Маќта оњтџстікке ќалай келген



жүктеу 376 Kb.
бет13/15
Дата29.09.2022
өлшемі376 Kb.
#39434
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дип.-Оңтүстік-Қазақстанда-мақта-шаруашылығының-даму

Қорытынды
Қорыта келгенде, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығымен біздің эрамызға дейінгі 4-3 ғасырларда Сырдария, Келес, Арыс өзендерінің бойында мекендеген халықтар айналысқан. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан даласындағы мақта өсіру ХІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады. Осымен қатар белгілі ғалым, профессор В.И. Юферов өзінің еңбегінде қазіргі Жамбыл қаласының тұрғындары ҮІІ ғасырда мақтадан тоқылған киім кигендерін жазса,академик В.В. Бартольд Х ғасырда Шымкент қаласынан сыртқы саудаға арналып мақта шығарылғандығын баяндаған. Кейіннен, 1888 жылдан бастап облыс территориясының халқы мақта шаруашылығымен айналысқандығы айқын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығымен айналысу көне заманнан ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. Ата-бабаларымыз Оңтүстікте орналасқан Мырзашөл аймағында да мақта өсірумен айналысқан. Бұл мақта өсімдігі мәдени өсімдіктің бірі болып саналады және тарихы ұзақ уақыттан бері жалғасып келуде.
ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарында Америкадағы азамат соғысы нәтижесінде мақта жөнінде болған дүниежүзілік дағдарыстың арқасында Орта Азияның Ресейге қосылуы, Каспий теңізі-Самарқанд Орынбор—Ташкент темір жолдарының салынуы Орта Азиямен Оңтүстік Қазақстанда тауарлы мақта шаруашылығының өркендеуіне көп әсерін тигізген.
Сөйтіп, Қазақстанда мақта шаруашылығы ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың алғашқы кезінен бастап даму жолына түсті.
Алайда, мақта шаруашылығының өркендеуі Оңтүстік Қазақстандағы мақта өсірілетін жерлерінің топырағы, ауа райы, жауын-шашыны және басқа жағдайларына қарай төмендегідей төрт түрлі табиғи –экономикалық аймаққа бөлініп өркендей түсті.
1. Бетпақдала аймағы.
2. Келес аймағы.
3. Түркістан аймағы.
4. Шымкент аймағы.
Осылардың ішінде топырақ, ауа райы жағдайы жағынан мақтаның өсіп өркендеуіне Бетпақдала, Келес, Түркістан аймақтары өте қолайлы, мақта өсіретін шаруашылықтардың көбісі де осы аудандарда орналасқан, мақтаның неғұрлым көп алынып жүрген жерлері де осы аймақтар болып саналады.
Мақтаның өсіп өркендеуі мен қатар, халық шаруашылығында да алатын маңызы орасан зор. Қазіргі адамзат қоғамына астық пен металл қандай қажет болса, мақта да сондай қажет болып отыр.
Мақта талшығынан ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Сонымен қатар неше түрлі заттар, әртүрлі ваталар, жасанды тері, фибра және соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, сынбайтын әйнек, фотопленка, қағаз, лактар, пироксилин, сірке және лимон қышқылын т.б. көптеген өнім алуға да болады. Яғни, 700-ден астам бұйым жасалады.
Мақтаның отынымыздың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Сондықтан мақта шаруашылығының халық шаруашылығында маңызы өте зор.
Өзіміздің тәуелсіздігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Қазақстанның мақта шаруашылығын өркендетуге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та көптеген жеңілдіктер беріп, өз үлесін қосып отыр. Қазақстанның экономикасын одан әрі жандандыру үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың 6 шілдесінен бастап заңды түрде Оңтүстікте «Арнайы экономикалық аймақты» ашты. Бұл құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол.
Арнайы экономикалық аймақтың негізгі мақсаты өнеркәсіптің тоқыма және тігін саласын кешенді дамытуды көздейді. Осы ашылған аймаққа байланысты болжамдарға сүйенетін болсақ, облыста жыл сайын орта есеппен 1 млрд. АҚШ долларының өнімі өндірілетін болады.
Әрине, мақта еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл. Сондықтан үкімет басшылары елімізде шитті мақта өндірісін одан әрі ұлғайтуға ерекше мән береді.
Мақта өндірісінің қазіргі жағдайында көптеген мәселелер қарастырылуда. Яғни элиталық тұқым шаруашылығын дамыту болып табылады. Сонымен қатар ауыспалы егістікті тиянақты игерудің арқасында, мақтадан мол өнім алуға болады. Бұрынғы жылдары ауыспалы егісті толық сақтаған облыс мақташылары жыл сайын мол өнім алатын. Қазіргі таңда ауыспалы егістік онша қолға алынбай, мақтаның түсімі бұрынғыға қарағанда азайып кеткен.
Мақта шаруашылығынан болашақта мақтадан мол өнім алу үшін үкімет басшылары элиталық тұқымдарды шығарып, ауыспалы егістік көлемін ұлғайтуға бел буып кірісуде.
Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргелі отыр. Әлемдік рынокта мақтаға деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары. Мақта саласы бойынша Қазақстан Республикасына көршілес жатқан Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері бәсекелес болып отыр. Сонымен қатар мақта шаруашылығының бәсекелестігі Түркменстан, Азербайжан, Армения елдерімен тығыз байланысты болғандықтан да өз ықпалымызды жоғалтып алмауымыз керек. Әрине, бұл аталған елдермен саяси, экономикалық, сауда –саттық қарым-қатынаста болғандықтан, ол мемлекеттердің біздің мақта шаруашылығымызға көңіл бөлетіні де ерекше. Аталған мемлекеттерде жеңіл өнеркәсіпорындары, мақта-мата тоқыма өндірісінің өнеркәсіптері, кластерлік жүйелері жақсы дамыған.
Міне, сол үшін мақта шаруашылығының бәсекелестігін арттыру үшін, кластерлік жүйені тез дамыта алсақ, сонда біздің мемлекетіміз әлемдік рынокта да өзінің бәсекелестік үстемдігін орнатар еді.
Сонымен қатар еліміздің Оңтүстігіндегі мақта өндірудің өзекті мәселелері қарастырылуда.
Мақта өнімдерін өндіру проблемалары егіншілік жүйесімен, өсіру технологиясымен, өнімді өңдеумен, экономикалық механизмдермен, экологиямен және т.б. факторлармен сабақтас, соларға тікелей байланысты. Осы проблемаларды белгілеп, оларды шешу жолдарына да тоқталмай болмайды. Осыларға қосымша ауыспалы егіншілік жүйесі, топырақты өңдеу, тыңайтқышты пайдалану, өсімдікті зиянкестерден қорғау, мақта селекциясы және тұқым шаруашылығы, техникамен жабдықтау, несие беру т.б. өзекті мәселелерді қолданғанда шеше алады.
Қазақстан жыл сайын мақта өнімінің 90 % шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, мүмкіндігін толық пайдаланып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы-кластерлік жүйе.
Облысымызда өндірілген өнімнің өңделіп, жіп, мата, киім түрінде өз елімізде шығарылуына енді мүмкіндік жасала бастады. Осыған орай Шымкент қаласында ашылған «Ютекс» және «Қазақ-Орыс тоқыма Альянс» фабрикалары бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғана емес, бүкіл республикадағы тіпті ТМД елдеріндегі мақта талшығынан сұр кенеп шығаратын ірі өндіріске айналып отыр.
Жалпы мақта-біздің мақтанышымыз. Мақта-халықтың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетін және бюджет қорын көбейтуде жоғары орын алатын сала. Олай болса, сол дақылды өсіретін диқандарға қолдан келген жәрдемімізді аямай, облыс халқы үшін шынында «Ақ алтын» болып есептелінетін осы өсімдіктің өнімін одан әрі көбейту үшін жұмыс жасайық және де кластерлік жүйе арқылы өзіміздің шикізатымызды өңдеп, шет елдерге шикізат ретінде емес, тауар ретінде экспортқа шығару мәселесі көзделіп отыр.



жүктеу 376 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау