Күні: 22.10.2022
Сынып: 6 «А»
Тақырыбы: 25-қазан Республика күні
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.
1 жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгін сіздердің назарларыңызға «Республикам менің» атты ауызша журнал өткізгелі отырмыз. Ауызша журнал деп - аты айтып тұрғандай, төрт беттен тұратын күні бұрын тақырып бойынша берілген тапсырмаларды көпшілікке жария ету. Бүгінгі журнал 25 - қазан Республика күніне арналады.
2 жүргізуші: Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
1 жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көліміз - дей келе келесі кезекте домбырашылардың орындауында күйге береміз.
2 жүргізуші:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр,
Жасұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
«Қазақстан» әні орындайтын Бекболат Еркебұлан
1 жүргізуші:
Туған жерің сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1:Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың.
2:Туған жердің күніде ыстық, түніде ыстық.
3:Туған жер – алтын бесік.
4:Туған жердің топырағы да ыстық.
5:Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
6:Отан – оттан да ыстық.
2 жүргізуші:
Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Қазақстан – Туымен тұғырлы,
Естаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
1 жүргізуші:
Оқушылар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
2 жүргізуші:
Ұлылар ұлағаты бойынша өз мәлімдемесімен Жұмабаева Ару сөз қозғайды:
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді. Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, біздер тәуелсіз елдің азаматымыз, сіздерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.
1 жүргізуші:
Әнұран, елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымыз өздерінің жүректерінен шыққан ойларын ақ қағаз бетіне түсірген екен. Кезекті осы ұландарға берейік.
Батыр Асқат мен Төлеген Нұрхан:«Адай» күйі
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек. Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл, елдік таңбаңды. Елтаңба, Туың, Әнұран - Шырқатты биік арманды. Тәуелсіздікке тән белгі - Қасиетті осы рәміздер - Еліме рух, мән берді, Иесі оның – мына біздер.
2 жүргізуші:
Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі. Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу. Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат сынды.
Достарыңызбен бөлісу: |