Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

9

Ағзаның құрылысы  

Ғалымдар адамның зақымданған ұлпаларын ал'

мастырып салу үшін, кейбір ұлпаларды жасуша'

дан өсіруді үйренді: мысалы, ауқымды күйікті 

осылай емдеуге болады. Ал келешекте олар 

тұтас мүшелерді – жүректі, бүйректі, бауырды 

өсіруі мүмкін. 

тасталғандай. 

Сондықтан да сүйек ұлпасының түрі жұмсақ ысқышқа (губка) 

немесе пенопластқа қатты ұқсайды. Қан – дәнекер ұлпасының 

ерекше түрі. Басқа ұлпалардан айырмашылығы, ол сұйықтықта 

жүзіп жүретін жасушалардан құралады.

Адам денесінің салмағының жартысына жуығын 

бұлшықеттер құрайды. Бұлшықет ұлпасы жиырыла ала'

тын талшықтардан тұрады. Қаңқа бұлшықеттері біздің дене 

мүшелерімізді қозғалысқа келтіреді. Микроскоппен қарағанда 

мұндай бұлшықет талшықтары көлденең жолақ сызықтарға 

толы сияқты көрінеді (сондықтан да оларды көлденең'жолақты 

деп атайды). Басқа талшықтар қан тамырларының, тыныс 

жолдарының, ішектің қабырғаларында бар. Оларда жолақтар 

байқалмайтындықтан, бірыңғай салалы деп атайды. Көлденең'

жолақты бұлшықет ұлпасы біздің қалауымызша жиырылады, ал 

бірыңғай салалы бұлшықеттердің қозғалысы өзімізге көбінесе 

сезіле бермейді. Жүрек бұлшықет ұлпасының ерекше түрінен 

құралған.

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан (нейрондар) құралған. 

Нейрон көптеген өсінділері бар денеден тұрады, сол өсінділері 

арқылы нейрондар өзара байланысады. Нейрон денелерінің 

топтасуынан мидың және жұлынның сұр заты түзіледі. Өсінділер 

тобы мидың ақ затын және әртүрлі мүшелерге тарайтын 

жүйкелерді түзеді. 




10

Адам

Терінің құрылысы

Дене жамылғылары

Тері – біздің денеміздің сыртқы жамылғысы ғана емес, 

ауқымды әрі құрылысы өте күрделі мүше, теріге өмірлік 

маңызы бар көптеген қызметтер жүктелген. Тері ағзаны 

неше түрлі сыртқы әсерлерден қорғайды: механикалық 

зақымданудан сақтайды, микробтардың шабуылын және 

күннің ультракүлгін сәулесінің шектен тыс мөлшерін 

қайтарады. Сонымен қатар, дене температурасын рет;

теуде тері маңызды рөл атқарады, онда көптеген жүйке 

ұштары орналасқан. Шашымыз бен тырнақтарымыз да – 

тері жамылғысының туындылары.

Терінің құрылысы

Терінің ең беткі қабаты эпидермис деп аталады. Ол 

жалпақ әрі үнемі жаңарып отыратын жасушалардан тұрады. 

Эпидермистің беткі қабаттары мүйізденіп кетеді де, солып 

бітеді. Өлген жасушалардың орнын жаңалары басады. Эпидер'

мис бейне бір қамал қабырғасы тәрізді, біздің ағзамызға ми'



Эпидермис

Торлы қабат

Май ұлпалары

Бүртікті қабат

Түк

Қан тамырлары


11

Дене жамылғылары

Ересек адамның терісінің ауданы 1,5 – 2 м2 бо'

лады, ал салмағы 4 келі шамасында. Біз өмір 

бойы 25 келідей эпидермистен арылып, қайта 

өсіріп аламыз. Тері жамылғысының 50 пайы'

зына зақым келсе, адам өліп кетеді.



Папилляр 

сызықтары және 

саусақ таңбасы 

кробтар мен көптеген зиянды химиялық заттардың еніп кетуінен 

сақтайды. 

Оның жасушалары соққыны өзіне бірінші қабылдайды. 

Астыңғы жағында терінің өзі, яғни дерма орналасқан. Ол 

бүртікті және торлы қабаттан тұрады. Бүртікті қабат босаңдау, 

кей жерінде бүртіктері эпидермиске бойлап кетеді. Мұнда 

шашты көтеретін бұлшықеттер, теріні қоректендіретін қан та'

мырлары, жүйке ұштары орналасады. Торлы қабат теріні берік 

ететін айқыш'ұйқыш талшықтардан тұрады. Торлы қабатта 

шаш түптері, тері және май бездері бар. Торлы қабаттың астын'

да май ұлпасы жатыр, оның жасушаларына май жиналады. 

Қарындағы және бөкседегі май ұлпалары ерекше дамиды.

Саусақтың ұшындағы жұмсақ теріден 

өзгеше өрнектері бар  папилляр 

сызықтар көрінеді. Бұлар қайталанбас 

өрнектер! Адамды саусақ таңбасы 

арқылы тану тәсілі дактилоскопия 

деп аталады. Саусақ таңбалары бірдей 

адамдар болмайды деген ойды алғаш 

рет ағылшын полицейі Уильям Хершель 

айтыпты. 1877 жылы. Содан бері бүкіл 

әлемнің тыңшылары көптеген қауіпті 

қылмыскерлерді саусақ таңбалары 

арқылы тауып келеді.




12

Адам

Ыстық пен суықтан қорғану

Ыстықтаған кезде теріміз ылғалданып кетеді. Оның бетінде 

тер тамшылары пайда болады. Тер теріде орналасқан тері 

бездерінен  бөлініп, тесіктер арқылы шығады. Тер була'

ну арқылы теріні салқындатып, ағзаны қатты қызып кетуден 

сақтайды. Термен бірге тұздар (сондықтан оның дәмі тұзды) 

және кейбір зиянды заттар сыртқа шығады. Өте ыстық әрі құрғақ 

климатта, мысалы шөл далада адам термен бірге тәулігіне 

бірнеше литр су жоғалтуы мүмкін. Бұл жоғалған сұйықтықтың 

орнын толтыру қажет, сондықтан ыстықта немесе ауыр жұмыс 

істегенде және спортпен шұғылданғанда қатты шөлдейсің. 

Тердің өзінде мүлде иіс болмайды. Ал егер адам ұзақ уақыт жу'

ынбаса, терісінің бетінде, әсіресе қолтық сияқты жасырын жер'

лерде микробтар көбейеді. Солардың тіршілік өнімдері тердің 

иісін жағымсыз етуі мүмкін.

Дермада көп мөлшерде қан тамырлары болады. Олар 

теріні қоректік заттармен қамтамасыз етіп, дене темпера;



турасын реттеуге қатысады. Бұл былай бола'

ды: ауа температурасы төмендеген кезде 

терідегі тамырлар әуелі кеңейеді де, жылы 

қан  теріні  қыздырады.  Ал  егер  суықтың 

әсері жалғаса беріп, адам тоңа баста'

са, қан тамырларының саңылауы тары'

лады. Тамырдан қан аз өтеді де, соның 

арқасында қатты суып кетпейді. Ауа тем'

пературасы жоғары кезде, керісінше, 

тамырлар кеңейіп, көбірек жылу береді. 

Сондықтан адам қатты тоңғанда терісі 

бозарады, ал ыстықтаған кезде терісі 

қызарады. 

Терідегі тер 

тамшылары   



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау