшеміне, сөз қолданыс тәсілдеріне қатысты да кешенді зерттеулер қажет.

Бұл негізде абайтану, Абайдың Шығысы мен Батысы мәселесі қаншалықты зерттелді дегеннің өзінде, кезеңдік танымның саяси қырағы заман зардабынан шектелген тұстары ілгері оздырып, зерттеуге зәру.

Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың жазба әдеби тілі, әдебиет тілі қалыптасуындағы тарихи орны да уақыт ұсынып отырған мүмкіндіктер, жаңа таным деңгейінде қарастыруды күтеді. Қазақ әдебиетінің, соның ішінде


ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік төлтумалық қасиеттері
(спецификасы – Қ.М.) қазақ әдебиеттану ғылымында мейлінше зерттеліп, игерілді. Соның өзінде бұл төлтумалық қайсыбір шығармашылық тәсіл, көркемдік бағыттарды айқындауда үнемі ескеріліп отырмады. Оған себеп: саяси бағыттаудың ыңғайында кету; ұлттық әдебиетіміздің өзгенің ырқына көнбейтін айқын көркемдік жаратылыс өзгешеліктерін орыс әдебиеттану ғылымының ыңғайына жығып отыру.

Қазақ әдебиеттану ңылымындағы зерттеу тәсілдері жетілу жолында ұзақ ғылыми қалыптасуды бастан кешті. Көркемдік таным, талғам – бірте-бірте толығып, заман ағымында өзгеріп отыратын құбылыс. Сол негізде де


ХІХ ғасырдағы құнарлы, қатпарлы қазақ сөз өнері нақтылы мәселелер жөнінен зерттеуді ілгері оздыруға зәрулікті жоймайды.

жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау