Гаметогенез процессінің ең негізгі мәнінің бірі- мейоз. Мейоз- жасушаның күрделі бөлінуі, оның нәтижесінде бір диплоидтық аналық жасушадан төрт гаплоидтық жыныс жасушалары пайда болады. Мейоз- жасушаның үзіліссіз (интерфазасыз) екі рет бөлінуі: оның бірінші бөлінуін- редукциялық, екіншісін- эквациялық бөліну деп атайды. Мейоздың әрбір бөлінуі митоз сияқты төрт фазадан (профаза, метафаза, анафаза, телофаза) тұрады.
46.Антропогенез негіздері. Антропогенез – адамның шығу тегі туралы және эволюциясы туралы ілім.Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері.
Я шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зеріттеитін кешенді ғылым антропология деп аталады.Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Жалпы,тірі организмдердің тарихи дамуы кезеңінде ең соңында пайда болған әрі жоғары сатыдағы тұрған тіршілік иесі –адам.Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге – саналы адамға жатады.Адамның шығу тегі туралы көптеген көзқарастар бар.
Адамның шығу тегі жалпы тіршіліктің пайда болуымен тікелей байланыста қарастырылады. Діни ұғымдар бойынша адамды Құдай, Аллаһ тағала, т.б. жаратушы құдіреттер топырақтан, саз балшықтан жаратқан деген пікірлер бар. Ең алғашқы адамның жалпы аты – Адам-ата. Тіршілікті Жаратушы құдірет иесі алдымен Күн мен Жерді, кейіннен суды ,топырақты, Ай мен жүлдыздард ы, жануарларды жаратқан. Ал алтыншы күні Адам –ата мен Хауа –анадан жер бетідегі барлық адам баласы таралған деп түсіндіреді.
Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы және олардың даму кезеңдеріне байланысты адамның пайда болуы туралы басқа да көзқарастар қалыптасты. Әсіресе анатомия, эмбриология, палеонтология, т.б,ғылымдардың деректеріне байланысты адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар қалыптаса бастады. Тірі организмдерді алғаш рет швед ғалымы Карл Линнеи ғылыми жүйеге бөліп жіктеге (1735 ж.). Ол өз еңбегінде адамды сүтқоректілер класының, приматтар (маимылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп атады.Француздың жаратылыстанушы ғалымы Ж.Б.амарк та адамның адамтектес маймылдардан шыққандығын қуаттайды. Ағылшын ғалымы Чарлиз Дарвин де өзінің эволюциялық ілімі бойынша адам адамтектес маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |