5
Ағзаның құрылысы
Орта ғасырларда мүрдені сойып көруге шіркеу
тыйым салған, сондықтан адам денесінің
құрылысын (анатомиясын) зерттеу қиын болды.
Бірақ анатомдар бастарын қатерге тіге жүріп,
өлген адамдардың денесін қабірден ұрлап
алып, бәрібір жарып көрген.
Доктор
Тюлптың
анатомия
сабағы.
Рембрандт
картинасынан
көрініс. 1632 ж.
емес және әр халықтікі бір'бірінен мүлде өзгеше.
Біздің ағзамыздың құрылысы мен қалай жұмыс істейтіні ту'
ралы ұғым'түсініктер ғасырлар бойы елеулі түрде өзгеріп отыр'
ды. Бұның қыр'сырын зерттеу үшін ғалымдар мен дәрігерлердің
қаншама буыны табандылықпен әрі жанкештілікпен еңбек етуіне
тура келді, бұл жұмыс әлі де жалғасу үстінде. Анатомия мен
медицинаның осы саласынан ертедегі адамдардың да білім'
танымы мол болып шықты. XVІ ғ. ортасында дәрігер әрі анатом
А.Везалий «Адам денесінің құрылысы туралы» кітабын шығарды.
1628 ж. қан айналымын ашып, жүректің қалай жұмыс істейтінін
түсіндірген ағылшын дәрігері У. Гарвей медицинада нағыз
төңкеріс жасады. Микроскоп ойлап табылғаннан кейін ғалымдар
ұлпалардың және біздің денеміздегі ең кішкентай құрылымдар –
жасушалардың құрылысын зерттеуге мүмкіндік алды.
6
Адам
Мүшелердің
әртүрлі жүйелері
Жасушалар
Біздің ағзамыздың қаншалықты күрделі жаралғанын еле'
стету үшін, оның құрылысын сатыға теңеп, сонымен өрлеп
көрейік. Ең төменгі басқыш – молекулалық деңгей, мұнда біздің
денемізде алуан түрлі заттардың химиялық түрленуі жүріп жата'
ды. Органикалық заттардан (нәруыздар,
майлар, көмірсулар) жасушалардың
құрылымы түзіледі. Әртүрлі жасуша'
лардан ұлпалар құралады, ұлпалардан
мүшелер құралады. Ортақ міндеттерді
орындайтын мүшелер жүйелерге бірігеді
(тыныс алу, асқорыту, зәр шығару және
басқалары). Ал қиялдағы сатының ең
жоғарғы басқышында ағзаның өзі тұр.
Ағзамыздағы өте кішкентай тірі
құрылымдар – жасушалар. Жал'
пы айтқанда, солардың әрекетінің
арқасында ғана тірі жүру мүмкіндігіміз
бар, сондықтан жасушаны тіршілік тірегі
деуге болады. Көлемінің өте кішілігіне
қарамастан, әрбір жасушаның құрылысы
тым күрделі. Ол сыртқы ортадан жасуша
мембранасы деген қабықпен бөлінген.
Қабықтың іші қоймалжың сұйықтық – ци'
топлазмаға толы, цитоплазмада орга'
неллалар – жасушаның «ішкі мүшелері»
орналасқан. Мысалы, митохондри;
ялар – «энергетикалық станциялар»,
эндоплазмалық желі – көлік жүйесі, ри;
босомалар нәруыздарды синтездейді.
7
Ағзаның құрылысы
Жасушалардың кішкентайлығы сондай, ми'
кроскоппен ғана көруге болады. Тіпті, адам
ағзасындағы ең үлкен жасуша – аналық
жасушаның диаметрінің өзі бар болғаны
миллиметрдің ширегіндей.
Жасушаның ішкі
құрылысы
Жасушаның бүкіл тіршілік үдерістерін
басқаратын ең басты органелласы –
ядро. Ядрода дезоксирибонуклеин
қышқылы (қысқаша ДНҚ) деген қиын
атауы бар тұқым қуалаушылық заты
бар. Жасушаның көбею кезінде ядро тең
екіге бөлініп, әрбір еншілес жасушаға
алғашқы жасушаның ДНҚ беріледі.
Амёба сияқты кіп'кішкентай бір жа;
сушалы ағзаларда барлық тіршілік
қызметтері жалғыз'ақ жасушаның бой'
ына жүктелген – қоректену, тыныс алу,
зәр шығару, қозғалыс, көбею... Ал көп жасушалы ағзаларда,
оған адам да жатады, жасушалар бұл қызметтерді өзара
бөлісіп алған. Сондықтан олардың көлемі, сыртқы бейнесі мен
құрылысы бір'біріне ұқсамайды. Адам ағзасында жасушаның
200'ге жуық түрі бар. Әрбір жасушаның құрылымы өзіне
жүктелген міндетті барынша жақсы атқаруға лайықталған,
бірақ осындай тар аядағы қызмет бөлінісі салдарынан біздің
денеміздегі жасушалар бірінен'бірі бөлек өмір сүре алмай'
ды. Әртүрлі жасушалардың тіршілік ету ұзақтығында да
айырмашылық көп. Мысалы, қандағы эритроциттер 120 күндей,
ал ми жасушалары 100 және одан да көп жыл (яғни, адам қанша
жыл өмір сүрсе, сонша) өмір сүре алады.
8
Адам
Эпителий ұлпасы
Ұлпалар
Құрылысы мен атқаратын қызметі бірдей жасушалардың
жиынтығы ұлпа деп аталады. Біздің денеміздегі ұлпаларды
үлкен'үлкен төрт топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер,
бұлшықет және жүйке.
Эпителий ұлпасы – жамылғы іспетті. Ол бір'бірімен тығыз
жанасқан жасушалардан құралып, терінің сыртқы қабатын
(эпидермис) түзеді, кейбір ішкі мүшелерге – ішекке, асқазанға,
аңқаға төселіп тұрады. Эпителий ұлпасының басты қызметі–
ағзаны зиянды әсерлерден қорғау. Әртүрлі заттарды бөліп
шығаратын сілекейдің, көз жасының, тердің бездері де эпите'
лий ұлпасынан құралады. Эпителий ұлпасының бұл түрі безді
эпителий деп аталады.
Дәнекер ұлпасы өте көп түрлі. Сүйектер, сіңірлер,
шеміршектер, май жасұнықтары (клетчатка) осындай ұлпадан
тұрады. Дәнекер ұлпасының жасушалары босаң орналасады,
ал араларындағы саңылауларды, жасушааралық зат толтыра'
ды. Денеміздің қаңқасын құрайтын сүйек ұлпасындағы жа'
сушалар жасушааралық қатты затпен бейне бір бітеп, сылап
Соединительная
ткань (костная)
Бұлшықет ұлпасы
Достарыңызбен бөлісу: |