№
|
Ғалымдардың аты-жөні
|
Ғалымдар өмір сүрген кезең, қысқаша өмірбаян
|
Ғалымдардың адам анатомиясы саласында ашқан жаңалықтары, ғылымға қосқан үлесі
|
1
|
Габриэле Фаллопий
|
1523-1562ж Везалийдің шәкірті италяндық анатом және дәрігер
|
жатырды аналық жыныс безімен байланыстыратын каналдарды ашқан.
|
2
|
Леонардо да Винчи
|
1452-1519ж — италяндық ұлы суретші әрі ғалым
|
ол адам денесінің бұлшық еттерін, мүшелерін, қаңқа бөліктерін дәл сызу үшін суретші ретіндегі қабілеттерін шебер пайдаланды. Ол бұлшықеттер мен олардың құрылымын, әртүрлі мүшелер мен сүйектердің жұмысын көрсететін 600-ден астам тамаша, дәл және анық сызбаларға ие.
|
3
|
Клавдий Гален
|
Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған дәрістерінде маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған.
|
400 дереккөз оның еңбектеріне жатады, онда ол дененің ондаған құрылымдық бөліктерін, соның ішінде жүйкелер мен бұлшықеттерді егжей-тегжейлі сипаттаған. Оның еңбектері анатомияны зерттеуде басқа адамдар үшін алғашқы әдістемелік материал болды.
|
4
|
Андреас Везалий
|
1514-1564ж анатомияны реформалаушы.Дәрігер анатом.Ғылыми анатомияның негізін салушы.
|
"адам денесінің әдістерің құрылысы туралы" еңбегінде адам органдарын алғаш рет дұрыс баяндаған
|
5
|
П.А.Загорский мен И.В.Буялский
|
Илья Васильевич Буяльский (1789-1866) Санкт-Петербург медициналық-хирургиялық академиясының анатомия кафедрасын басқарды.
|
алғаш рет анатомиялық атластар мен студенттерге арналған оқу құралдарын жасап шығарды.
|
6
|
П.Ф.Лесгафт
|
Петр Францевич Лесгафт (20 қыркүйек 1837, Санкт-Петербург — 11 желтоқсан 1909, Каир) — орыс биологы, анатомисті, антропологы, дәрігері, педагогы және прогрессивті қоғам қайраткері.
|
функционалдық анатомияның негізін салушы. Ол бұлшықеттерді, сүйектерді, олардың жұмысы мен құрылысын, буындарды зерттеп, сипаттады.
|
7
|
В.Н.Тонков
|
Владимир Николаевич Тонков (2 қаңтар 1872, Коса ауылы, Пермь губерниясы — 6 қазан 1954, Ленинград) — орыс және кеңес анатомы, медицина қызметінің генерал-лейтенанты, 1944 жылдан бастап КСРО Медицина ғылымдары Академиясының толық мүшесі.
|
Ол қаңқаны зерттеу үшін рентген сәулелерін пайдалануды ұсынды. Пән ретінде эксперименттік анатомияның негізін салушы.
|