107
№14 орта мектепті бітіріп, 1931-1936 жылдары Мәскеудегі
Түсті металдар және алтын институтында оқиды. 1937
жылы Қоңырат кенішінде бұрғылау цехының бастығы, 1939
жылы «Алтай-полиметалл» комбинатының Риддер кеніші
басқармасында директор қызметін атқарады. 1942-1952
жылдары Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары
болды. 1952 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының
Президенті болып сайланды. Өмірінің 45 жылға жуығын
ел басқару ісіне арнады. Оның 27 жылында Қазақстанның
бірінші басшысы қызметін атқарды.
1-жүргізуші: – Дінмұхамед Қонаев әдебиет пен өнердегі,
мәдениет пен ғылымдағы жағдайды әрдайым бақылап
отырды. Оның басшылығы тұсында Қазақстанның 5 томдық
академиялық тарихы жарық көрді.
2-жүргізуші: - Дінмұхамед Қонаев Алматыны қазіргі
заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады.
Мұнда Республика сарайы, ҚазМУ қалашығы, «Арасан»
сауықтыру орталығы, «Медеу» спорт кешені, «Қазақстан»
қонақүйі салынды.
1-жүргізуші: – Қазақстанның халық әртісі Нұрғали
Нүсіпжанов өзінің естелігінде былай дейді: «Сол кездегі
өнер адамдарының көбі Димекең десе жанын беруге даяр
еді. Талайы ол кісіге арнап ән де, күй де жазғысы келіп
еді. Бірақ Дінмұхамед аға ондайға қатал болатын. Нұрғиса
Тілендиев ән арнамақ болғанда көмекшісіне «Нұрғиса
ініңе айт, ықыласына рахмет! Бірақ әнін маған емес, аялап
отырған халқына, еліне арнасын» депті. Нұрғиса ағаның «Өз
елім» әнінің шығу тарихы осындай.
2-жүргізуші: – Қабыл алыңыздар, «Өз елім» әні қазір
шырқалады.
1-жүргізуші: – Қазақтың біртуар тарихи тұлғасы
108
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы «Естен кетпес
есімдер» атты жинақ шыққан болатын. Сол кітап беттерінен
белгілі қоғам қайраткерлерінің ол кісі жайлы айтқан ыстық
лебіздерін келтіре кетейік.
1-оқушы: – Асанбай Асқаров «Дінмұхамед Қонаев ХХ
ғасырдың және өз халқының көрнекті, адал перзенті бола
білген адам» деп бағалады.
2-оқушы: – Шәкен Айманов «Дінмұхамед – нағыз дос
деген сөз» деп тұжырымдайды.
3-оқушы: - Ілияс Есенберлин «Димаш Ахметұлы туған
елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін аса
қымбат» деп ардақтайды.
4-оқушы: – Бұрынғы АҚШ президенті Д.Эйзенхауер
«Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол – терең
саясаткер,халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол –
КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы» деп толғанады.
2-жүргізуші: – Әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев
өзінің бір сұхбатында «Димаш аға кез-келген әннің
сөзін жазған ақынды да, әнін жазған композиторды да
ұмытпайтын. Ал менің әндерімнің ішінен «Асыл арманды»
және «Атамекенді» ерекше сүйіп тыңдайтын» дейді.
Қошеметпен қарсы алыңыздар. «Асыл арман» әні.
1-жүргізуші: – Енді назарларыңызға осындай ұлы
тұлғаның артында қалған, бүгінде нақылға айналып кеткен
аталы сөздерін ұсынамыз.
1-оқушы:
– Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
Жалада шындық болмайды.
Сатыға аяқ салмай жатып баспалдақтан аттама.
Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.
Өмірдің екі тірегі – үйренуден жалықпау, үйретуден
109
аянбау.
2-оқушы: – Көңіл ғана саудаға түспейді.
Дүниені бүтіндейтін де, бүлдіретін де – сөз.
Ақиқаттан аттап кету – арға сын.
Адамның айнасы – адам.
3-оқушы: – Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де қисық болады.
Жастар – болашақтың иесі.
1-жүргізуші: – Дінмұхамед Ахметұлы «Музыка –
адамзаттың әмбебап тілі» деген екен. Ол кісі Шәмші әндерін
ерекше ұнатқан. Қазіргі әнұранымыз «Менің Қазқстаным»
әнін 1974 жылы Үндістанда іссапарда жүргенде радиодан
естиді.
2-жүргізуші: – Сапардан оралған соң Шәмшіні іздес-
тіріп, ілтипат білдіріп, жаңа пәтер бергізіп, әндерін кітап
етіп шығаруға уәде береді. Кезекті ұлы сазгердің әндеріне
берейік.
(«Бақыт
құшағында»,
«Ақерке-Ақжайық»,
«Отырардағы той» әндері орындалады).
1-жүргізуші: – Елу жыл ел ағасы болған Дінмұхамед
Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз бір кештің
аясында шектеліп қалмақ емес. Ол – мәңгілік тақырып.
2-жүргізуші: – 1994 жылы 24 ақпанда Қазақстан
Президенті
Нұрсұлтан
Назарбаевтың
«Дінмұхамед
Қонаевтың атын мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысы
шықты.
1-жүргізуші: – Дінмұхамед Қонаев – шын мәнісінде
еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп,бүгінгідей қуатты
мемлекетке айналдырып кеткен жан. Сондықтан ол туралы
том-том кітап жазып, күні-түні шежіре шертсе де аз.
2-жүргізуші: – Осымен ұлы тұлғаны ұлықтауға арнал-
ған кешіміз аяқталды.
110
Сара БЕКЕТҚЫЗЫ,
Атырау облысының
Құрманғазы ауданының
Жұмекен ауылындағы
«Еңбекші» орта мектебінің
мұғалімі.
БҮГІНГІ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ –
ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
(11-сынып)
Тәрбие сағатының мақсаты: білімділік – оқушылар-
дың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін
бойларында қандай қасиет-тер болуы керек, неге бейімделу
керктігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу; дамытушылық
–
жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін арттыру, жеке
тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту;
тәрбиелілік – оқушыларды терең білім алу жолында
үздіксіз еңбектенуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз мамандығын дұрыс таңдай
білуіне дұрыс бағыт-бағдар беру.
Түрі: тренинг-сабақ. Көрнекілігі: қанатты сөздер,
техникалық құрылғылар, кітап көрмесі.
Кеш барысы.
Бүгінгі тәрбие сағатына қандай көңіл күймен
келгендеріңізді анықтау үшін түстерді таңдай қойыңыздар!
Құрметті оқушылар! Сіздер сәбилік, балалық шақты,
алғашқы мүшелді артқа тастап, жасөспірімдік шаққа
келіп жеттіңіздер. Әрбіреуіңнің алдарыңа қойған
басты мақсаттарың бар: бұл – білім шыңына талпыну,
жүректеріңмен қалаған мамандықтарыңыздың иесі, өз
елінің ертеңі, тірегі болу.
Өмірде мамандық таңдаудан және өмірлік жар таңдаудан
қателеспеу керек. Қандай маман иесі болсаңыз да Адам
деген атаққа лайық болу – басты парыз.
Достарыңызбен бөлісу: |