3.3 Облыс территориясында жеңіл өнеркәсіп салаларын орналастыру
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы ірі индустриялы –аграрлы облыстардың бірі, республикадағы интенсивті суармалы егіншілік пен мал шарушылығы аймағы.
Топырақ- климат жағдайлары мақта, өзекті алқа, жүзім т.б. сияқты жылы жерде өнетін өсімдіктерді өсіруге қолайлы. Облыс ауыл шаруашылығының басты сапасы мақта шаруашылығы. Мақта егісі жыл сайын жалпы суармалы жерлердің 1-4 бөлігін алып жатады.
Қазақстан жыл сайын мақта өнімінің 90 %-тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, мүмкіндігін толық пайдаланып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы-кластерлік жүйе.
Дәл қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мақта шаруашылығын дамытуда ерекше көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы дәстүрлі жолдауында “Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндірумен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жекеменшік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ, кредиттерді, атап айтқанда, агро-индустриялық саясат арнасын да осында тарту керек”,-деп атап көрсеткен болатын.
Президент ұсынған Қазақстанның мақта кластарі сөзсіз Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шарушылығына ғылыми жетістіктерді, интенсивтік технологияларды ендірудің арқасында дақылдың өнімділігін көтеру, мақта талшығының сапасын арттыру, мақта шикізатын өндірушілердің экономикалық жағдайын жақсарту бағытында үлкен табыстарға қол жеткізеді.
Жалпы “кластер” термині (ағылшынша “cluster”-шоғырлану мағынасында) бір үлгідегі нысандардың шоғырлануын білдіреді. Экономикада кластер деп экономиканың белгілі бір саласына қарасты және салыстырмалы түрде бір-біріне жақын орналасқан кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың, институттардың, университеттердің және басқа да, ұйымдардың топтарын айтады. Сонымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында өсірілетін мақта дақылының мүмкіндігін толық пайдалану мақсатында кластерлік жүйе қолға алына бастады. Оңтүстік өңірде өсетін мақтаның қызығын шет елдер көріп келе жатқаны жасырын емес. Өйткені мақта шикізат күйінде өзге елдерге сатылуда. Өндірілген өнімнің өңделіп, жіп, мата, киім түрінде өз елімізде шығарылуына енді мүмкіндіктер жасала бастады. Облыс орталығында іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаған “Қазақ-орыс тоқыма альянсы” ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылып отыр. Болашақта бізге тоқыма өндіріснің жаңа технологиясы мен жұмыс істейтін он завод салуын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жоспарлап отыр.
Облысымыздағы ашылған “Қазақ-орыс тоқыма Альянсы” кәсіпорны бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғана емес, бүкіл республикадағы, тіпті ТМД елдеріндегі мақта талшығынан сұр кенеп шығарытын ірі өндіріске айналып отыр. Тоқыма өндірісі жабдығын шығаратын әлемдік жетекші өндірісшілердің жоғары технологиялық жабдықтары негізінде шығарылып жатқан бөз және шыт маталар сұрабына сұраныс білдіріп отырған елдер қазірдің өзінде аз емес. Кәсіпорын бұл орайда Ресеймен, Прибалтикамен келісім-шарт жасасқан. Германия, Испания мемлекеттері де Шымкенттік кәсіпорынмен өндірістік байланысты орнатуды көздеді. Жылына 7129 тонна жіп, 12918 мың метр сұр кенеп шығарып, кәсіпорында тоқыма өнеркәсібі жүргізіліп жатыр.
Бұл орайда құрылып жатқан арнайы экономикалық аймаққа отандық, шетелдік инвесторларды тартып, жұмысты жеделдетіп жолға қоюдың мыңызы зор. Мемлекет тарапынан бұл саланы өркендетуге бар мүмкіндікті қарастырып отыр. Арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындардан 10 жылға дейін ешқандай салық алмайды.
Жалпы былтыр ауыл шаруашылығын дамытуға 2005ж 78 млдр теңге, ал биылғы жылға 72 млрд. теңге бөлініп отыр.
Қазіргі таңда мақта дақылына байланысты барлық қаржыландыру мәселелері шешілді. 2005-2006 жылдары мақта –тоқыма кластерін дамытуға республикалық бюджеттен 13,4 млрд-тан астам теңге қаралды. Оның ішінде 2006 жылы 9,4 млрд. теңге егер ретімен айтар болсақ өсімдіктер қарауға және минералдық тыңайтқыштарға 583 млн теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін материалдық-техникалық құндылықтарды субсидиялауға 830млн. теңге тұқым шаруашылығын және суармалы егін шаруашылығын дамытуға 615,7млн. теңге бөлініп отыр.
Еліміздегі “қазақ-орыс тоқыма альянсы” кәсіпорнының жұмысы толық атқарылып жатыр. 2004 жылы басталған құрылыс, 2005 жылдың екінші жартысында аяқталды. Жобаның құны 25 млн. еуро екендігінен-ақ қандай істер атқарылатындығы көрінеді. Мәселен, мұнда тоқылған матаның ені 3 метр 80 см болады. Салыстырмалы түрде алып қарасаңыз, орталық азиядағы мақта-мата комбинаттары негізінен ені 1 метр мата шығаруға маманданған. Жылына 7129 тонна жіп, 12918 мың құла метр мата дайындауға қабілетті серіктестікте әзірге 184 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы-31600 теңге болып отыр. Мұндағы мақта талшығын жіп етіп иіруге мамандаған “Ютекс” кәсіпорнының технологиялық қондырғысы Германияның “Ritep” фирмасынан алынған. Жылына 6050 тонна мақта-мата жібін өндіріске бере алады. Бұл кәіспорында 340 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақасы 17 мың теңге. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 34,2 млн. теңгенің тауарын өндірді. Дәл қазіргі таңда Шымкентте жіп орау және мата шығарумен айналысатын, әлемдегі ең озық технологиямен жасақталған “Ютекс” және “Қазақ-Орыс тоқыма альянс” фабрикалары толық қанды жұмыс істеп отыр.
Шитті мақта өндіру Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік –экономикалық дамуында өте маңызды орын алады. Мақта өсірумен айналысатын аудандарда 1 млн-ға жуық адам тұрады немесе облыс тұрғындарының 50% құрайды. Мақта өндірісі мен оның қайта өңдеу кәсіпорындарының дамуы облыстың аграрлық секторындағы маңызды стратегиялық міндеттердің ең негізгілерінің бірі. Облысымызда арнайы экономикалық аймақ құрылып, мақта кластарін дамыту мәселелері қолға алынуда.
Достарыңызбен бөлісу: |