Тірі ағзалардың негізгі белгілерінің бірі олардың көбеюге қабілеттілігі. Осы қасиеттердің арқасында миллиардтаған жылдар бойына ұрпақтар жалғасып Жер бетінде тіршілік байқалып келеді, келе бермек те. Ағзалардың көбею қасиеті тіршіліктің дискреттілігімен тікелей байланысты. Мысалы, ағзалардың денелері көптеген жасушалардан тұрады, ал жеке жасушалардың тіршілік ұзақтығы ағзалардың тіршілік ұзақтығымен салыстырғанда әлде қайда қысқа болады, сондықтан да ағзалардың тіршілігі оның жасушаларының үздіксіз көбеюі нәтижесінде ғана болады. Кез-келген биологиялық түрлер жекелеген особтардан тұрады, ал жеке особтардың тіршілік ұзақтығы түрлердің тіршілік ұзақтығына қарағанда әлдеқайда қысқа. Демек, түрледің тұрақты тіршілік етуі оның особтарының үздіксіз көбеюінің нәтижесінде ғана байқалады, т.с.с. Организмдерің көбею формалары түрліе болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |