Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 2,15 Kb.
Pdf просмотр
бет29/34
Дата31.05.2018
өлшемі2,15 Kb.
#18570
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

111
Алғашқы  кезең:  «Таңғалдыра  таныстыру».  «Екі 
шындық,  бір  өтірік»  ойыны  түрінде  өтеді.  (Тренингке 
қатынасушылар  өздері  жайлы  екі  ақиқат  және  шындыққа 
жанаспайтын бір пайымдау  айтады).
Екінші кезең: «Пайда ойлама, ар ойла,
                         Талап қыл  артық білуге» (Абай).
Әр топқа сауалдар беріледі, ортақ пікірге келіп,топтастыру 
арқылы жауап беру.
– 1-топ,  ҰБТ жайлы не білесіз?
– 2-топ, ҰБТ  тапсыратын оқушының міндеттері нендей?
–  3-топ,  Мамандықтың  қандай  салаларын  білесіздер, 
сіздің топ мүшелері қай салаларын таңдап отыр?
Үшінші кезең: 
«Талмасын қанат,сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын!»       (Мұқағали).
1-топқа. Сіз сертификат алдыңыз. Бірақ құжат тапсырар 
кезде  сіз  таңдаған  мамандығыңыз  бойынша  толық  ақпарат 
алған  кезде  көңіліңізден  шықпады.  (Оқитын  ғимараты 
ұнамауы мүмкін, оқитын пәндеріңіз қызықтырмауы мүмкін). 
Сіз  не  істейсіз,  сол  мамандыққа  тапсыра  бересіз  бе,  әлде 
басқа мамандықты таңдар ма едіңіз?
2-топқа.  Самат  деген  оқушы  ҰБТ-ға  үйінде  үнемі  өз 
бетімен  дайындалады,  кейбір  сұрақтарын  ата-анасымен 
бірлесіп  талдап  та  отырады.  Бірақ  бақылау  сынақтарында 
өз  деңгейінен  көріне  алмай  келді.  Ал  мектепке  келгенде 
мұғалімнің  айтқанын  тыңдамайды,  артқы  партаға  барып 
ұялы  телефонмен  ойнап  отырады.  Ата-анасы  баласына 
сенімді,  ал  ұстаздары  Саматтың  сынақтан  дұрыс  нәтиже 
көрсете алмайтынын айтып, мектепте емтихан тапсыруына 
үгіттеуде  ...  Саматты  қалай  түсінесің,  орнында  болсаң  не 
істер едің?
3-топқа.  Сен  ҰБТ  болатын  күні  қобалжыдың  ба, 
әлде  денсаулығың  сыр  берді  ме,  түнімен  ұйқтамадың, 
ата-анаң  да  қобалжыды.  Таңға  жақын  ғана  көз  ілдің  де 
мектепке  жиналатын  уақыттан  сәл  кешігіп  қалдың.  Басқа 
сыныптастарыңның  алды  ҰБТ  орталығына  кетіп  қалыпты, 


112
сен не істейсің?
Сергіту  сәті:  «Жүректен  жүрекке».  Шаттық  шеңберін 
жасап жүрек ұсыну арқылы   ҰБТ жайлы жақсы  тілектер 
айту. 
Төртінші  кезең:  «Түстер  қасиеті  таңғажайып». 
Ашық  тәрбие  сағатының  басында  қандай  көңіл  күйде 
отырғандарыңызды  анықтау  үшін  түстер  таңдаған 
болатынсыздар.  Бәріңіз  де  ашық  түстерді  таңдап,  жақсы  
көңілде  келгендеріңізді көрсеттіңіздер.
Қазір  де    әр  түрлі  түстегі  үстелдерде  отырсыздар, 
бұл  кезеңде  әр  топ  өзі  отырған  үстелдің  түсін  өмірмен 
мамандықпен,  көңіл  күймен  байланыстыра  қорғайды. 
Топтан бір адам сөйлеуге де болады...
–  Құрметті  оқушылар!  Егер  ҰБТ-дан  жоғары  ұпай 
жинаймын  десеңіз,  “Мемлекеттік  грант”  иегері  атанам 
десеңіз,  жоғары  оқу  орнына  түсем  десеңіз,  Білім  шыңына 
деген қанаттарыңды қатайтамын десеңіз уақытты мазмұнды 
ұйымдастырып, күндеріңізді бос өткізбей дайындық жасап, 
ата-аналарыңыздың,  ұстаздарыңыздың  айтқанын  мұқият 
тыңдаңыздар!
«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен  арман  керек  екен  адамға»  деп  Мұхтар  Шаханов 
жырлағандай,  әр  шәкірттің  жүрегінде  «Үлкен  арман-тілегі 
бар».  Сол  тілектеріңізді  алдарыңыздағы  парақшаларға 
жазып, құпия түрде «Тілек сандықшасына» саламыз. Бәріңе 
«Қандай  мамандық  иесі  боламын?»  деген    сауал  тастай 
отырып еркін микрафон ұсынамын...
«Еңбекші»  орта  мектебінің  32  түлегіне  «Білім  жолында 
қанаттарың  талмай,  білім  көгіне  самғай  беріңдер»  деген 
тілек айтқым келеді.
Жандары қаламайтын аласаны
Өрендер алда талай бел асады.
Әлемге туған халқын танытатын
Шәкірттер – еліміздің  болашағы! 


113
Тәуелсіздік – жырымыз
Алмат ҚАЙЫРҚҰЛОВ,
Қызылорда облысының
Қармақшы ауданындағы
№185 орта мектептің 
мұғалімі.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕК                 
БОЛСЫН ЕЛІМЕ
Еркін болдық,
Тәуелсіздік төрімде,
Бейбітшілік гүл атады елімде.
Татулықты жақтайды әрбір тұрғыны
Қазақтың бұл  ұлан-байтақ жерінде.
        Тәуелсіздік арманы еді бабамның,
        Еркіндікті жырға қосар балаңмын.
        Бабалардың ерлік ісі сақталар
        Қойнауында тарих болып даламның.
Тасып, елім, бірлігің мен ырысың,
Ұрпағыңның мақтанышы, сырысың!
Әр күнінде қызу еңбек қайнаған
Ақындарға шабыт берер жырысың!
       Тәуелсіздік, туы көкте желбіреп,
       Адамдары жүрсін жайнап елжіреп.
       Ертеңгі ұрпақ қамын ойлап біз бүгін
       Серпілейік қалмас үшін жер күреп.
Жолбарыстай азуды айға біледік,
Күллі әлем таныған біз ел едік.
Өзге ұлтқа үлгі болған елімнің
Болашағы жарқынына сенелік.


114
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ
Шәкіртке уақытын аямаған,
Қамқоршы ұстаз деген – аяулы адам.
Қазақта дара туған Мұхтар Әуез
Ұстазды «Ұлы есім» деп бағалаған.
        Ұстаздар шәкіртімен мақтанады,
        Жүректе есімдері жатталады.
        Мен үшін ұстаз берген мол қазына
        Көңілдің түпкірінде сақталады.
Ұстаздар, құтты болсын мерекеңіз,
Кірсін деп тілейміз тек берекеңіз!
Биікке шығып жатса шәкірттері,
Мақтанып қол соғайық кел екеуміз!
        Ойлаған ұлы жансыз өреліге,
        Дәні жоқ сылдыр сөздің керегі не?!
        Өткізіп бар өмірін ізденумен, 
        Бойлаған білімнің ол тереңіне!
СЕЗІМ СИҚЫРЫ
Ғашық болып бір қызға қарапайым,
Дәрменсізбін алдында баладайын.
Сұлу сымбат ерекше жаратылыс,
Құлпырған құс көктемде тотыдайын.
        Ару қызы қазақтың, ерке марал,
        Сезіміне сен деген берік, адал.
        Махаббаттың отына күйіп піскен
        Маған қарай соқсыншы желі самал.
Нәзіктігің бойымды билегендей,
Сыңғыр күлкің еркімді илегендей.
Сезімімді тығылған тұңғиыққа
Ай дидарлы нұр жүзің емдегендей.


жүктеу 2,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау