|
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
|
Гистология кафедрасы
|
Әдістемелік нұсқау
|
Редакция: 1
|
13 беттің 1 беті
|
«Эпителий тіні» тақырыбы бойынша
Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттеріне арналған
тапсырмалар
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Эпителий тінінің эмбриональді шығу тегі;
Жабынды эпителидің классификациясы;
Бірқабатты эпителидің құрылыс ерекшелігі;
Көпқатарлы кірпікшелі эпителий;
Көпқабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий;
Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий;
Ауыспалы эпителий;
Бездер классификациясының принциптері;
Экзокринді бездер;
Секреторлы циклі
Секреция типтері
2. Хаттамаға толтыруға арналған гистологиялық препараттар:
Бүйрек түтікшелеріндегі аласа призмалы эпителий. Гематоксилин-эозин. сур.49. Гистология, цитология және эмбриология бойынша атлас
Ит кеңірдегінің көп қатарлы кірпікшелі эпителиі. Гематоксилин-эозин. х 400. . Рис.51. Гистология, цитология және эмбриология бойынша атлас. Рис. 51. Алматы. 2012.
Сиыр көзінің қасаң қабығының көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиі. Гематоксилин-эозин. х 400. Рис 52. Гистология, цитология және эмбриология бойынша атлас Алматы. 2012.
Қоян қуығының ауыспалы эпителиі. Гематоксилин-эозин. х 630. Рис 56. Гистология, цитология және эмбриология бойынша атлас. Алматы. 2012.
5. Үлгі. Экзокринді, экзоэпителиалды бездердің құрылысы мен секрециясы. Өзектер мен эпителийдің үстіңгі беткейі күлгін – көк түске, секреторлық бөлімдері қызыл түске боялған. А – эпителий; Б – дәнекер тін. Гистологии, цитология и эмбриология бойынша атласы. Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.И.Юй. Алматы, 2006. 416 б. (Б. 105)
1 – қарапайым түтікшелі тармақталмаған без; 2 – қарапайым альвеолалы тармақталмаған без; 3 – қарапайым түтікшелі секреторлық бөлімі тармақталған без; 4 – қарапайым альвеолалы секреторлық бөлімі тармақталған без; 5 – күрделі альвеолалы түтікшелі без; 6 – мерокринді секреция; 7 – апокринді секреция; 8 – голокринді секреция; а – базалды жасушалар б – тіршілігін жойған жасушалар; в – ыдырау сатысындағы жасуша (В.Г. Елисеев, Ю.И. Афанасьев, Е.Ф. Котовский бойынша).
Ситуациалық есептер:
Ішекті тыстайтын эпителийдің қызметі сору. Бұл қызметті атқаратын эпителий қандай?
Саусақ, алақан және бас терісінің эпителийі көп қабатты мүйізделген. Бұл эпителийдің құрылысының ерекшеліктері мен қасиеті қандай?
Қуықтың ауыспалы эпителийінде осы мүшенің қызметіне байланысты қабаттарының саны өзгеріп отырады. Препараттан осыны анықтаңыз (жұқарады не қалыңдайды).
Базальді мембранаға бекінген эпителиальді жасушалардың ядролары әртүрлі деңгейде орналасқаны белгілі, бірақ қабат түзетін жасушалардың бәрі де базальді мембранаға бекінеді. Бұл эпителийдің қай түріне тән?
Препаратта секреторлы өзегі тармақталған, түтік тәрізді бір ғана соңғы бөлігі бар бездің құрылысы көрінеді. Морфологиялық ерекшелігіне байланысты бұл без қай типке жатады?
Препараттағы бездің құрылысында секреторлы өзектері тармақталған екені көрінеді. Әрбір тармақтары қапшық түріндегі бездің соңғы бөлігімен байланысады. Бұл без құрылысына байланысты бездердің қай түріне жатады.
Безді жасушаларды зерттегенде жақсы дамыған пластинкалы кешен анықталған, ал секреторлы гранулалар цитоплазманың үлкен бөлігін толықтырған. Мұндай көрініс секреторлы циклдің қандай стадиясына сәйкес келеді?
Терінің кесіндісінен екі түрлі тін көрінген. Біреуі жасушалардан түзілген, арасында талшықты жасушаралық заттары орналасқан, мүшенің терең бөлігінде жатыр және қан тамырларынан тұрады, екіншісі мүшенің бетінде орналасқан, жасуша қабаттарымен сипатталады, олардың арасында жасушаралық заттары жоқ, жатқан тіннен айқын шекараларымен бөлектенген және қан тамырлары болмайды. Бұл эпителиальды тіндер болып табылады ма?
Мүшенің кесіндісінен эпителиальды тіндер көрінген, оның бетінде және қалың қабаттарында орналасқан. Бұлар қандай эпителий? Оларға қандай қызметтер тән?
Бездің препаратынан, оның секреторлы бөлігі бірнеше қабаттардан тұратыны көрінді, оның базальды мембранасын алып тастағаннан кейін жасушалардың бұзылғаны, ядролардың бүріскені және секреттердің жиналғаны байқалды. Бұл безге қандай типті секреция тән?
Бездің препараты Шифф-йодты қышқылмен өңделген; нәтижесінде жасушада малина түске боялған секрет анықталған. Осы бездің секреті қандай химиялық компоненттерден тұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |