Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет5/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

17

Дене жамылғылары

Бастағы шаш талдарының саны олардың табиғи 

түсіне байланысты. Жирен'сары адамдардың 

басында орта есеппен 80 мың, қараторыларда 

шамамен 90 мың, қоңыр шаштыларда – 100 

мыңға жуық, ал ең көбі ақсарылардың шашы – 

120 мыңдай тал шаш. 

Шаштың әсемдігі – 

денсаулықтың белгісі

өте жіңішке әрі қысқа болғандықтан, тері 

тақыр сияқты көрінеді.

Ең қалың әрі ұзын түк баста өседі. 

Шаш мықты болып, жылтырап тұру үшін 

оны күту керек (жуу, тарау), сондай'ақ 

шаш түптері шаштың өсуіне қажеттінің 

бәрін алу үшін дұрыс тамақтанып, сала'

уатты өмір сүру керек. 

Шаштың түбінде кішкентай 

бұлшықеттер болады, олар 

жиырылғанда түктер көтеріледі де, 

терінің бетінде бүртіктер пайда бола'

ды, біз оны құс еттену деп атаймыз. 

Адам тоңған кезде немесе бір нәрсеге 

қатты абыржыса, шошыса терісі құс 

еттенеді. Бұл біздің бабаларымыздың 

денесін қалың жүн басқан ерте за'

маннан қалған мұра. Сәл көтерілген 

қылшықтардың арасындағы ауа қабаты 

жылудың сақталуына жағдай жасайды, 

ал аңдар жүнін тікірейту арқылы жауын 

қорқытады, өйткені олар осылай істесе 

көлемі үлкейіп көрінеді. 




18

Адам

Адамның 

қаңқасы

Дененің тірегі

Адам денесінің ішкі тірегі – сүйектерден құралған 

қаңқасы бар. Қаңқа біздің денемізге тірек болып қана 

қоймай, өзіне бекітілген бұлшықеттер арқылы қозғалу 

мүмкіндігін де қамтамасыз етеді. Қаңқаның тағы бір 

қызметі – қорғаныс, өйткені сүйектер ми мен жұлынды, 

тіршілік үшін маңызы зор  көптеген ішкі мүшелерді 

зақымданудан сақтайды. Адам қаңқасының бірнеше 

бөліктері бар: бас қаңқасы (бас сүйек), кеуде қаңқасы, 

аяқ;қол қаңқасы және олардың аралықтары (бұлар 

аяқ;қолды кеуде қаңқаларына бекітетін сүйектер).

Сүйектердің түрлері

Ересек адамдардың көпшілігінің 

қаңқасында шамамен 208 сүйек бар 

(олардың саны әр адамда сәл артық не 

кем болады). Сәбилерде едәуір көбірек, 

бірақ жас өскен сайын кейбір сүйектер 

бір'біріне жабыса бітіп, тұтас сүйекке 

айналады. Сүйектер әртүрлі міндеттерді 

орындауға арналған, сондықтан пішіні, 

көлемі мен құрылысы жағынан әр алуан 

(мысалы, бас сүйекте пішіні төрт қанатты 

көбелекке ұқсайтын сүйек бар). 

Ең ұзындары – түтік тәрізді сүйектер, 

олар біздің аяқ'қолдарымызда бар. Ор'

тан жілік санды, асықты жілік пен жіліншік 

– сирақты, иық сүйегі – иықты, кәрі жілік 

пен шынтақ сүйегі – білекті құрайды. 

Түтік тәрізді сүйектер – ең мықтысы, 




19

Дененің тірегі

Адам денесіндегі ең үлкен сүйек – ортан жілік, ол 

шамамен адам бойының төрттен бірін құрайды. 

Ал ең кішкентай сүйек – үзеңгі сүйек, құлақтың 

ішінде орналасқан үш сүйектің бірі. Үзеңгі 

сүйектің ұзындығы  3 мм ғана.  



Кемікті 

(борпылдақ) 

сүйектің қимасы

олар иінтірек (рычаг) рөлін атқарады. Олардың 

бетіндегі шығыңқы жерлеріне қозғалысқа 

келтіретін мықты бұлшықеттердің сіңірлері 

бекиді. Түтік тәрізді сүйектердің іші қуыс, пішіні 

жағынан шынында да ұзын түтікке ұқсайды. 

Түтік тәрізді сүйектің екі басы жуандап, жілік 

басына немесе эпифизге айналады. 

Табанның, білезіктің, омыртқаның қаңқасы 

неше түрлі пішіндегі ұсақ сүйектерден 

тұрады. Бұлар кемікті сүйектер, мықтылық пен 

қатар қозғалмалылық өте маңызды болатын 

орындарда тұрады. Біз кемікті сүйектердің 

арқасында басымызды, қолымыздың, 

табанымыздың буындарын әрі'бері бұрып, 

жан'жағымызға еңкейе аламыз. Бұл сүйектердің іші тесік'тесік бола'

ды.

Қабырға, төстік, жауырын, бас пен жамбас сүйектері жалпақ 



сүйектерге жатады. Жалпақ сүйектердің басты міндеті – маңызды 

ішкі мүшелер мен миды әртүрлі зақымнан қорғау. Жауырынға иықтың 

бұлшықеттері бекиді.



20

Адам

Сүйектің 

құрылысы

Сүйектердің құрылысы

 Сүйек бірнеше қабаттан тұрады. Сырты дәнекер тіннің жұқа қаба'

ты – сүйек қабымен қапталған. Оның ішінен жүйке талшықтары мен 

қан тамырлары өтеді. Сүйек қабының астыңғы қабатында сүйектің 

жас жасушалары түзіледі – солардың есебінен сүйек қалыңдап 

өседі әрі сынықтың орнын бітейді. Сүйек қабы сүйектің «ықшам 



қабат» деп аталатын ең тығыз әрі жалпақ қабатын жауып тұрады. 

Көп күш түсетін түтік тәрізді сүйектерде бұл қабат өте қалың, кемікті 

сүйектерде – жұқа. Ықшам қабаттың арасынан ұсақ өзекшелер өтеді, 

солар арқылы сүйекке қоректік заттар келеді. Оның астында айқұш'

ұйқыш бұрыш жасап жатқан берік арқаулардан тұратын борпылдақ 

зат орналасқан.  

Сүйектің ішіндегі қуыстары жілік майы деген жұмсақ ұлпаға толы. 

Жілік майының сары және қызыл түрі болады. Жілік майы жұлынға 

ұқсағанымен, ми мен жұлын сияқты жүйке ұлпаларынан тұрмайды. 



Сары жілік майы түтік тәрізді сүйектердің қуысын толтырады. Онда 

май қоры болады. Кемік сүйекті ұлпаның ұяшықтарында қызыл 



жілік майы орналасқан – онда қанның жаңа жасушалары түзіледі. 

Сүйектердің ішімен өтетін тамырлар арқылы жаңа жасушалар қан ай'

налу жүйесіне түсіп, бүкіл денеге таралады. 

Сүйек қабы

Ықшам қабат

Кемікті қабат

Қызыл 

жілік майы

Сары жілік майы



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау