Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет18/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

72

Адам

Ғалымдар көз жасында тыныштандыратын нәрседей 

әсер ететін заттар бар деп санайды. Сондықтан жан 

азабын шеккенде жылап  алу жеңілдік әкеледі. 

Айтпақшы, адам '  жылай алатын жалғыз'ақ жан 

иесі.


Көз жасы баланың 

3 айлығында ғана 

пайда болады

Көзіңнің қарашығындай 

сақтау!

Табиғат көзді сенімді қорғалатындай 

етіпті. Ең бірінші кедергі – қабақ.  

Қабақтар – көздің асты мен үстіне 

орналасқан екі қатпар. Көзге бірдеңе 

жақындап келе жатқаны байқалса бол'

ды, қабақтар дереу көзді жауып қалады. 

Мұнда негізінен үстіңгі қабақ қозғалады, 

ал астыңғысында көтерілетін бұлшықет 

жоқ. Қабақтар көзді желден, қатты 

жарықтан және шаң'тозаңнан қорғайды. 

Жыпылықтаған кезде олар көздің 

бетін тазалап, көз жасы сұйықтығымен 

ылғалдандырады. 

Кейбір адамдардың ойынша, адам жылаған кезде ғана 

көзде  жас пайда болатын сияқты. Шындығында олай емес. 

Көз жасы сұйықтығы тұрақты бөлініп отырады: ол ақ қабықтың 

сыртқы бетін ылғалдандырып, шаю арқылы тазалайды, ал 

оның құрамындағы антисептикалық (яғни, залалсыздандыра'

тын) заттар көзді зиянды микробтардан қорғайды. Көз жасы 

сұйықтығын жас бездері бөліп шығарады. Олардан 5'12 өзекше 

таралады. Өзекшелерден көздің сыртқы бұрышына ағып 




73

Сезім мүшелері

Кірпіктер мен 

қастар қысқа 

әрі қылтанды 

деп аталатын 

қатты 

қылшықтардан 

тұрады

шыққан жас көзді ылғалдандырып, көздің ішкі бұрышына ағады. 

Онда арнайы көз жасы қапшығы бар.

Қапшықтан көз жасы мұрын қуысына түседі. Тек адам 

жылағанда көз жасы көп бөлінсе ғана  екі бетін бойлап ағады.

Қай заманда да сәнге құмарлар қастары мен кірпіктерінің 

әдемілігіне ерекше көңіл бөлген. Бірақ қас пен кірпік – жай ғана 

беттің көркі емес, олар көзді қорғау үшін керек. Кірпіктер мен 

қастар көптеген қысқа қылшықтардан тұрады. Адамның үстіңгі 

қабағында 100 ' 150'ге жуық кірпік өседі, ал астында – екі есе 

азырақ. Кірпіктер көзді қоқым түсуден сақтайды, ал қастар 

маңдайдан аққан тер тамшыларын ұстап қалады. Қас пен 

кірпіктің қылшықтары әр 3'4 ай сайын толық жаңарып отырады. 

Ескі қылшықтар біртіндеп түсіп, орындарына жаңалары өседі.

Біздің көздеріміз – өте дәл аспап, оған аса ұқыптылықпен 

қарап,  көздің  қарашығындай  сақтау  керек.  Сондықтан  жарық 

нашар жерде жазуға және оқуға, теледидарды ұзақ көруге не'

месе компьютердің алдында сағаттап отыруға болмайды. Көзді 

құм, тозаң немесе жаңқа түсіп кетуден міндетті түрде  қорғау 

керек,  бұл  үшін  арнайы  қорғаныс  көзәйнектері  бар.  Көзді  өте 

шақырайған күн сәулесінен күңгірт шынылы көзәйнек кию 

арқылы қорғаған жөн.




74

Адам

Көрудің бұзылуы

Мүлтіксіз көретін адамның көзі алыстағы да, жақындағы 

 

да заттарға жақсы фокустеледі. Бірақ көптеген адамдар 



алыстағыны көргенімен, кітаптағы әріптерді нашар ажырата'

ды. Көрудің мұндай бұзылуы алыстан көргіштік деп аталады. 



Жақыннан көргіштікте, керісінше, адам көз алдындағыны 

көреді де, алыстағы заттар оған тұман тәрізді. Көрудің бұл екі 

кемшілігі де көз бұршағының бейнені тор қабықшаға фоку'

стей алмауына байланысты, бейне бұлдырап кетеді. Алыстан 

және жақыннан көргіштікке дәрігерлер арнайы көзілдірік неме'

се  түйіспелі  линза  киіп  жүруді  ұсынады.  Көруі  бұзылған  адам 

солардың көмегімен сау адам сияқты анық көре алатын бола'

ды. Көп адамда алыстан көргіштік жасы ұлғая келе дамиды. 

Көздің қозғалыстарын алты бұлшықет басқарады. Ол 

бұлшықеттердің бір ұштары көз ұясына, екіншілері көз алма'

сына  бекіген.  Әдетте  екі  көздің  де  бұлшықеттері  үйлесімді 

қимылдайды, сондықтан көздер бір нүктеге бағытталады. 

Бірақ кейбір адамдардың бір көзінің қозғалысы екіншісінің 

қозғалысымен байланыспайды. Көрудің мұндай бұзылуы 



қылилық деп аталады. Қылилықпен ауыратын адамның көздері 

әр бағытқа қарап тұрады. Мұндайда бір көзі ғана анық көреді. 

Қылилықпен ауыратындарды емдеп, арнайы көзілдірік жазып 

береді.


Жақыннан және 

алыстан көргіштік – 

көрудің бұзылуының 

ең көп таралған 

түрлері


75

Сезім мүшелері

Көздің көруін түзетуге арналған тұңғыш көзілдіріктер 

ХІІІ ғ. ортасында жасалған көрінеді. Алғашқы лин'

заларды мөлдір асыл тастардан қашап жасапты, 

кейін мөлдір шыныны балқыту тәсілі табылған 

соң, көзілдірікке көптің қолы жететін болыпты.



Дальтониктің көзіне әлем қызыл реңктен ада болып көрінеді 

(оң жақта)

Көрудің бұзылуының дальтонизм деген түрі бар, онда адам 

бір түсті басқа түс деп қабылдап, жасыл мен қызыл түсті шатас'

тырады. «Дальтонизм» сөзі ағылшын ғалымы Джон Дальтонның 

атынан шыққан. Ол өзі кейбір түстерді ажырата алмай, көзінің 

бұл ерекшелігін бірінші болып сипаттаған. Дальтонизмнің себебі 

неден? Себебі мынадай, тор қабықшаның колбашаларының үш 

типі болады, әрқайсысы белгілі бір түстердің қабылдануына 

жауап береді. Дальтонизмнен зардап шегетін адамдарда 

колбашалардың қандай да бір түрі басқаларынан аздау болады.

Медицина көз ауруларын емдеуде зор жетістіктерге жеткенін 

айта кету керек. Көз дәрігерлері көзге күрделі операция жа'

сауды, лазер арқылы алыстан көрмеушілік пен жақыннан 

көрмеушілікті түзетуді, қыртыстанған қасаң қабықты «тігіп 

қоюды», тіпті пациенттерге жасанды көз бұршағын салуды да 

үйренді. 




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау