Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

25

Дененің тірегі

Жалпақтабандыққа ұшырағанда (сол жақта) табанның 

ойыс жері жалпайып кетеді

Қолдың 

қаңқасы

Әйелдерде ол кең әрі терең, босанып жатқанда 

баланың басы сыйып өтетіндей дөңгелек жиекті 

саңылауы да үлкен. Ал ер адамдардың жамбасы тар 

әрі «ұсақ», саңылауы да кішірек.

Қол сүйектері бұғана мен жауырынға бекіген. 



Бұғана қолымызды екі жаққа созуға мүмкіндік береді, 

маймыл, аю, жанат сияқты аяғы епті кейбір аңдарда 

да  бұғана  бар.  Арнайы  айдары  бар  жауырынның 

жалпақ бетіне иықтың мықты бұлшықеттері бекиді. 



Қолдың қаңқасы иық сүйегінен, білектің екі 

сүйегінен, білезіктен, алақан сүйегінен, сондай'ақ 

әрқайсысында қозғалмалы бекіген үш сүйегі бар 

саусақ сүйектерінен тұрады. Бас бармақ өзгелеріне 

қарама'қарсы біткен. Адамның білезігі заттарды 

қатты қысып ұстауға, іс тігу, сурет салу, жазу, күрделі 

хирургиялық операцияларды орындау сияқты нәзік 

қимылдарды орындауға мүмкіндік береді. 




26

Адам

Буындар

Сүйектеріміздің көбі бір'бірімен буын арқылы 

байланысқандықтан, біз қимыл'қозғалыс жасай ала'

мыз. Дененің түрлі бөлігіндегі буындардың пішіндері де, 

қозғалғыштығы да әртүрлі. Сүйектердің буын түзетін бөліктері 

тегіс те серпімді шеміршек қабатымен жабылған, сондықтан 

сүйектер біріне'бірі үйкелмейді. 

Тірсек буыны жіліншік пен табанның сүйектерін біріктіреді. 

Тобық буынындағы сүйектердің бірігуі диірмен деп аталады, 

себебі, бірігетін екі сүйектің бастары диірменнің екі тасына 

ұқсайды. Буынның үстіңгі сүйегі оңға және солға аздап қана 

қозғала алады, ал төменгісі біршама қозғалғыш, ол жоғары'

төмен де қимылдай алады. 



Тізе буыны ортан жілік пен асық жіліктің бастарынан 

түзілген. Ол буын қабына салынған топса тәрізді. Алдыңғы 

жағында дөңгелек келген шағын сүйек – тізе қақпағы бар. 

Тізе буынының басты қызметі – бүгілу мен жазылу. Шынтақ 



буынының құрылысы да осындай. 

Жамбас буыны санды жамбаспен жалғайды. Ол аяқтың ба'

рынша қозғалғыш болуын қамтамасыз етеді. Иықты (қолдың 



Тірсек буыны

Тізе буыны


27

Дененің тірегі

Қозғалмалы буындар буын ойысына тығылған. 

Ойыстың сыртқы бөлігі сүйектердің ажырап 

кетуіне жол бермейтін мықты сіңірлерден 

тұрады, ал ішкі жағы синовиальді сұйықтық 

бөліп шығарады. Ол үйкелісті азайтатын май 

рөлін атқарады.

Жамбас буыны

жоғарғы бөлігін) кеудеге жалғайтын иық буыны да осыған ұқсас. 

Жамбас буыны қақпақ кигізілген шар іспетті. Буынның мұндай 

түрін шар тәрізді деп атайды. 

     Мойынның бірінші омыртқасы – ауыз омыртқа (атлант) – 

бас сүйекпен қозғалмалы түрде жалғанған, соның арқасында 

біз басымызды жоғары'төмен қозғай аламыз. Ал басымыз'

ды айналдыра бұруға атлант пен екінші мойын омыртқаның 

арасындағы  атлант осьті буын деп аталатын – эпистро;

фей көмектеседі. Оның бетінде тіске ұқсайтын өсінді бар, 

соған балалардың оське жинайтын пирамида ойыншығының 

дөңгелегіндей атлант кигізілген.

Атлант осьті буын



28

Адам

Қозғалыстағы дене

Қаңқа сүйектерін қаңқа бұлшықеттері қозғалысқа 

келтіреді, олардың адамның ағзасындағы саны алты 

жүзден асады. Қаңқа бұлшықеттері көлденең;жолақты 

бұлшықет ұлпасынан тұрады, сіңірлер арқылы неме;

се берік дәнекер ұлпадан тұратын байламдар арқылы 

сүйекке жалғанады. Біз осы бұлшықеттерімізді 

қалауымызша басқара аламыз. Бұлшықеттердің 

тағы бір тобын бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан 

тұратын ішкі мүшелердің бұлшықеттері құрайды. 

Олардың жұмысына біздің санамыздың бұйрығы 

жүрмейді.

Бұлшықеттердің жұмысы

Қаңқа бұлшықеттері үйлесімді түрде жиырылып, жазылу 

арқылы иінтірек'сүйектерді қозғалысқа келтіреді. Бұл жұмысқа 

бұлшықеттердің екі тобы қатысады: бүккіш және жазғыш 

бұлшықеттер. Мысалы, қолды шынтағынан бүккенде иықтың үстіңгі 

жағындағы бұлшықет жиырылып, жуандайды. Ол екі басты бұлшықет 

немесе бицепс деп аталады. Бицепс – бүккіш бұлшықет. Иықтың 

астыңғы жағындағы бұлшықет үш басты немесе трицепс деп атала'

ды. Трицепс – жазғыш бұлшықет. Әдетте бицепс жиырылғанда, три'

Бицепс (бүккіш) 

пен трицепс 

(жазғыш) 

бұлшықеттерінің 

үйлесімді 

жұмысы



29

Қозғалыстағы дене 

Адамның денесіндегі ең үлкен бұлшықет – бөксе 

бұлшықеті. Ал ең күштісі – жақ сүйектердікі, біз 

сонымен тамақ шайнаймыз. Бұл бұлшықеттер 

72 кг дейін күш түсіре алады!

Адамға тән 

сезімдердің 

алуан түрлері 

Л.Л. Буальидің 

«Бет=бейнелер» 

литографиясында 

көрініс тапқан. 

1823 ж.

цепс босаңсиды. Бірақ олар бір мезгілде де жұмыс істей алады, мы'

салы, гантель ұстаған қолымызды алға созып тұрғанда. 

Бет терісінің астында 80'ге жуық шағын бұлшықеттер орналасқан, 

оларды мимикалық деп атайды. Ымдау (мимика) біздің сөйлемей'

ақ қарым'қатынас жасауымызға, түсінісуімізге көмектеседі. 

Адамның көңіл'күйі мен хал'ахуалы бет'жүзінен көрінеді. Қуаныш 

немесе айналаға деген сүйіспеншілік жымиюдан байқалады. Бет'

ке күлкі ойнап шығу үшін, 17 бұлшықет жұмыс істеуі тиіс. Кейбіреуі 

езулерді тартыңқырайды не сәл көтереді, тағы біреулері көзді сәл 

сығырайтады, сол себептен көздің қиығында тартымды «нұр» пай'

да болады. Айтпақшы, қабақты түю үшін 43 бұлшықетке күш түсіру 

қажет. Ендеше жымиған әлдеқайда жақсы екен. Жануарлардың да 

көпшілігі мимикаға өте бай, алайда жануарлар әлемінің жымия білетін 

жалғыз өкілі шимпанзе ғана.



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау