Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер.. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелердің құрлысында бір – біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам денесінде кездесетін рудиментті (латынша арғы тегінен қалған қалдық белгілер ) мүшелерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90 –ға жуық. Ондай мүшелерге теріасты, құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшақ бөлімін, соқырішекті, т.б. мүшелер жатады. Адамда мұндай кейбір мүшелердің атқаратын қызметі де өзгерген. Мысалы, жануаларларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.
Адам денесінде кейде кездесетін жануарларға ұқсас белгілердің екінші тобына атавизмді ( латынша – арғы тегін қайталау ) мүшелер жатады. Ондай мүшелерге кейде құйрықты баланың дүниеге келуі, денесіне қалың түк өсуі, көп емшекті адамдардың тууы, т.б. жатқызуға болады. Адам денесінде кездесетін мұндай рудиментті және атавизмді мүшелер адамның арғы тегінің жануарлардан шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел бола алады. Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсас белгілері.Адам мен адамтектес маймылдардың сыртқы құрылысында және мінез – құлығында да көптеген ұқсас белгілер бар. Мысалы, сыртқы орта жағдайларындағы тітіркедіргіштерге байланысты көңіл күйінің өзгеруінен, ұрпақтарыына қамқорлық жасауынан ( сүйіспешілігі, ызалануы ), т.б. айқын аңғаруға болады. Сонымен қатар маймылдарда да орталық жүйке жүйесі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты адам мен маймылда шартсыз, шартты рефлекстер ұқсас қалыптасады. Адамтектес маймылдардың да құйрығы болмайды, саусақтарының ұшы жалпақ әрі онда жалпақ тырнақтары бар. Олардың сезім мүшелері, терісінің құрылысы, қан топтары, жалпы аурулары және олардың денесінде тіршілік ететін паразиттері де ұқсас болады. Хромосомаларының құрылысы да ұқсас келеді. Адамда – 46, ал адамтектес маймылдарда – 48 хромосома бар. Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес маймылдардың арғы тегінің бір – біріне жақын екендігін дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |